Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру
Көрсетілімі: сору рефлексінің жоқ болуы (гипогалактия кезінде үстеме тамақ енгізу)
Әзірлеңіз: шәй қасық, резеңке баллон, дәке салфеткалар, қолғап, нықап, сауылған ана сүті
құйылған ыдыс, 40-60˚С су құйылған лоток, ЖҚЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі
құйылған ыдыс, шүберек.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.
- Нықап киіңіз.
- 40-60°С ыстық су құйылған лотокқа салып ана сүтін (сүт қоспасын) 37 - 40°С дейін жылытыңыз.
4. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.
5. Баланың бас жағын көтеріңкі жатқызып, бір жағына бұрып, жөргектен жасалған валикпен тіреп қойыңыз, кеудесін салфеткамен жабыңыз
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
7. Мұрын қуыстарын тексеріп, керек болған жағдайда тазалап алыңыз.
8. Қолдың сыртына бірнеше тамшысын тамызып, сүттің жылығандығын тексеріңіз.
9. Шәй қасықтың 2/3 бөлігіне дейін сүтті (сүт қоспасын) жинап алып, қасықты жоғарыдан төмен қарай жылжытып, баланың астыңғы ерніне тигізіңіз – бала рефлекторлы ауызын ашады, қасықты баланың ауызының ішіне енгізіп, тіліне тигізіп, сүтті тілінің үстіне құйыңыз.
10. Қасықты үстіңгі ерніне тақап, шығарып алыңыз.
11. Тамақтың келесі порциясын баланың алдыңғы құйылған тамақты жұтқанынакөзіңізді жеткізгеннен кейін ғана беріңіз.
12. Тамақтандыруды аяқтар алдында баланың ауызының бос екендігіне көз жеткізіңіз.
13. Баланың аузының айналасын салфеткамен сүртіңіз.
14. Кедесіне жапқан салфетканы алып тастаңыз.
15. Баланың бас жағын көтеріңкі етіп, оң қырынан жатқызыңыз.
16. Қолданылған салфеткаларды ЖҚЖК-не, қолданылған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа, қасық және сүт құйылған стаканды қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.
17. Қолғапты шешіп, ЖҚЖК-не салыңыз.
18. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Шала туылған баланы жылытқышпен жылыту
Мақсаты: қалыпты дене қызуын қамтамасыз ету
Көрсетілімі: шала туылған бала
Әзірлеңіз: 3 резеңке жылытқыш, 42°-45°С су, 3 жөргек, көрпе, қолғап, нықап, ЖҚЖК,
зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.
- Баланы жөргектеп, төсегіне жатқызыңыз.
- Нықап киіңіз, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
- Жылытқышты 42°-45°С сумен 1/3 немесе 2/3 бөлігіне дейін толтырыңыз.
- Қолыңызбен қысып, ауасын шығарып, жылытқыштың аузын мұқият жабыңыз.
- Жылытқыштың аузын төмен қаратып, толық жабылғанын және білектің ішкі жағына 1-2 минөтке тигізіп, температурасын тексеріңіз.
- Осы әдіспен тағы 2 жылытқышты толтырыңыз.
- Әр жылытқышты 4 қабатталған жөргекпен ораңыз (көрпе астындағы температураны 28-30˚С шамасында ұстаңыз).
- Екі жылытқышты баланың екі жанына 8-10см қашықтықта, үшіншісін табанына қойыңыз.
- Баланың үстінен көрпені жабыңыз (көрпенің астындағы ауаның температурасы 28-30˚С қарарында болуы керек).
- Суыған кезде жылытқыштардың суын міндетті түрде кезекпен ауыстырып отырыңыз.
- Баланы жылытып болғаннан кейін, жылытқыштардың ішіндегі суын төгіп, сыртын залалсыздандыру үшін қолданылатын ерітіндімен сүртіңіз.
- Қолғапты шешіп, ЖҚЖК-не салыңыз.
- Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: - егер баланың дене қызуы 37˚С жоғары болса, тек аяқ жағындағы 1 жылытқышты қалдыру немесе барлық жылытқыштарды алып тастау керек.
Кювезді тазалау
Мақсаты: залалсыздандыру, санитарлық-гигиеналық режимді ұйымдастыру.
Көрсетілімдер: - жаңа кювезді бірінші рет қолдану алдында;
- қолданылып жүрген кювез әр 3 күн сайын;
- 5 күн қолданылмай тұрған кювез;
- жаңа бала қабылдау алдында.
Әзірлеңіз: кювез, зарарсыздандыру-жуу ерітіндісі құйылған ыдыс, дистельденген су
құйылған ыдыс, халат, қолғап, залалсаздырылған шүберектер салынған бикс,
бактерицидтік шам, қалам, этикетка
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Кювезді электр торабынан бөліп, бактерицидті лампа орнатылған, жақсы желдетілетін орынға шығарыңыз.
2. Кювезді тазартуға және зарарсыздандыруға дайындаңыз: оттегі қамтамасыз ететін түтікшелерін ажыратыңыз, ылғалдандыру ыдысынан суын төгіңіз, матрацын шығарып, қараңыз, фильтрын алыңыз.
3. Таза арнайы киім киіңіз: халат, қолғап.
4. Зарарсыздандыру-жуу ерітіндісіне малынған шүберекпен кювездің ішкі беткейін, матрацтың сөресін, басқа сөрелерді, кювездің тұтқасын, сонан кейін сыртқы беткейін 15 минөт аралығында 2 рет қайталап сүртіңіз.
5. Кювезді жауып, 1 сағатқа қойыңыз.
6. Халатыңызды және қолғабыңызды ауыстырыңыз.
7. 1 сағаттан кейін кювезді ашып, дистилденген суға малынған залалсыздандырылған шүберекпен 2 рет сол ретте сүртіңіз.
8. Залалсыздандырылған шүберекпен құрғатып, сүртіңіз.
9. Филтрлерді дистилденген сумен жуып, залалсыздандырылған шүберекпен кептіріп сүртіп, орнына қойыңыз.
10. Шығарылған заттарын орнына қойып, кювезді ашыңыз.
11. Бактерицидті лампаны 0,5-1м жерге қойып, жарықты кювездің ішіне бағыттап, 60 минөтке қосыңыз.
12. Ылғалдату бөліміне дистилденген суды толтырыңыз.
13. Кювезді жауып, 5 сағатқа электр торабына қосыңыз («Тазарту» бағдарламасы).
14. «Сеть» тетігін нольге қойыңыз, кювезді электрторабынан шығарыңыз.
15. Кювез сыртына соңғы залалсыздандыру күні, уақыты, қолданылған залалсыздандыру ерітіндісі, залалсыздандыру өткізген мейірбикенің аты-жөні көрсетілген этикетка толтырып, жабыстырып қойыңыз.
16. Кювезді балалар палатасына кіргізіп, жүйеге қосыңыз.
17. Дәрігер тағайындаған параметрлерді реттеңіз: температура, ылғалдық, оттегі беру жылдамдығы.
Оттегіні назалды вилка немесе назалды катетер арқылы беру
Мақсаты: ұлпалардағы гипоксияны азайту, қанның оттегімен қамтамасыз етілуін жақсарту
Көрсетілімдері: шала туылған балалар, тыныс алу және қан айналу жүйелері аурулары кезінде, ауыр жағдайларда
Әзірлеңіз: залалсыздандырылған: пинцет, дәке салфетка, лоток; назалды вилка немесе назалды катетер 6 немесе 6 ФГ, қолғап, қайшы, шпатель; изотоникалық ерітінді немесе дистилденген су, лейкопластырь, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек, ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
3. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.
4. Баланың бас жағын көтеріңкі етіп, жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
5. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін тексеріңіз, керек болған жағдайда мұрын қуысын тазартыңыз.
6. Назалды катетердің немесе назалды вилканың жарамдық мерзімін, қабығының бүтіндігін тексеріп, залалсыздандырылған қайшымен ашыңыз, пинцетпен залалсыздандырылған лотокка шығарыңыз.
7. Катетердің ұшынан пинцетпен ұстап, мұрынға енгізетін бөлігінің ұзындығын танаудан қастың ішкі ұшына дейін өлшеп, ұзынша лейкопластырмен белгі қойыңыз.
8. Оң қолыңызбен катетердің ұшынан 3-5см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстап, дистильденген суға немесе изотоникалық ерітіндіге малып алыңыз.
9. Катетерді баланың бетіне тік ұстап, төменгі мұрын жолымен, салынған белгіге дейін енгізіңіз. (Назалды вилканы мұрын қуыстарына енгізіп, лейкопластырмен жабыстырып қойыңыз.)
10. Катетердің сыртқы ұшын лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырыңыз.
11. Назалды катетердің немесе назалды вилканың сыртқы бөлігін оттегі көзіне жалғаңыз.
12. Оттегі беру жылдамдығын реттеңіз, оттегі беру ұзақтығын белгілеп қойыңыз (дәрігердің нұсқауымен).
13. Уақыты өткеннен кейін оттегі беруді тоқтатыңыз.
14. Назалды катетерді салфетка арқылы шығарып, мұрынның шырышты қабығын тексеріңіз. Қан тамырларын тарылтатын, зарарсыздандыратын ерітінділердің 1-2 тамшысын тамызып жіберіңіз
15. Пинцетті, шпательді, қайшыны, катетерді, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.
16. Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: кислородотерапия ұзақ өткізілетін болса, катетерді немесе вилканы тәулігіне
2 рет шығарып алып, жуыңыз.
Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі |