Мақсаты: емдеу.
Көрсетілімдер: құлақ қуысының қабынуы.
Әзірлеңіз: залалсыздандырылған: дәрі тамызғыш (пипетка), мақта домалақшалары, мақта
шиыршықтары, дәрілік препараттар, пинцет, қолғап; 50-60˚С су құйылған
лоток, ЖҚЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Дәріні (дәрінің толық атауын, концентрациясын, жарамдық мерзімін оқыңыз) және тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
4. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.
5. Дәрі құйылған флаконды 50-60°С су құйылған ыдысқа салып, 36˚-37˚ дейін жылытыңыз.
6. Баланы ауыратын құлағын жоғары келтіріп жөргектеу үстеліне жатқызыңыз (ересек балаларды арқасы бар орындыққы отырғызыңыз).
7. Құлақ қуысынан ірің бөлініп тұрса, құлақ қуысын мақта шиыршықтарымен тазалап алыңыз.
8. Тамызғышты оң қолыңызға ұстап, дәріні сорып алып, қолдың сыртына тамызып, жылығандығын тексеріңіз.
9. Құлақ қалқанын сол қолыңызбен тартыңыз: 2 жасқа дейінгі балаларда - артқа және төмен қарай, 2 жастан асқан балаларда – артқа және жоғары қарай.
10. Дәрінің 5-6 тамшысын құлақ қуысының сыртқы қабырғасымен жылжытып жіберіңіз, құлақтың кіші қалқанын бірнеше рет басыңыз.
11. Құлақ қуысына мақта тампонын енгізіңіз. Баланы осы қалыпта 15-20 минут ұстап тұру керектігін анасына түсіндіріңіз. Сонан кейін құлағын құрғатып, сүртіңіз.
12. Қолданылған мақта домалақшаларын, мақта шиыршықтарын ЖҚЖК-не, қолданылған тамызғышты, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.
13. Қолғапты шешіп, ЖҚЖК-не салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі |
Шала туылған баланы назогастралды зонд арқылы тамақтандыру
Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру.
Көрсетілімдер: шала туылған балада сору және жұту рефлекстерінің болмауы (жаңа туылған бала аурулары - асфиксия, бас миының зақымдануы, гемолитикалық ауру)
Әзірлеңіз: залалсыздандырылған: назогастралды зонд, 20 мл шприц, салфеткалар, резеңке
баллон, пинцет, қолғап, нықап; сауылған ана сүті құйылған ыдыс, 40-60°С су
құйылған лоток, лейкопластырь, ЖҚЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған
ыдыс, шүберек.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Нықап киіңіз.
3. 40-60°С су құйылған лотокта сауылған ана сүтін 36˚-37˚С дейін жылытыңыз.
4. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.
5. Баланың бас жағын көтеріңкі жатқызып, бір жағына бұрып, жөргектен жасалған валикпен тіреп қойыңыз.
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
7. Мұрын қуыстарын тексеріп, керек болған жағдайда тазалап алыңыз.
8. Зондты қорабынан пинцетпен шығарып, алыңыз.
9. Зондты сырғалықтан мұрынның ұшына дейін, мұрынның ұшынан семсер тәрізді өсікке дейін өлшеп, лейкопластырьмен белгі салыңыз, зондтың қақпағын (канюлясын) жабыңыз.
10. Зондтың ұшын суға батырыңыз, мұрын қуысы арқылы салынған белгіге дейін жәйлап енгізіңіз. (Енгізу барысында балада жөтел, цианоздың пайда болуы зондтың тыныс жолдарына түскенін көрсетеді. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, балаға оттегі беріңіз, сонан кейін процедураны қайталаңыз).
11. Шприцке дәрігер тағайындаған мөлшерде жылы ана сүтін сорып алыңыз.
12. Зондтың қақпағын ашып, сүт жиналған шприцке жалғап, сәл көтеріп, жәймен сүтті жіберіңіз.
13. Шприцті зондтан ажыратып, зондтың қақпағын (канюлясын) жабыңыз.
14. Тамақтандырып болғаннан кейін зондты лейкопластырмен бетіне жабыстырып қойыңыз. 1 зондты 24-48 сағат қолдануға болады.
15. Зондты шығарарда ауыздан 2-3см қашықтықта салфетка арқылы екі саусақпен ұстап, саумалы қимылмен тез шығарып алыңыз.
16. Баланың бас жағын көтеріңкі етіп, оң қырынан жатқызыңыз.
17. Қолданылған салфеткаларды, шприцті және зондты ҚЖЖК-не, қолданылған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.
18. Қолғапты шешіп, ЖҚЖК-не салыңыз.
19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: зондтың диаметрі баланың дене салмағына байланысты: 1000гр дейін - №4; 1000-2000 гр - №6; 2000 – 2500гр - №8;
Ескерту: егер тамақтандыру мен оттегі беру бір ұакытта өткізілетін болса,түтіктерді жәйлап мұрынның бір жағына еңгізіңіз.Баланың мұрынның екінші жағымен байсалды дем алуына көңіл бөліңіз.