Бел аймағында ауырсыну жоқ. Несеп шығаруы қалыпты, ауырсынусыз, несептің түсі сабан сары түстес.
Қарағанда: бел аймағын қарағанда ешқандай қызару, ісіну жоқ.
Бүйрек пальпациялағанда: қолға ілінбейді.
Перкуссиялағанда: Пастернацкий симптомы оң жақта да, сол жақта да теріс мәнді.
НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Ми қаптары мен ми симптомдары
Науқастың айтуы бойынша, басы ауырмайды, бірақ орнынан тұрғанда басы айналып, көзі қарауытады. Жүрек айну, құсу белгілері жоқ.
Қан тамырларын зерттегенде пульстің ауытқушылықтары байқалмайды. Тыныстың патологиялық түрлері байқалмайды. Көру нервтерінің көз түбіндегі іркілмелік белгілері жоқ. Менингиалдық симптомдары, желке бұлшықеттерінің регидтілігі анықталмады.
Бастың жұп нервтері
I-жұп – иіс сезу нерві. Қош иісті әтір иісімен тексерілді. Нәтижесінде иіс сезу сақталғандығы анықталды. Сезім галлюцинациясы жоқ.
II-жұп – көру нерві. Науқастың көру жөнінен шағымы жоқ, көру қуаттылығы сақталған. Көру галлюцинациясы жоқ.
1.Көздің көргіштік мөлшері Сивцев кестесі бойынша қалыпты OS=1,0 OD= 1,0
2.Көру аумағы:
60 60
T 90 60N N60 T 90
70 70
3.Көздің жарық сезгіштігі,түс айырғыштығы - ахроматопсия,дисхромотопсия,дальтонизм анықталмады.
III,IV, VI жұптар – көз алмасын қозғайтын,шығыр,әкеткіш нервтер.
Науқастың көздері симметриялы.
Птоз – жоқ
Қылилық – жоқ
Көз алмасының жалпы көлемінің қозғалысы S=D
V жұп-үштік нерв
а) нервтің тармағы бойынша сезімталдық және Зельдер зонасы бойынша сақталған S=D
Ауырсыну жоқS=D, Триггер нүктесі ауырсынусыз S=D
б)шайнау бұлшықетінің қысымы ауытқусыз,атрофия жоқ
в)Корнеальді рефлексі сақталған S=D
Төменгі жақ рефлексі сақталған S=D
VII жұп-бет нерві.
Науқасты қарағанда, оның қабақтары, маңдай әжімдері, танау желбезегі мен езуінің көз асты қабаттарының аздаған ассиметриясы байқалады, сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы. Мимикалық бұлшықеттердің симметриялығы – сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы. Тілдің алдыңғы 2/3 дәмсезу сақталмаған.
VIII жұп-есту нерві
Есту қабілеті төмендемеген,құлағында шу естілмейді,есту елесі жоқ.Вестибулярлық атаксиялар жоқ.Нистагм жоқ.Гипоакузия,анакузия анықталмайды. АD -
АS -
IX, X жұптар-тіл – жұтқыншақ пен кезбе нервтер.
Жұтынған кезде шашалады, үздіксіз ықылық атады.
XI жұп-қосымша нерв.
Бастың қарама –қарсы жаққа бұрылысы – қалыптыS=D,жауырынды қысу –қалыпты S=D,бұлшықеттердің күші сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы S<D,атрофия,фибрилляция – жоқ.
XII жұп-тіласты нерві.
Тілдің сыртқы көрінісі қалыпты.Артикуляция сақталған,атрофия –жоқ,фибрилляция жоқ. Тілдің солға ығысуы байқалды.
Қозғау жүйесі:
Бұлшықет серпімділігі жоғарыламаған.Қолдарында,аяқтарында қозғалыс көлемі шектелген,бұлшықет күші төмендеген.