Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ




А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Пәннің аты: «Неврология»

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к.доцент Елікбаев Ғалымжан Мамырбекович

 

 

АУРУ ТАРИХЫ

 

 

Науқас: Муслимов Ибрагим

 

Клиникалық диагноз: Оң жарты шардың геморрагиялық инсульті (2012) Сол жақты гемиплегия. Жалған бульбарлы сал. Симптоматикалық эпилепсия «Gran mall» ұстамаларымен, жиілігі айына 2рет.

Фондық ауруы: АГ III дәрежесі

 

 

Студент:

Тобы:: V

Курация уақыты: 18.10.2013ж.

Ауру тарихының жалпы бағасы:________

Пән оқытушысы: м.ғ.к. Ерғалиева А. А

 

 

ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМ

1. Науқастың аты, әкесінің аты, тегі: Муслимов Ибрагим

2. Науқас адамның жасы: 06.02.1968 жынысы: ер

3. Науқас адамның мекен-жайы: Кентау қаласы Степная көшесі нөмірі 61ші үй

4. Науқас адамның жұмыс істейтін ор ны: жұмыссыз

5. Мамандығы: күзетші

6. Ауруханаға түскен мерзімі: 13.10.13ж.

7. Ауруханадан шыққан мерзімі: 28.10.13ж.

8. Ауруханада қойылған алғашқы (болжам) диагнозы: Оң жарты шардың геморрагиялық инсульті (2012) Сол жақты гемиплегия. Жалған бульбарлы сал. Симптоматикалық эпилепсия «Gran mall» ұстамаларымен, жиілігі айына 2рет.

Фондық ауруы: АГ III дәрежесі

9. Қан тобы: IIІ(B+) Резус-фактор: Rh+

 

Шағымдары: сол қолы мен сол аяғының қимыл қозғалысының шектелуіне және үздіксіз ықылық атуына шағымданды.

 

Anamnesis morbi: Науқастың айтуы бойынша, 2012 ж. Наурыз айында іс-сапармен поездбен жолға шыққан. Жолда жол серікпен ұрыс керіс нәтижесінде қатты ашуланып, есінен танып құлаған. Шу қаласының орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, оң жарты шардың геморрагиялық инсульті диагнозы қойылып, АҚҚ 190/120мм.с.б., емделген. Жалпы жағдайының біршама тұрақталуына байланысты Шу қаласынан шығып, Кентау қаласына келе жатқанда, жолда Шымкент қаласына жеткенде 2-рет приступ беріп, орталық облыстық ауруханаға жатқызылды. Облыстық ауруханада 12 күн ем алу нәтижесінде жағдайы тұрақталған. 13.10.13ж. 3-рет приступпен Кентау қалалық орталық ауруханасына жедел жәрдеммен жан сақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы тұрақталғаннан соң неврология бөліміне ауыстырылған. МӘС қорытындысымен II топтағы мүгедектік берілген.

 

Anamnesis vitae: Науқас, Муслимов Ибрагим 6.02.1968ж Кентау қаласында жағдайы орташа отбасында дүниеге келген. Отбасында 3қыз, 2 бала. Оның ең кенжесі. Өз қатарымен өсіп жетілген. Зиянды әдеттері темекі шекпейді, арақ тойларда 1-2 ст ішеді. Вирусты гепатит, терілік инфекциялық аурулармен, туберкулезбен ауырмаған. Соңғы 6 айда гемотрансфузия болмаған. Никотинге, лидокаинге аллергиясы жоқ. Тұқым қуалаушылық ауруы: әке-шешесі АГ мен ауырып, дүниеден озған. Әпкелеріде АГ мен ауырып, дүниеден озған. Ағасы АГ мен ауырады.

 

Жанұялық шежіре

Status praesens objectivus:

Аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы дұрыс, төсектегі қалпы шектелінген, бет пішіні оң жақ бетіне қарағанда, сол жақ беті қалыңқы, дене бітімі нормостеникалық, терінің түсі бозғылт тартқан, теріде патологиялық өзгерістер жоқ, терінің серпімділігі серпімді, терісі ылғал, денесінде патологиялық пигментациялар жоқ, тері тургоры сақталған, тері асты шел май қабаты орташа, көзге көрінер шырышты қабаты бозарған, склерасы ақ.

Лимфа түйіндері: мойынның, жақасты, бұғана асты және үсті, қолтық асты, шат аймағы, тізе асты лимфа бездері пальпацияда сезілмейді. Жалпы бұлшықет жүйесінің жетілуі жасына сай. Пальпацияда ауырсыну жоқ. Кеуде қуысының қалпы дұрыс жетілген, симметриялы. Сүйек-буындық жүйе деформацияланбаған.

 

ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ

Пульс жиілігі минутына 90 рет, ырғақты, толымдылығы толымды, екі жақты симметриялы. АҚҚ 160/100 мм с.б.б.

Жүрек аймағын пальпациялағанда: жүрек ұшы түрткісі сол жақ бұғана орта сызығының бесінші қабырға аралығымен қиылысқан жерінен 1,5 см ішке ораналасқан, көлемі 2 см2.

Жүрек аускультациясы:

І тыңдау нүктесінде І тон ІІ тонға қарағанда анық естіледі, тон әлсіреген, ырғақсыз, қосымша шулар естілмейді.

ІІ тыңдау нүктесінде ІІ тон І тонға қарағанда анық естіледі, тон әлсіреген, ырғақсыз, қосымша шулар естілмейді.

ІІІ тыңдау нүктесінде ІІ тон І тонға қарағанда анық естіледі, тон әлсіреген, ырғақсыз, қосымша шулар естілмейді.

IV тыңдау нүктесінде І тон ІІ тонға қарағанда анық естіледі, тон әлсіреген, ырғақсыз, қосымша шулар естілмейді.

 

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Тыныс алуы мұрын арқылы еркін, тыныс алуға екі өкпе бірдей қатысады, тыныс алу жиілігі 20 рет/минут, кеуде формасы қалыпты.

Пальпацияда: кеуде тұсында ауырсыну жоқ.

Перкуссияда: барлық өкпе үстінде анық өкпе дыбысы естіледі.

Аускультацияда: дауыс дірілі анық, өкпенің барлық бетінен везикулалық тыныс естіледі. Бронхофония қалыпты.

 

Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысын қарағанда: ерні құрғақ, түсі алқызыл, тілі құрғақ, беті ақ жабындымен жабылған, қызыл иек түсі алқызыл, қабыну жоқ. Тәбеті шектелген, үздіксіз ықылық байқалады. Пальпацияда: іші жұмсақ, беткей пальпацияда ауырсыну байқалмайды. Бауырды пальпациялағанда: бауырдың шеті тегіс, тығыз, беті тегіс, ауырмайды. Курлов әдісі бойынша, бауырдың өлшемі 9 x 8 x 7 см.

Өт қабын пальпациялағанда: өт қабы пальпацияланбайды. Кер және Ортнер симптомы теріс мәнді, Френикус феномені теріс мәнді.

Талақты пальпациялағанда: өлшемі 8 х 6 см. Талақ ұлғаймаған, консистенциясы тығыз, беті тегіс, аздап ауырсынусыз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 504 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2283 - | 1989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.