ЖАРЫҚ СҮЙГІШ ӨСІМДІК
Ылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Panicoideae
Тайпасы: Andropogoneae
Тегі: Zea
Түрі: Z. mays
Екі-есімді атауы
Zea mays
Жүгері (лат. Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.
Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген.Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб ә келген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний,кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық «таяқша»қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель,простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.
Жүгері ағзаны токсиндерден, радионуклидтерден, клеткаларда жиналып қалған шлактардан тазалайды.Ал собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды.Өсіп келе жатқан балаларға жүгеріні көп жегізу керек.Себебі ол салмақ қосуға және витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Жүгері В1, В2, PP витаминдеріне және мыс, никель сияқты микроэлементтерге бай. Аллергия, қант диабеті, семіздік және басқа да зат алмасу процестері бұзылған адамдарға, асқазан жолдары ауыратындарға жүгері жеген аса пайдалы. Жүгері дәнінде ғана кездесетін майлардың құрамында 80 пайыз қанықпаған қышқыл ерітінділері бар, ал олар ағзадағы холестеринді реттейді. Сондай-ақ жүгері құрамында көміртегі көп кездеседі. Ал көміртегінің қан құрамындағы қантты реттейтіні ежелден белгілі.
КӨЛЕҢКЕ СҮЙГІШ ӨСІМДІК