Есептілік термині белгілі бір уақыт аралығындағы шаруашылық субъектісінің әр түрлі қызметін бақылауға мүмкіндік беретін есеп мәліметтерінің жиынтығын білдіреді. Сонымен қатар есептілік – бұл есептің әр түрлі нысаны негізінде құрастырылған текстік түсіндірме және сандық мінездеме жүйесін құрайтын, ақтайтын құжат болып табылады.
Қаржылық есептілігінің негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және оның қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттар беру. Бухгалтерлік есептілік инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді. Қаржылық есептілікті құру және ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет үздіксіздігі және есептеу қағидасы жатады.
Ұйымның қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) кірістер және шығыстар туралы есеп;
3) ақшаның қозғалысы туралы есеп;
4) меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) ұйымдардың есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Республикамызда баланстың актив және пассив баптарының мазмұнымен қатар, оның құрылымы да айтаулы өзгерістерге ұшырап, Халықаралық стандарттардың талабына сәйкестендіріледі.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөліктен тұрады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Бұл нысанның құрылу мақсаты – кәсіпорынның табысы бар ма, әлде ол зиян шегіп отыр ма сол жөнінде ақпарат алу. Есептілік – кірістер мен шығыстарды жеткілікті деңгейде жіктеу арқылы нақтылы есеп беру кезең ішіндегі экономикалық субъекттің қызмет нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Активтер ұлғаюы немесе/және пассивтердің азаюы кірістерге тән. Кірістер меншік иесінің капиталын арттырады. Шығыстарға активтірдің азаюы немесе/және пассивтердің ұлғаюы тән. Шығыстар кіріс пен меншік иесінің капиталын азайтады. Шығыстардың кірістермен жабылмағандығы тиімсіз қызметтің айғағы.
Кірістер мен шығыстар туралы есептілік ұйымның есепті кезең ішіндегі қаржылық нәтижелерін сипаттайды және келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1) негізгі қызметтен алынатын кіріс;
2) іске асырылған дайын өнімдердің (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құны;
3) жалпы кіріс;
4) кезең шығыстары: іске асыру бойынша шығыстар; жалпы және әкімшілік шығыстар; сыйақы түріндегі шығыстар;
5) негізгі қызметтен алынатын кіріс (залал);
6) негізделмеген қызметтен алынатын кіріс (залал);
7) салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);
8) корпоративтік табыс салығы;
9) салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);
10) төтенше жағдайлардан алынатын кіріс (залал);
11) таза кіріс (залал).
Есептіліктің бұл түрі есепті кезең ішінде негізгі қызметтен алынатын қаражаттардың жұмсалған ақша қаражаттарын жабуға жеткіліктілігін көрсетеді. Ол сонымен қатар, пайдаланушыларды есепті кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары жөніндегі ақпаратпен қамту арқылы, пайдаланушыларға субъекттің қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіншілік береді. Басқа сөзбен айтқанда, ақша қаражаттары туралы есептілік – субъект ақшаны қайдан алатынын және оларды кейін қалай жұмсалғанын көрсетуге мүмкіндік беретін құжат.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің негізгі мақсаты – пайдаланушылады ақша қаражаттарының түсімі мен қолданылуы жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, одан басқа бұл – есепті мерзім ішіндегі инвестициялық және қаржылық қызметті талдау әдісі.
Халықаралық тәжірибеге (ал қазір қазақстандық тәжірибеге де) тән шаруашылық субъектілердің ерекшкліктерінің бірі – кәсіпкерлік қызметтің өндіріс түріне қызмет көрсету өрісіне қарамастан операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметке бөлінуі:
· операциялық (негізгі) қызмет, негізгі кіріс келтіретін қызметі;
· инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы;
· қаржылық қызмет – кәсіпорынның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Тікелей әдіс – ақша қаражаттарының түсуі мен төленуінің барлық негізгі түрлерінің мазмұнын анықтайтын әдіс. Басқа сөзбен айтқанда, аталған әдіс әрбір ақша операциясын зерттеуге және оның қай қызмет түріне жататындығын анықтауға негізделген.
Жанама әдіс - ағымдағы активтер мен міндеттемелер, ақшалай емес операциялар, сондай – ақ өткен кезеңмен салыстырғандағы инвестициялық және қаржылық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындар өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығынға түзетулер енгізетін әдіс.
Капиталдағы өзгерістер туралы есептілікте есепті кезең ішінде меншікті капиталдағы құрылымдық және сандық өзгерістер жөніндегі ақпаратты ашып көрсетеді.
Ұйым, бұдан басқа, немесе өз капиталындағы өзгерістер туралы есепте немесе түсіндірме жазбада келесі ақпаратты көрсетуге міндетті:
1. Меншік иелерімен капитал және бөліп тарату бойынша операциялардың соммалары;
2. Бөлінбеген табыс немесе зиянның сальдосы есепті кезең басындағы және аяғындағы қалдығын және кезең ішінде болған өзгерістерін;
3. Жарғылық капиталдың, қосымша төленген капиталдың, қосымша төленбеген капиталдың және резервтік капиталдың әрбір классы бойынша есепті кезең басындағы және аяғындағы баланстық құнын салыстырып тексеру және кезең ішінде болған өзгерістер.
Түсіндірме жазба бухгалтерлік баланста, кірістер мен шығыстар туралы есепте, ақша қозғалысы туралы есепте және жеке меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепте көрсетілген соманы сипаттауды немесе неғұрлым толық талдауды, сондай-ақ пайдаланушыларға пайдалы шартты және шарт міндеттемелері туралы қосымша ақпаратты қамтиды. Түсіндірме жазба ашылуын БЕС талап етілетін ақпаратты қамтиды және олар ақпаратты неғұрлым толық көрсету үшін береді, сондай-ақ сенімді беру үшін қажетті басқа ашуларды да қамтиды.