Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Міндеттемелердің есебі




Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.

«Міндеттемелер» шотында өсу қорытындысы мен мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің жалпы сомасы ескеріледі.

Талдамалық есепке алу «Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомосте» жүргізіледі, онда аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген қабылданған міндеттемелердің сомасы жазылады. Ағымдағы қаржы жылының аяғында қабылданған міндеттемелердің сомасы жүргізілген кассалық шығыстардың сомасына азайтылады.

Корпоративті табыс салығы – бұл шын мәнінде мемлекетке экономикалық кеңестік, еңбек ресурстары, өндірістік, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымдарды пайдалану үшін төлем. Бұл салық сол немесе басқа өндірістік дамуында, әр түрлі жұмыстар, қызметтер орындауға оның ынталығын арттыратын мемлекет тарапынан кәсіпорынға қаржылық жағынан ықпал жасаудың құралы болып табылады.

Салық төлеушілер – заңды тұлға болған барлық кәсіпорындар мен ұйымдар.

Қосымша құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.

ҚҚС тауардың бағасына жоғарлата келіп енгізіледі. Сондықтан, салық тауарды сатып алған тұлға тарапыннан төленеді. Салықтың «қосымша құнға салынатын» деген аталуы қосымша құнның мөлшерімен сәйкес сол тауарларды өндіретін кәсіпорындар арқылы бюджетке оның төленуімен байланысты.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңының (бұдан әрі - қолданысқа енгізу туралы заң) 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналған есептелген салық сомасынан асып түсетін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының бюджетпен қарым-қатынасы тәртібін реттейтін 25-бабы күшін жойды, сондай-ақ қолданысқа енгізу туралы заңның ҚҚС асып түскен сомасының қайтарылу тәртібін ҚР Үкіметімен анықталатынын қарастырған 35-бабы күшін жойды.

Бұл ретте, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС асып түскен сомасының қайтарылу тәртібін ҚР Үкіметімен бекітілетіні туралы норма Салық кодексінің 272-бабының 5-тармағымен қарастырылды.

Жеке табыс салығын төлеуші болып салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар танылады. Жеке табыс салығы салынатын объектілер болатын:

- төлем көзінен салық салынатын табыстар;

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

- Жеке тұлғалардың келесі түрді табыстарына салық салынбайды:

- арнаулы әлеуметтік көмекке, жәрдемақыларға, өтемақыларға;

- алименттерге;

- мемлекеттік құнды қағаздардан және агенттік облигациялардан алынған табыстарға;

- грант қаражаттары арқылы алынған төлемдерге;

- жинақтау сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру шартына отырған адамның қайтыс болған кезінде берілетін сақтандыру төлемдеріне және т.б.

Әлеуметгік салықты жұмыс беруші көсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 «Әлеуметтік салық» деп аталатын шотында жүреді.

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, қалған әлеуметтік салық ұсталынады. «Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп 292-а нысанының карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргізіледі.

Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу. 3210-3230 бөлімше бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу жасалады. Шаруашылық субъектілер сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларынан есеп айырысуды жүзеге асырады.

Субъектілер мүлік сақтандырудың төлемдерін сақтандыру компаниясына есептейді және бұл шығындарды өндіріс шығындарына немесе кезең шығындарына қосады. Сақтандырылған мүлік немесе егіс бүлінгенде немесе апат болғанда сақтандыру компаниялары сақтандыру өтемдерін төледі.

Субъектілер қауіпті жұмыстарды орындайтын қызметкерлерді сақтандыруға міндетті.

«Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар» қосалқы шотында күрделi қаржыға арналып қаржыландырылған қаражаттар есебiнен алынған құрылыс материалдары, конструкциялар детальдар, қондырғыларға арналған жабдықтар және т.б. үшiн жеткiзушілермен есеп айырысулар және құрылыс салу мен монтаждауға арнап және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны үшiн оларға берiлген конструкциялар мен детальдар бойынша мердiгерлермен есеп айырысулар ескерiледi. H. 292-а карточкасында (н. 262 кiтабында) әрбiр жеткiзушi мен мердiгер бойынша талдау есебi жүргiзiледi.

Болашақ кезең кірістерінің кәсіпорынның есепті айдағы алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі. Сабақтас есепті кезеңдер мен осы кезеңдердің ара жігін ашу оңай емес, бірақ олардың арасын шектеу керек, өйткені онсыз салық салуға да, қаржылық есеп беруге де болмайды.

Алдағы кезеңдердің табыстарын есптеу үшін есебі 3520 «Алдағы кезеңнің табыстары» шоты пайдаланылады.

3520 – шотында айлық және тоқсанды билеттер, кәсіпорында күні бұрын төленген ақылар төленеді. Жоғарыда аталған төлемдер түскен кезде «Ағымдағы банктік шоттағы валютамен ақша қаражаты», «Ағымдағы банктік шоттағы теңгемен ақша қаражаты», «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоттары дебеттеледі, 3520 кредиттеледі.

Алдағы кезең кірістерін есептеген кезде 2110 шоты дебеттеліп, 3520 кредиттеледі.

Есепті айға жататын, ертеректе алынған табыстар тізімі 3520 шотының дебеті мен «Көлік мекемелерінің жүктері және жолаушыларды тасымалдау қызметінен түскен табыс», «Жалға беруден түскен табыс», «Байланыс мекемесінің қызметінен түскен табыс», «Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер түріндегі табыстар, «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар» және осы табыстарға жататын басқа шоттардың кредитінде көрініс табады.

Жетіспейтін құндылықтар бойынша берешектердің өтуіне қарай «Ағымдағы банктік шоттағы валютамен ақша қаражаты», «Ағымдағы банктік шоттағы теңгемен ақша қаражаты», «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», «Қызметкерлерге сыйақылары бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемлері» және басқа да шоттар дебеттеледі, 1250 шоты кредиттеледі. Берешектерді өтеуге түскен сомалар сонымен бір мезгілде, 3520 шотының дебеті «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар» - шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

3520-шот бойынша аналитикалық есеп алдағы кезеңдерден түсетін табыс түрлері бойынша жүргізіледі.

Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі-құрал жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталған шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттемебойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

 

2.6. Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Жалақы төлемдерiн есептеу айына бiр рет жүргiзiледi және айдың соңғы күнгi есебiнде көрiнiс табады.

Жалақы төлемдерiн есептеу үшiн: штаттық кесте мен жалақы төлемдерiнiң сәйкес бекiтiлген қызметкерлердi жұмысқа қабылдау жұмыстан босату, орын алмастыру туралы бюджеттiк ұйым бойынша бұйрық, жұмыс уақытын пайдалану табелi және жұмыс уақытын пайдалану және еңбекақыны есептеу табелi бойынша басқалар негiзгi құжат болып табылады.

Табелдердi бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған адам белгiленген үлгi бойынша жүргiзедi. Айдың соңында табель бойынша атқарылған күндердiң, сондай-ақ жұмыс жасалған сағаттардың жалпы саны айқындалады. Тиiстi қол қойылып толтырылған табель мен басқа құжаттар белгiленген мерзiмде жалақы төлемдерiн есептеу үшiн бухгалтерлiк қызметке тапсырылады.

Қызметкерлерге айдың бiрiншi жартысы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте ұстауға жататын салық сомаларын шегерiп, айлық жалақы төлемдерiнiң 50 % көлемiнде аванс берiледi.

Есептiк-төлем және төлем ведомостарына бұл ведомостарды әзiрлеген және тексерген адам қол қояды. Жалақы төлемдерiн төлеу үшiн рұқсатқа ұйымның жетекшiсi және бас бухгалтер қол қояды.

Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары). Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

- Жай мерзімді;

- Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.

Қосымша еңбекақы есебі. Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу. Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.

Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00 сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді.

Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс бурілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 (екі) есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 (екі) есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:

- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем;

- Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы;

- Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем;

- Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем;

- Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем;

- Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем;

- Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау және тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем;

- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем;

- Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу және тағы басқалар.

- Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:

- Негізгі еңбекақы және оған қосымша төленген үстемелер;

- Кәсіпорындарда тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбекақы қорына және сондай-ақ материалдық сыйақы қорынан берілетін сыйақы.

- Жыл бойы істеген жұмысының қорытындысы бойынша берілетін сыйақы, яғни он үшінші айлық (әр айға бөлініп қосылады);

- Қосымша еңбекақы.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдалнбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады.

Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұстауға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:

· Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерде);

· Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес);

· Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл және т.б.);

· Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша беогіленген сомалар;

· Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін және мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару;

· Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;

· Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

 

Капитал есебі

 

Жарғылық қор меншік иесінің жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынандай түрлерге бөлінеді:

- кәсіпорындардың жарғылқ капиталы

- өндірістік кооператив мүшелерінің жарналары

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түлері, акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атауы құнына сәйкес акцонерлік қоғамның, серіктестердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітілген.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының есебі «Жарғылық қор» бөлімінің: «Жай акциялар», «Артықшылығы бар акциялар», «Салымдар мен жарналар» деп аталатын бөлімше шоттарнда жүргізіледі.

Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және баска да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжатгармен және қолданыстағы зандармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен жөне басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және «Басқа да резервтік капитал».

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке түлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинакталады.

5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, қүрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөніңде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндеггі.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін «Қайтарылып алынған капитал» шоты арналған, ол «Жай акциялар» және «Айырықшылығы бар акциялар» шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

«Қайтарылып алынған капитал» шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: «Қайтарылып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1050, 1060, 1010, 1020, 1070 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады.

Қосымша төленген капитал қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал кәсіпорын өзінің меншігіндегі негізгі құралдар мен инвестияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы басқа жағдайлардан туындайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.