ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана
2014
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 маусымдағы № 5 хаттама).
2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 184 б.
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектеп алды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2014
Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларыжәне ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) арқылы жүзеге асырылады.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.
2015 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептері PISA (математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының салыстырмалы бағасы, сондай-ақ 15 жасар оқушылардың әртүрлі үлгіде берілген мәтіндерді түсінуі) мен TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын салыстырмалы бағасы) халықаралық зерттеулеріне қатысады.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.
Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.
Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.
Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Мектеп-интернаттардың тәрбиелік жұмыстары тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қарай бағытталуы тиіс, баланың рухани дүниесі мен өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге бағытталуы керек, балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастары қалыптасуына, гуманитарлық құндылықтардың негізінде жетілуіне; әрбір жасөспірімнің тұлғалық өсуін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге; өзіндік жолын табу еркіндігі болуына, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына, өзіндік тәрбиеге ықпал етуге; жеке басының дамуына құрметпен қарауға бағытталады.
Азамат және патриот тәрбиелу мақсатында, олардың көшбасшылық қасиетін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының мейрамдарын мерекелеуге дайындық және өткізу іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастыру керек: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды 2014 жылдың 9 мамырынан бастап, 2015 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта өткізу, оның ішінде, «Мектеп пен ардагерлер: 70 мерейтой сәттері», Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.
2014 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега жобасы басталды. Оның аясында әрбір қаладағы, аудан орталығындағы, ауылдағы білім беру ұйымдарының қызметіне назар аудару негізге алынады. Бұл шаралар әр үйге, әр отбасына етене жақын болуы қадағаланады.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында « Өзін-өзі тану » пәніфункционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. « Өзін-өзі тану » пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады, бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.
2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымындағы оқу және тәрбие үдерісіне ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделін енгізу жүзеге асырылады деп күтілуде.
Ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие үдерісімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас ізгі-рухани кеңістік құруды керек етеді.
Ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:
– сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;
– ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне кірігуін жүзеге асыру;
– өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.
ҚР Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС1.4.002-2012 аясында 2014-2015 оқу жылында 1 және 2-сыныптарда «Шетел тілі» пәні оқытылады.
Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шетел тілін және оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу үдерісі кезінде жүргізіледі.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіріліп оқытылады.
ҚР МЖМБС1.4.002-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады:
1) оқыту қазақ тілді емес 1-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
3-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 1-11-сыныптардағы шетел тілі;
5) 5-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);
7) 5-11- сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту.
5-11-сыныптардағы «Технология» пәні сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндігі бар және оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады; мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.
Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 мөлшерлеме, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.
Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан артық болғанда ғана жүргізіледі.
Бейіндікоқытужалпы орта білімдеңгейінде: қоғамдық-гуманитарлықжәнежаратылыстану-математикалықбағыттарыбойыншажүзегеасырылады. Бірнемесеекібағыттытаңдауоқушылардыңқажеттілігі мен сұраныстарынескереотырыпжүргізіледі. Саралапоқытудыжүзегеасыру мен екібағытаясындаоқушылардыңтанымдыққажеттілігінқанағаттандырумақсатындакәсіби-бағдарланғантәсілдіжүзегеасыруаясындабейіндікпәндердітереңдетіпоқытуенгізіледі.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқытуға енгізу ұсынылады.
Білім беру салаларыбойыншақолданбалыкурстардыңмазмұнынжобалау мен өткізубойыншамұғалімдергекөмекретіндеәдістемелікқұралдарәзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.
Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда
34 оқу аптасын құрайды.
Оқу жылында 1-11-сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.
Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру деңгейінде: 7-сыныпқа – 26 сағат, 8 -сыныпқа – 28 сағат, 9-сыныпқа – 31 сағат; жалпы орта білім беру деңгейінде: 10-сыныпқа – 28 сағат, 11-сыныпқа – 28 сағат белгіленсін. Әрбір сыныпқа аптасына 4 сағаттық сынақ қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық тасымалдағыштар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400, 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 және «2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрықтарымен анықталған.
2015 жылғыҰлттықбірыңғайтестілеудің, мемлекеттікаттестаттау мен талапкерлердікешендітестілеудің тест тапсырмаларыныңбазасынқалыптастыру ҚР Білімжәнеғылымминистрініңбұйрығыменбекітілгеноқулықтардыңматериалдарынегізіндеіскеасады. Осығанорай, Ұлттықбірыңғайтестілеугедайындықкезіндемектептүлектері (2014-2015 оқужылы) жоғарыдакөрсетілген ҚР Білімжәнеғылымминистрініңбұйрығыменбекітілгеноқулықтардыпайдалануытиіс.
Оқытуұйғыр, өзбек, тәжіктілдеріндежүргізілетінжалпы орта білімберетінмектептердеаудармаоқулықтарнемесеоқушылар мен ата-аналардыңқалауыменқазақтіліндегіоқулықтарқолданылады. Оқытуқазақтілдіеместілдегімектептердеоқупәндерінкөптілдеоқытубойыншаәдістемелікнұсқаужәнеоқытуқазақтілдіеместілдегімектептерүшінғылымнегіздерібойыншатерминологиялықсөздікәзірленіп, Академияныңсайтына (www.nao.kz) орналастырылды.
2013 жылғыжаңаоқубағдарламасынасәйкес 2-сынып пен 9-сыныптар үшіноқулықтаржәне 5-сынып үшін «Информатика», 1-сынып үшін «Ағылшынтілі» оқулықтарықайтаданбаспаданшықты. Осы жылы 3-сынып пен 10-сыныптар үшінжәне 2-сынып үшін «Ағылшынтілі», 6-сынып үшін «Информатика», келесіжылы 4-6-сыныптар және 11-сыныптар үшіноқулықтарқайтаданбаспаданшығатынболады.
Мұғалімдергекөмекретіндеоқупәндерібойыншаүлгіліккүнтізбелік-тақырыптықжоспарлар, оқу-әдістемелікқұралдар мен нұсқауларәзірленіпАкадемияныңсайтына (www.nao.kz) орналастырылды. Мұғалімұсынылатынкүнтізбелік-тақырыптықжоспарғабөлінгеноқусағаттарышегіндебілімалушылардыңжекелегенерекшеліктерінескереотырыпөзгерістеренгізеалады.
Сондай-ақ, заманауиқоғамныңақпараттандыружағдайындапәнмұғалімдері АКТ-құзыреттілігінбіліп, қосымшаресурстардыпайдаланаотырып, соныңішінде интернет жәнепәнбойыншаақпаратты табу мен өңдеубілігінқалыптастыруыкерек.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).
1-кесте – Оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері
№ | Бақылаунысанасы | Нормасы |
Сабақтарғажәнесыныптантысіс-шараларғақатысужәнеолардыталдау | Аптасына5сабақ, жылына170 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80 сағатжылына (директордыңорынбасарларыүшін); Аптасына 4 сабақ, жылына 136 сағат (мектепдиректорларыүшін). | |
Сыныпжурналдарынтексеру | Айына 1 рет, жылына8-10 рет | |
Оқушылардыңкүнделіктерінтексеру | Айына 1 рет, жылына8-10 рет | |
Пәндербойыншаоқубағдарламаларыныңорындалуынтексеру | Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет | |
Оқушылардыңжекеісқұжаттарынтексеру | Жылына 2 рет | |
Пәндербойыншатақырыптықжәнекүнтізбелікжоспарлардытексеру | Жылына 1-2 рет |
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.
Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.
Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.
Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;
- білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.
Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:
(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)
- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.
(Бағдарламаныңекінші (негізгі) деңгейібойыншаоқыпшыққанмұғалімдерде)
- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;
- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;
- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);
- бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойыншаәріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);
- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.
(Бағдарламаныңбірінші (жетік) деңгейібойыншаоқыпшыққанмұғалімдерде)
- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;
- деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.
«Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің қызмет етуін апробациядан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №573 бұйрығына сәйкес төмендегі үш жалпы білім беру ұйымдарында эксперимент өткізіледі:
1) Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат, Алматы қ.;
2) «Астана қаласындағы № 1 мектеп-лицей» ММ;
3) «Астана қаласындағы № 66 мектеп-лицей» ММ.
Апробация қорытындылары бойынша «Қамқоршылық кеңестің қызметінің және оны сайлау тәртібінің Типтік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына әртүрлі деңгейдегі басқару, қаржыландыру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін құруды нақтылау бөлігіне (АҚ, ММ, РМК, РМҚК) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
2014-2015 оқу жылында эксперименталдық мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін апробациялау жалғасатын болады. Білім беру жүйесін басқарудың корпоративтілігін, ашықтығын қамтамасыз ету үшін мектепті қамқоршылық кеңесі арқылы басқаруды жетілдіру, білім беру үдерісіне отбасын, мектепті, қоғамды тарту қажет.
Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Қамқоршылық кеңесі қызметіне мониторинг жүргізу» әдістемелік нұсқауын және «Қамқоршылық кеңестерінің қызметін ұйымдастыру» әдістемелік құралын әзірлеуде, олар Академия сайтына орналастырылатын болады (www.nao.kz).
Химия
Жаратылыстану ғылымы білім беру жүйесінде химия оқу пәнінің маңызы әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып білудегі рөлімен анықталады.
Оқу пәні ретінде химия оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті.
Жалпы білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізуболып табылады.
Химиялық білім берудің мазмұнын жүзеге асыру келесі қағидаларға негізделеді:
- химиялық білім беруді ізгілендіру, оқытудың экологиялық бағыттылығын, оның тәрбиелеу және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту;
- химиялық білім берудің мазмұнының тұтастығы, жаратылыстану ғылымы саласына жататын басқа пәндермен мазмұндық сабақтастығы;
- оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, мультимедиялық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту;
- оқытудысаралапжіктеужәнежекелеу, бағдарлы оқыту жүйесінде оқушылардың жеке білім алу траекторияларын қалыптастыру;
- химиялық білім беру мазмұнының тәжірибелік және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- іргелі білімдердің ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік дидактикалық қағидалары мен тәжірибелік-бейімделген және қолданбалыа спектілермен тиімді арақатынасын сақтау.
8-9-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлау және тәжірибелік қабілеті бар, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты функционалды сауатты және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
- әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
- заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
- адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
Химиялық білімнің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады. Инвариантты бөлік «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұнына сәйкес келеді. Мазмұнның инвариантты өзегі жанды және жансыз табиғаттың құбылыстарын түсіндіруге қажетті негізгі химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар, фактілерден тұрады. Вариативтік құраушысы адамгершілік, тарихи-дүниетанымдық, эстетикалық, өнер танушылық, қолданбалы, экологиялық, аймақтық компоненттерді жүзеге асырушы химияның мектеп курсы мазмұнының гуманитарлық аспектісін көрсетеді.
Химия пәні бойынша дамытушы білім беру үдерісі, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстануғылыми білімдерінің дамуын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химиялық ғылым мен технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығының дамуын, біртұтас экология-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына, олардың өздігінен оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, оқудағы және өмірдегі әр түрлі жағдайларда алған білімдері мен меңгерілген әрекет ету тәсілдерін қолдана білулерін дамытуға ерекше кәңіл бөлінеді. Осыған байланысты зертханалық және тәжірибелік жұмыстар, химиялық эксперименттер жүргізу, ғылыми жобаларды орындау оқушылардың жаңа білім алу, танымдық мәселелерін кеңейту және тәжірибелік дағдыларға ие болуда, химияны оқу себебін дамытуда кеңінен қолданылуы тиіс. Оқушылардың дербестігін, белсенділігін, ой өрісін және тәжірибелік дағдыларын, олардың химияға қызығушылықтарын дамытатын оқытудың проблемалы-іздеушілік, интерактивтік, коммуникациялық және ойын әдістерін, жобалау әдістерін қолдану ұсынылады. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады.
Химия пәнінен білім беру үрдісін ұйымдастыруда төмендегі әдістемелік тәсілдерді қолданған тиімді:
- оқытуға жүйелік іс-әрекеттік, практикаға бейімделген тәсілдер басымдылығы;
- химиялық эксперименттің, жобалау-зерттеуіс-әрекеттерініңрөлі мен орнын күшейту;
- қазақстандық жән еаймақтық компоненттерін кеңейту;
- оқу әрекетінің репродукциялықтүрлерінендербес іс-әрекет жасауға, іздеу-зертеушілік жұмыс түрлеріне, аналитикалық әрекеттерге басымдық беру, осыған байланысты оқушылардың бойында аналитикалық қабілеттер, түйіндіқ ұзыреттіліктер қалыптастыру ерекше көңіл бөлу;
- оқытудың интерактивті түрлерін, қазіргіз аманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Химия пәні бойынша оқу үдерісі «Кабинет паспорты», «Техника қауіпсіздігіережелері», «Техника қауіпсіздігі журналы», қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, шынылармен жұмыс істеугеарналған нұсқаулық карточкалар, сонымен қатар химиялық реактивтер (сақталутобыбойынша), зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинеттежүзеге асырылады. «Прекурстар тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұзқышқылдары және т.б.) енетін заттардықолдануға тыйым салынады.
Химия бойынша жазбаша орындалатын үйрету мақсатындағы жұмыс түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, тірексызбалар, талдамалық және қорытындылаушы кестелер, зертханалық тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.
Үйрету мақсатындағы жұмыстардың түрін, мазмұнын және көлемін оқу бағдарламасы, сонымен қатар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдартағы тапсырмалар негізінде мұғалім анықтайды.
Білім алушыларда 3 дәптер болуы тиіс (сынып, үй тапсырмалары және зертханалық тәжірибелер үшін дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер және бақылау жұмыстары дәптері).
Сынып журналына барлық демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады (Оттегін алу, №3 дем., №4 зертх.) және мұғалім оқушылардың жұмыстарын таңдауы бойынша тексеріп, бағалайды. Барлық оқушылардың тәжірибелік жұмыстары (№ … пр. ж. «Тақырып») мен бақылау жұмыстары (№ … бақылау жұмысы) толық бағаланып, журналға жазылады.
Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін, ал бақылау жұмысы дәптеріне тақырыптық бақылау мен тест жұмыстары аясында алынатын өздік жұмыстарын көрсетуіне болады.
Практикалық және бақылау жұмыстарын арналған дәптерлер оқу жылы көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін беріліп отырады.
Бақылау жұмыстары бойынша талдау жұмыстарын оқушылар бақылау жұмысынан кейінгі сабақта (сынып журналына жазылмайды) орындайды, сонымен қатар практикалық жұмыстарды талдау мұғалімнің қалауы бойынша және қажеттілігіне қарай үйрету жұмыстарынан кейін сәйкес дәптерге орындалады.
Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық-ойлау белсенділігін дамыту мақсатында белгілі бір тарауды аяқтаған соң кіші жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар байқауы сияқты қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.
Алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту үшін зертханалық тәжірибелер мен демонстрациялық жұмыстарды орындауда бейне тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.
Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.
8, 9-сыныптардағы алғашқы сабақта арнайы журналға белгілей отырып Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.
Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.
Сабақтан тыс жұмыстар:
- зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;
- олимпиадалар,конкурстер,тақырыптық кештер;
- таңдау боыйынша элективтік курстер;
- он-лайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқаулары;
-химиялық ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде өткізіледі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 8-9-сыныптардағы «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;
9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Химия» пәні, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстану ғылыми білімдерін одан әрі дамыту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химия ғылымы мен технологиясының рөлін түсіну, оқу және тәжірибелік әрекеттерде химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту, тұтастай экология-ізгіліктілік дүниетанымға тәрбиелеуді қамтамасыз етуге міндетті.
10-11-сыныптардағы оқыту мазмұны химия ғылымы мен технологиясы дамуының қазіргі заманғы үрдісін ескеріп құрылған, тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттылығымен және бағдарлану мен саралап жіктелуінің күшейтілуімен сипатталады.
Химия курсын оқыту жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салаларында іргелі білім негіздерін және қоршаған дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, химия ғылымы мен білімінің күнделікті практикалық өмірдегі, және қоғамның орнықты дамуындағы маңызын ұғындыруға бағытталады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту мақсаты - химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі, практикалық білігін дамыту;
- күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;
- қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
- эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;
- химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
- адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
- оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
Химия пәні мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабағына дайындалған кезде, химия материалының мазмұнындағы физика-математикалық аспекті, сондай-ақ кеңістіктік елестетуді, ойдың аналитикалық сапасын, белгілер мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілетін дамытатын, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріе қолданған орынды. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.
Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті: химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалану; физикалық шамаларды қолдану және олардың арасындағы функцияналдық тәуелділікті айқындау; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.
Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент: химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды безендіріп көрсету үшін графиктерді; заттың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішіні әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдаланып жүзеге асырылады.
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті: заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру кезінде химия және биология бойынша білімдердің кірігуі; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерісті моделдеу арқылы химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химия-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
- химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
- күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
- қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
- адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
- оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдап алу кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет – гуманитарилерде. Осыған байланысты оқушы-гуманитарилер үшін химиялық эксперимент:
- оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді болуы;
- оқылатын заттар мен химиялық үдерістер практикалық мәнділігін көрсетуі;
- табиғатта болып жатқан үдерістерді моделдеу (фотосинтез кезінде оттегінің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық күйреуден мүмкінболатын зардаптарын ұқсату;
- тарихи материал негізінде химиялықэкспериментті еске түсіруі керек.
Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық қ