1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) қабылданған мерзiм бiткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.
Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;
2-1) нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар;
6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлетті органдар.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.