Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу және қолданысқа енгізу уақыты




1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:

1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;

2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;

4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе – олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.

4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

4-1. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) осындай талаптарға өтініш берушілердің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер олар алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.

5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер ресми түрде қазақ және орыс тiлдерiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.

6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.

7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.

8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014№ 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 445 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2241 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.