Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Күйдіргінің белгілері және өрбуі




Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 8 күнге (2-3 күн) созылуы мүмкін. 95% ауру теріге байланысты түрі кездеседі, 2-3% өкпе, ішекке байланысты түрі де болуы мүмкін. Тері түріндегі түйнеме жұққан жерде біртіндеп дақ, бүртік, іріңді безеу, жара пайда болады. Бастапқыда терінің белгілі жерлері қышып, біраздан соң ұлғая түседі. Бірнеше сағаттан соң түйіннің (папула) орнында көлемі 2-3 мм. көпіршік түзіледі. Оның ішіндегі күлгін сұйықтың түсі біртіндеп қанталаған қою, кейде қою қоңыр сиякөк түске айналады. Сонан соң іріңді безеудің орнында қабыршақ пайда болады. Ол тез қарайып, аумағын ұлғайтады. Жараның жан жағы қызарып, ісініп кетеді, бірақ жараның тұсы ауырмайды. Осы кезде адамның жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп 39-40ºС жетеді, әлсіреп, басы ауырып, жүрегі жиі қағады. Дене қызуы тез қайтады. Терідегі өзгерістер жазыла бастап, жараның қабыршағы 2-3 аптаның соңында түседі. Егер науқасқа күйдіргіге қарсы дәрі егілген болса, терідегі өзгеріс бүртік күйінде болып, науқастың жалпы жағдайы өзгермеуі мүмкін. Денеге түскен жеріне байланысты аурудың клиникалық түрлері:

1. Терілік (95) - карбункулдар пайда болады.

2. Асқазан-ішек

3. Өкпелік.

Күйдіргінің терілік түрі – бұл сырқаттың аса тараған түрі, адамның қолы, беті, мойнына шиқан тәрізденіп бұлтиып, көгеріп шығады. Кейін бұлтықтың қақ ортасы күйгендегідей күлбіреп көтеріледі, оның ішіне қанды ірің жиналады. Жараның айналасы домбығып қызарады, ортасы көмірдей қараяды. Жараның төңірегі күлбіреп ісінгенімен, ортасындағы қара күйік басса да, ауырмайды.

Инфекция көзі – ауылшаруашылық жануарлары: сиыр, жылқы, қой, ешкі, бұғы. Сиректеу ит, шошқа, түйе. Күйдіргі малдарда өте ауыр түрде өтеді, ауру малдың нәжісімен, зәрімен залалданған жем, шөп, су арқылы таралады.

Берілу механизмдері:

Жанау - тікелей жанасу арқылы жұғады: ауру малға қарағанда, сойғанда, терісін сылғанда, етін өңдегенде, жүн, тері жинап, өңдегенде. Ауру малдың терісінен, жүнінен жасалған киім, тон, тоқылған заттар, топырақ арқылы да жұғуы мүмкін.

Трансмиссивті - маса, сона, қансорғыш шыбындардың шағуы арқылы жұғады.

Аэрозольді - ауа– шаң арқылы жүн, тері жинайтындар арасында кәсіптік ауру түрінде кездеседі, технологиялық процесті дұрыс сақтамаған жағдайда жұғады.

Берілу жолдары. Алиментарлы жолмен ауру малдың дұрыс термиялық өндеуден өтпеген еті арқылы беріледі. Күйдіргінің қоздырғыштарын бактериологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін, өйткені ауа-тамшы, ауа-шаң жолымен түскенде өкпелік түрі дамып, өлім жиілігі өте жоғары болады. Иммунитет тұрақты, қайта жұқтыру кездеспейді.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Күйдіргі жаз - күз мезгілінде жиі таралады. Көбіне үлкен жастағы адамдар ауырады. «Күйдіргінің топырақтық ошақтары» - ауру малды көмген жер, ауру малдарды көметін аймақ. Споралармен ластанған аймақтың топырағында қоздырғыштар көп жылдап сақталып қана қоймай, онда қолайлы жағдайда (+32+35 температура, жоғары ылғалдылық) өніп, көбеюі де мүмкін, сондықтан «күйдіргінің топырақтық ошақтары» өте қауіпті. Қазақстанда 3,3 мың ауруханалы қауіпті пункттер тіркелген, ОҚО – 216. ОҚО соңғы 40 жыл аралығында ең жоғары сырқаттану деңгейі тіркеледі, күйдіргіге қарсы егу жасалмаған малдардан жұғып отырады.

Алдын алу шаралары «ҚР күйдіргі ауруына қарсы шараларды күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Негізгі шаралар бұл санитарлық–ветеринарлық шаралар. І – ошақтағы жасалатын шаралар:

- Ошақта ветеринарлық карантин – 15 күн. - Науқас адам міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. - №58 үлгіде СЭҚБ шұғыл хабарлама беру, ошақта эпидемиологиялық

–эпизоотологиялық тексеру жүргізу. - Қатынаста болғандарды, ауру малды бірге өңдегендерді 8 күн медициналық бақылау.

- Енжар иммунизация ретінде 20-25мл күйдіргіге қарсы иммундыглобулин егу.

- Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру

- Бактериологиялық, аллергиялық сынамалар жасау. Аллергиялық реакция антраксинмен тері ішіне жасалады, теріс болса күйдіргіге қарсы тірі вакцина егіледі.

- Ошақта қорытынды дезинфекция жасау - ыдыстарды, киімдерді, мал өнімдерін, тері, жүнді және мал қораларын залалсыздау. Дезинфекция үшін 4% хлорамин, 6% сутегінің қостотығы + 0,5% жуатын ұнтақ, 5% сабын қосылған формальдегид ерітінділерін қолданады. Ыдыс аяқ, киімдерді 2% содамен 60 минут қайнатады немесе 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздайды.

- Ауру малдың мәйіті және мал өнімдері өртеу немесе арнайы Беккери шұңқырына көму арқылы жойылады. Күйдіргі ауруынан өлген малдың етін, терісін, ішкі мүшелерін арнайы жасалған жәшікті фургондарға салып, ауру малды көмуге арналған жерге алысырақ апарып, тереңдігі 2 метр ұра қазып, астына хлорлы әк төсеп, үстіне тағы бір қабат хлорлы әк сеуіп, целлофан пакетті қымтап жауып кейін көму қажет.

ІІ - Ветеринарлық-санитарлық шаралар: Күйдіргі бойынша ауруханалы қауіпті пункттер 4 жыл бақылауда болады, арнайы журналға тіркеледі. Ошақтың шекарасына «күйдіргі» белгісі қойылады. Ошақтан малдарды шығаруға және сырттан жаңа мал кіргізуге тиым салынады. Мал базарлары, тері, жүн жинайтын, сақтайтын жерлер қатаң қадағалауға алынады. Малдарға күйдіргіге қарсы вакцина егіледі. Ауру және күдікті малды мал дәрігері тексеруі қажет, ветеринарлық рұқсатсыз союға тиым салынады. Етті зертханалық тексерусіз, ветеринарлық күәліксіз сатуға тиым салынады. Өлген малдың терісін сылуға болмайды. Сақтандыратын киім кию: комбинезон, капюшон, резеңкелі алжапқыш, биалай, етік, бетперде. ІІІ-Арнайы алдын алу ретінде күйдіргіге вакцина мал дәрігерлері, тері, жүн жинайтын, өңдейтін, мал соятын қызметкерлерге, тірі дақылмен жұмыс істейтіндерге егіледі. Күйдіргіге қарсы вакцина СТИ вакцинасы 2 рет аралықпен 21 күнде егіледі, қайта егу 1 рет.

Диагноз

Күйдіргінің диагнозын қою өте жауапты. Науқастың қайда жұмыс істейтіні, қалай, кімнен жұқтыруы мүмкін, яғни барлығы мұқият сарапталынады. Терідегі өзгерістер арқылы, ауру белгілерінің өрбуі және зертханада түйнеме таяқшаларын анықтау арқылы дәлелденеді. Күйдіргі ауруымен ауырған науқасқа ауруханада міндетті түрде зертханалық талдаулар жасалынады: 1. Жалпы қанын, зәрін, RW тексеру; 2. Бактериялық зерттеу қаннан, терідегі қабынған тіннен алынады; 3. ЭКГ, Ro — өкпені рентгендік тексеру.

 

Сіреспе

Сіреспе (тетанус) - сапрозонозды бактериалды, қоздырғышы қарым-қатынас механизмі арқылы берілетін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, бұлшық еттердің сіресуімен, асфиксияның даму мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру. Сіреспе қоздырғышы – Clostridium tetani Bacillacaeae туыстығына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Анаэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойына сақталады. Анаэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті формаға айналады. Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, шырышты қабат арқылы сіңіріле алмайды. Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өлтіреді. Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3 - 6 сағатта жойылады. Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетатативті формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Патологиялық үдеріс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды.

Инфекция көзі - шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан–ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетатифтік формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді (вегетивтік формаға - спора-вегетатвті форма – спора).

Қоздырғыштың жұғу механизм і - қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының кілегей қабаты арқылы өтуі де мүмкін (аэрозольды механизм). Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсік пен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. Ауру негізінен жылдың жылы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді.

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн. Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Науқас мазасыздыққа, ашуланшақтыққа, басының ауыруына, тершеңдікке, жарақаттың айналасындағы бұлшық еттердің жыбырлауына шағымданады. Әуелі шайнау бұлшық еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкінің пайда болумен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық „бағана тәрізді жағдайға” түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. Бұл кезде құрсақ бұлшықеттері тақтай тәрізді қатаяды, қол-аяқтары жиырылған болады. Қабырғааралық бұлшықеттердің гипертонусының нәтижесінде науқастың тыныс алуы беткейлі және жиілейді. Сонымен бірге тахикардия болады, дене қызуы 39-40ºC–қа көтеріледі. Бірақ науқас аурудың барлық кезеңдерінде есін анық біледі. Жұтқыншақтың, диафрагманың, тыныс алу бұлшықеттерінің құрысуының нәтижесінде, науқас асфиксиядан қайтыс болады. Жаңа туған нәрестелер сіреспесінің клиникасы басқаша көрініспен байқалады. Жаңа туған нәрестелер сору еттерінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің сіресуінен «құрбақа» тәрізді болып жатады. Жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.

Емдеу принциптері: науқасқа жеке мейірбикелік бекет тағайындайды. Жатқан палатаның есік-терезелері қымталған болуы қажет. Науқасқа арнайы ем қолданылады. Сіреспе токсинін активсіздендіру үшін, антитоксикалық сіреспеге қарсы жылқы сарысуы егіледі. Құрыспаға қарсы емнің маңызы зор. Құрыспаны басу үшін, нейролептиктер (аминазин, дроперидол), тарнквилизаторлар (седуксен), хлоралгид тағайындалады. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты. Сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу сіреспеге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалады. Науқас диспансерлік бақылауда 2 жыл болады.

Алдын алу шаралары. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну. Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды. Үш рет енгізілген вакцинадан кейін қорғау күші 1-5 жылға дейін жететін тұрақты иммунитет қалыптасады. 1 жылдан кейін жасалатын ревакцинация 7-10 жылға сіреспеден қорғанысты қамтамасыз етеді.

Газды гангрена

Газды гангрена (анаэробты жұқпа, госпиталды гангрена) – жанасу механизмен таралатын, сапронозды, ауыр түріндегі анаэробты жарақат жұқпасы.

Қоздырғышы Clostridium -спора түзетін таяқша. Табиғатта кеңінен таралған, адаммен жануардың ішегінде, топырақта кездеседі. Полимикробты жұқпа болып табылады. Cl. рerfringens (A, B, C, D, E, F) экзотоксин құрамы бойынша 6 серологиялық топқа бөлінеді, А серовары – парентеральды түрінде түсіп анаэробты жұқпа тудырады. Cl. dіfficcile – ішектің қалыпты микрофлорасына кіреді, сау адамдардың 3% кездеседі. Залалданған топырақпен жараға түссе – газды гангрена, тағаммен ішекке түссе тағамдық токсикоинфекция тудырады.

Инфекция көзі және таратушы фактор спорамен залалданған қоршаған орта объектілері, әсіресе топырақ.

Берілу механизмі – жанасу – түрлі жарақат кезінде әсіресе асептикалық жағдайда жасалған ота жасау, қан алу, ауруханада көк тамырға қан және түрлі ерітінділер, дәрі-дәрмектер құю, босану кезінде жұғады. Инкубациялық кезеңі - 5 күн. Белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, жергілікті өзгерістер, некроз. Алғашқыда жара қатты аурады, ісінеді, пульс жиіленеді. Өлім жітім 50-60%.

Диагностикасы:

1. Микробиологиялық әдіс – зақымдалған тіндер, таңатын, тігетін материалдар, киім, топырақты зерттеу. Тағамдық токсикоинфекцияларда – тағам өнімдерін мен нәжісті зерттеу.

2. Клиникалық әдістер.

Алдын алуы:

1. Жараны уақытылы және дұрыс хирургиялық өңдеу негізгі шара болып табылады.

2. Алдын алу мақсатында антитоксикалық сарысу 10000 МЕ егу.

3. Бактериофаг + 0,5% новокаин жараға егу. 4. Антибиотикпен емдеу.

 

Тыру

Құтыру – жанасу механизмімен берілетін, жасырын кезеңнің ұзақтығымен, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен, тек өлімге соқтыруымен сипатталатын зоонозды, табиғи ошақтық және антропургиялық вирусты жұқпалы ауру. Құтыру ауруы тек Англия, Исландия, Австралия, Жапония, Жаңа Зеландия секілді аралдық елдерде ғана кездеспейді. Өйткені, бұл елдерге ит пен мысықтар кіргізу алдында қатаң карантиндік бақылауға қойылады, тек сау жануарларды кіргізуге рұқсат беріледі. Әлемде жыл сайын 50 мың адам құтырудан қайтыс болады, 10 млн.адамға жыл сайын құтыруға қарсы вакцина егіледі. Қазақстанда жылына 30 мыңнан астам адам антирабикалық көмек алады, 1994-2001 жыл аралығында 52 адам құтырудан қайтыс болған, оның 35-ОҚО.

Қоздырғышы – РНКлы, нейротропты рабдовирустар. Көлемі 80-160 нм, оқ тәрізді формада, S– және V- антигендері бар. Төменгі температураға төзімді, 50С температура жоғары болса тез өледі. Вирустар денеге зақымдалған тері, шырышты қабық арқылы түседі. Қоздырғыштардың 2 түрі бар: Жабайы штаммдары табиғатта кездеседі, адам мен сүт қоректі жануарларға қауіпті, нейрон цитоплазмасында Бабеш-Негри жасушалары пайда болады. 1885 жылы Л.Пастер қояндарға бірнеше рет қайта егіп алынған вирустар, патогенділігі төмен, сілекеймен шығарылмайды, Бабеш-Негри жасушаларын түзбейді. Л.Пастердің жаңалығына негізделіп антирабиялық вакцина жасалған, өйткені вирустардың антигендік қасиеті толығымен сақталады.

Инфекция көзі табиғи ошақтарда – жабайы жануарлар - қасқыр, түлкі, шиебөрі. Антропургиялық ошақтарда – ит (95), мысық. Жасырын кезеңі – 12 күннен - 1жылға дейін. Тістелген жер бас аймағына жақын болса жасырын кезең қысқарады. Құтыру ауруы 3 кезеңде өтеді: 1) Бастапқы кезең (1-3 күн) - тістелген жер қызарып, ұйып, нерв жолдары барысында қатты сыздап ауырады, қорқыныш, үрей сезінеді. 2) Қозу кезеңі – аурудың негізгі белгілері пайда болады: аэрофобия – ауадан, ауаның жылжуынан қорқу. гидрофобия – судан судың дыбысынан қорқу. фото, акустикофобия - жарықтан, қатты дыбыстан қорқу. гиперсаливация - сілекейдің көп мөлшерде ағуы. бастың артқа қарай кетуі, қалтырауы. 3) Салдану кезеңі - сандырақтау, галлюцинация, тыныс алу жүйесі мен жүректің бұлшық еттерінің салдануы.

Берілу механизмі - жанасу – құтырған жануардың тістеуі және сілекейінің түсуі арқылы жұғады. Таратушы фактор – сілекей. Сілекеймен вирустар жараға түседі, нерв тамырлары арқылы таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру жануардың сілекейінде вирустар 10-шы күннен бастап пайда болады, ауырып өлгенге дейін.

Алдын алу шаралары. ДСМ «Адамдардың құтырмамен науқастануын алдын алу» туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

І – Санитарлық-ветеринарлық шаралар:

· Үй жануарларын жұқтырудан сақтандыру, ветеринарлық тексеру.

· Елді мекендерді уақтылы тазарту, қалдықтарды жою.

· Иесіз ит, мысықтарды ұстап, жою.

· Жыртқыш, жабайы жануарларды елді мекенге жолатпау, жою.

· Ит, мысықтарға құтыруға қарсы вакцина егу, қайта егу-жыл сайын.

Адамды тістеген, құтыруға күдікті ит, мысықтар 10 күн ветеринарлық бақылауға алынады. 10 күннен кейін ауру белгілері пайда болмаса «сау» деген мал дәрігерлік анықтама беріледі.

ІІ – Ауру жануар табылған кездегі шаралар:

· Ошақта мал дәрігерімен бірге эпидемиологиялық тексеру жүргізу, ошақтың шекарасын табу, жою шараларын ұйымдастыру.

· Үйме-үй аралау арқылы малдарды тексеру, вакцина егу. Егуден кейін 60 күн бақылау.

· Күдікті жануарларды ветеринарлық бақылауға алу.

· Ауру жануарлар өртеу арқылы жойылады. Өлген малдың терісін сылуға тиым салынады.

· Мал қораларын, иттің орнын, ыдыстарды, киімдерді дезинфекциялау.

Зертханалық диагностикасы:

1. Вирусологиялық әдіс - өлген жануардың, адамның миын зерттеу.

2. Серологиялық әдіс: РСК; РПГА, ИФА.

ІІІ – Жануар тістеген жағдайда жасалатын шаралар:

1.Жануар тістесе, тырнаса, сілекейі тисе немесе ауру малды сойғанда, тексергенде жарақат алса хирургиялық кабинеттерде, немесе жарақат пункттерінде № 045\у үлгідегі «Құтыруға қарсы көмекке келгендер картасы» толтырылады.

2. СЭҚБ №58\у үлгі бойынша шұғыл хабарлама жіберіледі.

3. Алғашқы көмек ретінде жараны 20 сабын - су ерітіндісімен жуып, шеттерін 70 спиртпен, йодпен өңдеп стерильді бинтпен таңады.

4. Құтыруға қарсы антирабиялық вакцина (КОКАВ) – 6 рет 0-3-7-14-30-90 күндері 1 мл көлемінде егіледі. Шартсыз егулер – егер құтырған және құтыруға күдікті жануар тістесе немесе ауыр жарақат алса, бас аймағын тістесе антирабиялық вакцинамен қатар құтыруға қарсы иммундыглобулин егіледі. Шартты егу – егер жануар тістесе, тырнаса, сілекейі тисе, бірақ 10 ветеринарлық бақылаудан кейін ауру белгілері болмаса. 10 күн ветеринарлық бақылаудан кейін тістеген жануарда ауру белгілері болмаса адамға вакцина егу тоқтатылады. ІҮ – Науқас адам міндетті түрде ауруханаға жеке палатаға жатқызылады. Медицина қызметкерлері қорғаныс киіммен жұмыс істеуі қажет. Егер аурудың сілекейі тисе, құтыруға қарсы вакцина егіледі.

Ошақта эпидемияға қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында тістеген жануар тұралы мәлімет жиналады, жануардың түрі, тістеген уақыты, ол қазір қайда, құтыру белгілері байқалды ма, зақымның сипаты, қандай жағдайда тістеді, адамның өзі тиістіме, иесі барма немесе қаңғып жүреді ма, жануарды ветеринарлық бақылау нәтижесі, тістелген адамның емдеу шаралары және ошақта жүргізілген шаралар. Тексеру барысында тістеген жануармен қатынаста болған, яғни жұқтыру қауіпі төнген адамдар анықталады, әсірісе үй жануарларымен жиі ойнайтын жас балаларға ерекше назар аудару қажет.

 

Ышыма

Қышыма – тікелей жанасу механизмімен берілетін, қоздырғышы қышыма кене болып табылатын, паразиттік, сыртқы жабын инфекциялар тобына жататын, аса контагиозды жұқпалы ауру.

Қоздырғышы саркоптиформды кенелер тобына жататын Sarcoptes scabiei кенелері. Бұл өте майда 0,3-0,4мм, сопақша нысанды, сыртқы қабаттары бүрмеленген, 6 буыннан тұратын аяқтары өте қысқа, алдыңғы аяқтарында жабысқақтары бар кенелер. Жабысқақтары арқылы тері ішіне еніп, онда жолдар салады, тері қабаттарымен қоректенеді.

Кенелер 2 ай өмір сүреді, 50 жуық жұмыртқа қалдырады.

Даму кезеңдері:

1. Жұмыртқа (3 күн)

2. Алты аяқты дернәсіл (2-3 күн)

3. І Нимфа (2 күн)

4. ІІ нимфа (2-4 күн)

5. Ересек кене





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2674 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.