Клиникалық жағдай: «Менингококкты инфекция».
Ситуациялық есеп: Сіз жылпы тәжірибе дәрігерісіз. Сізді 18 жасар қыз баланың туыстары үйіне шақырту жасады, шақырту себебі «Дене қызуының жоғарылауы, басының қатты ауруы. Уақыт – наурыз айының басы.
Ø Анамнезін жинаңыз (эпидемиологиялық анамнез, ауру анамнезі, өмір анамнезі)
Ø Науқасты жалпы қараңыз
Ø Болжама диагнозды негіздеңіз
Ø Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз
Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
Соңғы нәтижесі (outcomes):
Ø Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бар науқастарды физикалық тексеру мен сұрақтар қою.
Ø Менингококкты менингиттың клиникалық диагностикасы.
Ø Эпидемиологиялық анамнезді толық анықтау.
Ø Жалпы қан анализін, кеуде торының рентгенографиясын, ликвороограмманың қорытындысын интерпетация жасау.
Ø Болжама диагнозды дұрыс негіздеу.
Ø Науқасты жүргізу тактикасы, функционалді жағдайының мониторинг.
Ø Науқаспен қатынаста болған адамдарды бақылау тактикасын жүргізу.
Бағалау парағы (check-list)
«Менингококкты инфекция» бойынша клиникалық жағдай
ТАӘ емтихан тапсурушы: ______________________________________Күні __________
Экзаменатор _____________________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындалмады | ||
Анамнезді және шағымдарды жинады | 1,5 | 1,0 | ||
Эпидемиологиялық анамнез жинау | 1,5 | 1,0 | ||
Физикальды тексеру – жалпы қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Менингиалдық белгілерді анықтау | 1,5 | 0,5 | ||
Тексеру жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
Салыстырмалы диагноз жоспарын құрастыру | 1,0 | 0,5 | ||
Менингококкты менингит диагнозын негіздеу | 1,5 | 1,0 | ||
Қорытынды диагнозды құрастыру | 1,0 | 0,5 | ||
Жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализациялау қажеттілігін анықтады | 1,5 | 1,0 | ||
Емдеу тактикасын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Асқынуының алдын алуы жоспарын жасады | 1,0 | 0,5 | ||
СЭС-ке жедел хабарлама жіберді | 1,5 | 0,5 | ||
Асқынуларды алдын алу бойынша тактиканы белгіледі | 1,0 | 0,5 | ||
Этиотропты терапияны дұрыс тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Емнің тиімділік критерийлерін көрсетті | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. | 1,0 | 0,5 | ||
Барлығы | 20 балл |
Стандартизизацияланған актер роліне арналған текст сценариі:
Шағымы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының жоғарылауына 39,0С, құсуға.
Сұрақтың негізі | Актерге арналған сұрақты құрастыру | Актердің жауабы |
Аурудың басталуын анықтау | Сіз қашан ауырдыңыз? | Бүгін таңертен басым қатты ауырып, дене қызуым көтерілді. |
Аурудың динамикасын анықтау | Дене қызуын өлшедіңіз бе? Қанша градусқа дейін көтерілді? | Өлшедім, 39,00 С дейін көтерілді. |
Сізде құсу болды ма? Иа болса, қанша рет, жеңілдік әкелді ме? | 2 рет құстым. Жеңілдіксіз. | |
Басыңыздың қай бөлігі көбірек ауырады? | Барлық жері. | |
Тамағыңыздың ауруы, мұрынның бітелуі болды ма? | Жоқ. | |
Жарық түскенде көзіңіз ауырама? | Иә. | |
Қандай дәрілер қабылдадыңыз? | Парацетамол, баралгин. | |
Емнен нәтиже болды ма? | Жоқ. | |
Эпидемиологиялық анамнезді нақтылау | Инфекциялық ауруы бар науқаспен қатынаста болды ма? | 1 апта бұрын сіңілімнің тамағы ауырған. |
Сіздің сіңіліңіз бала бақшасына бара ма? | Иә. | |
Мектепте өткен аптада сұық тиіу ауру жағдайлары болды ма? | Иә. | |
Қай жерде оқисыз? | Сатпаев атындағы КазҰТУ | |
Студенттер арасында өткен аптада сұық тиіп ауру жағдайлары болды ма? | Иә. |
Анамнезінен: Созылмалы аурулары жоқ. Бас жарақаты болмаған.
Объективті: Жағдай ауыр. Науқас басын орамалмен байлаған, қолымен басын ұстап отыр. Сұраққа жауап беруі баяу, тежелген. Науқастың көзі жабық, аяқ-қолын денесіне жинап, басын артқа шалқақтатып жатыр. Дене қызуы 39,00 С. Науқас ыңырсып жатыр. Менингеальды симптомдар оң: шүйде бұлшық етінің регидтілігі, Керниг сипмтомы екі жақты. Брудзинский симтомы күмәнді. Тері жабындысы боз, бөртпелер жоқ.
Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабаты аздап қызарған, майдатүйіршіктер. Бадамша бездері жұтқыншақ доғасының артында. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ – 20 рет минутына.
Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСС – 120 рет минутына. АҚ – 110/65 мм с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Іштің тітіркену синптомы жоқ.
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 146 г/л Эритроциттер - 4,77 х 1012 /л Түстік көрсеткіші - 0,80 Тромбоциттер – 215 х 109/л Лейкоциттер – 23,5 х 109/л Таяқшалы нейтрофилдер – 5% Сегментті нейтрофилдер– 82 % Моноциттер – 6% Лимфоциттер – 17% ЭТЖ – 5 мм/сағ | Жалпы зәр анализі Көлемі – 70 мл Түсі – сары Тұнықтығы – тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1019 Реакция – қышқыл Белок – 0,099 г/л Жалпақ эпителий -3 – 4в п/зр Лейкоциттер -6 -7 в п/зр Шырыш +++ Тұзды оксалаттар ++ |
Қанның биохимиялық анализі Несеп нәрі (мочевина) – 6,2 ммоль/л Креатинин – 108 ммоль/л АЛТ – 0,30ммоль/л АСТ – 0,19 ммоль/л Билирубин – 5,8ммоль/л Глюкоза – 4,8 ммоль/л ЛДГ - 252 ммоль/л СРБ - ++ | Ликворограмма Көлемі - 2,0 Түсі – тұнық Цитоз – көп мөлшерде Белок – 3,3%о, Панди (++++) Глюкоза- 2,0ммоль/л Лимфоциттер – 21% Нейтрофилдер – 79% |