!35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
*+қарасан, карбункулезді түрі
*қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі
*қарасан, сепсистік түрі
*оба, терідегі түрі
*оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі
!21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?
*Лептоспироз
*Описторхоз
*+Вирусты гепатит, орташа ауырлықта
*Вирусты гепатит, ауыр ағымы
*Вирусты гепатит, жеңіл ағымы
!25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?
*+жедел дизентерия, орташа ауырлықта
*жедел дизентерия, жеңіл ағымы
*жедел дизентерия, ауыр ағымы
*жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты
*сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты
!Менингококты инфекцияның барлық формаларында қандай талдау жасау қажет
*Қанның бак себуі
*Ликвордың бак себуі
*Зәрдің бак себуі
*Экзантеманың бак себуі
*+Мұрыңжұтқыншақтың бак себуі
!Науқас П, 24 жаста, ауруының 4-ші тәулігінде оң жақ сирақ бөлігінің жоғарғы 1/3 ауырсыну, қызару және ісінуе, қалтырауға, дене қызуының 39,5°C жоғарлауына, жүрек айну және құсуға шағымданады. Эпид. анамнез: шабан болып жұмыс істейді, аяғының табандарында жарылулар бар. Жағдайы орташа дәрежелі. Дене температурасы 38,9°C. Оң жақ сирақ бөлігінің жоғарғы 1/3-де айқын гиперемия аймағы шеттері анық емес, от жалынына ұқсас, айқын ісіну, пальпация кезінде шеті ауырсеморрагиялық сұйықтығы бар екі көпіршік анықталады, регионарлы лимфаденит. Диагноз көрсетіңіз
*Сібір жарасы, терілік форма
*Оба, терілік форма
*Туляремия, жаралы-бубонды форма
*+Тілме, эритематозды -буллезді форма
*Тілме, эритематозды -геморрагиялық форма
!Науқас Т, 24 жаста, ауруының 2-ші тәулігінде ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Жедел ауырған, қалтыраумен 39,5°C дейін дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы және 3 ретқұсу болған. Бір сағат бұрын есінен таңған, тырысу пайда болған. Жағдайы ауыр. Есі жоқ, сопор. Тыныс жиілігі 36 рет /мин. АҚ 180/90 мм.с.б.б. Пульс 140 соғу минутына. Керниг симптомы оң, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 саусаққа. Диурез – 700 мл тәулігіне. Науқаста дамыған асқынуын атаңыз
*Жұқпалы – токсикалық III дәрежесі
*+Ми ісіңуі
*Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі
*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
*Өкпе ісіңуі
!Науқас Б, ауырғанының 9-шы тәулігінде дене қызуының 38,7 0С жоғарлауы, бас ауруы, оң жақ қолтық асты аймағында ісіну, оң жақ қолдың иық асты аймағында жараның болуына шағымданып түсті. Больной Б., поступил на 9-й день болезни с жалобами на повышенную Жедел ауырған, дене температурасының 38, 90 С жоғарлауымен. Ауруғанынан 1 апта бұрын аңшылыққа шыққан, қоянның терісін сыпырған. Жағдайы орташа ауырлықта. Беті гиперемирленген, жер түстес. Қасаң қабық тамырлары инъекцияланған. Оң жақ қолдың иық асты аймағының төменгі 1/-де терең емес кратер тәрізді аз ғана ауырсынатын жара, шеттері тығыз, көтеріліп тұрады, серозды-іріңді бөлініспен. Қолтық асты аймағында көлемі грек жаңғағына сәйкес аздап ауырсынаты, шеттері анық, қозғалмалы лимфо түйіні пальпацияланады. Диагноз:
*Сібір жарасы, терілік форма
*Оба, терілік- бубонды форма
*Лейшманиоз, терілік, антропонозды нұсқасы
*Лейшманиоз, терілік, зоонозды нұсқасы
*+Туляремия, жаралы-бубонды форма
!Науқас А, 43 жаста, субфебрильді температура, тізе және оң жақ табан бөлігінің ісінуі және ауырсынуы, жалпы әлсіздік, жамбастағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен – бір жыл бұрын жедел бруцеллезді басынан кешірген. Жағдайы орташа ауырлықта. Т 37,6°C. Терісі аса ылғалды. Мойын және қолтық асты лимфа бездері ұлғайған. Тізе және оң жаұлғайған, ауырсынуға байланысты қозғалысы шектелген. Бауыры және көкбауыры пальпацияланады. Кожа повышенной влажности. Пальпируются с горошину шейные и подмышечные лимфоузлы. Коленные суставы и правый голеностопный увеличены в объеме, движения в них ограничены из – за болей. Пальпируется печень и селезенка. Бюрне сынамасы 3х4 см, Райта реакциясы 1:50. Клиникалық диагноз қойыныз:
*Жеделдеу бруцеллез, полиартрит
*Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация, полиартрит
*+Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, ‘полиартрит
*Созылмалы бруцеллез, компенсация, полиартрит
*Созылмалы бруцеллез,тізе буынының артрозо – артриті
!Науқас П., 20 жаста, ауырғанының 3-ші тәулігінде айқын әлсіздік, жиі(тәулігіне 16 ретке дейін) сұйық нәжіс, жүрек айнусыз құсуға, шөлдеуғе шағымданып түсті. 3 күн бұрын Индонезиядан туристік сапардан келген. Жағдайы ауыр. Есі сақталған. Т 35,8°C. Бет әлпеті үшкірленген, көзі шүңірейген, көз айналасында қараюлар бар. Шырышты қабаты құрғақ, көгерген. Тері жабындылары көгерген, суық, жабысқақ тер, іштегі қатпарлар қалпына келмейді. «Кір жуғыштың қолы» симптомы анық. Аяқ-қолдың бұлшық етінің қалтырауы. ЧД-38 рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс -116рет/мин, жіп тәрізді. АҚ 50/0мм.с.б.б. Тілі құрғақ., ерін терісінің цианозы. Іші пальпация жасаған кезде ішке кірген, шұрылдайды. Осы науқасқа тағайындауға керекті ерітінділерді енгізу және неліктен? Себебі онда айқын интоксикация
*Гемодез, реополиглюкин, хлосоль, себебі онда айқын интоксикация
*Полиглюкин, ацесоль, себебі, айқыня гипотония
*+Хлосоль, ацесоль, квартасоль, себебі, айқын дегидратация
*Глюкоза 5%, поляризирлеуші қоспа,себебі, жүрек қантамыр жетіспеушілігі
*Гемодез, полиглюкин, себебі, айқын интоксикация және гипотония
!28 ж. әйел адам, сүт зауытының технологы. Тұрмыс құрғанына 5 жыл болған, бедеулік. 2 жыл бұрын қалтырау, тершеңдік, буындарының ауыру сезімі мен жоғары қызба мазалаған. Ыстықты басатын дәрілер ішкен соң дене қызуы қалыптасқан. 4 ай бойы кешкі уақытта қалтырау, бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Объективті: алақандар ылғалды, лимфа түйіндер үлкейген, бауыры +1.0 см, Ласег симптомы «оң». Р-графия: бел-сегізкөз бөлігінің остеохондрозы. Райт р-сы-1:200, Хеддльсон р-сы-«оң», ИФА: IgG- «оң».
Қай диагноз ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.
*Біріншілік -созылмалы бруцеллез, декомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.
*+Екіншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.
*Екіншілік -созылмалы бруцеллез, субкомпенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.
*Екіншілік -созылмалы бруцеллез, компенсация. ОБСА остеохондрозы. Бедеулік.
!18 жастағы бойжеткен дәрігерді қайта шақырған. Кеше, бірінші рет дәрігерді шақырған кезде жоғары қызбаға, қатты бас ауыруына, 2 рет құсуына шағымданған. Эпидемиологиялық анамнез: інісі ЖРВИ-мен ауырған. Бойжеткен ауруханаға жатудан бас тартқан. Пенициллин 12 млн. бірл./тәул., осельтамивир 75 гр. 2 рет, сұйықтық ішу, парацетамол, акорбин қышқылы тағайындалған. Бүгін жағдайы күрт нашарлаған, психомоторлы қозу, денесінде геморрагиялық бөртпе пайда болған. ТАА - 25 рет, пульс 130 рет/мин., жіп тәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б, дене температурасы 36,2ºС. Зәрі таңертеңнен бастап болмаған.
Науқас жағдайы қандай себептен нашарлаған?
*Осельтамивир тағайындау
*Сүйықтық ішуді тағайындау
*Аскорбин қышқылды тағайындау
*+Дене қызуын төмендететін тағайындау
*Бактерицидтік антибиотикті тағайындау
!52 жастағы ер адам, Қызылорда обылысының тұрғыны, шабан. 4-ші мамыр күні ауруының 5-ші күні дәрігер тексерген. Шағымдары: қатты бас ауыруы, қалтырау, денесінің сынып ауыруы, мұрыннан қан кету. Амбулаторлы жағдайда ЖРВИ диагнозымен дезинтоксикациялық ем қабылдаған. Сәуір айының соңында қой қырқыған. Қарап тексергенде: Т – 39,9°С, әлсіз, беті, мойыны қызарған. Денесінде аздаған петехиальді бөртпе байқалады, инъекциялар орнында - геморрагиялар. Жгут және шымшу симптомы «оң». Пульс -50 рет/мин. ҚҚ – 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры+1,5 см.
Стандартты анықтаудың қай жағдайы ЕҢ дұрыс болып табылады?
*+болжама жағдай
*ықтимал жағдай
*дәлелденген жағдай
*эпидемиологиялық жағдай
*клиникалық жағдай
!25 жастағы ер адам, бармен, көптеген адамдармен қатынаста болады. 3 күн бұрын ауру жедел басталған: дене қызуы 39о C, маңдай аймағында және көздерінде ауыру сезімі, тамағының ауыруы, денесінің сынып ауыруы, сүйектері мен буындарында ауыру сезімі. Қарап тексергенде: Т – 380С, беті қызарған, ісінген, склера тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия. Өкпесінің төменгі аймақтарында тынысы әлсіреген, құрғақ сырыл. ТСЖ-92, ТАА-24, ҚҚ-100/60 мм.с.б. ЖҚА-да: лейк.- 3,5х109/л, HB-120 г/л, эритр.-3,38, тромб.-185х109/л, т/я-10%, с/я-62%, мон-8, лимф- 20, ЭТЖ-15 мм/с.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Грипп, ауыр ағымы. Өкпе ісінуі
*+Грипп, ауыр ағымы. Вирусты пневмония.
*Грипп, ауыр ағымы. Ауруханадан тыс пневмония.
*Грипп, ауыр ағымы. Инфекциялық-токсикалық шок.
*ЖРВИ, ауыр ағымы. Тыныс жетіспеушілігі.
!36 жастағы ер адам жиі құсуына сұйық сулы жиі нәжіске шағымданады. Іштің ауыру сезімі жоқ. Үндістаннан 5 күн бұрын келген. Қарап тексергенде: Т – 36,0°С, әлсіз. ҚҚ – 90/60 мм с.б. Пульс – 90 рет/мин. Іші ауыру сезімсіз, ішке қарай тартылған. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» түрінде, иісі жоқ, зәрі таңертеңнен бастап болмаған. Гемограммада: лейкоциттер- 4,5х109/л, HB-150 г/л, эритр-4,38 х1012/л, тромбоциттер – 285х109/л, т/я – 7%, с/я- 63%, мон - 10, лимф- 20, ЭТЖ-15 мм/сағ.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*амебиаз
*+тырысқақ
*сальмонеллез
*балантидиаз
*шистосомоз
!22 жастағы әйел (жүктілігі 11-12 апта), ауруханаға ауруының 7-ші күні түскен. Шағымдары: дөрекі жөтел, жарықтан қорқыныш, әлсіздік, бөртпе, қызба. Бөртпе аурудың 4-ші күні бетінде пайда болған, одан кейін мойынына, денесіне және аяқ-қолдарына ауысқан. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, Т-390С, склерит, конъюнктивит. Бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында – көптеген дақты-папулезді бөртпе. Жөтелген кезде ішінде ауыру сезімі пайда болады, жыныс жолдарынан қанды бөлінулер байқалған.
ҚР ДСМ-ң «Жүктілікті жасанды жолме үзу Ережелерін бекіту туралы» №626 бұйрығына (30.10.2009 ж.) сай қызылша кезінде жүктілікті үзуге медициналық көрсеткіштер қай мерзімде көрсетілген:
*3-4 апта
*5-7 апта
*жүктіліктің 20 күнінен дейін
*+жүктіліктің алғашқы 3 айында
*жүктілік үзу қарсы көрсетілген
Жалпы тәжірибелік дәрігер
!Ауруханадан тыс пневмонияның ауыр емес асқынуың уақытша еңбекке жарамсыздық күні қанша уақытқа созылады?
*3 күн
*6 күн
*9 күн
*12 күн
*+15 күн
!Науқас ауру ағымына және ауру ағымына байланысты денсаулықты сақтауға немқұрайлы, жеңіл қарайды. Ол дәрігердің айтқан кеңесіне құлақ аспай, өз бетінше яғни ауруы өршігенге дейін». Бұл мінез-құлықтың ауруға деген жауабы қай сипаттамаға сәйкес келеді?
*+Анозогностикалық
*Эргопатикалық
*Сенситивті
*Меланхолиялық
*Дисфорикалқ
!Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы жүректің ишемиялық ауру қауіп факторы бар симптомсыз науқастарда еуропалық популяциялы алғашқы профилактикалық стратегияны қолданады?
*Агатстон шкаласы бойынша коронарлы артерияның кальцификациялық мөлшерін бағалау әдісі
*Коронароангиография
*Миокардты сцинтиграфиялау
*+SCORE шкаласы
*дене салмағының индексін анықтау
!Төменде аталған механизмдердің қайсысы асқазандағы қышқыл-тұзды сөлге Helicobacter pylori-дің негізгі патогенетикалық әсері?
*H.pylori асқазанның ішкі клеткасын бұзып және қышқыл-тұздың секрециясын төмендетеді.
*+H.pylori гастрин сұйықтығының консентрациясын жоғарылтып және қышқыл тұздың секрециясын жоғарылатады.
*H.pylori қышқыл тұздың секрециясын өзгертпей, асқазан эпителийінің жасушасына тікелей цитолитикалық әсер етумен көрінеді.
*H.pylori асқазанда аммияктық бұлттың пайда болуынан қышқыл тұздың мөлшерін төмендетіп және НС1 нейтралицазиялайды.
*H.pylori қышқыл тұздың секрециясына әсер етпей, қалыпты патогенетикалық микроорганизм болып табылады.
!Отбасылық дәрігерге 56 жастаға науқас кеуде және эпигастрийдағы қысып ауру сезімімен шағымданып келді. ЭКГ-ғы көрініс:RII,III,AVF тістерінің төмен вольтажы, STII, III, AVF интервалының депрессиясы.
Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?
*Велоэргометрия
*Холестерин, қандағы триглицерид
*+Кардиоспецифических ферментті анықтау
*ЭКГ-ні Холтерлік мониторлеу
*ЭхоКГ
!Әйел 33 жаста. Шаршағыштыққа, жүрек аймағындағы мезгілмен шаншып ауруға шағымданды. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Объективті: пульс мин 95. Аускультацияда: жүрек тоны тұйықталған, кеуденің сол жағында неауқас вертикалды жағдайда болғанда күшейетін мезосистоликалық шапалақ және соққы тәрізді систоликалық шу.
Қандай диагносикалық әдіс түрін жүргізу барынша тиімді?
*Электрокардиография
*+Эхокардиография
*Коронарография
*ЭКГ-ні тәуліктік монитрлеу
*артериялық қан қысымды тәуліктік монитерлеу
!Пациент қыз 2,5 жаста. Профилактикалық тексеру кезінле шамалы гематурия байқалды. Қызда дизэмбриогенез стигмасы,туа пайда болған сол жақтық катаракта. Туыстарында анасында гематурия байқалды. Қан анализінде: Нв- 108 г/л, эритроциттер- 3,5 х 1012/л, лейкоциттер- 6,4 х109 /л, СОЭ- 6 мм/ч. Зәр анализі: ақуыз –жоқ, эритроциттер 20-35-40 п/зр, тығыздығы 1008-1020. Қанның биохимиялық анализі: көрсеткіштер қалыпты. Бүйрек және зәр шығару жолын УДЗ-де ешқандай патология жоқ.
Бұл клинико-лабораториялық көрсеткіштер қайсы жағдайға сәйкес келеді?
*Жедел нефритикалық синдромға
*Созылмалы нефритикалық синдромға
*Тубуло-интерстициалді нефритке
*+Қатерсіз отбасылық гематурия
*Альпорт синдромы
!Ұл бала, 12 жаста, фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: асқазанның абдоминальді бөлігіндегі шырышты қабаттың босап және азаған айқын көрінетін эритема, асқазанның шырышты қабатын аз уақытқа 1,5-2,0 см тітіркендіргенде асқазанның төменгі сфинктерінің тонусының айқын төмендеуі байқалды.
Бұл эндоскопиялық сурет қайсы жағдайға сәйкес келеді?
*Дуоденогастральді рефлюкске
*Барретт асқазанына
*+Гастроэзофагеальді рефлюкске
*Диафрагманың асқазандық бөлігінің жарығы
*Асқазанның стриктурасы
!Миша 4 жаста. Жағдайы ауыр. Мұрыннан тоқтаусыз қан ағыады. Бозару. Кеудесінде және аяқтарында геморрагиялық бөртпе, полиморфты, полихромды, симметриялы емес. Пульс мин 100. Бауыр +1,0 см ұлғайған. Қан анализінде: Нв - 92 г/л, эритроциттер - 2,7х109/л, лейкоциттер - 4,5х109/л, тромбоциттер - 15х109/л, сегментоядерлі - 68, лимфоциттер - 32, ЭТЖ - 18 мм/сағ, по Дюк бойынша қан кету уақыты - 15 мин, қоюлану- 3 мин.15 сек.- 3 мин. 40 сек.
Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруды анықтауда нақты сипат береді?
*Шымшудың теріс сынамасы
*Қан кетудің ұзақтығын төмендету
*Қан ұюуының төмендеуі
*+Қан қойырпағының ретракциясының төмендеуі
*Қандағы VIII фактордың төмендеуі
!Төменде аталғандардың қайсысы обырдың екіншілік профилактикасында қарастырылады?
*Химиялық канцерогдерді алып тастау
*Онкогенді вирустардың инфицирленуінің профилактикасы
*темекіні тастау
*+Обыр алды ауруларды анықтау және емдеу
*Ішімдіктен бас тарту
!Бала Т., 3 жаста, ЖРВИ диагнозымен госпитализацияланды. Науқаста 3 күні ентігу, айқын әлсіздік, инетәрізді пульс, ауыздан көбік тәрізді қақырықпен жиі жөтел мазалайды. Аускультацияда өкпенің екі жақты төмен бөлігінде майда көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісінуі,ошақты тіндер жоқ. ЭхоКГ-да: сол жақ қарыншаның насостық функциясының төмендеуі.
Науқас балада қандай асқыну дамыды?
*Журкетің іркіліп қалу жеткіліксіздігі
*Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
*+Жүректің сол жақ қарыншасының жедел жеткіліксіздігі
*Жүректің оң жақ қарыншасының жедел жеткіліксіздігі
*Жүректің тотальді жеткіліксіздігі
!Қыз 10 жаста. Жөтелге, дірілдеуге, іште және кеудедегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: температура 39,1°С, сол жақ қырымен жатады, тежелген, еріні құрғақ. Кеуденің сол жақ бөлігі тыныс алудан қалып отырады, ТА мин 40 рет. Қан анализінде: гемоглобин-110 г/л, эритроциттер - 4,0х1012/л, лейкоциттер - 19х109/л, таяқшаядролы 10%, сегментоядерлы - 55%, эозинофилдер - 5%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 2%, ЭТЖ 32мм/сағ. Рентгенологияда: оң жақ өкпенің сол жақ бөлігінің күңгірттенуі.
Өай диагноз барынша сәйкес келеді?
*Плеврит
*Өкпе абсцессі
*+Ауруханадан тыс пневмония
*Аппендицит
*Менингит
!Бала 2-жаста. Температурасы 390C көтерілуіне, ентікпеге шағымданады. Объективті: ТА 56 мин. Терісі цианозды, мұрын қанаты тырысқан. Оң жақ өкпеде перкуроторлы дыбыс қысқарған және сол жақ жауырын бұрышынан төмен қарай, тыныс алу кезінде майда ошақты сырыл естіледі. Қан анализінде: эритроциттер - 2,5х1012/л, гемоглобин – 100 г/л, лейкоциттер 20,6х109/л, таяқшаядролы – 10 %, сегментоядерлі – 57%, эозинофилдер – 1%, лимфоциттер – 23%, моноциттер – 9%, ЭТЖ – 38 мм/сағ.
Төменде аталған қоздырғыштардың қайсысы осы ауруды шақырды?
*Микоплазма
*Саңырауқұлақтар
*Пневмококк
*+Стафилококк
*Вирустар
!Қыз 10 айлық. Аммиак иісінің памперсте қатты шығуына шағымданады. Объективті: әлсіз, бозарған, айқын шамадан тыс терлеу, қызыл дермографизм. Краниотабес, кеуде қуысының төменгі апертурасының кеңеюі, тар жамбас, саусақ бақайларының қалыңдауы. Тістері жоқ. «Сымбатты пышақ», «салбырыған иық» симптомдары анықталды, бел аймағындағы функционалді кифоз байқалды. Іші «бақаның іші», бауыры ұлғаймаған.
Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған зерттеулердің қайсысы оң нәтиже береді?
*+Қанның биохимиялық анализі
*Бүйрек УДЗ
*Қышқылды-негізді жағдай
*түтік тәрізді сүйектің рентгенографиясы
*Зәрдің биохимиялық анализі
!8 жасар қыз қорыққаннан кейін жүректің жиі соғуын сезіп, үдемелі әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысының бозаруына, мұрын және ауыз йналасындағы цианозға, ТА минутына 24 рет, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 150 минутына. Пульс ритмді, radialis-та анықтау қиын. АҚҚ 100/60 мм. рт ст. іші жұмсақ, диурез ұлғайған. Төменде аталғандардың қайсысы осы науқаста бірінші кезекте жүргізу тиімді?
*Рентгенография
*+ЭКГ
*ФКГ
*Жалпы қан анализі
*ЭХО-КГ
!Төменде аталғандардың қайсысы пиелонефритке тән?
*Қызба, лейкоцитурия, гематурия
*+Қызба, лейкоцитурия, бактериурия
*Қызба, дизурия, гематурия
*Қызба, лейкоцитурия, протеинурия, гипотензия
*Қызба, протеинурия, микрогематурия, гипостенурия
!8 жасар қыздың анасы отбасылық дәрігерге баланың бойының өспей қалуына, салмақ қоспайтыныта, бас ауруына, аяқтарының ауруына, ішінің кебуіне, эпизодты құсыққа, үлкен дәретінің жиі болуына шағымданды. Анамнезінде: іштің кебуі және ұлғаюы 6-айлығвнда байқалған (геркулесті ботқамен тамақтандырғаннан кейін). 1,5 жастан бастап ішінің ауруына, іштің көлемінің ұлғаюына, жиі көп мөлшерде үлкен дәретке отыру, құсық. Капрологиялық нәжіс анализінде - стеаторея. ФГДС жасағанда субатрофикалық дуоденит анықталды.