Лекции.Орг


Поиск:




ақылау(сұрақтар, тестік түрдегі тапсырмалар, жаттығулар).




урс: 4

еместр – 7-8

 

 

Алматы, 2015.

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ___ «__»____2015 ж.

 

 

Терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор _______________ А.А.Баяхметова

 

 

1.№8 сабақтың тақырыбы Ұлпа қабынуы – анықтамасы, жіктелуі. Ұлпа қабынуының жедел түрінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

2.Сабақтың мақсаты:

1) Әрекет ету дағдыларын қалыптастыру:

Ұлпаның жедел қабынуымен қарала келген науқастарға тексеру әдісін жүргізуді және тексеру нәтижесін талдауды;

Ұлпаның жедел қабынуымен қарала келген науқастарға салыстырмалы диагностикалық тексеру жүргіуді

3) коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:

Жаңа терминдерді енгізу: улпа қабынуы, улпаның жедел қабынуы: жартылай, толық, іріңді: улпаның созылмалы қабынуы: жай, шіри, өсе қабынуы, улпаның созылмалы қабынуының өршуі.

Науқаспен тілдесу кезіндегі вербальді және вербальді емес дағдыларын жетілдіру;

Топтың жазбаша,ауызша коммуникативті дағдыларын жетілдіру;

Негіздеу және дәлелдеу дағдыларын жетілдіру.

4)оқу арқылы құқықтық білгірлігін қалыптастыру:

Стоматологиялық қондырғылармен жұмыс істеу техника қауіпсіздігін

Науқасқа берілетін емдеу кепілдік

ызығушылығын дамыту.

«Ұлпаның жедел қабынуы» бөлімін оқуда студенттердің тақырыпты меңгеруіне қызығушылығын дамыту. Тақырыптық науқастарды талдау, интернетпен жұмыс істеу.

 

3. Оқыту мақсаты:

Ұлпаның жедел қабынуы түрлерінің этиологиясын, патогенезінің маңызын толық талдау

Ұлпаның жедел қабынуының түрлерін нақтылау әдістерімен танысу

Ұлпаның жедел қабынуының түрлеріне салыстырмалы сипаттама жүргізу

 

4. тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Ұлпа қабынуы - түсінік.

2) Ұлпа қабынуы жүйесі

3) Ұлпаның жедел қабынуының түрлерінің этиологиясы, патогенезі

4) Улпаның жедел жартылай қабынуының клиникасы, диагностикасы

5) Улпаның жедел толық қабынуының клиникасы, диагностикасы

6) Улпаның жедел іріңді қабынуының клиникасы, диагностикасы

 

5. Оқыту тәсілдері:

- түсіндіру;

- көрсету;

- оқытушының жұмысына мұқият қарау;

- кішігірім топпен жұмыс істеуработа в малых группах;

- фантомды топтамада жұмыс істеуработа на фантомных блоках,

- жұмыс дәптерінде, альбомдарда тапсырмаларды орындау;

- кері байланыс

-клиникалық жағдайлық сараптама

 

5.1.Оқыту құралдары: кестелер, мультимедиялық презентация, стоматологиялық бөлмедегі аспаптар мен қондырғылар

5.2. Сабақ сағатының өлшемі

№ п/п Сабақтың кезеңдері Сабақ кезеңдерінің мазмұны Оқыту әдісі Бақылау әдісі (оқытушының таңдауы бойынша) Кезеңге бөлінетін уақыт
1. Кіріспе бөлімі Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабақтың мақсаты мен міндеттері. - - 5 минут
2. Бастапқы білімін тексеру- Бастапқы білімін деңгейін анықтау - 1.ауызша сұрау 2.Жазбаша сұрау 3.Тығыздалған сұрақ 4.Тест жүргізу 45 минут
  Үзіліс   10 минут
3. Негізгі кезең 1. Тағайындалуы әртүрлі эндодонттық аспаптармен дұрыс жұмыс істеуді көрсету 2. фантомды блоктарда түбір өзегінің сағасын кеңейту, түбір өзегін өту, кеңейту, ішіндегі тіндерін алу техникаларын үйрену Түсіндіру. Демонстрация.     Шағын топта жұмыс істеу, фантом блоктарында жұмыс істеу     Операционалды дағдыларын тікелей бақылау 50 минут,
  Үзіліс   10 минут
4. Сапасын тексеру сатысы Қорытынды бақылау   1.Жазбаша сұрау 2.Тығыз сұрау 3.Тест жүргізу 20 минут
  Кері байланыс     15 минут
  3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), Бағаларды айту және оны оқу.     10 минут  
  Келесі, үйге берілетін сабақтың тақырыбына комментарии жасау.     5 минут
Барлығы 180 минут (3академиялық сағат 50 минуттан, 30 минут үзіліс)

 

 

дебиет

егізгі әдебиет.

1. Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2014.

2. Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии (атлас) – М., 2009.

3. Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. - Ростов-на-Дону,

2011.

4. Мезгілбаева Д,М Абдикаримов С,Ж Сапаева Н,Ғ Алматы 2014ж

Қосымша әдебиет:

1. Базикян Э.А. Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2009.

2. Бир Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М. Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕДпресс-информ, 2009.

3. Бойд Л. Стоматологические инструменты. Иллюстрированный справочник (пер. С англ.). – М., 2011

4.Ламли Ф. Практическая клиническая эндодонтия (пер. с англ.). – М., 2012.

4. Троуп М., Дебелян Д. Руководство по эндодонтии для стоматологов общей практики. – Азбука, 2010.

 

ақылау(сұрақтар, тестік түрдегі тапсырмалар, жаттығулар).

Сұрақтар:

1. Ұлпа қабынуы, жүйесі

2. Ұлпаның жедел қабынуының түрлерінің этиологиясы, патогенезі

3. Улпаның жедел жартылай қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы

4. Улпаның жедел толық қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы

5. Улпаның жедел іріңді қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы

 

ест тапсырмаларды шешу.

апсырма №1

48 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнге қарай күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады. Шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) +Ұлпаның жедел толық қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Тапсырма №2

46 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 ісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Шұқып тексеру

Д) Қағып тексеру

Е) +Электроодонтометрия

Тапсырма №3

49 жасар ер адам төменгі оң жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Өмір тарихын жинау

Д) Қағып тексеру

Е)+ Электроодонтометрия

Тапсырма №4

18 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Денсаулығы жақсы, аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауыру сезімі бар. ЭОМ-35 мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №5

40 жастағы ер адам дәрігер стоматологқа ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды. Кіреуке­дентин шекарасын зондпен жүргізгенде ауырады, табаны ауырмайды, Қағып тексергенде ауырмайды.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

A) Сипап тексеру

B) +Температуралық тітіркендіргішке әсер етуі

C) Витальді бояу әдісі

D) Трансиллюминациялық әдіс

E) Рентгенография

Тапсырма №6

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №7

32 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

E) +Электроодонтометрия

Тапсырма №8

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын, жылдам дамитын терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін таңдау НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №9

19 жасар жігіт жоғарғы оң жағындағы тісінің қысқа уақытқа созылатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезі –жоқ.

Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсында ауыру сезімі бар, тіс сауыты ашылмаған. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар. ЭОМ-25мкА. Қағып тексрегенде тіс ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) +Консервативтік әдіс

Тапсырма №10

32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды,тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар. ЭОМ- 65 мкА

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С)+ Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Тапсырма №11

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №12

35 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады, ыстықтан күшейеді. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №13

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Тапсырма №14

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын реакциясы бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның жедел толық қабынуы

В) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

С) Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Жедел дамыған терең тісжегі

Тапсырма №15

16 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексерегенде ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №16

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В)+ электроодонтометрия

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) Сипап тексеру

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 437 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

821 - | 742 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.