Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


рсақішілік инфекциялар.Инфекциялық процестердің жасына байланысты негіздері.Әр түрлі жастағы балалар инфекциясының патогенді негіздері.

Құрсақішілік инфекциялар-жүктілік кезінде немесе босанғанда анасынан ұрыққа жұғатын ауру тобы.Бұл кезде ұрықтың дамуы тежеледі,ақылы кем болады.Перинатальды өлім 28% құрайды.1971 жылы ДСҰ бөліп қарастырды: TORCH-комплекс-тұрақты құрылымдық өзгерістерді тудыратын вирусты,бактериальды инфекциялар тобы.

TORCH-комплекс:

Т -Токсоплазмоз

O -other

R -рубелла

С -цитомегаловирусты инфекция

Н -герпес

Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, жүрек, көз зақымымен көбінесе жедел және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру.Токсоплазмозды – Токсоплазмоз Гонди деген қарапайымдар тудырады.Токсоплазмоздардың біріншілік тасымалдаушылары үй мысығы болып табылады.Одан басқа ластанған тағам,шикі ет тағамдарын тұтынғаннан және топырақ арқылы жұғуы мүмкін.Токсоплазмоз әсіресе жүкті әйелдерге аса қауіпті.Егер де әйел жүкті болғанға дейін ауырған жағдайда баласына еш қауіп-қатер келтірмейді,ал егер де жүктілік кезеңінде ауырса,онда болашақ нәрестесіне үлкен қатер туғызады.Бастапқы 3 ай жүкті әйелге ең қатерлі кезең.Бұл кезеңде токсоплазмозбен ауырған әйелдің баласы өліп кетеді немесе бауырдың,көкбауырдың,орталық жүйке жүйесінің күрделі ақауларына алып келеді.

Таксоплазмоз ауруын тек пациенттің шағымына қарап анықтай алмайды.Бұл ауруды анықтауда лабораториялық зерттеу әдістерін қолданады.Лабораториялық зерттеу әдістерінің ішіне паразиттік және иммунологиялық зерттеу әдістерін жатқызамыз.

1.Паразиттік зерттеу әдісінің биоматериялы адам ағзасының кез келген сұйықтығы және биопсиядан алынған тіндермен мүшелердің кесіндісі болуы мүмкін.

Паразиттік зерттеу әдісі микроскопиялық немесе биосынамалар арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Микроскопиялық зерттеу:

1.Алынған биоматериялдан жағынды дайындау.

2.Жағындыны бояуға арналған көпірше үстіне қою.

3.Жағындыны метил спиртімен өңдеп,бекіту керек және 30 сек. қалдыру.

4.1 мл. Романовский –Гимза бояуымен бояу.40-120 мин-қа қалдыру.

5.Боялған жағындының үстінен рн-ы-6,8-ге тең фосфатты буферлі ерітіндінің 2 мл. тамызу.

6.40 мл-дей дистелденген су құю және кептіру.

 

Препарат толық кепкеннен кейін иммерсиялық ерітінді тамызып,жарықтық микроскоппен зерттеу.

Зерттеу нәтижесі бойынша,токсоплазмалардың пішіні жарты ай немесе доға тәрізді пішінге ие.Бұл жасушалардың бір ұшы үшкір келген, ал екінші ұшы жұмыр.Романовский-Гимза әдісімен бояғанда олардың цитоплазмасы көгілдір түске,ядросы қызыл-қызғылт түске боялады.Ядросының пішіні ірі,жасушаның ортасында орналасқан.Токсоплазмалардың мөлшері негізінен-4-7 немесе 2-4 мкм.құрайды.

Бірақ микроскопиялық зерттеу әдістерінің кейбір кемшіліктері бар.Бірінщіден,бұл қоздырушы ағзаға түскеннен кейін,тіндерге өтіп кетуі мүмкін.Демек, адам ағзасындағы сұйықтықтардан анализ ретінде алғанда жағындыдан шықпауы мүмкін.Екіншіден,таксоплазм өмір сүруі үшін қолайлы орта қажет.Сол себепті микроскопиялауға дейін шыдамай,өліп қалады.

Қазіргі таңда нақтырақ әрі жүйелі ақпаратты иммунологиялық зерттеу әдістері береді.Бұл әдістердің ішіндегі ең негізгісі-ИФА(иммуноферментті анализ).

ИФА-токсоплазмдарға қарсы синтезделетін антиденелер igM және igG-дың(иммуноглобулиндер) пайда болуын анықтайды.Бұнымен қоса ИФА қандағы бұл антиденелердің мөлшерін анықтайды.Бұл әдістің зерттелетін биоматериялы қан болып табылады.Қанаш қарынға,таңғы уақытта алынады.Алынған қанды сары суынан бөліп алады.Аталған иммуноглобулиндер осы қан сарысуының құрамында болады.

IgM-инфекцияның қанға түскеннен кейін бастапқы 1-4 күнінде қанда түзіле бастайды.20-30 күннің ішінде IgM-нің қандағы мөлшері максимальды деңгейге жетеді.Ал 1-2 айдан кейін бұл иммуноглобулин түрі қанның құрамынан мүлдем жойылады.

igG-иммуноглобулин М-ға қарағанда кешірек түзіледі,бірақ бұл түрі қанда ұзағырақ сақталады.Осылайша ағзаның тұрақты қорғаныш қызметін атқарады.Егерде зерттеу бойынша тек IgM анықталса,адамның бұл ауруды жақында ғана жұқтырып алғанын айтады.Ал егерде тек

igG анықталса,демек адам бұрл аурумен шамамен 1 жыл бұрын ауырған,және ағза осы ауруға қарсы иммунитет қалыптастырған.

 

Жаска байланысты негіздері.

Инфекцияға әртүрлі жастағы төзімділік зат алмасу ерекшеліктерімен, ішкісекрециялық органдардың қызметімен және иммундық жүйенің жағдайымен байланысты болады. Нәрестелердің 6 айға дейін күл, қызылша т.б. ауруларды қабылдамайтыны белгілі, ол эмбрионалдық кезеңде плацента арқылы анадан балаға иммунды глобулиндердің G класына жататын спецификалық антиденелердің берілуімен байланысты. Жасанды тәсілмен тамақтандырылатын балаларға қарағанда, анасының емшегін еметін балалар ішек инфекцияларының қоздырғыштарына анағұрлым төзімді келеді, өйткені олар анасүтімен иммунды глобулиндердің А және М класынажататын антиденелерді алады. Бұл антиденелер трансплацентарлы жолмен берілмейді және жергілікті антибактериялық иммунитете маңызды рөл атқарады. Жасы есейіңкіреген балаларда жұтқыншақ және көмей дифтериясы жиірек дамиды, ал емшек жасындағы балаларда – кеңірдек, мұрын және басқа сирек орналасатын дифтериясы кездеседі. Жасы бойынша мұндай айырмашылық бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Емшек жасындағы балаларда көмей және жұтқыншақ дифтериясының сирекболуы олардың бадамша безі әлі жетілмегенімен және де көмейдің шырышты қабатында және лимфалық аппаратында нерв рецепторларының болмауымен байланысты. Баланың жасы кішкентай болған сайын жұқпалы ауру а типті түрде өтеді. Жас туралы айтқанда мынаны атап өтуге болады: ересек тышқандардың сарықызба ауруына тұқымқуалайтын иммунитеті бола тұра, жаскезінде оған өте сезімтал келеді, яғни жылдам қабылдаушылығы бар – 3 – апталық жаңа туылған тышқандардың бұл вирусқа қарсы тұру қабылеттілігі толығымен жоқ.

 

 

Қызылша- дене қызуының көтерілуімен, ағзаның улануымен жоғары тыныс жолдарының зақымдануымен және денеде қызыл дақтардың пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.

Қызылша диагнозы тамырдан алынатын қанның зерттеуімен анықталады.

Зертханалық зерттеулерге қанды алу.

Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.

Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.

Дені сау адамның өзінде қанның құрамы тәулік ішінде тамақтың, физикалық жүктемелердің, ішке қабылдаған сұйықтықтың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жалпы клиникалық зерттеуге қан саусақтан (лаборант алады) таңертең ашқарынға алынады. Биохимиялық зерттеу кезінде қандағы кейбір заттар (қандағы глюкоза, билирубин, холестерин, белок т.б.) анықталады.

Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет.

Қанды бактериологиялық зерттеуге алу іс-әрекеттері жоғарғыдай, бірақ қан стерильді тығыны бар пробиркаға алынады.

Жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберу қажет.

Жабдықталуы:Стерильді астауша /мақта шариктері, салфеткалармен /, пинцет стерильді шыны пенициллин флакондары /консервантсыз/, резеңке тығынымен, контейнер, су моншасы 45С, парафин, контейнерді тасымалдау үшін мақта поролон салынған бикс, шыныға жазу үшін арнайы қалам, спирт 70%; бұрау, жастықша, 30% хлорамин, астауша, 2 нұсқа жолдама және олар үшін целлофанды пакет.

Бұл қанның анализі қызылшаның жасырын не бастапқы сатысын көрсетеді.

 

СӨЖ

Тақырыбы: Құрсақішілік инфекциялар.Инфекциялық процестердің жасына байланысты негіздері.Әр түрлі жастағы балалар инфекциясының патогенді негіздері.

  С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА  
МИКРОБИОЛОГИЯ,ИММУНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

Орындаған:Тукебаева Х.Ж.

Камалбек Б.Б.

Топ: 009-1

Факультет: Жалпы медицина

Қабылдаған: Бейсегулова Г.Н.

 

2016-2017 жыл.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
рген де, оқыған да емеспiн! | дегі нарықтық инф/м.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 715 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.