Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ны қалай түсiндiк?




I­НЕДI...

– “Өркениеттi 50 елдiң қатарына қосыламыз” дедiк. Талап дұрыс. Бiрақ, озық елдiң қатарына қосылу үшiн тек байлықты арттыру, байларды көбейту аздық етедi. Осымен бiрге демократияшыл үрдiстердi, халықшыл жөн-жоралғыларды да дамытуымыз керек. Кiсiлiгiмiз әрбiр iсiмiзден көрiнiп тұруы керек.

Ал бiзде қалай? Халық жинал­ған, халық топтасқан жерден билiктiң өлердей қорқатыны несi? Менiңше, билiк басындағылар “Көп­тiң аты көп. Бiреу болмаса да бiреу қоймамызды, құпиямызды, қоямызды ашып қояды” деп ойлап, халықты таратқанша асығады-ау деймiн.

алық ерiккеннен жиналмайды ғой.

– Оған сөз бар ма?! Жаңа­өзеннiң мұнайшыларды жетi ай бойы ереуiлдедi. Ерiккеннен емес, әрине. Ашынғаннан, қорланғаннан, жұмыссыздықтан, әдiлетсiздiктен. Олардың мұң-зарын тыңдаудың орнына ол бейшараларды қырды да салды. Қазаққа қазақ оқ атты. Осылай қыра берсек, не болады? Бiр қазақты екеу ете алмай жүр­генде...

Бейбiт күнде өз халқына оқ ату...Бұл – үлкен ұят, үлкен масқара болды. Бiр қазақ атылса, бiз соның құнын даулауымыз керек. Бiрде-бiр қазақтың тағдырын сұраусыз, жоқтаусыз жiбермеуiмiз керек! Ал ендi Жаңаөзендегi қырғында қанша қазақ қаза тапты? Бiреу 17 адам дейдi, ендi бiреулер 70 дейдi, 100-дiң үстiне шығарып жiбергендер де бар...

Жарайды, халық шеруге шықты делiк. Ау, мұның не терiстiгi бар? Бiздiң Ата заңымызда, Конституциямызда шеруге, митингiге шығуға құқылы екенiмiз тайға таңба басқандай етiп жазылған ғой. Халыққа “неге ереуiлге шығасың?”, “неге митингiге шығасың?” деу – қиянат.

Керiсiнше, билiктiң өкiлi халық жиналған митингiге қатысып, олардың талап-тiлектерiн дұрыстап тыңдап, дұрыстап ден қоюға тиiс. Халық митингiде көкiректерiндегi шердi, запыранды төгедi. “Запыранды төгедi” дегенiмiзден өрбидi, Алматыдағы 3-ықшамауданында бiр шағын алаңқай бар.

арыарқа” кинотеатрының артындағы алаңқайды айтып тұрсыз ба?

– Иә, соны айтып тұрмын. Мiне, халықтың митингiсi осында өтедi. Өйткенi, өзге жерге, Алматыдағы үлкен алаңдарға митингi өткiзуге билiк рұқсат бермейдi.

Осы “Сарыарқа” кинотеатрының артындағы алаңқайда өткен митингiге талай рет қатыстым. Өзi қысылшаң, аядай ғана тар жер. Алматының орталығынан алып тасталынған Лениннiң, Калининнiң ескерткiштерi де қазiр осы алаңқайда тұр. Митингiге жиналған халық ұлттық тiлдiң ахуалын айтып, ұлттық мүдденiң ұмытылып бара жатқанын сөз етедi. Сол кезде маған қазақ байғұс өзiнiң мұңын Ленин мен Калининге шағып жатқандай көрiнедi. Өте бiр жаман әсерде қаламын. Ленин мен Калининнiң ескерткiшi тұр қасқа­йып. Ал қазақтар ұлттық мүдденiң жайын айтып жатыр. Мiне, бiздiң жеткен жерiмiз! Қазақтың ұлттық мүд­делерi неге зәулiм сарайларда, әдемi алаңдарда, кең кабинеттерде айтылмайды? Ұлттық мүдде неге осындай тар, қысылшаң, елеусiз жерде айтылады? Осының өзiнен-ақ бiздiң билiктiң ұлттық мүддеге деген көзқарасы ай­қын аңғарылады.

 

САН БАР, САПА ЖОҚ

азушылар ұсақталып кеттi. Майдаланып, күйкiленiп кеттi” деген пiкiрлер жиi айтылып жүр...

– Қалай ұсақталмайды?! Қалай майдаланбайды?! Егер...

Ендi осы мәселенi рет-ретiмен баян­дайын. Мiне, Жазушылар одағының кезектi съезiн өткiзетiн мезгiл де келiп қалды. Естуiмше, мамыр айында өтетiн секiлдi. Бiрақ, мұны созбақтатып, сиырқұйымшақтатып әрi қарай созып жiберуi де әбден мүмкiн...

Ал ендi бiз осы қаламгерлердiң съезiне қалай, қандай табыстармен, қандай жетiстiктермен келдiк? Сан бар-ау, бiрақ сапа жоқ.

ны қалай түсiндiк?

– Кеңес заманында да Қазақстанда 700-ге жуық жазушы болатын. Қазiр де жазушының саны осы 700-дiң ар жақ, бер жағында. Бiрақ, “бiз жазушылардың санын кемiткен жоқпыз” деп мақтануға болмайды. Өйткенi әде­биет­тi жеке таланттар, дара таланттар жасайды. Мәселен, Қадыр, Жұмекен, Тұманбай поэзиямызды қалай өсiрдi, қалай көтердi?!

Қазiргi 700 жазушымыздың қақ жартысынан астамы, тiптi үштен екiсi десем де болады, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелiгiне Нұрлан Оразалиннiң тұсында өттi. Құдай-ау, мұның iшiнде кiм жоқ дейсiң: журналист те жүр, естелiк жазудан аса алмайтын зейнеткер де жүр, өйтiп-бүйтiп бiр-екi кiтап шығарған әуесқой ақын да жүр, әуесқой сатирик, әуесқой сыншы, әуесқой драматург, әуесқой сценарист... Және бұлардың 20-30-дан топталып өтетiнiн қайтерсiң. Осыдан кейiн Қазақстан Жазушылар одағында қандай бедел, қандай салмақ болады?!

“Бедел”, “салмақ” дегенiмiзден шығады, Кеңес заманы кезiнде Жазушылар одағы ұлттық партияның, тiркел­меген ұлттық партияның рөлiн атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов, Әнуар Әлiмжанов, Олжас Сүлейменов басқарып тұрған кезде ЦК-ның өзi жазушыларға қарап жалтақтап отыратын. ЦК дегенiмiз кiм? Орталық Комитет! Билiк! Сол билiгiңнiң өзi жазушылар ұйымымен санасып отыратын. Колбин Қазақстанды қанша жыл басқарды? Екi жарым жыл. Осы екi жарым жыл iшiнде Колбинiңiз жазушылармен екi рет кездестi. Бұл санасқаны емей немене?!

ас айтасыз, билiктiң аты – билiк. Билiк – қай кезде де, қай заманда да билiк. Қай кезеңде де, қай заманда да билiк оңайшылықпен илiге, имене қоймайды. Сол кезеңде жазушылар билiктi қалай илiктiрдi? Қайтiп имендiрдi? Осының себеп-сырын айтып бере аласыз ба?

– Мұның бәрi басшыға байланысты. Жазушылар одағын кiмнiң басқарып отыруына байланысты.

Жоғарыда шет-жағасын айтып та кеттiм ғой, Қазақстан Жазушылар одағының мiн­детi – таланттарды ашу, таланттарды табу, таланттарды шоғырландыру, таланттарға қамқорлық жасау еке­нiн. Сол сияқты, Қазақстан Жа­зушылар одағының басшысы да айналасына аузы дуалы, сөзi өтiмдi, бе­делдi, талантты жазушыларды топтастыруы керек. Қарақан басының қамынан аса алмайтын, күнкөргiш, тiлал­ғыш, көнiмпаз, жерге қарап сөй­лейтiн­дердi емес, семсердiң жүзiн­дей өткiр, алғыр, елдiң қамын, қа­зақтың мүддесiн ойлайтын жазушыларды топтастыруы керек. Мұндай жазушылар бар ма? Бар! Бiрақ олар әр жерде, әр салада, әр қиырда жүр. Осындай өңкей талант­ты, өткiр жазушылар топтасса, билiктi илiктiрмей қоймайды.

 

ЖАҒЫНУ – ЖАЗУШЫНЫҢ IСI ЕМЕС

Ендi, қарағым, мен саған бiр мысал айтайын. Ресейдiң қазiргi прези­дентi В.Путин прези­денттiк сайлауға түсер алдында өзiнiң сайлауалды штабын құрды. Сөйттi де, штабқа Говорухиндi басшы етiп сайлады. Говорухин кiм? Өнер адамы. Атақты кинорежиссер. Ептiлiк, пысықтық жөнiнен Говорухиндi он орап алатын шенеунiк­тер бар. Бiрақ соның бiрiне де тоқтамай, Путин Говорухиндi қалады. Неге? Халықтың бетiн берi қарату үшiн. Өйткенi, халық Говору­хиндi ерекше жақсы көредi, сыйлайды, құрметтейдi. Мұны не үшiн айтып отырмын? Билiк ешуақытта өнер адамдарымен есептеспей, санаспай тұра алмайды. Өнердiң атасы, өнердiң көкесi – жазушылық. Демек, билiктiң жазушыларды санаттан шығарып тастауы мүмкiн емес. Нұрланның бiр жаман жерi, билiктi жағынумен, жағыну арқылы илiктiргiсi келедi. Жағыну – жазушының iсi емес. Билiктi жағынумен жеңе де алмайсың, илiктiре де алмайсың. Халыққа беделiң жүрсе, халықтың алдында беделдi болсаң, билiк сенi өзi-ақ iздеп келедi. Говорухиннiң билiкке жағынғанын көрдiң бе, не болмаса бiр жерден оқыдың ба?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 336 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4414 - | 4309 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.