Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Биологиялық физика пәні туралы




У.А.БАЙЗАК

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА

Пәні бойынша дәріс тезистері

5В13010-«Жалпы медицина» және 5В130200-«Стоматология» мамандығында оқитын студенттерге арналған оқу құралы

 

 

ТҮРКІСТАН – 2014

 

ӘОЖ 557.3:61(075.8)

ББК 28.071 я 73

Б 17

 

 

У.А.Байзак

Б 17 Медициналықбиологиялық физика. Дәріс тезистері. Оқу құралы. 112 бет.

 

Оқу құралы 5В130100 –«Жалпы медицина» және 5В130200 –«Стоматология» мамандығы бойынша бекітілген медициналық биофизика пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жазылған. Барлық дәрістер медицинадағы соңғы ғылыми-техникалық жаңалықтармен толықтырылған. Тақырыптың соңында студенттің өз білімін тексеруге мүмкіндік қарастырылған, яғни тақырып бойынша тест сұрақтары берілген.

Оқу құралы медициналық және биологиялық мамандықта білім алатын студенттерге арналған.

 

 

ӘОЖ 557.3:61(075.8)

ББК 28.071 я 73

 

1-дәріс. БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ. ЖАСАНДЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНА.

 

Дәрістің жоспары

 

1. Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы.

2. Биологиялық мембрананың (БМ) қызметі.

3. БМ құрылысы.

4. БМ липидтер мен ақуыздардың түрлері.

5. БМ фазалық ауысу.

6. Жасанды БМ.

 

Дәрістің мақсаты: биологиялық физика пәнінің зерттеу объектісін, мембрананың құрылысын, ондағы липидтердің, ақуыздардың түрлері мен қозғалу ерекшеліктерін және жасанды липосомды қарастыру.

Биологиялық физика пәні туралы

 

Бізді қоршаған материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен өзгерістер өзара тығыз байланыста екендігі белгілі. Соның бір айғағы ретінде биология ғылымының биологиялық жүйелердегі құбылыстарды танып білуде дәл ғылымдардың заңдылықтары мен ондағы түсініктерді қолдану арқылы ғана одан әрі дамитындығына көз жеткізді. Осындай себептерден биология және физика ғылымдарының түйісінде биофизика атты жаңа ғылыми бағыт пайда болды.

Биологиялық физика биологиялық жүйені субмолекулалық, молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейлердегі дамуын физика-химиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Биофизика термині алғаш рет 1892 жылы Карл Пирсонның «Ғылым грамматикасы» атты ғылыми еңбегінде «...биологиялық фактілер – морфология, эмбриология және физиология, физикалық заңдылықтардың дербес бір көрінісі, сондықтан оның этиологиясы...» деп жазды. Кейін А.Фик және немістің басқа да ғалымдары бұл саланы «Медициналық физика» деп атаған.

1961 жылғы І-Дүниежүзілік биофизиктердің халықаралық конгресінде биофизика өз алдына жеке ғылым ретінде танылды. Осы конгрестің шешіміне сәйкес биофизика – молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасы, мүшелердің сезім биофизикасы деген бөлімдерден бөлінді.

1. Молекулалық биофизика бөлімі – биологиялық макромолекулалар (ақуыздарды, нуклейн қышқылдарын, т.б.) мен молекулалық деңгейдегі биологиялық жүйелердің құрлысы мен физикалық қасиеттерін зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің пайда болуына Л.Полингтың ақуыздың кеңістіктік құрылымы мен Ф.Криктің «өмір спиралы» ДНК-ны анықтауы үлкен себеп болды. Сонымен қатар молекулалық биофизика молекулалық деңгейде энергияның түрленуі мен миграциясын да қарастырады.

2. Жасуша биофизикасы – жасауша мен оның органелдерінің құрылымын, ондағы физика-химиялық үрдістерді, биопотенциалдың пайда болу механизмін, жасуша арқылы заттарды тасымалдауды, жасуша термодинамикасын зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің дамуына Бернштейннің, А.Ходжкинның, Хакслидың және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.

3. Күрделі жүйелердің биофизикасы. Биофизиканың бұл бөлімі молекулалық деңгейден бастап жасушаға дейінгі деңгейдегі биологиялық жүйедегі өзара байланыстарды зерттеумен және оны моделдеумен айналысады.

4. Мүшелердің сезім биофизикасы. Бұл бөлім көру, есту, сезу секілді тірі биологиялық құрылымдағы құбылыстарды зерттеумен, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен тірі объектінің сезу мүшелерінде, рецепторларда пайда болатын энергияның электр сигналына айналу механизмін қарастырады.

Биофизика бұл аталған бөлімдерімен қатар адам ағзасына түрлі физикалық факторлардың: шудың, механикалық тербелістің, электр тогы мен электромагниттік өрістің, иондаушы сәулелердің және т.б. әсерлерін де зерттеумен айналысады.

Қазіргі кезеңде биофизика жеке ғылым ретінде физиология, биология, химия, физика, математика, компьютерлік технология, нанотехнология және т.б. ғылыми бағыттардағы ғылыми жаңалықтарды қолдана отырып және солармен бірге даму үстінде, бұл өзаралық байланыс 1-суреттегі сызбада (схемада) бейнеленген.

 

 
 

 


1-сурет.

 

Әрине, бұл схемада қазіргі заманғы ғылыми бағыттардың барлығы ескерілді деп айтуға болмас, бірақ биофизиканың негізгі жаратылыстану ғылымдарымен өзара байланысы көрсетілді.

Медициналық биофизика медицина және фармация ғылымдарымен бірлесе отырып мынадай мәселелерді зерттеумен айналысады:

- азға күйін диагностикалауда жаңа физикалық әдістерді қарастыру және негіздеу (электрография, хемилюминесценция, ЭПР, ЯМР, спектроскопия т.б.).

- тірі ағзаға сыртқы ортадағы физикалық факторлардың зиянды әсер ету механизмін зерттеу (механикалық діріл, салмақсыздық, радиосәулелер т.б.)

Биофизикалық зерттеулерде физикалық, физика-хиимиялық әдістер кеңінен қолданылады. Оларға:

- рентген сәулесінің дифракциялық кескіні арқылы зат құрылысын анықтауға арналған рентгендік құрылымдық талдау әдісі;

- электрон ағынын пайдаланып зат құрылысын көруді қамтамасыз ететін электрондық микроскопты қолдану;

- зерттелінетін заттардың түрлі сәулелерді жұту мен шығаруына негізделген спектроскопия әдісі;

- зерттелінетін заттардың радиодиапазондағы электромагниттік толқындарды таңдамалы түрде жұтуына негізделген ЭМР және ЯПР радиоспектроскопиялық әдістер.

Қазіргі заманда іргелес ғылымдардың бір-бірін қолдап, сол арқылы одан ары дамуы кең түрде байқалуда, бұл ретте биофизиканы физиканың, химияның және биологияның, яғни іргелес үш ғылымның жиынтығы деп қарастырған дұрыс.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 722 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2319 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.