Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Онкогенетика. Фармакогенетика




5.2. Мақсаты: студенттерде қатерлі ісік жасушаларының трансформациялануының себептері мен дамуының генетикалық механизмдері туралы заманауи білімдерін қалыптастыру. Студенттерде адам ағзасының дәрілік заттарға жеке реакциясының генетикалық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Канцерогенез, анықтамасы, ісік жасушаларының трансформациялану кезеңдері.

5.3.2. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, сипаттамасы.

5.3.3. Протоонкогендер, онкогендер, сипаттамасы, олардың канцерогенездегі рөлі.

5.3.4. Вирустық онкогенез.

5.3.5. Ісіктің супрессорлық гендері (ІСГ), сипаттамасы.

5.3.6. Қатерлі ісікті жасушалардың қасиеттері және биологиялық ерекшеліктері.

5.3.7. Фармакогенетиканың заманауи медицинадағы және фармациядағы маңызы.

5.3.8. Дәрілік препараттар метаболизмінің генетикалық бақылануы.

5.3.9. Дәрілік препараттарды қабылдаудан кейін үдейтін тұқым қуалайтын арулар

және жағдайлары.

 

Канцерогенез - қалыпты жасушаның қатерлі жасушаға айналуы, жасушаның бласттрансформация үдерісі.

Қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға ауысуы көп сатылы үдерісі.

1. Инициация. Әрбір ісік жеке жасушаның ДНҚ-ның бұзылуынан басталады. Бұл генетикалық дефектіні канцерогендер немесе онкогендік вирустар тудыруы мүмкін. Адам ағзасында тіршілік барысында адам ағзасындағы жасушаларының ДНҚ зақымдануы жүреді. Ісіктік инициациясына протоонкогендердің зақымдануының өзі ғана жеткілікті. Осы зақымданудың өзі-ақ сома жасушалардың ісік жасушаларына ауысуын анықтайтын өте маңызды фактордың бірі болып табылады. Ісіктің инициациясына антионкогеннің (онкосупрессор-гені) зақымдануы да алып келуі мүмкін.

2. Ісіктің промоциясы ісік-тудырушы факторлармен зақымданған жасушалардың көбеюіне алып келеді. Бұл үрдіс көп жылдарға созылуы мумкін.

3. Ісіктің прогрессиясы — бұл өзгерген жасушалардың көбеюі, инвазиясы, метастаздар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.

Ісік жасушаларынның трансформациялануына алып келетін әр түрлі орта факторларын канцерогендік факторлар, деп атайды.

Канцерогендік қасиеттері бар физикалық факторлар (радиация), химиялық факторлар (ауыр металдардың тұздары, қышқылдар), биологиялық факторлар (вирустар).

Жасушалардың бөлінуі мен өсуін реттейтін «қалыпты» ген, протоонкогендердің ісік жасушаларына өтуі, онкогенге айналуы ісік жасушаларының негізгі механизмдерінің бірі болып отыр.

Кейбір вирустардың геномында онкогендер болады. Ағзаның вирусты инфекцияны жұқтыруы және онкогенді тасамалдаушы вирус геномы жасушаның генетикалық материалына ісіктің трансформациялануын іске қосатын күрделі және ұзақ үдеріс.

Қатерлі ісік жасушаларының негізгі қасиеттерінің бірі оның бақылаусыз бөлінуі, моноклондылығы және ісіктің өсуінің автономдылығы.

Фармакогенетика ағзаның дәріге жеке реакциясының генетикалық факторларының рөлін зерттейді. Ағзаның реакциясы бір жұп генмен (моногенді бақылану), көптеген гендермен (полигенді бақылану) генетикалық бақыланады. Қазіргі уақытта бес препараттың метаболизмі моногенді бақыланатындығы анықталынған. Көптеген дәрілік препараттардың метаболизмі бір генмен емес көптеген гендермен бақыланады.

5.4. Көрнекілік материал: 5-шімультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 638 с.

5.5.2. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо, 2008. 224 б.

5.5.3. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 208 с.

5.5.4. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.5. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 272 с.

5.5.6. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. 2-х томах. М.: Высшая школа. 2004.

5.5.7. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2006. 444 с.

5.5.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

 

Қосымша:

5.5.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

 

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Протоонкогендер деген не?

5.6.2. Қандай жағдайларда протоонкогендер онкогендерге айналады?

5.6.3. Канцерогенез кезінде жасушаның бөліну ерекшелігі қандай?

5.6.4. Контакталық тежелу деген не?

5.6.5. Вирусты онкогенездің механизмдері қандай?

5.6.6. Дәрілік препараттар қоздыратын тұқым қуалайтын аурулар.

5.6.7.Дәрілік препараттар метаболизмінің генетикалық бақылануы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Онкогенетика Онкогенетика Oncogenetics
Онкогенез Онкогенез Oncogenesis
Канцерогенные факторы Канцерогендік факторлар Carcinogenic factors
Протоонкогены Протоонкогендер Protooncogenes
Онкогены Онкогендер Oncogenes
Онковирусы Онковирустар Oncoviruses
Инициация Инициация Initiation
Промоция Промоция Promotion
Прогрессия Прогрессия Progression
Антионкогены Антионкогендер Antionkogenes
Фармакогенетика Фармакогенетика Pharmokogenetics
Генотип Генотип Genotype
Генетический фактор Генетикалық фактор Genetic factor
Биотрансформация Биотрансформация Biotransformation
Полиморфизм Полиморфизм Polymorphism
Фармакокинетика Фармакокинетика Pharmacokinetics
Толерантность Толеранттылық Tolerance
Парaдоксальная реакция Парaдоксалды реакция Paradoxical reaction
Чуствительность Сезімталдық Sensitivity
Генетический паспорт Генетикалық паспорт Genetic passport
Ферменты Ферменттер Enzymes
Лекарства Дәрі-дәрмектер Medicines




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 960 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4364 - | 4265 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.