Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Митоздық цикл. Реттелуі, генетикалық бақылануы. Апоптоз




5.2. Мақсаты: м итоздық циклдың реттелуі және бақылануының молекулалық-генетикалық механизмдері жайлы заманауи көзқарастар туралы білімдерін қалыптастыру. Апоптоздың молекулалық-генетикалық механизмдерін және оның медицинадағы маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Жасушалық цикл, анықтамасы, кезеңдері.

5.3.2. Жасушалық циклдың кезеңдері және олардың сипатамасы.

5.3.3. Митоздық циклды қамтамасыз ететін үдерістердің генетикалық реттелуі.

5.3.4. Митоздық циклды бақылайтын үдерістердің реттелуі (бақылау пункттері – check-points).

5.3.5. Апоптоз, анықтамасы, маңызы, сатылары.

5.3.6. Апоптоздың генетикалық бақылануы каспазалық гендер каскадасы, эндонуклеаза, р53.

 

Жасушалық цикл, деп аналық жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болған жас жасушаның қайта бөлінуге дейінгі немесе тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңді айтады.

Жасушалық цикл 3 кезеңнен тұрады:

1. Митоздық цикл.

2. Жасушаның арнайы қызмет атқаруы.

3. Тыныштық кезеңі.

Митоздық цикл 4 фазадан тұрады:

1. Митоз.

2. Митоздан кейінгі кезең (G1).

3. Синтездік кезең (S).

4. Синтезден кейінгі кезең (G2).

G1, G2, және S кезеңдері гендер белсенділігімен сипатталынатын интерфазаны құрайды. Митозда гендер активсіз күйде болады.

Жасушалық (митоздық) цикл көптеген гендермен реттеледі. Мұнда циклиндерді және циклинге тәуелді киназаларды синтездейтін гендер басты рөл атқарады.

Бұл гендердің белсенді өнімдері циклин+циклинге тәуелді киназалық (Ц+ЦЗК) кешен түзеді, мұнда циклин активаторлық суббірлік, ал циклинге тәуелді киназалар – катализдік суббірліктер болып табылады. Митоздық циклдың әр бір кезеңі арнайы Ц+ЦТК кешенімен реттеледі.

Митоздық циклдың дұрыс өтуін 4 тексеру нүктесі интерфаза кезеңіндегі G1, G2, S және митоздың метафазасы бақылайды (cheek - point). Жасушаның митозға түсуі немесе тоқтауы жасушаның бөлінуін стимулдайтын немесе басып тастайтын гендермен реттеледі.

Жасушаның тіршілік ұзақтығы көптеген факторларға тәуелді: ағзаның түрлік және арнайы қымет ету ерекшелігіне және т. б.

Жасушаның «қартаюының» соңғы нәтижесі оның табиғи өліміне, апоптозға әкеледі.

Апоптоз – бұл жасушаның табиғи генетикалық бағдарланған өлім үдерісі. Бұл бірнеше сатыда өтетін динамикалық үрдіс.

Апоптоз генетикалық бақыланатын үдеріс болып табылады. Оған арнай фермент – каспазаның синтезін бақылайтын гендер қатысады. Каспаздың белсенділігі активатор және ингибитор гендерімен бақыланады.

Апоптоз үдерісіне арнайы «апоптоздық» ядролық эндонуклеазалар қатысады. Апоптоз үдерісінде негізгі рөлді р53 ақуызы атқарады.

Апоптоз механизмінің негізінде жасушаның генетикалық материалының зақымдалған жерін танып түзету, жасушаның элиминациясы мен жасушаның және жалпы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету жатыр.

 

5.4. Көрнекілік материал: 4-шімультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

5.5.2. Гинтер Е. К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003.

5.5.3. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо, 2008. 224 б.

5.5.4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 204 с.

5.5.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006.

5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 356 б.

5.5.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

 

Қосымша:

5.5.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. 479 б.

5.5.10.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Жасушалық циклға сипаттама.

5.6.2. Митоздық циклға сипаттама.

5.6.3. Митоздық циклдың реттелу механизмдері.

5.6.4. Жасушалық циклдың бақылану механизмдері.

5.6.5. Жасуша пролиферациясының медицинадағы маңызы.

5.6.6. Апоптоз үдерісінің даму себептері.

5.6.7. Апоптоз сатылары.

5.6.8. Апоптоз үдерісіне қатысытын гендер (ақуыздар).

5.6.9. Апоптоздың медицинадағы маңызы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Митоздық цикл Митотический цикл Mitotic cycle
Митоз Митоз Mitosis
Интерфаза Интерфаза Interphase
Митогендер Митогены Mitogens
Циклинге тәуелді киназа Циклин зависимые киназы Cyclin dependent kinases
Антимитогендер Антимитогены Antimitogenes
Тексеру нүктелері Сверочные точки Shek points
Апоптоз Апоптоз Apoptosis
Командалық апоптоз Командный апоптоз Apoptosis by command
Ішкі апоптоз Внутренний апоптоз Apoptosis from inside
Апоптоз сатылары Стадии апоптоза Stages of apoptosis
Нысаналар Мишени Targets
Прокаспазалар Прокаспазы Procaspases
Каспазалар Каспазы Caspases
Ақуыз Белок Protein

Дәріс





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1751 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2215 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.