Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Пән бойынша глоссарий




 

Ақпарат – Информация – адамның қоршаған әлем туралы хабар алушылыған айқындайтын мағлұматтар.

Ақпарат– Информация – айналадағы дүние туралы мағлұматтар.

Ақпарат – Информация – объектілер мен құбылыстар, олар туралы бар анықталмағандық дәрежесін азайтатын олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып-күйі туралы мағлұматтар.

Ақпарат (жаңалық енгізу тұрғысынан) – Информация – хабарламалар (сигналдар) арқылы берілетін шынайы әлемнің ақиқаттық көрінісі.

Ақпарат – Инфор­ма­ция; information) 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi туралы мағлұматтар. 2) есептеу техника­сында – компьютерге енгiзiлетiн, оның жадында сақта­лынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға берiлетiн мәлiметтер жиыны.

Ақпарат берушi (Информатор; informator) –1) қандай да бiр бiлiм немесе өндірiс саласында ақпараттық қызмет атқаратын маман. 2) пайдаланушыға автоматтық түрде хабар жеткiзетiн жүйе. 3) қолданбалы бағдарламалар бумасының құрауышы. Ол берiлген бумамен мәселенi шешу барысы туралы хабар беруге арналған.

Ақпарат теориясындағы битБит в теории информации – екі тең ықтимал хабарды ("жаңа"–"ескі", "жұп"–"тақ" және т.б. типті) ажырату үшін қажетті ақпарат мөлшері. Компьютерлік техникада бит деп мәліметтер мен командаларды машинаішілік ұсынуға пайдаланылатын "0" және "1" екі таңбаның бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «үлесін» айтады.

Ақпаратқа қатынас құру (Доступ к информации; access to information) – ақпаратпен танысу, оны өңдеу (көшірмесiн алу, жою немесе мағынасына тимей ақпаратқа өзгерiс енгiзу).

Ақпаратты басқару тiлi (Язык управления информацией; control language information) – ақпараттық базаға қатынас құруды және мәлiметтердi iздестiру мен өңдеуге байланысты операцияларды орындауды жасақтайтын ақпараттық iздестiру тiлi.

Ақпаратты қорғау (Защита информации; protect information) 1) мәлiметтер­ге, бағдарлама­лар­ға, аппаратураларға рұқсатсыз қатынас құруға жол бермеу. 2) мәлiметтер мен бағдарлама­ларды жоғалтпай, олардың тұтастығын сақтау. Құрылғылардың электрмен қоректенуi кенет ұзiлген жағдайда да, ақпараттың дискiге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.

Ақпаратты өңдеу (Обработки информации; information processing) – 1) берiлген бағдарлама бойынша мәлiметтермен белгiлi бiр әрекеттердi орындау. Мұндай әрекеттерге мәлiметтердi iздестiру, сорттау, оларды талдау және бiрiктiру жатады. 2) алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін берiлген мәлiметтердi (бiр ережеге жинастырылғын нұсқаулар бойынша) түрлендiру әдiсi.

Ақпаратты өңдеу жүйесi (Система обработки информации; information processing system) ақпаратты автоматты түрде өңдеудің аппараттық бағдарламалық құралдары мен әдiстерiнің жиынтығы.

Ақпаратты сақтау және iздестiру (Сохранение и поиск информации; information storage and retrieval) ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында жүзеге асырылатыннегiзгi операциялардың бiрi.

Ақпаратты сақтау құрылғысы, жинақтағыш – Устройство хранения информации, накопитель (Storage device) – сіз файлдарды сақтайтын құрылғы, мысалы, қатқыл дискі, жинақы дискі, таспалық пен оптикалық жетектер.

Ақпаратты тасуыш (Носитель информации; data medium) – өзiне белгiлi бiр тәсiлмен енгiзiлген кодтаулы ақпаратты Ұзақ уақыт сақтауға қабiлеттi физикалық дене. Оған магниттiк таспалар, карталар, дискiлер және т.б. жатады.

Ақпаратты ұсынудың екiлiк формасы (Двоичная форма представления информации) – кез келген мәлiметтердi (ақпараттарды) тек екi символдың – 0 және 1 тiзбегi арқылы бейнелеу түрi (коды).

Ақпаратты шығарып оқу (Считывание информации) – қандай болса да ақпарат тасуышта жазылған ақпаратты оқу (шығарып алу). Ақпарат тасуыштың типiне және сақтау принципiне байланысты ақпаратты шығарып оқуды ақпарат тасуышты алғашқы қалып-күйге келтiру арқылы немесе өзгерiссiз-ақ iске асыруға болады. Ақпаратты шығарып оқудың бiрiншi тәсiлiнде ақпарат жойылады да, қайта шығарып оқу үшін оны алғашқы қалпына келтiру қажет. Ал ақпаратты шығарып оқудың екiншi тәсiлiнде ақпарат сақталынады. Ақпараты жойылмайтын шығарып оқуды барлық ақпарат тасуышқа қолдануға болмайтындықтан, арнайы жинақтағышты (мыс., магниттiк таспаны немесе дискiнi, биакстарды, трансфлюксорларды) пайдалану талап етiледi.

Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.

Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.

Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – спра­воч­ная система; inguiry system) айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұты­ну­шыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

Ақпараттық база (Информационная база; information base)– автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылғанжәне бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.

Ақпараттық байт (Информационный байт; information dyte) – ақпараты бар байт. Бұл байттардың толтырушы байттардан ерекшелiгi ақпаратты алып келедi.

Ақпараттық банк (Информационный банк; information bank) – ақпаратты өңдеу мен сақтау мүмкіндiгiн жасақтайтын ақпарат, техника, бағдарлама, тiл және Ұйымдастыру құралдарының кешенi.

Ақпараттық бит (Информационный бит; data bit) мәлiметтер битi, ақпарат әкелетiн бит (толтырушы биттен ерекшелiгi).

Ақпараттық бума (Информационный пакет; information batch) – есептеу желiлерiнде – мәлiметтердi басқару бағдарламасымен берiлетiн ақпарат жиымынан тұратын бума.

.

Ақпараттық желi (Информационная линия; information line) компьютер­дің енгiзу-шығару тұрақты интерфейсiнде – мәлiметтердi арнадан сыртқы құ­рыл­­ғыларды бас­­­қару құрылғысына және одан арнаға жеткiзуге арналған желi түрi.

Ақпараттық желі – Информационная сеть – мәліметтерді өңдеуге, сақтау мен жеткізуге арналған желі.

Ақпараттық жиым (Информационный массив; information array) – сақтауыш құрылғыда сақталатын мәлiметтер жиынтығы.

Ақпараттық жүйе (Информационная система; information system) – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға жеткiзу үшін пайдаланылатын құралдардың, әдiстердің және адамдардың өзара байланысты жиынтығы.

Ақпараттық қауіпсіздікИнформационная безопасность – қорғалатын ақпараттың үш негізгі қасиетін: құпиялығын, тұтастығын, дайындығын сақтау мақсатында ақпаратқа қатынас құру мен қызметтік биліктерін шектеуді қамтамасыз ететін жүйелік қызмет.

Аудио-пошта – Аудио-почта – аудио-сигналдарды цифрлық таңбаға және керісінше түрлендіретін, телефон бойынша дауыстап ақпарат алмасатын, әрі оларды цифрлық түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы құрылғы.

АутентификацияАuthentication – пайдаланушының өзі екендігін және оның жұмыс істеуге заңдылығын анықтайтын қорғау құралы.

Ашық білім беру – Открытое образование – оның білімдік цензасы мен кезеңдік регламентациясын және жеке курсты оқып білудің ұзақтығын, білімдерді формальды ету негізінде дамитын бағдарламаларды, оларды қашықтықтан оқытудың ақпараттық және педагогикалық технологияларын жеткізу мен тексеруді талдамастан, кез келген ықылас білдірушінің қолы жететін білім алудың иикемді жүйесі.

Бағдарлағыш – Маршрутизатор (Router) – әр түрлі желілерді қосатын және желідегі компьютерлердің арасында ақпаратты бағыттайтын немесе бағдарлайтын желілік жабдық.

БағдарламаПрограмма – командалардың реттелген тізбектілігі.

Бағдарламалық жасақтамаПрограммное обеспечение – компьютермен жұмыс істеуде пайдаланылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың (мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.

Бағдарламалық жасақтаманың жиыныКонфигурация программного обеспечения – компьютерлік жүйенің бағдарламалық жасақтамаларының құрамы.

Бағдарламаны баптауОтладка программы – дайын бағдарламадағы қателіктерді анықтау (тестілеу), іздеу (оңашалау) және жою процесі.

Бағдарламаны дисассембрлеуДисассемблирование программы – арнайы бағдарламаның – дисассемблердің көмегімен ассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтін бағдарламаныңмашиналық кодын ұсыну операциясы.

Байланыс – Связь– ақпаратты және пошта жөнелтулерін қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру, жеткізу және тарату.

Байланыс желісін бөлу – Выделенные сети связи– ортақ пайдаланылатын, телеқатынас желісіне шыға алмайтын жеке және заңды тұлғалардың желісі, пайдаланушыларды осы желінің иесі анықтайды.

Байт – 8 бит. Электрондық жатты өлшеудің ең аз бірлігі ретінде де қарастырылдады.

Бақылау – Контроль – объектінің бір немесе бірнеше сипаттамасына өлшеулер, сараптамалар, сынаулар немесе бағалаулар жүргізуді қамтитын іс-әрекет және әрбір осы сипаттамалар бойынша сәйкестікке қол жеткен-жетпенгендігін анықтау үшін алынған нәтижелерді тағайындалған талаптармен салыстыру. Ескерту: Анықтама стандарттағы сапаға қолданылады.

Бақылаушы орган (сертификатау үшін) – Контролирующий орган (для сертификации) сертификат бойынша инспекциялайтын қызмет органының нұсқауымен жүзеге асырылатын орган.

Бас менюГлавное меню – операциялық жүйенің қосымшалары мен қызметтік іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 95/98 операциялық жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында шертіп шақырылады.

Бит – «Иә» немесе «Жоқ» логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1 екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.

Блок-схема – алгоритмді графикалық ұсыну тәсілі.

Бот (Bot) – сондай-ақ «өрмекші» (spider) ретінде белгілі. «Өрмекшінің» анықтамасын қараңыздар.

Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен қорғауғу арналған бағдарламалық және/немесе аппараттық жасақтама.

Браузер – web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық жасақтама.

Браузер – алыстағы Интернет серверлерінде орналасқан веб-беттерді пайдаланушылардың компьютерінде бейнелеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша. Ең танымал және кең пайдаланылатын браузерлер – Internet Explorer (IE) және Netscape.

Броузер – Интернетке қосылған, WWW-ның бай ресурсына қатынауды қамтамасыз ететін компьютердегі бағдарлама (бағдарламалық жасақтама).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW) – гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW) – гиперсілтеме тұжырымдамасын іске асыратын және HTTP (Hypertext Transport Protocol) гипермәтінін жеткізу хаттамасының басқаруымен жұмыс істейтін Интернет құраушысы (компоненті).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW)Всемирная паутина – сөзбе сөз: бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор), қысқаша – Web – гипермәтін қағидасына негізделген және мүмкін болатын барлық мультимедиалық ресурстарды (бейне-, аудио, графикалық және т.б.) пайдалана отырып ақпаратты ұсынуға қабілетті қатынастық жүйе.

Бүкіләлемдік Өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина (World Wide Web, WWW) – веб-браузермен қарап шығуға арналған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ ол «Өрмек» немесе «веб» атауымен де белгілі.

Виртуальдық шындық – Виртуальная реальность – өзекті, оқиғалы шындық, уақыттың осы сәтінде шынайы түрде маңызды болып саналатын болмыстың қатпары.

Вирус – «көбеюге» және басқа бағларламаларға «жұғуға» қабілетті арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол «жұққан» дискет немесе «жұққан» файл арқылы пайдаланушының рұқсатынсыз компьютерге кіре алады. Вирустардың көпшілігі салмақты зиян келтіруге қабілетті: бағдарламаның жұмыс істеуін баяулатады, мәліметтерді жояды немесе операциялық жүйені істен шығарады.

Вирус (Virus) – өзін көшірмелейтін және компьютерлер мен желілердің жұмыс істеуін бұзатын шағын бағдарлама.

ГипермәтінHypertextгипертекст – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.

ГипермәтінГипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.

Гипермәтін – Гипертекст – гиперсілтеме көмегімен сондай етіп құрылған мәтін, ол бір мезгілде мәтіндердің мағыналық бірлігі мен жиынын құра отырып, мәтіндердің иерархиялық жүйесіне айналады.

Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – әр түрлі веб-беттердегі немесе тіпті гиперсілтемелер көмегіменәр түрлі сайттардағыақпараттарды байланыстыру тәсілі.

Гипермәтін – Гипертекст (hypertext) – өзара сілтемелермен (гиперсілтемелермен) байланысқан веб-беттердің жүйесі, сілтемелердің арқасында бір беттен басқа кез келген бетке немесе беттің бір орнынан екінші орнына орын ауыстыруға болады. Сілмемелер сөздерді де, графикалық объектілерді де байланыстыра алады. Гипермәтін «қағаздық» беттердің тізбектей байланысқан жинағы ретіндегі оқулық туралы дәстүрлі түсінікті өзгертеді.

Динамиқалық IP адрес – Динамический IP адрес (Dynamic IP address) – компьютер желіге кірген кезде онлайн сессиясы уақытында әрқашанда тағайындалатын IP адрес.

Дисассемблерассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтінбағдарламаның машиналық коды болып табылатынқызметтік бағдарлама. Бағдарламаның машиналық кодын баптау және қарап шығу үшін, сондай-ақ жұмыс сітейтін бағдарламаның кодына өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін қолданылады.

Дискіні сығымдауСжатие диска – дискіге жазылатын ақпаратты нығыздау. Көлем бірлігіне үлкен ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Дискіні сығымдау кезінде сығымдалған томның арнайы файлы жасалады да келешкете барлық ақпарат оған буып түйілген түрде жазылады. Ақпаратты буып түю және ашуды арнайы драйвер басқарады. Windows 98 операциялық жүйесінде қатқыл дискіні сығымдау тек FAT 1б файлдық жүйесін пайдаланған кезде ғана мүмкін болады.

Дискіні форматтауФорматирование диска – дискіге ентаңба салу және оған қызметтік ақпаратты жазу. Дискіге мәліметтер жазуға оны дайындаудың қажетті кезеңі болып саналады.

Дистрибутивтік жинақДистрибутивный комплектжинақы-дискілер мен иілгіш дискілер жинағы түрінде жеткізілетін және компьютерге қосымшаларды орнату үшін арналған бастапқы бағдарламалық қапшық.

Дихотомикалық тестілік тапсырмалар – Тестовые задания дихотомические – тестіде дұрыс орындалған кезде 1-балмен, дұрыс орындалмаған кезде 0-балмен бағаланатын тапсырмалар.

ДоменDomain – Интернет-тің ең ірі құрылымдық бірлігі. Әдетте бұл ел немесе басқа үлкен құрылым (мысалы, үкіметтік немесе коммерциялық). Интернетте компьютерлер тобын ұйымдастыруға домендер иерархиясының көмегімен домендер атауының қызметі – DNS мүмкіндік береді.

Домендер атауының жүйесі – DNS (Domain Name System) - система имен доменов -Internet-те пайдаланылатын атаудың үлестірілген қызметі. Мысалы, ftp.novell.de – бұл Novell-дің барлық өніміне бағдарламалық түзетуі бар Алманиядағы Novell серверінің атауы.

Домендік атау (Доменное имя (Domain name)): веб-сайттың барлық ақпараты бар болатын сервердің атауы, мысалы, microsoft.com.

Домендік атаулардың сервері – Сервер доменных имен (Domain Name Server, DNS) – IP адресті домендік атқа және керісінше түрлендіретін сервер.

Доменнің атауыDomain nameимя домена – доменнің өзін және ұйымның бірегей атын қамтитын домендік атаудың толық адресі, мысалы, ssau.ru.

Драйвербағдарламалар мен қосымшалардың жабдықтармен, мысалы, бейнеадаптермен, өзара әрекетін басқаратын қосалқы бағдарлама.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS, Basic Input-Output System) – Базовые системы ввода-вывода – әдетте компьютердің тұрақты жадына жалылған бағдарламалар тобы. Программы BIOS бағдарламасы компьютердің бастапқы жүктелуін және кейбір стандарттық құрылғылармен өзара әрекетін басқару үшін арналған.

Контент: Ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа жән басқа ақпараттық мәнді толтыру.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – білім беру қызметтерінің кешені, білім беру бағасын растап Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын педагогикалық жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде өзіне күндізгі, сыртқы және кешкі оқу элементтерін қамтып үйлестіретін ерекше жетілдірілген форма. Телекоммуникациялар мен электрондық басылымдардың қазіргі заманғы құралдары дәстүрлі оқыту формаларының барлық беделін сақтай отырып, олардың кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта Қашықтықтан білім беру туралы емес, ашық білім беру немесе Қашықтықтан ашық білім беру туралы айту қабылданған.

Қорғалмаған жұп өрім – Незащищенная витая пара (Unshielded Twisted Pair, UTP) – қазіргі уақыттағы ең арзан кәбіл, ешқандай қорғанышсыз бір немесе көбірек мыс өткізгіштердің жұбынан жасалған.

Қоржын – Корзина – жойылған объектілерді уақытша сақтау үшін арналған Windows 95/98 жүйесінің арнайы қапшығы.

Қосымша бағдарлама – Приложение – нақты операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерге арналған бағдарлама.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттамаTCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол – бұл Интернет желісіне негізделген стандарттық хаттама. Жергілікті немесе ауқымды желілердеақпарат бумасын бағыттау үшінUNIX жүйелері үнсіз келісім бойынша қолданады.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттамаTCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол – сервер мен клиенттің арасын және Интернетте пайдаланылатын мәліметтерді жеткізуді басқару (TCP) мен желілік қосылулар (IP) жүйесінің хаттамасын қосуды орнататын хаттама қисыны.

Мәліметтерді/Желіаралық (Интернет) хаттаманы жеткізуді басқаратын хаттама – Протокол управления передачей данных/Межсетевой (Интернет) протокол (Transmission Control Protocol/Internet Protocol, TCP/IP) – барлық Интернет бойынша ақпаратты жөнелту мен алуды қамтамасыз ететін хаттама немесе ережелер жинағы.

Мобильділік (тасымалданушылық, өзара ауыстырушылық) – Мобильность (переносимость, взаимозаменяемость) – аппараттық платформаларды жаңарту немесе алмастыру кезінде бағдарламаларды, мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін және мамандардың, оларды қайта дайындамастан, осы жүйеге немесе жүйенің аппараттық платформасына өзгертулер енгізу кезінде олармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық жүйенің қасиеті

Модель – оқып білетін объектінің сипаты мен іс-әрекетін имитациялауды қамтамасыз ететін бағдарлама немес құрылғы.

МұрағаттауАрхивация – қатқыл дискіден сыртқы ауысымды тасуыштарда мәліметтердің резервтік көшірмесін әзірлеу қатқыл дискі істен шыққан немесе мәлімет бүлінген жағдайда ақпаратты қорғау үшін қажет.

Нақты параметрлерФактические параметры – ішкі бағдарламаны шақыру кезінде формальды параметрлердің орнына қойылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері.

Он-лайн – модем арқылы немесе бөлінген желі арқылы қосылатын жалғастырушы көмегімен желіге тікелей қосылу кезінде Интернетте жұмыс істеудің режімі.

Порт (Port) – компьютерге шеткері жабдықтарды қосу үшін арналған логикалық аппараттық құрылғы.

Портал – адамдарға бір бірімен өзара әрекеттесу, өз мүдделеріне сәйкес ақпараттық ресурстарды табу мен пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрамдас дербес интерфейсі бар WWW-жүйе.

Процедуралар кітапханасыБиблиотека процедуробъектілік кодта жазылған процедуралар (бағдарламалар) қапшығы. Компиляция нәтижесінде алынған объектілік кодтан бағдарламаның орындалатын кодын дайындау кезеңінде байланыстар редакторы пайдаланады.

Процесс – қандайда бір нәтижеге қол жеткізуге арналған тізбекті әрекеттердің жиынтығы; қалып күйлердің, даму кезеңдерінің тізбекті ауысуы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1717 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2261 - | 2183 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.018 с.