Лекции.Орг
 

Категории:


Желілік адрестеу. ІР-адрестердің типтері.



Динамикалық IP адрес дегеніміз не? Статикалық емес және кез келген уақытта ауыса алатын IPадрес. Жоғарыда айтылып кеткендей сізге IP адрес сізге қолжетімді IP адрестер желісінен беріледі. Сіз IP адресті оның регионы үшін үлестірілген провайдер диапазонынан аласыз. Көптеген жеке клиенттерде тұрақты IP адрес жоқ.
Статикалық IP адрес дегеніміз не? Динамикалық IP адреске қарағанда тұрақты және кез келген уақытта өзгермейтін адресті айтамыз.

 

IP v4 адрестері: Желіде компьютерлерді байланыстыру үшін IP хаттамасының қазіргі таңда ең таралған түрі болып таылады. Бірақ Интернетке қолжетімді болу үшін өз компьютерлеріне IP адрес алатын қолданушылардың үлкен санынан IPv4 адрестер саны таусылып барады.

4 буынды IP адрес 4,294,967,296
IP v5 адрестер: Бұл - UNIX жүйесі үшін сынақты IP хаттама. UNIX стандарттарына сәйкес тақ нөмірлі барлық түрлері сынақты деп аналады. Бұл хаттама қарапайым қолданыста қолданылмайды, сондықтан интернетте оны кездестірмейміз.
IP v6 адрестері: IPv4-дің орнын басатын жаңа хаттама. Ондағы IP адрестер былай жазылуға ұсынылады: IPv6 450,126,894,224,682,463,423,374,607,491,368,241,856 немесе 4^256. Ағымдағы стандарт мындай: 192.168.122.122

IP хаттамасы

Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) –гете­рогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркә­сіп­тік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер ара­сын­дағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік - TCP/IP хатта­ма­лар стегінің ең маңызды артықшылықгарыньщ бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Ин­тернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркә­сіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табыла­ды. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасын­да, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік ар­хитектурасына сәйкес келеді.

Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдең­гей­лі үлгіге жатады.

IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қа­былдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блок­тарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қам­тамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылма­ған. IP хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. IP -дің негізгі мақсаты -дейгграммаларды ба­ғыгтау (дейтграммалардьщ түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).

Анықтама. Желі түйіні -IP хаттамасын қолдайтын желі­ге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше ІР-интерфей­сі, әрбір интерфейстің ерекше ІР-адресі бар.

Анықтама. ІР-адрес - Интернеттегі ІР-интерфейстің 32 бит­ті ерекше идентификатороры. ІР-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.

IP адрестің форматтары

Екілік Ондық
10100000.01010001.00000101.10000011 160.81.5.131

Интернеттегі әрбір IP адрес немесе интражелі оның 1000 весе 1000 000 түйіні болғанына қарамастан, қайталанбайтын ерекше болуы тиіс. Егер сіздің компанияңыз ТСР/ІР-ді қол­дануға икемделген және Интернетке қосылмаған болса, онда IP адрестердің кеңістігінен қайталанбаітын адрестерді тағайын­дау және қолдану үлкен проблема тудырмайды. Сіз адрестердің кеңістігінен өзіңіздің қажетіңізді қанағаттандыратын адрестерді таңдауыңызға болады. Бірақ, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, сіз таңдаған IP адресті тағы біреудің қолданбайтынына көз жеткізу қиынға түседі.

OSI үлгісі       TCP/IP үлгісі  
Қосымшалар деңгейі Көрсету деңгейі Сеанс деңгейі     Windows сокеттері NetBIOS Қосымшалар деңгейі  
  TCP/IP негізіндегі NetBIOS    
TDI интерфейсы    
Транспорттық деңгей TCP UDP Транспорттық деғгей  
ICMP   ARP  
Желілік деңгей IGMP IP RARP Желіаралық  
NDIS интерфейсы деңгей  
Арналық деңгей   Ethernet   FDDI Желілік карталар драйверлері PPP    
Кадрларды трансля- циялау Желілік интерфейс деңгейі  
Физикалық деңгей  
Желілік адаптерлер  

OSI үлгісі мен төртдеңгейлі TCP/IP үлгісінің сәйкестігі. Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP

 

Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға Inter­NIC (Internet Information Centre - Интернеттің желілік ақпарат­тық орталығы) жауап береді. Интернетте барлық желілік адрес­терді тағайындауға бір ғана топ жауап беретіндіктен, ондағы адрестердің қайталанбауын қадағалау қиынға түспейді. Бірақ InterNIC Интернеттегі әрбір адресті қарап отырмайды. Оның орнына ұйымға InterNIC берілген бағыныңқы желіге қажетті түйіндерді құратын желілік идентификаторды бөледі. Үйым өзі­нің багыныңқы желісіне ыңғайлы желілік идентификаторды орната алады.





Дата добавления: 2017-02-11; просмотров: 1940 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.