Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Арналымы және қолдану саласы




Осы нұсқаулық Компанияның 5П жүйесінің негізгі қағидаларын тізімдейді, 5П жүйесі құжаттарының жүргізу тәртібі мен үлгілерін регламенттейді.

Осы нұсқаулық СТ-15 корпоративтік стандарты нормативтік базасының бөлігі болып табылады және Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолданылуға міндетті.

Негізгі қағидалар

5П жүйесі – әр жұмысшының орындап, өзінің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бес іс-әрекет:

1-тармақ. Жұмысқа дайындығыңызды тексеріңіз.

2-тармақ. Жұмыс орнына келу жағдайын текеріңіз.

3-тармақ. Жұмыс орнының жағдайын тексеріңіз.

4-тармақ. Жұмыстың дұрыс орындалуын тексеріңіз.

5-тармақ. Ауытқуларды жою мен қауіпсіздік деңгейін арттыру шараларын қолданыңыз.

5П мақсаттары:

1. Міндетті түрде қауіпсіздік элементтерін бағалауға уақыт бөлуге тиісті кезеңдер (қадамдар) туралы жұмысшының есіне салу. 5П-ның әр тармағы мынаны білдіреді: бірнеше секундқа тоқтал, жан-жағыңа қара, ойлан, қауіптер мен тәуекелдерді бағала, өз әрекеттеріңнің жоспарын түзе.

2. Компанияның барлық қызметкерлерін үнемі қауіпсіздікті арттыру үдерісіне қатыстыру. Осы мақсатта, жүйе әр жұмысшыны өзінің ескертулері мен ұсыныстарын белгілі бір қағаздағы немесе электрондық құжатта тіркеу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді

3. Әр жұмысшының қауіпсіздік мәселесіне қалай қарайтындығын. Ол үшін, жүйе жазбалардың сақталуын және сараптамалық өңделуін қамтамасыз етеді.

4. Қауіптер мен тәуекелдерді неғұрлым тез жою, осы уақыттағы және болашақта туындау себептерін жою. Осы мақсатта, ақпарат үнемі 5П жүйесінен АБ ИЖ-ге келіп түсіп отырады.

5П жүйесі мынадай құжат түрлерімен қамтамасыз етіледі:

5П жүйесін қолдау үшінмыналар пайдаланылады:

а) 5П жүйесінің Қауіпсіздік парағы (әрі қарай - Парақ) түріндегі күн сайынғы (ауысым сайынғы) үлгісі, А және Б қосымшаларын қараңыз.

Парақ әр жұмысшыға немесе жұмыс буынына[1] ауысым басталар алдында беріледі. Парақты жұмысшы, мастер толтырады;

ә) Мастердің ауысым кезінде анықталған ауытқулармен жұмыс жасауға арналған күн сайынғы (ауысым сайынғы) қағаздағы бланкісі (әрі қарай - Бланк). Мастердің өткен ауысым қорытындылары бойынша анықталған және шешілмеген ауытқулар туралы АБ ИЖ-дегі электрондық үлгісі (әрі қарай – Электрондық үлгі)

Бұл құжаттарда басқа арнаулы үлгілерде, құжаттарда, жүйелерде тіркелмейтін кез келген ауытқулар тіркеледі.

Жұмыс нәтижелерін 5П жүйесінде көрсету үшін АБ ИЖ-дің мына құжаттары қолданылады:

б) бөлімшедегі (учаскедегі, кеніштегі, өнеркәсіп кешеніндегі, еншілес кәсіпорындағы) ауытқулар туралы күн сайынғы есеп. Электрондық түрінде АБ ИЖ-ден автоматты түрдегі сұраным бойынша жасалады және электрондық пошта арқылы хабарламалар түрінде таратылады;

в) бөлімшенің ауытқулар туралы кезеңдік есебі. Презентациялар түрінде жасалады және оны бөлімшелер өз қызметінің нәтижелері туралы ай сайынғы есеп берудің құрамында ұсынады.

Жұмысшының күн сайынғы 5П үлгісі – Қауіпсіздік парағы.

Парақ жұмысшының ауысым барысындағы басты құжаты болып табылады, ол қауіпсіздік тармақтары, ауытқулар туралы еске салуға, қабылданған шараларды көрсетуге, ұсыныстар енгізуге арналған.

Парақ бекітілген макет бойынша басып шығарылады. Макетті Үйлестіруші келісіп, бөлімше директоры бекітеді. Парақтар Компанияның әр бөлімшесінде әр түрлі болуы мүмкін, алайда оның негізіне А және Б қосымшаларының үлгісі алынады.

1-тармақ.Жұмысқа дайындығыңызды тексеріңіз.

Жұмыс бөлу кезінде жұмысшы жұмысты орындау тапсырмасын, аса қауіпті жұмыстардың нұсқаулығын алып, тапсырманың өзіне түсінікті екендігіне сенімді болуы керек. Арнаулы киімдер мен ЖҚҚ-ның жағдайын, жинақтың толық болуын, өлшемін, атқарылатын жұмысқа сәйкестілігін тексеруі қажет.

Егер жұмысшының сұрақтары мен ескертпелері болмаса, ол «Жұмысқа дайындығыңызды тексеріңіз» тармағында «+» белгісін қояды және жұмыс орнына барады.

Егер жұмысшының сұрақтары мен ескертпелері болса, оларды Парақтың арғы бетіне тіркеп, мастерге хабарлауға міндетті.

Мастер жұмысшының ескертпелерін жойып, түсініксіз мәселелерді талқылайды, содан кейін минус плюсқа жөнделеді.

Егер мастер ескертпелерді жедел жөндей алмаса, өз Блакісінде ол туралы жазба қалдырады.

Жұмысқа ескертпелерді түзеткен жағдайда ғана кірісуге болады.

Ескертпелер түзетілмеген жағдайда жұмысқа кірісуге СІЗДІҢ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ ЖОҚ!

2-тармақ. Жұмыс орнына келу жағдайын тексеріңіз.

Жұмыс орнына бара жатқан жолда жұмысшы жұмыс орнына келу жағдайының қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуын тексереді. Жарықтандыруға, жаяу жүргінші жолдарының жағдайына, құбыр желілеріне, қорғаныс қоршауына, апаттық қорғаныс құралдарына жете назар аударған жөн.

Жұмысшы өздігінен жоя алатын және жоюға құқығы бар барлық ауытқуларды жояды.

Егер ауытқулар байқалмаса, «Жұмыс орнына келу жағдайын тексеріңіз» тармағында түсініктеме берусіз «+» белгісі қойылады.

Егер жұмысшы ауытқуларды жойған болса, «+» белгісі қойылып, Парақтың арғы бетінде қандай әрекеттерді жасау керек болғандығы туралы жазба қалдырылады.

Егер жұмысшы ауытқуды байқаса, бірақ оны өзі жоя алмаса, «-» белгісін қойып, ескертпелерді Парақтың арғы бетінде көрсетуі қажет. Әрі қарайғы қозғалыс мүмкіндігі және жұмысшының іс-әрекеттері ҚТ және ЕҚ ережелерінде көрсетіледі.

3-тармақ. Жұмыс орнының жағдайының тексеріңіз.

Жұмысшы жұмыс орнының жағдайын (жұмыс орнындағы тәртіпті, жабдықтар мен аспаптардың жағдайын, апаттық және ұжымдық қорғаныс құралдарының болуын және олардың жағдайын, желдетуді және т.б.) бағалап, Парақта тиісінше белгі жасайды.

Ауытқулар болмаса, Парақтың бергі бетінде «Жұмыс орнының жағдайын тексеріңіз» тармағында түсініктеме берусіз «+» белгісі қойылады. Жұмысқа кірісуге болады.

Егер ауытқулар болса әрі оларды жұмысшы жойған болса, парақтың арғы бетінде «+» белгісі қойылып, нақты қандай әрекеттерді жасағандығы туралы жазба қалдырылады.

Егер ауытқулар болса және жұмысшы жұмыс орнын өздігінен жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес жағдайға келтіре алмаса, ол, жұмысқа кіріспей тұрып (!) «-» белгісін қойып, ескертпелерді Парақтың арғы бетіне жазып, мастерге жедел түрде хабарлайды.

Егер ескерпелерді мастермен бірігіп түзеткен болса, «-» белгісі «+»-ке түзетіліп, Парақтың арғы бетінде нақты қандай әрекеттер жасалғандығы туралы жазба қалдырылады.

4-тармақ. Жұмыстардың дұрыс орындалуын тексеріңіз.

Мастер жұмыс орнына келген кезде жұмыстардың дұрыс орындалуын қадағалап, белгілі бір уақыттағы жұмысшы әрекеттерін бақылайды.

Егер жұмысшы барлығын дұрыс жасаса, ескертпелер болмаса, мастер 5-тармаққа кіріседі.

Жұмысшы әрекетінде қауіпсіздік техникасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мастер жұмысшыға оның қандай әрекеттерді қате жасағанын және ол қателіктердің салдарын түсіндіреді. Мастер жұмысшыға қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін көрсетуге тиіс.

Жүргізілген нұсқаманың қорытындысы бойынша мастер мынадай шешімдерді қабылдай алады:

- жұмысшыны әрі қарайғы жұмысқа жібереді (Парақтың арғы бетінде жүргізілген нұсқама туралы түсініктеме беріліп, «+» белгісі қойылады);

- жүргізілген нұсқамаға қосымша жұмысшыға тәлімгер (буын жетекшісі, бригада жетекшісі) тарапынан бақылау ағайындап, жұмысқа жібереді (жүргізілген нұсқама және тағайындалған бақылаушы туралы түсініктеме беріліп, «+» белгісі қойылады);

- егер мастер жоғарыда көрсетілген шаралардың қабылдануынан ендігәрі ауытқулардың болмайтындығына сенімді болмаса жұмысшыны жұмыстан босатады («-» белгісі қойылады).

Сонымен қатар, жұмысшының іс-қимылы немесе сыртқы түрі оның денсаулық жағдайына байланысты күмән тудырса немесе арнаулы киімнің, ЖЖҚ-ның, ұжымдық қорғаныс құралдарының, жұмыс орнының жағдайында нақты қауіпті көрсе, мастер жұмысшыны жұмыстан босатуға және барабар дұрыс шаралар қолдануға міндетті.

Мастер қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзушылықты анықтаған жағдайда, оларды Парақтың арғы бетінде көрсетеді.

5-тармақ. Ауытқыларды жою мен қауіпсіздік деңгейін арттыру шараларын қолданыңыз.

Ұсынылатын әрекеттер тәртібі:

1) Жұмысшы мен мастер Жұмысшының қауіпсіздік парағындағы жазбаларды бірігіп сараптайды;

2) Жұмысшы жұмыс орны мен оған келу кезінде дұрыс болмаған жағдайлардың барлығы туралы мастергехабарлайды (2 және 3-тармақтар). Жұмысшы өздігінен жоя алмаған ауытқулар туралы ақпарат береді;

3) мастер өзі жоя алатын ауытқуларды жедел жояды. Егер мастер қауіп төндіретін ауытқуларды жоя алмаса, жұмысты тоқтатып, жоғарғы басшылыққа хабарлайды;

4) мастер жұмысшымен өздігінен және жедел жоя алмаған ауытқулар туралы жазбаларды өз Бланкісіне, олармен әрі қарай жұмыс жасау үшін енгізеді;

5) мастер мен жұмысшы бұзушылықтарды қалай жойып, жұмыс орнының қауіпсіздігін арттырып, еңбек жағдайларын жақсартуға болатыныи талқылайды. Жағдайларды жақсарту туралы бірге әзірленген ұсыныстарды мастер өз Бланкісіне енгізеді.

Егер жұмысшы қауіпсіздік саласындағы мастермен біріккен жұмысқа қызығушылық танытпаса, Паратың арғы бетіне мастер «жұмысшының дұрыс қабылдамауы» белгісін қояды.

Жұмысшының дұрыс қабылдамауы туралы ақпаратты ҚЖҚ және бөлімше бастығы әрі қарайғы барабар дұрыс шараларды әзірлеу үшін талқылап, талдайды. Жұмысшы Парақтың арғы бетін ауысым барысында анықталған ауытқуларды және мастерге (өзге жауапты тұлғаларға) жедел хабарлау қажет болмаған және тіркеу үшін арнайы үлгілер жасалмаған ауытқуларды тіркеу үшін де пайдалана алады.

Мастердің ауытқулармен жұмыс істеуге арналған күн сайынғы үлгісі –Мастердің бланкі (планшет бланкі, блокнот).

Бланкілер әр бөлімшеге жеке әзірленеді, Үйлестіруші келісіп, бөлімше директоры бекітеді.

Мастер бланкісінің мысалы Д және Е қосымшаларында келтірілген.

Бланк мастердің ауысым барысындағы басты құжаты болып табылады, ол ауытқулар туралы еске салуға және оның себептерін анықтау мен жою шараларын қабылдау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Бланкте жұмысшының өзігінен немесе бірден мастермен бірігіп түзетпеген барлық ескертпелері және ауысым барысында мастер анықтаған барлық ескертпелер мен ауытқулар тіркеледі.

Егер мастер ауысым барысында ауытқуларды жойса немесе оларды жоюға белгілі бір қадамдар жасаса, Бланкте атқарылған әрекеттер туралы жазба қалдырады.

Сондай-ақ, Бланкке жағдайды жақсартуға, тәуекел деңгейін төмендетуге бағытталған ұсыныстар тіркеледі, әрі қарай олар бөлімшеде белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін бөлімше бастығына беріледі.

5П құжаттамасының өндіріс ерекшелігіне бейімделуі.

Компания бөлімшелерінде 5П құжаттамасы өндірістің ерекше жағдайларына бейімделеді. Мұндай бейімделудің басты ережесі Главным правилом такой адаптации 5П жүйесінің мақсаттарына қызметкерлер әрекетін неғұрлым жақсы ұйымдастыра отырып жетуге талпыну (осы Нұсқаулықтың §3) болуға тиіс.

Басты талап Қауіпсіздік парағын тау-кен өндірісінде пайдалану болып табылады.

Өзге өндірістерде, мастер мен жұмысшы, нақты осы уақыт режимінде электронды ақпарат құралдарында тіркей отырып, 5П жүйесінде белгіленген әркеттерді орындай алатын жағдайда, қағаздағы Қауіпсіздік парағының орнына электронды есеп ұсынулары мүмкін.

Бір үй-жайда жинақы орнадасқан бөлімшелер үшін бөлек қағаз парақтарды ауыстыра алатын біріккен ауысым журналдары жасалуы мүмкін. Журналдардағы ақпарат Парақтар мен Бланкілердегі ақпаратқа ұқсас болуы қажет. Жазбалар журналға нақты бір уақытта енгізіуге тиіс.

Қажет болған жағдайда бөлімшелерге мазмұны жағынан неғұрлым тереңірек, өндірістің барлық ерекшеліктері (ақпаратты жинау және АБ ИЖ-ге енгізу тәртібі, ақпаратты жинау мен

енгізуге жауапты адамдар, ақпараттың қозғалу каскады және т.б.) көрсетілетін Регламенттер шығаруға болады.

Жұмысшының Қауіпсіздік парағында, сондай-ақ арнайы чек-парақтарда белгілі бір аса қауіпті элементтер немесе жіберілген ауытқулар туралы мәселелерді қозғауға болады. Мұндай жағдайларда басқа барлық ауытқуларды тексеру қажеттілігі туралы еске салу міндетті.

Егер жұмысқа келу орындары (тұрмыстық үй-жай мен цех үй-жайының арасындағы жолдарды қоспағанда) мен жұмыс орнының өзін бөліп қарастыру қиын болып табылып (мысалы, электролиз кезекшілеріне, флотаторларға, кезекші слесарьларға), жұмыс орнын емес, «жұмыс аймағы» мен «қызмет көрсету аймағын» белгілесе, Қауіпсіздік парағының 2,3-тармақтары «Жұмыс кеңістігінің жағдайын тексеріңіз» деген бір тармаққа бірігеді. Мұндау Парақтың мысалы В және Г қосымшаларында келтірілген.

Жүйені бейімдеу үшін әзірленген кез келген құжаттар мен үлгілерді 5П жүйесінің үйлестірушісі келісіп, бөлімше директоры бекітеді.

5П жүйесі ақпаратының АБ ИЖ-де жылжуы.

АБ ИЖ-де жұмыс істеу тәртібі http://qpr.kazzinc.kz/safety/blank.aspx электрондық менжайындағы АБ ИЖ порталының бастапқы бетінде орналасқан И 16-(50-19)-23 – АБ ИЖ-бен жұмыс істеу жөніндегі қолданушы нұсқаулығында регламенттелген.

Ауысым кезінде немесе оның соңында мастер (өзге құзыретті тұлға) АБ ИЖ-де төмендегі ауытқуларды тіркеуге міндетті:

1) енгізілу кезінде өзекті ауытқулар. Өзекті болып жойымаған немесе олардың туындау себептері және/немесе жооғары деңгейде шешім қабылдау үшін, не болмаса өзге құрылымға беру қажет болған ауытқулар саналады;

2) маңыздылығы 1, 2-класқа жататындар. өзектілік деңгейіне байланыссыз ауысым кезінде туындаған ауытқулар;

3) қайталанатын немесе бір-бірімен байланысты ауытқулар;

4) ҚТ ережелерінің, еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысшының дұрыс қабылдамауы.

АБ ИЖ-де ауытқу мастерден бастап, ауытқудың себептері анықталып, оларды жою шаралары әзірленіп, іске асырылатын деңгейге дейін жылжиды.

Күн сайынғы 5П қағаздағы үлгілерін – Парақтарды, Бланкілерді өңдеу.

Қауіпсіздік парағы цехта тағайындалған лауазымды тұлғаға өткізіледі. Әр еңбек бастауыш ұйымына (буынға, ауысымға) Парақтар тігілетін папка басталады. Мастер ауысым аяқталғаннан кейін жойылмаған ауытқуларды қосымша анықтау үшін барлық Парақтарды қарап шығуға тиіс.

Парақтардың сақталу мерзімін әр бөлімше өзі белгілейді, бірақ бұл мерзім 1 айдан кем болмауы керек.

Мастердің бланкі ауытқуды жою тарихын қайта қалпына келтіру мақсатында (қажет болған жағайда) арнайы папкаға тігіліп, сақталады. Бланкілердің сақталу мерзімін әр бөлімше өзі белгілейді, бірақ бұл мерзім 1 айдан кем болмауы керек.

Ауысымды қабылдаушы мастер шешілмеген ауытқулар туралы ақпарат алу үшін алдыңғы ауысым мастерінің Электрондық есебімен міндетті түрде танысуға тиіс.

Жауапкершілік және бақылау.

Бөлімшедегі барлық жүйелердің толық және тиімді қызмет етуіне бөлімше бастығы жауапты болады. Соның ішінде, мыналарды:

- 5П жүйесінің қызмет етуін;

- Құжаттардың 5П жүйесіне, және 5П құжаттарынан (өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инспекторлардың және қоғамдық инспекторлардың құжаттарын қоса алғанда) АБ ИЖ-ге енгізілуін;

- ауыиқуларды басқаруды өзінің жеке жауапкершілігіне алып қадағалайды.

Мұндай көптеген адам факторларының әсеріне байланысты жүйелерді бақылаудың неғұрлым тиімді әдісі ішкі аудит болып табылады. Компания бөлімшелерінде 5П жүйесінің қызмет ету аудиті жоспарлануы және жүргізілуі қажет. Ішкі аудиттерді өткізу тәртібі «Ішкі аудит» СТ-05-те белгіленген. Қажет болған жағдайда, кеңес алу үшін ІАЖДБ-ға баруға болады.

5П жүйесінің өзге қатысушылары.

5П жүйесінің өзге қатысушылары мыналар болып табылады:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары;

- жоғарғы басшылар (завод директоры, заводтың функционалдық бағыттарының басшылары, кешеннің/еншілес кәсіпорынның директоры, функциональные руководители

кешеннің/еншілес кәсіпорынның функционалды басшылары, Компанияның бас мамандары, вице-президенттер);

- функциональды мамандар;

- қоғамдық инспекторлар.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инспекторлардың басты тапсырмаларының бірі бөлімшені тексеру барысында мастерді тәжірибелк оқыту болып табылады. Инспектор мастерге өз учаскесінде жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін, қарамағындағыларды қалай үйретуді, құжаттаманы дұрыс толтыруды көрсетуге тиіс.

Жоғарғы басшылар кезеңдік бақылауды жүзеге асырады (есептерді тыңдайды), аудиттер ұйымдастырады және 5П жүйесінің қызмет етуін сараптайды.

Функционалды мамандар өз бағыттары бойынша 5П жүйесі арқылы анықталған мәселелерді тексеріп, сараптайды және шешеді.

ҚЖҚ мамандары төмендегілерге:

- 5П құжаттарында тіркелген ақпараттың АБ ИЖ-де шынайы және толық көрсетілуін таңдап бақылауға (аптасына 1 реттен сирек емес);

- әрі қарай сараптау мен барабар дұрыс шешімдер қабылдау үшін, ҚТ ережелерін, еңбек және өндіріс қауіпсіздігін бұзушылық, жұмысшының дұрыс қабылдамауы туралы ақпараттың АБ ИЖ-ге енгізілуін қадағалауға басты назар аударады.

Қоғамдық инспекторлар, неғұрлым саналы, жұмысқа деген ықыласы мол, өзіндік тәртіп деңгейі жоғары жұмыскерлер тобы ретінде, жұмыс және тексеріп қарау кездерінде жұмысшыларға (және мастерлерге) қауіптерді таба білу мен жоюды үйретеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 512 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2310 - | 2034 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.