Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Қазмырыш ашық акционерлiк қоғамының тарихы




МАЗМҰНЫ

 

І КІРІСПЕ…............................................................................................................2

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ……..........................................................................................3

1. "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамы ның тарихы…..................................3

2. "Қазмырыш" акционерлiк қоғамының қауіпсіздік техникасы.......................4

2.1Дамушы ұйымның персоналын басқарудың мазмұны мен мағынасы.................................................................................................................8

2.2 Зауыттағы жұмыс барысындағы нұсқаулық. 5П жүйесі...............................9

3. "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының күкірт қышқылы зауыты....................................................................................................................17

3.1 Технологиялық бөлім..........................................................................................18

3.2 Күкіртқышқыл цехы............................................................................................19

3.3?03 абсорбциясы технологиясы..........................................................................22

3.4 «Хальдор Топсе»қондырғысы............................................................................24

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ОСЫМШАЛАР

 

Кіріспе

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 19 мамыр –4 маусым аралығында 18 жұмыс күніне «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамы ның күкірт қышқылы зауытына теориялық білімімді тәжірибе жүзінде толықтыру үшін өндірістік практикаға жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым –өнеркәсіптің құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, шикізаттар мен өнім өндірілуін, технологиядағы қондырғылармен танысу, химиялық технология үрдістерін, экологияға әсерін, сондай-ақ технологияның қалдықсыз өндірілетінін бақылау болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындадым:

—өнеркәсіптегі белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

—кәсіпорын басшыларының, белгіленген құқықтар шегінде, тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

—кәсіпорында белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;

— өнеркәсіптегі болған барлық іс-шараларға қатысу.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

— қондырғылар мен үрдістердің жүргізілуін;

—шикізатты өндіру, өнімнің сапасын анықтау;

—кәсіпорындағы қауіпсіздік шараларын бағдарлау;

—кәсіпорынның технологиясы туралы мәліметтерді қарастыру.

Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамытуралы сипаттадым. Келесі бөлімде өнеркәсіптегі техникалық қауіпсіздік жайлы қарастырдым. Үшінші бөлімде"Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының күкірт қышқылы зауыты жайлы, ондағы аппараттар мен үрдістер жағдайын көрсетіп, химиялық технологиясын ашып көрсеттім. Өндірістік тәжірибе алдағы іскерлік біліктілігіме, болашағыма жол аса түскендей. Сонымен қатар теориялық ілімнен көзбен көріп, қолыңмен істеген іс әлдеқайда өзгерек екенін аңғардым.

 

quot;Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының тарихы

Казцинк – бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш, мыс өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, негізінен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания 1997 жылы Шығыс Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты және Зырян қорғасын комбинаты сияқты ірі-ірі үш түсті металлургия алыбының активтерін біріктіру арқылы құрылды. Барлық үш компанияның негізгі меншік иесі Қазақстан Республикасының үкіметі болды Содан бастап Казцинк акцияларының бақылау пакеті жеке секторға сатылды да Гленкор Интернэшнл компанияның бас инвесторы болды. Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде. Кәсіпорын металды мырыш, тазартылған қорғасын, мыс концентратын, металды кадмий, күкірт қышқылын, электр және жылу энергиясын өндіреді. “Қазмырыш” 50 мердігерлік кәсіпорынды байланыстырып, 25 мың жұмысшы маманға жұмыс беріп отыр.

1996 жылмен салыстырғанда 2000 жылы мырыш өндіру 55%, қорғасын – 136%, мыс – 71%,алтын – 125%, күміс – 418%-ға өсті. Мырыштың жылдық өнімі 240 мың тоннадан асып түсті.Казцинк 2004 жылы ISO 9001:2000 сериялы Жалпыға бірдей Сапа Менеджменті халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын алды, ал 2006 жылы компания құрамына сапа менеджменті, экология, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы кіретін ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттар мен ОНSAS 18000 спецификациясы талаптары интеграцияланған менеджмент жүйесін өндіріске енгізді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 891 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.