Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стр. 220 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты




Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 219

 

Стр. 221

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

«Ең соңғы оғымыз осы» десең де, одан ешқайсысы үрке қоймайды бұлардың. Мен

шындықты жасырғым келмей:

Екі күнге жетеді,— дедім.

Онда, екі жүз грамнан ғана беріңдер. Тым болмаса, үш күнге жететін болсын!—

деді Петр. Ойланып жасалған ұсыныстай кесіп айтты.

Тағы екі күнге сауытымыз асырайды. Сонымен бес күн деңіз! — деді Самед.

Су неше күндік!

Су одан гөрі азырақ...

Су жоқ болса, сексеуілді есіңе ал деген Хожа Насреддин...— деді Самед,—

құлазыған құмды далаға өседі, су көрмей өседі, шыдай береді, өсе береді деген!..

Бұған қарсы айтар жауап жоқтай, жауынгерлер мұны да мақұлдап отыр...

Жауынгерлердің ұсынысынан жаңа бір сұрау есіңе түседі. Мұның аты бірер күн болса да

ұзағырақ өмір сүру ме, бірер күн болса да ұзағырақ соғысу ма?.. Шынында, мұныңның өзі

әшейін сұрау. Шегенше айтсақ, химиялық... Қалай аударсаң да бәрібір, жауынгердің бір

күн артық өмір сүруі — тағы бір күн соғыста болуы деген сөз. Дәл бұл кезде өмір мен

айқастың арасында біз үшін айырма да жоқ!

Біз әр кезде солдатпыз. Соғыс бітіп, автомат мойыныңнан түскеннен кейін де солдатпыз.

«Қайрақты» колхозында ерте тұрып, кеш жатып жүрген кәрі шешем де солдат, еңбек

солдаты. Қазір майданда жүрміз демесек, біз де сол еңбектің солдатымыз. Артық

жасайтын әрбір күн бізге сол үшін ғана керек.

Манадан бұйығып отырған жауынгерлерді қорқыныш басып отырған жоқ. Әркім өмірінің,

алғашқы беттерін ғана ашты. Үлкен бір кітаптың бетін ашты да, сол күйінде тастап,

майданға кетті. Майданнан қайтқан соң, сол ашық қалған беттен бастап қайта оқу керек.

Кітап аты «Жас өмір» болған соң,, оның қызық қуанышы түгел алдымызда — елде, күтіп

жатыр...

Таң ата өзіміздің қайда келіп шыққанымыз да айқындалды. Бір замандарда теңізді жағалай

қатар-қатар салынған қорғандар қазір биік-биік оба-төбе болып қалыпты. Соның орта

тұсындағы біріне келіп біз бекініппіз. Қанаттаса тұрған қорғандардың бәрі де бекініс екені

айқын тұр. Бірақ біздікі ең биігі сияқты.

Түнде біз бұл төбеге дейін ұзақ жүгіріп келген тәрізді едік, енді абайласақ, дәл төтесінен

теңізге дейін бір километрдей-ақ екен. Қорғандардың арасы бұдан кеп алыс.

Теңіз бетінде бір қайық жоқ...— деді Петр, төбеде тұрып қарап.

Осы қорғандардан теңізге дейін алма бағы болғандығы байқалады. Немістер оны кестіріп,

өртетіп жіберген. Отырған қара қарғадай ғана болып, алма ағаштарының сирек-сирек

түбірлері көрінеді. Сұрғылттанып жатқан топырақтың бетіне дүние жаралғалы бір

қылтанақ шықпағандай жап-жалаңаш.

Жау жайлағандай деген осы, а? — деп, Самед бір күрсініп қалды.

Солтүстік жағымызда күңгірт жарқырап бір тұзды көл жатыр.

Стр. 221 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 220

 

Стр. 222

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Шығыс жағымызда көк түтінге оранып бұлдырап Керчь қаласы көрінеді. Бар дүние

жансыз да ажарсыз. Күнгей беттерге тебендей бастаған, мысықтың мұртындай сирек,

тықыр көгалдар көзіңді еріксіз өзіне тартады. Гитлер біздің жерді түгел бір өлі далаға

айналдырам дегенмен тақыр көгалдар жаз шыға келе көк майсаға айналам деп жымың

қаққандай болады.

Лезде біздің қорғанды жау солдаттары қоршап алды. Қорғанның тұс-тұсына топ-топ жаяу

әскерлер келді де, бізде жұмысы жоқтай-ақ, ойнауға кірісті.

Майдан үстінде, жауының иек астында отырып, әскерін ойнатып жүргендерін!—

деп Егор таңданып отыр.

Айналаны дүрбімен бақылап тұрған Мирошник:

Сендер бізге қауіп емессіңдер дегілері келеді,— деді.— Түндегі көп

«батальондарыңның» сыры ашылды, бізді көр де, өзіңе қара демек қой...

Петр үн-түн жоқ пулеметінің аузын жау жаққа бұрып, сығалап-сығалап қояды. Жаудың

осынша жақындағанын көріп отырып, оны ата бастамау біздің әдетімізде болған емес-ті.

Сондықтан бекіністің атыс саңлауларына қатарласа тура қалып, барлық жауынгер: «от!»

деген әмірді күтіп тұр.

Мирошник көзін дүрбіден алмастан ақырын ғана:

Отставить! Олар әуелі біз оқ шығарып, қарасын көрсетсін деп тұр. Шама келгенше

қанша екендігімізді аңғартпауымыз керек. Түсінікті ме?—деді.

Қорғаннан екі жүз метрдей жерден айнала жасалған окоптар басталады екен. Бір емес, екі

қатар. Қазір сол окоптарға жау әскерлері үймелесіп орнап жатыр. Біз болсақ оқ

шығармауымыз керек...

Капитан айналаны бақылап тұрып, басын шайқап қалды. Дүрбінің көзге дәлдейтін винті

бір ілгері, бір кейін тым тез айнала бастады.

Бұл не? Бұл немене? — деп, дүрбісін қорғаннан қорғанға жүгірте тұрып:—Ана

қорғандардың төбесіне қарашы!— деді Мирошник.

Біздің екі жағымыздағы алты төбенің басына да қызыл тулар орнатылып қалған екен!..

Әуелі жүрегім жылынып кеткендей болды. Түндегі дүрбелеңде бізден басқа да бірнеше

бөлімдер жағаға аман шығып, бекініп алған екен деп қалдым.

Андрей Денисович, барлық төбе біздің қолда екен!—дедім.

Әрине, солай болу керек!— десіп жауынгерлердің бәрі де саңлау біткенге қайта

ұмтылды. Енді «ура!» деп қалуға жақын турмыз...

Капитан үндеген жоқ. Етсіз, ұзын саусақтары дүрбінің винтін қатты қысып алып, бұрап

тұрғандықтан тырнақтары қызарып кетіпті.

Алдау!— деді капитан бір кезде.— Мына төбелердің бәрі біздің қолда болса, жау

әскерінің мінезі осындай болатын ба еді! Алдау!..

Онда қызыл туды жау әскерінің өзі көтерген бола ма?— дедім мең әлі де өз

ойлағанымнан айрыла алмай.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2091 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.