Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 207
Стр. 209
Қазақстанның ашық кітапханасы
Сонда да, әлдеқалай болып кетер деген оймен Ақботаға хат жаздым. «Шеген дейтін ең
жақын ағам бар, енді сені біраз күн соған тапсыруға тура келіп тұр» — дедім. Мұным,
әрине, әлдеқайда аттанғалы жатқанымызды аңғарту еді. Екінші хатты Шегенге жазып,
бірінші рет бар сырымды айтып «Ақбөкенді Ақиыққа тапсырдым» дедім... Енді біріне-
бірінің адресін жазып жіберуім-ақ қалды.
Ақботаның адресін Шегенге жазып болып, енді пилотканың қайырмасында жүрген
Шегеннің адресін ашып қалғанымда, дәл алдымнан найзағай жарқ етіп қалғандай болды...
Екеуінің адресі де бір екен!.. Майдан почтасына қойылатын төрт цифрдың төртеуі де
бірдей! Тек; цифрдан кейін қойылатын әріп қана басқа — бірінікі «Д», бірінікі «А»...
Соғыс қай бөлімде, дәл қай жерде екенін де айтуға тыйым салып қойған еді. Мен
Ақботаға өз жайымды аңғарта жазсам да, Ақбота ол жағына берік болатын. Осы күнге
дейін майданда не істеп жүргенің қай жерде екенін аңғартқан емес-ті. Енді, міне, дәл
аттанарда ғана қақ қасымнан даусын естіп қалғандаймын...
«Жел мен бұлт, дауыл мен боран оқуын» оқыған адам әуе әскерлерінің ішінде болатынын
бұл күнге дейін ойламаппын да!.. Ол ойыма ерте түссе, Шегенге тапсырар едім де, ендігі
кездескен де болар едік...
Бірінші тоқсанның жоспары жарты ай бұрын жиырма үш процент артығымен
орындалыпты!—деді Вася, кенет маған бұрылып...
—
Жиырма үш?.. Немене жиырма үш? — дедім мен ара алмай қалып.— Қай
майданды айтасың?..
—
Немене жиырма үш?!.. Сен немене, аспаннан түсіп отырмысың? Аспанға кетіп бара
жатқан бетің бе еді? Бірінші тоқсанның жоспары болат та!..
—
Бірінші тоқсанның?..
—
Иә, бірінші тоқсанның! Екіншіге әлі кірмегенімізді білетін шығарсың... Бүгін
марттың жиырма сегізі болар,— деді Вася, маған ұрса сөйлеп.
—
Вася, айналайын деп жүрейін, ашығырақ айтшы...
Вася енді тұрып қасыма келіп, аузын құлағыма тосып:
—
Қарағанды бірінші тоқсанның жоспарын жарты ай бұрын жиырма үш процент
артығымен орындапты. Түсінікті ме? —деді.
—
Е, түсіндім, түсіндім... Жеңістерің құтты болсын, баянды болсын, жолдас
Қарағандының уәкілі!..— дедім мен.
Вася шынымен-ақ «рахмет!» деп қалды... Ол өзін майданда жүргенде де Қарағандының
адамымын деп есептеп кеткендіктен менің құттықтауымды қалжыңға санаған жоқ. Қайта,
жоспар артығымен орындалыпты дегеніне бірден түсіне қоймағаныма жәбірленіп қалған
сияқты...
Менің ойым тап сол сәтте басқа жақта отырғаны да рас еді. Екі-ақ сағат уақыт берілсе, он
километрдей ғана жердегі Шегенге барып қайтқым келіп отырғамын... Шегенге емес,
Ақботаға, әрине....
Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 208
Стр. 210
Қазақстанның ашық кітапханасы
Сол екі арада аттаныс белгісі беріліп қалды да, қазір, міне қайық күтіп жағада тұрмыз.
Қуанар мен мұңаярдың қайсысына кездесіп қалғанымды өзім ажырата алмаған соң,
жолдастарыма айттым:
—
Үй іші болып, от басында бір кездесудің орайы келіп-ақ қалған шығар деп ем...—
деп бастап, аяқ жағын күмілжіте салдым...
—
Қайтесің, шырағым, амал қайсы...— деп Егор күрсініп қойды:— Бәріміздің,
жайымыз бірдей... Қатын қайда жүргенін кім білсін... Біздің жайды олар да білмейді,—
деді, үй іші есіне түсіп кетіп.
—
Қайтесің, шырағым, амал қайсы...— деп Егорды мазақтай сөйлеп, Самед бір
қалжың айтқалы келеді.— Хожа Насреддин айтқан,— дейді Самед,— қатыны қайда
жүргенін біле алмау — еріне ғазап... Бірақ оны алла тағала әдейі жіберетін болса керек...
—
Неге, неге, Самед аға?..
—
Ерлерінің қайда жүргенін білмеу әйелге азап емес пе екен? Ерлер соны жете
түсінсін деп жіберетін көрінеді!.. Старый чорт все понимает деген Хожа Насреддин!.. Кәрі
сайтан бәрін біледі!— деді Самед.
—
Әзірлен!..— деген Мирошниктің айғайы бізге де беріліп қалды.
Биік толқынның жалына жармасқандай тырмысып, бізге арналған қайық жағаға жақындап
келеді.
—
Иә, ханнан!..— деп Самед қайыққа секіріп түсті.
—
Уух!..— деп тітіркеніп қалып, Егор секірді.
Өзгеміз жеңіл секіріп, қайықтың үстіне дік-дік түсіп жатырмыз. Самед пен Егор, екі
үлкеніміз, бізді қағып алардай, құшақтарын ашып оңтайланып тұр... Манадан жаңқадай
ойнақтап жүрген қайық, үстіне жиырма кісі мініп алған соң, едәуір салмақтанып, жуасып
қалды. Сонда да қайықтың ернеуінен ұстап, әрең отырмыз. Жиырма бірінші болып
капитан Мирошник біздің қайыққа мінді.
—
Сарталиев, жауынгерлерің түгел мінді ме?
—
Түгел, жолдас капитан.
—
Зорин, сенің адамдарың ше?
—
Түгел.
—
Етек таулардай қырқа-қырқа болып, дөңбекшіп жатқан ақжал толқындарды
көлденең кесіп, әрең жылжып келеміз. Қайық кейде биік жарға шыққандай тырмысып,
кейде құздан құлағандай құлдилап кетеді. Үйіріліп, алай-түлей төңкерілген түнгі судан
жүрегің айниды.
—
Иә, ханнан... Жаһаннамға құлап бара жатқандаймын,— дейді Самед. Үнсіз тістеніп,
атылып ұшар қаршығадай болып, Петр Ушаков отыр.
—
Астым тіпті тұрақтай алар емес...— деп, Сережа жылжып қайықтың түбіне түсіп
кетеді де, әркімнен ұстанып, қайта келіп арамызға қыстырылады...