Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стр. 160 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты




Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 159

 

Стр. 161

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қазір соғыс Кавказ етегіне келіп тіреліпті. Қазбек қабағы түюлі, тас кеуденің

күрсінгенінен аспан дірілдейді. «Айқай, десеңші!» дегендей, гүр етіп қалғаны құз

шатқалдарды қуалап, мың құбылтып жаңғырық жүр.

Москва түбінде ауыр жараланған жау, есін жиып алып, қазір қатты ызамен Кавказға

өрмелеп келеді. Нысанаға алғаны Грозный, Грозныйда мұнай!.. Таудың әрбір шатқалын

тас қорғанға айналдырып, жау алдында біз тұрмыз.

Менің, қазіргі орным балалық шақтағы ескі достарым — қарала, торала иттердің

ортасында еді. Бұл архей қанды, ақсүйек иттер болмағанмен ит деген атына лайық қаны

бар, біраз үйретілген едәуір білім алған иттер. Ішінде төрт кез қанден тұқымы да бар,

аңшы иттерге шатыс салпаң құлақ сабау құйрықтылары да бар. Ең жақсы жері — істейтін

істерін жақсы түсініп алған: тамақты танкының астынан ғана табатындарын ұғынып

болған...

Мүләйім кездерін маған қадап, немістің қай танкысының астына жұмсарымды күтіп отыр.

Бәрі де аш. Аянышты кездері тесіле қарайды, қыңсылап қана үнсіз жалынады. Кезіңді

басқа жаққа тез аударып әкеткенмен телмірген кездердің суреті ойыңнан кетпейді.

Біздің белім терең бір жыраның бүйірін көлденең қуалап кеткен тас үңгірдің ішінде. Түп-

түп болып тырбық біткен сүр тікендер үңгірдің тар аузын жауып кетіпті. Тебеміз қыжыр-

қыжыр, жақпар күрең тас. Түнде бізді осы үңгірге Ревякин әкеліп орналастырды да:

— Бұдан артық бекініс ешбір соғыста болған емес,— деді. Мана берілген Тарасенконың

хатын да фонарь жарығымен осы үңгірде оқыды.

Кавказ бойында мұндай үңгір біреу ғана болса — бұл үңгір бәлен әулиенің үңгірі деп

аталып кетерлік екен. Дәл ортадағы тостағандай ғана ояңға бір сауыт қана мөлдір су

жиналады. Су бір кемерден аспайды да, азаймайды да". Сауытыңа құйып алсаң, лезде

қайта жиналып, кемеріне келеді де тоқтай қалады.

Біздің оң жағымыз бен қарсы алдымыз — жау әскері, арт жағымызда біздің бөлімдер. Екі

жақтың атқан оқтары да төбемізден етіп, алыс түсіп жатыр. Бұл жерде окоп қазудың да

керегі жоқ. Таудың жосылып жатқан терең әжімдеріне полк түгіл дивизиялар оп-оңай

сыйып кететін.

Кеше біздің жақ бекінген жерлерде бүгін немістер отыр. Одан әрі жазық дала, танкі

табандары шимайлап қопарып кеткендіктен алаланып қалған егіс. Көз ұшында жанып

жатқан колхоз поселкесі. Желсіз тымықта жер бауырлай ұшқан көк түтіннің ішінен су

бетінде қалқып бара жатқандай шоқ-шоқ ағаштар көрінеді.

Петя мен Вася үңгірдің аузында, кесек тасқа кеуделерімен асылып, етпетінен жатыр.

Петяның кесек денесі корғасындай ауыр сезіледі. Вася бойшаңдау, сымбаттырақ.

Сенің көздеп жатқаның офицер емес, асбасшы,— дейді Петя Васяға.— Оның бізге

керегі жоқ. — Петя мұны мойнын бұрмай, әлденеге қадаған кезін сол ноқаттан аудармай

айтады.

Васяның жиырыла бастаған жауырын еттері жайылып орнына түседі... Вася ұнатпаған

түрде Петяға азғана бұрылып қарайды да, қайта тыншығады. Петя сол қозғалмаған күйі:

Бұртима! — дейді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 339 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2172 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.