Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 155
Стр. 157
Қазақстанның ашық кітапханасы
Тарасенко телеграмды оқып шықты да:
—
Бәрібір, екеуің бір бөлімде емессіңдер ғой,— деді.
Содан кейін, менің ыңғайымды тани кетіп, үнсіз ғана қолын суретке созды.
Көзі жаудырап, дененің бір мүсінін жасырмай, жеңіл шұбар көйлекпен жаздыгүні түскен
сурет комиссарға да ұнағаны байқалады. Ішімнен:
—
Ақботаның аяғына мін тағып көрші! — деп турмын. Шынымды айтсам, әйелдің аяқ
мүсіні деген өз басымның, қадала қарайтын, ең бұрын көретін нәрсем. Сонымды барлық
еркектің мінезі шығар деп ойлап тұрмын.
Тарасенко суретті өзіме қайтарып беріп жатып:
—
Жау оғынан қалай қорғай алар екенсің?..— деді.
—
Өзі қорғай алар деп сенемін,— дедім.
Осымен ешбір нәтижеге келе алмай, әңгімеміздің. бұл
саласы да аяқталып қалды. Тарасенко әйтеуір менің көңілім үшін аударыстырған болып
отырғанмен хаттардың біреуін де оқыған жоқ. Дос жолдастары кім екен дегендей,
адрестерін ғана шолып отыр.
—
Мына Ревякин деген кім, политрук емес пе? — деді бір кезде, көзінің ақ-қарасымен
бірдей маған тесіле қарап.
—
Иә, жолдас комиссар, аға политрук,— дедім.
—
Аты кім? Миша Ревякин емес пе?
' — Тап соның өзі, жолдас комиссар!.. Михаил Иванович Ревякин.
-— Соғылған Миша Ростовта екен ғой!..
—
Тап солай, жолдас комиссар! Ростовта!..
—
Ол екеумізді ескі достар деуге болады.
—
Тап солай, жолдас комиссар!..
Соңғы жауабымның орынсыз екені айқын болса да,, абайсызда оны да айтып қалдым.:.
Тарасенко онымды аңдап қалғандай көзін маған бір жалт еткізді де, үндемеді, жымия
отырып Ревякиннің хатын түгел оқып шықты.
—
Орныңды өзіңе сақтап отырмыз, тез кел дейді, ә? Ие, ол солай жазады...
—
Тап солай, жолдас аға политрук.
—
Харьковта курсты бірге бітіріп едік. Өзі Курскінікі. — Тап солай! — дедім тағы да,
Ревякиннің қай жердікі екенін білмесем де.
Ревякиннің ойынды-шынды әмір бере жазған хатын оқыған сайын, әр сөзінен өзіне таныс
мінез тауып, Тарасенко бірдеме деп қалады, мен де оның сезін мақұлдай түсем. Кейде мен
мақұлдап үлгіре алмай қалсам, Тарасенко өзі мақұлдап:
Стр. 157 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 156
Стр. 158
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Тап Мишаның өзі! Хаты өзіне қандай ұқсап тұр! — деп қояды.
Егер бұл басқа бір Ревякин болып шықса да, мен де бұл бет алысымнан қайтар емеспін.
Өйткені, Тарасенконың әлпетіне қарап, Ревякин арқылы өз бөліміме баратыныма сене де
бастап едім. Бақытыма қарай, біздің политрук Ревякин Тарасенконың шын досы болып
шықты.
—
Өзгеңді жинап қойып, бірден Ревякин қайт деп жатыр десең ғой, мен әлдеқашан
көнем! — деді Тарасенко.— Отырсаңшы өзің.
Жауынгер жолдастарыма қосылатыным да, партияға алынатыным да, күдік біткеннен
арылып, жүрегім де орнына түсті. Бірақ Тарасенконың соңғы айтқанына лайықты жауап
таба алмай тағы да— тап солай...— дей салдым отыра беріп.
—
Егер сені Миша керек қылып жатса, өз орныңа-ақ жіберейін... Бар... Менен хат ала
бар,— деді Тарасенко.
—.Ал, қане, Мишаның жайын айтшы. Не істеп жүр? Түгел айт!..
Осымен бар мәселем өз ойымдағыдай шешілетін болып, екі сағаттан артық отырып
қалдық. Ревякин жайында не білсем, мен соларымды жіпке тізгендей етіп, шұбатып айта
бердім де, Тарасенко жаңағы маған ұсап:
—
Тап өзі! Тап солай!.. Политругіңнің бар мінезін қайдан біліп қойғансың өзің? —
деп, таңданумен болды.
—
Бір төсекте бірге жатып жүрген әйелі де ерінің сырын мұндай біле бермейді!— деді
бір уақытта.
—
Сұр шинельдің астында біріңді-бірің тез ұғады екенсің,— дедім мен енді ойыма ие
бола бастап.— Майданда сөз бен ісің, қылығын, мен мінезін, қатар жүреді де, бәрі де көз
алдыңда болады ғой, жолдас комиссар...
—
Сен Ревякинді осынша жақсы білсең, оның сені қандай жақсы білетінін хатынан
көріп отырмын. Сәлем айт Мишаға, сені партияға алуға мен де кепілдік берем, деп айтты
де!
—
Рахмет, жолдас Тарасенко!
Өз жұмысым оңына бет алғаннан кейін, мен Вася Гришиннің, жайына көштім. Манадан
бергі әңгімемізден Тарасенконың өмір тарихы да біраз аңдалып қалып еді. Бұрын Донбасс
жұмыскері, кейін партия қызметінде сол Донбасста болыпты. Соғыстың алғашқы
күндерінде Харьковта Ревякин екеуі тоғыз айлық партия курсында оқыған екен сол
курстан майданға жөнелген. Қазір оң қолы шолақ, Қарағандыда отыр. Мұнда келгелі екі-
ақ ай болғанмен нағыз Қарағанды патриоты болып алған.
—
Біздің Қарағанды қазір жау қолында қалған Донбастың орнын басып тұр! Мұның
болашағы әзір ойыңа да сыя бермейді! —деп қояды.
Оң қолынан айрылған адам, іштей өзін-өзі солдат қатарынан шығарып қояды. Әзірге
әскерлік жұмыста отырғанмен Тарасенко да солай екен. Ол соғыс біткеннен кейін де осы
Қарағандыда қалуға біржола бел байлапты. Қазір әйелі мен баласы, кемпір шешесі де
осында екен.