Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рттің шығу себептері




Түсініктемелік жазба

Тақырыбы: «Адамдарды өрт кезіндегі қауіпсіздігі. Өрт кезіндегі тыныс алу мүшелерін қорғайтын аппараттар»

 

 

5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және

қоршаған ортаны қорғау

 

Орындаған:

________________М.Қ.Бозмолдай

 

Жетекші

к.т.н., сеньор-лектор

____________Д.А.Амирхожаева

«____»_________2016 ж.

 

Норма бақылаушы

магистр., лектор

____________Е.Е.Садвакасов

«____»_________2016 ж.

 

Алматы 2016

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

 

Тіршілік қауіпсіздігі

Курстық жұмысқа

Түсініктемелік жазба

 

 

Тақырыбы: «Адамдарды өрт кезіндегі қауіпсіздігі. Өрт кезіндегі тыныс алу мүшелерін қорғайтын аппараттар»

 

 

Курстық жұмыстың орындалуын бағалау

Жұмыстардың орындалу сапасы Баға диапазоны Алынған
1 Орындалмады Сабақтарда себепсіз болмау 0%  
2 Білім алушының орындауы және белсенділігі 0-50%  
3 Жұмысты рәсімдеу 0-20%  
4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі 0-5%  
5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі 0-5%  
6 Курстық жұмысты қорғау 0-20%  
Жалпы 0-100%  

 

 

Білім алушы Т.А.Ә. Бозмолдай М.Қ.

Мамандық шифры 5В073100

Оқытушы Т.А.Ә. Амирхожаева Д.А.

 

 

Алматы 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

 

Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

Курстық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Білім алушы Бозмолдай Марғұлан Қайырбекұлы

Жұмыс тақырыбы Адамдарды өрт кезіндегі қауіпсіздігі. Өрт кезіндегі тыныс алу мүшелерін қорғайтын аппараттар

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «22» қараша 2016ж.

Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі)

Өрт, өрттің түрлері. Өрт қауіпсіздігі. Өртті болдырмау шаралары. негіздері.Өрттің шығу себептері. Өрттен қорғану. Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары.

Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)Ұсынылатын негізгі әдебиет:

1 Тажигулова Б.К., Жандаулетова Ф.Р. Пожаровзрывозащита. Алматы, 2004.

2 Правила пожарной безопасности в РК Алматы, 2003.

3 Строительные нормы и правила РК «Пожарная безопасность зданий и сооружений». СНиП РК 2.02.-05.2002, Астана, 2003.

4 Баратов А.Н., Иванов А.Я. Пожарная безопасность. ВзрывобезопасностьМ., 1987.

5 Баратов А.Н., Пчелинцев В.А. Пожарная безопасность. М., 1997.

 

 

Алматы 2016

Курстық жұмысты дайындау

ГРАФИГІ

 

Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері Ескерту
Өрт, өрттің түрлері   Жоқ
Өрт қауіпсіздігі   Жоқ
Өртті болдырмау шаралары   Жоқ
Өрттің шығу себептері   Жоқ
Өрттен қорғану   Жоқ
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары   Жоқ

 

 
 

 


Кафедра меңгерушісі _______________________ Е.Б. Утепов

 

 

Жұмыс жетекшісі ___________________________Д.А.Амирхожаева

 

 

Тапсырманы орындауға алған білім алушы_________________А.Ж.Жапарқұл

 

 

Күні «____»_______________2016 ж.

 

       
 
 
   


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ  
  Өрт, өрттің түрлері  
1.1 Өрт қауіпсіздігі  
1.2 Өртті болдырмау шаралары  
  Өрттің шығу себептері  
2.1 Өртке қарсы шаралар  
2.2 Өртке қарсы кедергілер  
  Өрттен қорғану  
4 Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары  
4.1 Газқағарды пайдалану ережелері  
4.2 Газқағарды күтіп қарау және оны сақтау  
4.3 Оқшаулағыш газқағарлар  
ҚОРЫТЫНДЫ  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

 
 


КІРІСПЕ

Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.

Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).

Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.

Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.

Жану бұл – жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.

Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты (сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

 

 

Рт, өрттің түрлері

 

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы

Өрт факторларының әрекеттері. Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

− жанғыш заттың отқа тікелей әсері;

− сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

− жану зонасында иісті газбен улану;

− жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

− құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Өндіріс орындарындағы өрт. Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. [1]

 

 

Рт қауіпсіздігі

 

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары

 

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен б

Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:

а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:

− ғимараттың өртке төзімділігін анықтау;

− ғимарат подъездерінің жобалануы;

− ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру;

− ғимаратты найзағайдан қорғау.

б) Эксплуатациялық шаралар:

− ұйымдастыру шаралары;

− режимдік шаралар.

Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.

Өндіріс категориясы:

− А – жарылу қауіпі бар;

− Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар;

− Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді:

1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса;

2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті – өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат – жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы:

а) жанбайтын құрылыс материалдар (өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);

б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді;

в)жанатын (егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).

Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар:

− 1 – ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады (А өндіріс дәрежесі);

− Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды (қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:

а) жұмысшыларға нұсқау беру;

б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.[2]

 

 

Ртті болдырмау шаралары

 

Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:

− жаңғыш;

− тотықтырғыш;

− тұтану көзі.

Жаңғыш зат – оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.

Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.

От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қауіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.

1 Тез тұтанғыш сұйық

2 Жаңғыш сұйықтар от алау температурасы

Жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.

Тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.

Өздігінен тұтану – жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.

Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.

Төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан буы- ның қоспасы болып табылады.[1]

 

 

рттің шығу себептері

 

Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:

1 жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;

2 жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;

3 тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температу- расына дейін қыздыру керек.

4 Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;

5 Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдала- ну;

6 Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;

7 Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;

8 Жанармай,бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс

сақтамау;

9 Құрал-жабдықтардың қатты қызуы.[3]

 

 

Ртке қарсы шаралар

 

Өртке қарсы шаралар:

1 Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;

2 Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;

3 Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану

4 Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;

5 Жанғыш затты жану зонасына оқшаулау.

Өрттің адам ағзасына әсер ететін қауіпті факторлары

− ашық от және ұшқындар;

− ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;

− жанудың улы заттары;

− түтін оттегінің төмен концентрациясы;

− үйдің құлауы және жарылыстары.

Өрт болдырмау жүйесі деп – өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін айтады.

Өрттен қорғау жүйесі деп – өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.

Өрттен қорғану шаралары. Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын жанатын болып 3 топқа бөлінеді.

Жанатын материалдар деп – ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын матриалдарды атаймыз.

Жанбайтын материалдар деп – қызу температурасы қаншаға көтерілсе де қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.

Қиын жанатын материалдарға – отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз.

Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.[3]

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1825 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2280 - | 1986 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.