Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лимфаның құрамы мен қасиеттері

Лимфа жүйесінің құрылым принципі

Лимфа-лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағұлматтар тек XVI ғ. пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды. Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын қаналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасқан. Лимфа тамырларының өте қабырғасы дәнекер ұлпалар мен біріңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат энтотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш жүйке талшыктамен жүйкеленген. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады. Лимфа тамырлары денеге кәріздік (дренаждық) жүйе құрып, органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтік кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфациттер де түзіледі. Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарайды.

Лимфа және лимфа айналу

Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар тоы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа сосудтарына жалғасады; кейінгілер дененің әр түрлі учатоктерінде / қолтықта, мойында, шапта/ лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады. Лимфа түйіндерінен шыға берісте олар қайта бірігіп, үлкен сосуда құрайды. Бүкіл денедегі лимфа көкірек лимфа жолы және мойын лимфа ьтамыры арқылы оң және сол бұғана асты веналарына құяды. Лимфаны құрамы. Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сорғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі,ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады. Адам лимфасында -94-95,8% су, 2-3%-ке дейін белок (альбумин, глобулин, фибриноген); оның ішінде фибриноген-0,04-0,06%; азлап дәнді лейкоциттер, лимфоциттер болады. Эритроциттер жоқ. 0,7-0,8% минерал тұздары; 0,4-0,9% май боладыы. Сыбағалы салмағы – 1,012-1,023. Көкірек ағысы арқылы тәулігіне 1-3 л. Лимфа қанға құйылады.

Лимфаның жасалуы

Лимфаның құрамы плазманікіне өте ұқсас болғандықтан оны қаннан пайда болған деп есептейді. Қан капиллярларынан су мен плазмада еріген біраз заттар тканьге, одан әрі лимфа капиллярларына өтеді. Өйткені қан капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш, бірақ таңдап өткізгіш мембрана; онда ультрамикроскопиялық саңылаулар бар; осылар арқылы үзілу жүреді.Капиллярлардың артериялықбөліміндегі 30-35мм. Hg қысым судың плазмадан ткань сұйықтығына өтуін жеңілдетеді. Ал бұған белгілі дәрежеде онкотикалық қысым /25 мм. Hg/ кедергі келтіреді. Филтрациялық қысым = /30-35/=6-10мм. Hg. Бірақ бұл айырмашылық лимфа жасауға жеткіліксіз.

Лимфаның құрамы мен қасиеттері

Лимфа – мөлдір сарғылт түсті сұйық. түрлі органдардан ағатын лимфаның құрамы әртүрлі. мысалы ішектен шыққан лимфа құрамында негізінен альбуминдер ғана болады, глобулиндер болмайды. Ал бауыр лимфасының құрамында қан плазмасындағы мөлшерде белоктар ұшырасады. Аш мал лимфасы 1,015 шамасында түзсіз мөлдір сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, гормондар, тұздар, ферменттер, витаминдер және антиденелер кезедеседі.
Құрамы жағынан лимфа белоктар плазма белогына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз.белоктардың ең аз кқнцентарциясы (1- 2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі. Себебі бқл органдар капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен. Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның әрекетшіо ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада эритроциттер болмайды,аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер және гранулоциттер кездеседі.Лимфа құрымнда тромбоциттер болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды. Лимфа құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық күйіне қарай өзгертіп отырады.Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға келеді. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килогармына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе- 5-18, көк бауырда- 3-12, аяқ еттерінде- 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек өзегі арқылы қанға малдың ірі массасының әрбір килограмына шаққанда сағытына 2 мл лимфа құйылады. Салмағы 500 кг сиыр қанында тәулігіне 24 л лимфа қосылады. Ағзалардан ағатын лимфа мөлшері қан қысымы жоғарлағанда, органға келген қан мөлшері артқанда, вена қанының ағуы нашарлағанда, денедегі қан мөлшері көбейгенде, органдар қызметі күшейгенде артады.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Вектор скорости в любой точке траектории касателен к ней. | Занятия художественным словом
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2349 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2406 - | 2286 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.