Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: «Тері типтері. Тері жағдайын инвазивті емес әдістермен анықтау».




2. Мақсаты: Тері типтерін меңгеру, тері жағдайын инвазивті емес әдістермен дер кезінде меңгеру.

3. Дәріс тезистері:

Бет терісінің типтері

Жіктелуі:

- майлы тері

- құрғақ тері

- комбинирлі тері

- қалыпты тері

Әр тері типтері бір- бірінен ерекшеленеді, мысалы құрғақ тері қозғыш, ал майлы тері безеулі бөртпемен жабылуы мүмкін.

Майлы бет терісі- тері типтерінің кең таралғаны. Басқаларынан оңай анықталады: майдың артық өндірілуінен бүкіл денеде, әсіресе маңдай мен мұрын жылтырайды. Бұл бет терісінің май безі өндірілуінің бұзылуынан болады. Майлы бет терісі басқа терілерге қарағанда әртүрлі бөртпелерге бейім, ол беттің май тесіктері май және шаңмен бітеліп, беттің беткейіне шөгіп қалады. Майлы бет терісі сыртқы түрін, басқа беттерге қарағанда эластикалық қасиетін жақсы сақтайды.

Бұл теріде көп уақыт бойы әжімдер болмайды. Майлы бет терісі басқа терілерге қарағанда мұқият тазалауды, емдеуде бет маскалары жинақтаушы және тазалаушы қасиетке ие және қажетті компоненттерден тұруы керек. Бірақ көп әйелдер майлы теріні күту қажет екенін түсінбейді. Майлы теріні құрғақ тері секілді күту керек, қоректендіруші және дымқылдандырушы заттарды алу керек.

 

Бет терісінің типтері

Құрғақ бет терісі- балалық және жасөспірімдік кезде көп кездеседі, тері үнемі жақсы түрде және жылтырамайды және бөртпелер қаптамайды. Балалық кезде тері күліңгір, тарылған поралар және ұстағанда ыңғайлы. Құрғақ тері қызғылт- сары түсті, өсе келе бұл тері жел мен суыққа сезімтал, ол қызару мен қабыршақтанумен көрінеді, негізгі белгісі дымқылдандыру қасиеті төмен.Кәдімгі сабынмен және судан дискомфорт болады. Балалық және жасөспірім кезінде құрғақ теріні анықтау қиын, құрғақ тері типін анықтағаннан кейін, оны күту керек, тіпті жас кезде (25-30 жас) әжімдер мен беттегі терең шұңқырлар пайда болуы мүмкін. Құрғақ теріге маскілер қоректік, дымқылдандырушы және тазалаушы болып бөлінеді. Негізі маскіде үш әсері де болуы мүмкін, бірақ біреуіне қатты мән беріледі. Егер дұрыс емес рецепт таңдалынса кері әсер болуы мүмкін, сондықтан маскі құрамын тексеру керек, онда сізге аллергия туғызатын зат болуы мүмкін.

 

Комбинирлі бет терісі. Ең көп таралған және күтім жасауда мәселелі бет терісі. Комбинирлі бет терісі бір бөлігі майлы, бір бөлігі құрғақ болады. Майлы бет терісі көбінесе «Т» зонасында орналасқан, оған мұрын, маңдай, иек кіреді. Күнделікті уақытта ол қалыпты, бірақ кейбір кезеңдерде комбинирлі немесе аралас теріге айналғанда күтімді қажет етеді. Бұл мәселеде екі типті теріні бір уақытта емдеу керек.Бір маскіні «Т» зонасына жағу, ал ал келесі рецепті бет және мойынға жағу керек. «Т» зонасын табу үшін ең бірінші бет және мойынға қоректендіруші кремді жағу керек, қалған жері «Т» зонасы болып табылады

Қалыпты бет терісі- әр әйелдің армандайтын терісі. Қазір үлкен кісілерде бұл бет терісі сирек, көбінесе балалар мен жасөспірімдерден табуға болады.Қалыпты теріде кемшілік жоқ, берік, дұрыс сарғыш және қызғылт түске ие, тері беткейі тегіс, кеңейген қуыстар анықталмайды. Бұл теріні күтудің қажеті жоқ дейді, бірақ қателеседі, бұл тері кейін құрғақ және майлы теріге айналуы мүмкін. Егер теріңізді күтіммен қарамасаңыз қалыпты тері дұрыс емес теріге айналуы мүмкін. Ең бастысы теріңізді қалыпты қоректендіру және сыртқы ортадан қорғауыңыз керек.

 

Бет тері типтерін анықтау

Қазіргі уақытта маскілер және басқа косметикалық препараттар негізгі үш тері бойынша дайындалады: майлы, құрғақ, қалыпты. Кейде аралас типті де еске алады. Дұрыс және ойласылған косметикалық заттарды қолдану үшін өзіннің тері типін білу және оның әртүрлі жағдайын анықтау керек. Тері типін және жағдайын сыртқы визуальді қарау және пальпация көмегімен анықтайды. Кейін керек косметикалық заттарды алады.Тері типін диагностикалауда тері майлылығына, сонымен қатар борпылдақтығына клиникалық баға беру керек. Май бездерінің мөлшерлі өндірілуімен терінің өзгеруі байланысты. Май өндірілуіне байланысты, сыртқы түріне байланысты теріні төмендегі типтерге бөлеміз.

1-тип. Тері қалыпты майлылықта, тонусы жақсы. Тері беткейі күліңгір, беттің орталық бөлігінде аз мөлшерде жылтырайды. Поралар жіңішке беттің орталық бөлігінде айқын, олар негізі маймен толмайды және айқын емес. Майлылыққа тест беттің орталық бөлігінде оң ал орталық бөлігінде –әлсіз оң немесе теріс оң. Тері берік, әжімсіз. Тері қатпарларының түзілуі қиын, эластикалығы бойынша тері резинаны еске түсіреді. Бұл қалыпты тері типі көп таралған және берік. Сабынмен жуған кезде және басқа сыртқа әсерлерді, күнді жақсы көтереді, күтімі аз. Косметикалық күтімсіз өзінің түрін ұзақ сақтайды, оны оның қартаюы қалыпты жағдайда біртіндеп дамиды. Тек отыз, қырық жасқа келгенде жағдай және күтімге байланысты келесі топқа өтеді.

2-тип. Тері қалыпты майлылықта біраз борпылдақ, тері беткейі күліңгір кейде беттің орталық бөлігінде жеңіл жылтырайды. Поралар жіңішке беттің орталық бөлігінде айқын, бірақ маймен толмаған және өте айқын емес. Майлылыққы тест бкттің орталық бөлігінде әлсіз оң, ал бүйір бетінде –сондай немесе теріс. Айқын мимикада мимикалық әжімдер пайда болады, кейін уақыт өте келе бекітіледі. Қабақ терісі әлсізденеді, көз бұрыштарында майда әжім торлары пайда болады. Ротационды –компресті тест әлсіз оң тері қатпарларын түзуге болады, бірақ ол эластикалық. Егер осы кезеңде теріге косметикалық күтім бастаса, оның келесі топқа өтуі көп жылдарға шегеріледі. Компрессионды тест оң, қатпарлар терінің салбыраған жерінде өздігінен пайда болады. Бұл тері типі 50 жастан асқан және косметикалық күтімнің жоқтығында пайда болады. Бұл тері типі минимальді күтімді кәрілік жаста кездеседі. 3-тип. тері қалыпты майлылықта, борпылдақ. Тері беткейі күліңгір, беттің орталық бөлігінде анық емес күліңгір. Поралар жіңішке беттің орталық бөлігінде көрінеді, бірақ маймен толмаған. Майлылыққа тест беттің орталық бөлімінде әлсіз оң, бүйір бөлігінде үнемі теріс. Тері жіңішке және борпылдақ, майда және мимикалық әжімдер анық. Ротационды компрессионды тест оң, қатпарлар терінің салбыраған жерінде өздігінен анықталады. Бұл тері типі 50 жастан асқан және косметикалық күтімнің жоқтығында пайда болады. Бұл тері типі минимальді күтімді кәрілік жаста кездеседі. 4-тип. Тері құрғақ тонус жақсы. Тері беткейі тегіс, күліңгір. Поралар жіңішке көрінбейді. Майлылыққа тест теріс. Тері өте жұмсақ, әжімсіз. Ротационды- компрессионды тест теріс. Тері қатпарларын түзуі қиын, тері эластикалы. Бұл тері типі тек жастарда кездеседі; олардың сыртқы түріәдемі, бірақ сезімтал, Әр түрлі тітіркендіргіштерге әсер етеді, сабынды көтере алмайды. Ол үнемі күтімді қажет етеді, қауіпті қарау керек, кремдерді пайдалану, күннен және сыртқы әсерлерден сақтану керек.

Күтімнің жоқтығында, әсіресе жас кезде, келесі топқа өтеді. 5-тип. Тері құрғақ борпылдақ емес. Тері беткейі жұмсақ, нәзік, күліңгір. Поралар жіңішке көрінбейді. Майлылыққа тест теріс. Бірақ беттің кейбір бөліктерінде борпылдақ. Анық мимикада мимикалық әжімдер пайда болады. Көздің бұрыштарында майда әжімдер анықталады. Ротационды-компрессонды тест әлсіз оң. Тері қатпарлары оңай түзіледі, бірақ эластиканы сақтайды.

Терінің борпылдақ белгісі отыз жаста анықталады. Жүйелілік косметикалық күтім қажет. Әйтпесе тері келесі типке ауысады. 6-тип. Тері құрғақ борпылдақ. Тері беткейі жұмсақ, нәзік, күліңгір, поралар байқалмайды. Майлылыққа тест теріс. Тері шаршаған борпылдақ, үнемі әжімдер мен қатпарлар пайда болады. Борпылдақтық көз бен ауыз айналасында анық байқалады. Ротационды –компрессонды тест анық оң. Қатпарлар терінің салбыраған жерлерінде пайда болады. Бұл кезеңді құрғақ теріде байқауға болады, егер қырық жаста косметикалық күтімді бастамаса. Негізі косметикалық күтім тері жағдайына азғантай әсер етеді. 7-тип. Тері майлы, сезімтал, тонус жақсы. Тері беткейі әсіресе беттің ортаңғы бөлігі –жылтыраған, дөрекі құрылымда, поралар аз анықталады немесе айқын, толық. Беттің орталық бөлігінде майлы тығындар көрінеді. Майлылыққа тест орталық және бүйір беттерінде теріс. Тері қатпарларын түзу қиын, эластикалық. Бұл тері типі 18-30 жас аралығында кездеседі. Өтпелі кезеңде қабыну үрдістері байқалады, кейде май бездерін қамтып, безеулі бүртпе пайда болады. Тері жылтырағандықтан және поралардың толғандарынан әдемі емес көрінеді, оған шаңдар жиналады. Бұндай тері, құрғақ сияқты, сезімтал. Сабынды майлы негізде жасалған косметикалық заттарға тітіркену, қызару, қабыршақтанумен жауап береді. Бұл кезеңде майлылыққа тест теріс. Егер анық байқалатын толған поралар болмаса, ажырату қиын. Жүйелі косметикалық күтім қажет. Егер қабыну мен қабыршақтану белгілері байқалса, дәрігердің тағ,айындалуымен күтім қажет етеді. 30 жастан кейін тері борпылдақ тері типін өзгертеді. 8-тип. Тері майлы сезімтал, аз борпылдақ. Терінің майлылығы және белгілері 7-типке ұқсас, кейде майлылыққа тест бүйір беттерде теріс болуы мүмкін. Мимикалық әжімдер уақыт келе бекітіледі. Қабақ терісі борпылдақ ротационды-компрессонды тест әлсіз оң. Тері қатпарларын түзуге болады, бірақ эластикалылығын сақтайды. Көп жағдайда тері сезімтал. Беттің орталық бөлігінде қабынуы өзгерістерге бейім. Ол арнайы тазалау әдістерін және арнайы күтімді қажет етеді. Қартаю процесі кеш дамиды, қартайғанда ғана келесі топқа өтеді. 9-тип. Тері майлы, сезімтал, борпылдақ. Тері майлылығы және оның белгілері 7-типке ұқсайды. Тері айқын бірақ борпылдақ, мимикалық әжімдерімен. Ротационды-компрессионды тест анық оң тері қатпарлары өздігінен пайда болады. Әдеттегі косметикалық әдістер екінші орында, радикалды шешім яғни пластикалық операция қажет етеді. 10-тип. Тері майлы, тонус жақсы. Тері беткейі дөрекі құрылымды, майлы. Поралар кеңейген сүзгі тектес бірақ бос. Бет тері майлылығына тест тіптен жуынғанда да, жуынғаннан кейінде анық оң. Тері созылған кейде губка секілді.

Ротационды-компрессионды тест теріс тері қатпарлары қиын түзіледі. Қалыпты тері мен май бөлінуінің көбеюінін арасындағы тип май өндірудегі сапалы және сандық құбылыстан дамиды. Тері сезімтал, сабынға майлы кремдерді көтере алмайды. кейде қабыршақтану мен қызару байқалады. Сонымен қатар ауру жағдайларына дейін баруы мүмкін. Көп жаөдайда бастың шаштың бөлігінің май бездерінің қызметін бұзылуымен крінеді. Тері қартаюы тез.Көп тазалауда да, қабынулық үрдістерден кейін келесі топқа өтеді. 11-тип. Тері майлы, аз борпылдақ. Мінездемесі бойынша тері 10-топқа ұқсас оған жалпы борпылдақтықты қосамыз. Ротационды-компрессионды тест оң. Май бөлінуі жекелей аз.

Тітіркенуі жоғары және қабынулы үрдіске бейімділік сақталады. Терінің құрылымдылығы борпылдағына байланысты анық, жас келк келесі топқа өтеді. 12-тип. Тері майлы борпылдақ. Тері дөрекі поралары кеңейген сүзгі тәрізді жылтырайды бірақ бос. Май бөлінуі үрдісі қалыпта, майлылыққа тест кейде теріс болуы мүмкін. Өздігінен тері қатпарлары әжімдер пайда болады. Ротационды-компрессионды тест анық оң.

Терінің және жұмсақ бет тіндерінің қартаюында науқасты визуальді бағалау қартаюда жүйелі коррекциялау және профилактикасы жеткіліксіз. Дәрігердің қарауымен және науқастың салауатты өмір салтын ұстануымен қарай отырып, терінің құрылымы мен қызметін спецификалық диагностикалау керек. Бұндай диагностика науқастың сыртқы түрін қарағанда анықталмағандарды тері көрсеткіштері бағалауға көмектеседі. Басқа жағынан қарағанда обьективті бағалау процедураның қауіпсіздігін жоғарылатуға көмектеседі. Тағы маңызды мәселе тері параметрлерін обьективті бағалау процедура мен препараттардың әсерлерін тез байқауға көзбен көруге көмектеседі.

Жалпы медицинада емді тағайындағанда дәлелді әдістер міндетті болып саналады, жаңа әдісті немесе препаратты шығаруда оның мүмкіншіліктері зор. Осыдан біраз уақыт бұрын диагностика әдістері болып қарау, пальпация терінің тонусы мен тургорін монуальді анықтау болатын. Бұның барлығы дәлелді медицинаның талабын орындамайды. Дерматологиядағы «Алтын стандарт» - тері биоптаттарын гистологиялық және патоморфологиялық бағалау. Бұл әдіс косметологияда процедура кезінде жарақаттануға және биопсия орнында тыртықтың пайда болуына сонымен қатар этикалық және заң тұрғысында тиімсіз.

Қазіргі терінің инвазивті емес әдістері анық, дәрігер және науқасқа да тиімді. Бұл әдістерді екі үлкен топқа бөлеміз. Бірінші топқа терінің функциональды көрсеткіштерін бағалау жатады, ал екінші топқа терінің морфологиялық бағалауда инвазивті емес әдістері кіреді. Әдістер төменде көрсетілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1787 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.