1.Эпидермис қабаттары және жалпы сипаттама.
2.Дерма қабаттары және жалпы сипаттама.
3.Теріасты май қабатының құрылысы.
4.Шырышты қабаттардың құрылысы.
5.Тері қабаттарының анатомиясы мен физиологиясы
6.Гиперкератоздағы патогистологиялық үрдіс.
7.Паракератоздағы патогистологиялық үрдіс.
8.Акантоздағы патогистологиялық үрдіс.
9.Гранулездағы патогистологиялық үрдіс.
10.Акантолиздағы патогистологиялық үрдіс.
11.Спонгиоздағы патогистологиялық үрдіс.
12.Папилломатоздағы патогистологиялық үрдіс.
13.Баллониризацияланған дегенерациядағы патогистологиялық үрдіс.
14.Вакуольді дегенерациядағы патогистологиялық үрдіс.
15.Біріншілікті морфологиялық элементтер.
16.Екіншілікті морфологиялық элементтер.
Дәріс №2
1. Тақырыбы: «Тері ауруларының жіктелуі»
2. Максаты: Тері ауруларының жіктелуіне түсінік беру, студенттерге этиологиялық және патогенетикалық факторлары бойынша тері ауруларының нозологиялық формаларына мағлұматты құрастыру.
3. Дәріс тезистері. Дерматология –тері аурулары туралы ғылым.
Дерматология – тері аурулары туралы ғылым. Қалыптыдағы және патологиядағы терінің құрылысы мен функциясын меңгеру, организмнің әртүрлі патологиялық өзгерістерінің тері ауруларына әсері, әртүрлі аурулардың этиологиясы мен патологиясын түсіндіру, тері ауруларының диагностикасын, терапиясы мен профилактикасын зерттейді.
Дерматология клиникалық медицинада венерологиямен тығыз байланыста, венерологиялық аурулардың клиникасын, емі мен профилактикасын меңгереді, бұл инфекциялық аурулардың негізгі берілу жолы- жыныс жолдары арқылы берілуімен байланысты.
Тері ауруларының этиологиясы мен патогенезі әртүлі және көп жағдайда түсініксіз. Адам терісі ол мүше, өмір сүруде патологиялық үрдістердің дамуын дұрыс түсінудегі мағынаны үш негізгі аспектіге бөлуге болады:
-біріншіден,тері өзіне ғана тиесілі қызметті атқарады, жеткілікті түрде автономды бақыланатын және орындалатын,кейде организмнің бүтіндік тәртібіне бағынбайды: кератиноциттердің пролиферациясы мен дифференциясы, жасушааралық байланыстың диссоциясы мен жаңа түзілісі, меланогенез және т.б.
-екіншіден, тері адам денесінің сыртқы жабындысы,сондықтан үнемі сыртқы әсерлерге көп ұшырайды, оның айқын себебі болып ауру саналады.
Үшіншіден, тері, организмнің анатомо- физиологиялық бөлігі,барлық организмнің бірге немесе бір бөлігі мен жүйесінің аурулары көбінесе теріні патологиялық өзгерістерге ұшыратады.
Осыдан шыға отырып, тері зақымдануын шартты келесі түрге жіктейді:
1. Көп не аз ұзақ уақыт кезеңінде дамитын тері аурулары, ал кейде өмір бойы ауру адамда тек терісінде орналасады және жарамсыздықтың, физикалық және психикалық дискомфорттың негізгі себебі болып табылады. Бұл аурулардың негізінде функциональді бұзылыстар, қабыну, дистрофия, даму ақаулары, ісіктер және т.б. жатыр.Бұл аурулардың этиологиясы мен патогенезі әртүрлі: генетикалық бейімділік, аутоиммунды аурулар және т.б.
Бұл дерматоздар терінің сол және негізгі бөлімдерінің зақымдануына байланысты жіктелуін ұсынады: эмпидермис, дерма, теріасты май қабаты, талшықтар, тері қосымшалары. Эпидермиста патологиялық процесстен дамыған ауруларға жатады: а. Дерматоз, эпидермальді кератиноциттердің пролиферациясы мен дифференциясының бұзылуы(псориаз, қызыл шашты теміреткі, ихтиозиформды дерматоз, порокератоз және т.б.). б.дерматоз, негізінде эпидермистің жасуша араларының байланысы бұзылуы жатыр немесе эпидермо- дермальді зона шекарасының бұзылуы. Бұл дерматоздар эпидермис және дерманың арасында көпіршік қаптауымен көрінеді. Бұл көпіршіктің дамуының механизмі бірнеше: пемфигуста және буллезді пемфигоидте аутоиммунды; буллезді эпидермолиз және Хейли- Хейли ауруында тұқымқуалаушылық; кеш тері порфириінде токсикалық; көпформалы экссудативті эритема және Лайел синдромы; стафиллокк токсині терінің жидітілген синдромында, дерматит Дюрингта глютенді жетіспеушілікте; в.меланогенездің бұзылысына байланысты дамыған дерматит, тері пигментациясы, ісік дамуының ақауы, меланоманы қоса;д. Белгісіз себептер патоморфологиялық негізінде эпидермис пен дерманың жоғарғы бөлігінің зақымдануы жатыр: қызыл жалпақ теміреткі, жылтырақ теміреткі, қызғылт теміреткі, және т.б; д. Дерманың әртүрлі бөлімінің зақымдануына байланысты тері аурулары: әртүрлі гранулема, гангренозы пиодермия, гиперплазия және ісік.
2. Теріге әртүрлі экзогенді әсерінен дамитын аурулар. Бұл аурулардың этиологиясы әртүрлі. Дерматоздың экзогенді себептеріне физикалық, химиялық агенттер, бактерия, виркс, саңырауқұлақ, паразит жатады. Сыртқы факторлар, мысалы, күйік және үсік тері ауруының негізгі және бір ғана себебі болуы мүмкін.Экзогенді фактордан басқа қосымша себептер болуы мүмкін, олар терінің қорғаныщш қасиетінің бұзылуы немесе организмнің сезімталдығының төмендеуі. Бұл факторлар сыртқы(ластану, жоғаыр терлегіштік, құрғақтық, майдың көп бөлінуі, микротравма, терінің күйіп немесе үсіп қалуы), ішкі(стресс, иммуносупрессия, ішкі органдардың ауруы, эндокринді жүйе және т.б.)
Тері ауруларының дамуында әртүрлі антропогенді экзогенді факторлар рөл ойнайды, адам өміріндегі өндірістік заттар, тұрмыстық және өндірістік жаңа химиялық және технологиялық процестерді, дәрілер және косметикалық заттарды енгізу. Бұл факторлар аурудың сбебеіне жатады; олар клиникалық көрінісін және ағымын өзгертуі, сонымен қатар жаңа көрініс, ұқсамайтын, белгісіз синдром мен аурулар шақыруы мүмкін. Әртүлі сыртқы себептер латентті өтіп жатқан дерматоздардың генетикалық, клиникалық манифесті формаға трансформациялануын шақыруы мүмкін(псориаз, атопиялық дерматит).
Тері ауруларының дамуына әлеуметтік- экономикалық факторлар(туберкулез, алапес, пиодермия, микоздар және т.б.) маңызды рөл ойнайды: климат, ландшафт, соғыс, аштық, тамақтанудың бұзылу.Кейбір дерматоздар балалық және кәрілік кезде кездесіп, клиникалық ерекшелікке ие.
Дерматологияның негізгі бөлімі терінің физиологиялық және патологиялық өзгерісі, күн сәулесі және жасанды ультракүлгін сәулелер әсерлері жатады. Бұл сәулелердің әсері әртүлі: фотожарақаттық, фотодинамикалық немесе фотоаллергиялық; олар канцерогенез және тері қартаюына маңызды рөл атқарады.
3. Дерматоз, негізгі дамуындағы рөл эндогенді факторлар,дерматоз пайда болуында терінің зақымдануының негізгі себебі болып табылады. Терінің зақымдануы ішкі органдардың ауруларының ағымында асимптомды және азсимптомды көріністе болып, кейін ол науқастың негізгі шағымына айналуы мүмкін. Сондықтан дәрігер дерматолог ішкі аурулардың жасырын ағымын анықтауға мән беру керек. Бұл аурулардың мысалы, есекжем немесе ересектердегі строфулюс, асқазан- ішек жолдарындағы ауруларының жасырын ағымына аллергиялық және токсикалық көрінісі. Кейбіреуінде науқасқа ішкі аурулары анықталған, жүйке және эндокринді аурулар, негізгі аурудың нәтижесінде және дәрі- дәрмектердің асқынуы ретінде терінің зақымдануы болады пайда болады. Көбінесе дерматологиялық проблемалар асқазан-ішек жолдары, жүрек- қантамыр аурулары, өкпе, бүйрек, бауыр ауруларында кездеседі. Кейде терінің зақымдануы жасырын фокальді инфекциялық ошақта, миндалина, тіс, өт жолдары ауруларында кездеседі.
Терінің өзгерісі аурулардың көп симптомының бірі, тамақтанудың бұзылысына, зат алмасу, гипо- авитоминозға бұзылысына әкеледі. Біріншілікті де, екіншілікті де гиповитаминоз терінің зақымдануынан болады(А гиповитаминозы фринодермада, С және Р витаминінің жетіспеушілігінде пурпура). Гиповитаминоз әртүрлі тері ауруларға әкелуі мүмкін(С және А витаминінің жетіспеушілігі, мысалы созылмалы фурункулезда). Терінің және шырышты қабаттардың әртүрлі өзгерістері эндокринді аурулардың функциональді және органикалық ауруларында дамиды: жүктілік дерматозы, жыныстық жетілу кезінде, Аддисон ауруындағы пигментация бұзылысы, микседема және т.б.
Қанайналым бұзылысында терінің зақымдануы функциональді(гипертониялық жара, Мартореля синдромы) немесе органикалық(варикозды симптомокомплекс, облитерацияланған атеросклерозда тері некрозы) болуы мүмкін. Қанайналым бұзылысындағы іркіліс болуы әртүрлі дерматоз дамуына әкеледі: пиодермиттер, экзема, органикалық нейродерматит және т.б.
Кейбір дерматоздар орталық және шеткі жүйке жүйесінің функциональді және органикалық зақымдануында дамиды. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы экзема, нейродерматит, трофикалық жараның себебінен болуы мүмкін.
Әртүлі психопатиялар трихотилломания, онихофагия, патомимии кезіндегі себебі болуы мүмкін.
Қан жүйесінің ауруларында тері зақымданулары сирек. Эритропоэз бұзылысы тері бояуының, гиперпигментация, сарғаюға әкелуі мүмкін. Қан ұю жүйесінің бұзылысынды пурпура пайда болуына әкеледі
Терінің және шырышты қабаттың спецификалық және спецификалық емес өзгеруі онкологиялық және гемотологиялық аурулардың себебінен болады(гемодермия, паранеопластикалық дерматоз). Терінің зақымдануы кейде мастоцитоз, саркоидоз, гистиоцит, дәнекер тінінің диагностикасында шешуші рөл ойнайды.
Тері аурулары тұқым қуалайтын және туа пайда болуы мүмкін. Тұқым қуалайтын дерматоздарға ихтиоз, буллезді эпидермолиз, атопиялық дерматит, невус жатады. Туа пайда болған дерматоздар жатырішілік интоксикация, инфекция, қанайналым бұзылысынан, немесе патологиялы босанулар кезінде дамиды. Туа пайда болған дерматоздар тұқым қуаламайды.
Кез- келген аурудың негізгі көрінісі жекелеп немесе толық еңбекке жарамсыздық, физикалық және психикалық дискомфорт, сыртқы ортаға қауіптілігі, сексуальді бұзылыс, науқастың және қоғамның экономикалық шығынын жатады. Бұл барлық белгілер тері ауруларының тән. Медицина дәстүрлі түрде ауру мен жарақатқа,оның ауыр жағдайға, мүгедектікке немесе өлімге мән береді. Сау қоғамда ауру мен жағдай сау адамды мүгедектік пен өлімге әкелмеуге мән беру керек. Бұлардың ішінде тері аурулары маңызды. Ғылыми зерттеу көрсеткіші бойынша тері аурулары қоғамға моральді және материальді маңызды.
Әйелдерге қарағанда ерлкр тері ауруларымен көп ауырады, бірақ әйелдер көп қаралады(52%). Ерлердегі негізгі дерматоз терінің микозы мен ісігі, ол гигиена мен кәсіптік қызметіне байланысты.
5 жасқа дейінгі балалар балалық экземамен; кәрі кісілер-тері қартаюына байланысты ісікалды және ісік дерматоздарымен ауырады.
Клиникалық дерматология соңғы онжылдықта медициналық институттар мен ауруханалардың негізгі бөлігіне айналды. Дерматологтар тері зақымдануының барлық жүйелі ауруларының диагностикасы мен емінде терапевт, хирургтармен жұмыс істеседі.
Терінің биологиялық экспериментальді зерттеу нәтижелері әртүрлі мамандықтарға дерматологияның жаңа фундаментальді түсініктерін енгізді, тері аурулары, жараның регенерациясы және қартаю, сонымен қоса аллергия, қабыну, зат алмасудың бұзылуы, канцерогенез сияқты жалпымедициналық сұрақтарға да байланысты екенін көрсетті.
4. Иллюстрациялыматериалдар: слайдтар.
5. Әдебиет:
1. Малдыбаева Н.М., Сайлауова Қ.С., Есенгараева З.Б. Тері аурулары және венерология. - Алматы, 2006.
2. Сайлауова Қ.С. Тері және венерология аурулары – Алматы, 2007 - 128 бет
3. Малдыбаева Н.М., Темірғалиев С.Ә., Сайлауова Қ.С., Дерматологияның кейбір сұрақтары мен оған жауаптары. Алматы, 2005.
4. Скрипкин Ю.К. и др. Кожные и венерические болезни: Учебник – М., ГЭОТАР-Медиа, 2007, 544 с.
5. Уайт Г. Цветной атлас по дерматологии: руководство/пер. с англ. под ред. Н.Г. Кочергина. – М., 2008.
6. В.Соколовский «Дерматовенерология». М. 2005.
7. Бутов Ю.С. Кожные болезни и инфекции, передающиеся половым путем: учебное пособие. – М., Медицина, 2002. - 400 с.
8. Самцов А.В., Барбинов В.В. Кожные и венерические болезни. – СПб.: ЭЛБИ, 2002. – 314 с.
9. Ю.К.Скрипкин «Кожные и венерические болезни» - Учебник для студентов медицинских институтов – М. «Триада – Х,» 2000 М.
10. А.Н.Родионов «Грибковые заболевания кожи». Руководство для врачей, Петербург. 2000
11. Ф.А. Зверькова «Болезни кожи детей раннего возраста» С. 1994
12. Практикум по дерматовенерологии: Учебное пособие/ Л.Д. Тищенко, Г.К. Гагаев, А.В. Метельский, О.В. Алита. – М., Изд-во УДН, 1990. – 125 с., ил.
13. А.А. Студницина «Дифференциальная диагностика кожных болезней». 1989.
14. Ю.К.Скрипкин, Г.Я.Шарапова «Кожные и венерические болезни». 1987. Учебник для студентов педиатрического факультета.
15. Г.М.Цветкова, В.Н.Мордовцев «Патоморфологическая диагностика заболеваний кожи». 1986.
16. С.Т.Павлов, О.К.Шапошников, В.И.Самцов, И.И.Ильин «Кожные и венерические болезни». 1985. Учебник для студентов лечебного факультета.
17. Ю.К.Скрипкин, Шарапова Г.Я. «Кожные и венерические болезни». М. Медицина, 1979.
18. Г.Р. Батпенова, Т.В.Котлярова «Принципы наружной терапии в дерматологии». Астана. 2003. (Учебно-методическое пособие).
6. Қорытынды сұрақтары:
1. Эпидермальді кератиноциттер пролиферациясы мен дифференциясының бұзылуындағы дерматоздарды атаңыз.
2. Эпидермистің жасуша аралық байланысының бұзылуы мен эпидермо- дермальді зонаның зақымдануындағы дерматоздарды атаңыз. Этиология, патогенез.
3. 3.Меланогенез бұзылуындағы дерматоздар: тері пигментациясы, даму ақаулары және ісіктер.Этиология, патогенез.
4. 4.Тері ауруларының экзогенді факторлары: вирус, саңырауқұлақ, паразиттер.
5. Тері ауруларындағы антропогенді типті экзогенді факторлардың (кәсіптік аурулар)рөлі
6. Тері ауруларындағы әлеуметтік факторлардың рөлі
Дәріс № 3