Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Болмыс пен материя мәселесі.




Болмыс мәселесі келесі сұрақтарға жауап берудің мүмкіндігі: Не тіршілік етеді? Дүние. Қайда тіршілік етеді? Осы және барлық жерде. Қанша уақыт тіршілік етеді? Қазір және мәңгілік, дүние бұған дейін болды, бар және болады, ол – мәңгілік. Жеке заттар, организмдер, адамдардың тіршілік еткеніне қанша уақыт? Олардың шегі бар, мәңгілік емес. Мәселенің түп негізі, мағынасы – заттың өткінші және өткінші емес болмысында, табиғат және адам сезімінің бірқалыптылығында [3, 17].

Философия болмыс мәселесін зерттеу шеңберіне ала отырып, адамның тәжірибелік, танымдық қасиеттеріне негізделеді. Бұл мәселе болмыс категориясының көмегімен және онымен тығыз байланысқан болмыс емес, тіршілік, кеңістік, уақыт, материя, қалыптасу, сапа, мөлшер ұғымдарымен анықталды.

Болмыс – танымнан тәуелсіз дүниені, материяны білдіретін философиялық түсінік.

Болмыс емес/бейболмыс/ болмыстың антитезасы, оның қарама-қарсылығы.

Тіршілік - әрекеттесуші, өзгермелі, көпүлгілі заттар жиынтығы. Дара заттың ішкі мағынасын, болмысын анықтау қиын. Тек тіршілік, болмыс, қалыптасу ұғымдары барлық заттардың мағынасы мен мәніне түсінік береді.

Материя - адамзат танымынан тәуелсіз дамитын объективті шындылық. Материя түпсіз терең объектілер мен дүние жүйесін қамтиды, түрлі қасиеттері мен формалары бар қозғалыстың субстанция негізі болып саналады. Материя тек шексіз көп нақты объектілер мен жүйелердің құрамында болады. Материя сыртқы жерден туындамайды және жойылмайды, ол – уақыт қатынасында - мәңгілік, кеңістік қатынасында - шексіз. Материя қозғалыспен тығыз байланысты, үздіксіз даму үстінде болады. Оның дамуы белгілі бір сатыда өмір мен ойлау қабілеттігін туғызады.

Уақыт және кеңістік – материя тіршілік етуінің негізгі формалары. Философияны уақыт пен кеңістіктің қатынасы және олардың материяға ықпалы толғандырады, яғни уақыт пен кеңістік нақты бар ма, әлде ол танымдағы таза абстракция ма деген сұрақтарға жауап іздейді. Кеңістік бір уақытта бір-бірімен тығыз байланысты объектілердің орналасу реттілігін білдіреді, уақыт - бір-бірін алмастырушы құбылыстардың орналасу реттілігін білдіреді.

Қалыптасу – заттар мен құбылысытардың аяқ асты өзгерісін – үздіксіз ауысуларын, бір-біріне айналуын білдіретін философиялық категория.

Сапа мен мөлшер – объективті танымның маңызын түсіндіретін философия категориясы. Дүние дайын, аяқталған заттарда емес, үнемі пайда болып, өзгеріп, жойылып отыратын процестер жиынтығынан тұрады. Бұл қасиеттер тұрақсыз, бір-бірінен ажырамайды деуге болмайды.

Өлшем - сапа мен мөлшердің органикалық бірлігін білдіретін философия категориясы. Әр өзіндік сапасы бар объектіке мөлшерлік мінездеме тән. Бұл мінездеме үнемі өзгеріс, қозғалыс үстінде болады. Дегенмен, өзгеріске бейімділіктің өзі кейбір шектермен шектелген. Ол шекарада мөлшер өзгерісі сапа өзгерісіне әкеледі. Осы шекараны «өлшем» деп қарастырамыз.

Болмыстың негізгі формалары:

1) заттар, процесстер болмысы;

2) адам болмысы;

3) рухани болмыс;

4) әлеуметтік болмыс.

«Біріншілік табиғаттағы» заттар мен процестер адам танымынан тәуелсіз тіршілік етеді. «Біріншілік табиғат» шексіз, өткінші емес болмыс, мұндағы адамның тіршілігі өткінші сәт деп қарастырылады.

«Екіншілік табиғат» - адам тіршілігінің уақытымен, кеңістігімен тығыз байланысқан болмыс, әлеуметтік болмыс.

Жеке адам болмысы – адам руханияты мен тәнінің диалектикалық бірлестігі. Адамды адам ететін оның руханияты, басқа тірі организмнен табылмайтын, тек адамға ғана тиесілі ішкі таным.

Дүние бейнелерінің бірнеше түрі бар: мифологиялық, теологиялық, ғылыми, философиялық. Дүниенің ғылыми бейнесі негізінен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін қорытып, жалпылау нәтижесінде қалыптасатындықтан, бұл тақырып үшін физика, астрономия, биология салалары бойынша іргетастық білім қажет.

Онтологияның орталық ұғымы болмыс болып табылады. Болмыс дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейтін философиялық категория.Бұл ұғымды философияға алғашқы болып Парменид(б.з.д.V-IVғ.) енгізді.Болмыстың негізгі формалары: заттар болмысы, адам болмысы, қоғам болмысы, рухани болмыс.Бұл категория материалдықты және руханилықты, яғни реалдықтың барлық түрін қамтитындықтан мазмұны жағынан ең кең болып саналады.

Ғылым дегеніміз дамып келе жатқан, қозғалмалы білімдер жүйесі болғанықтан, дүниенің ғылыми бейнесінің өзі өзгермелі, парадигмалық сипатқа ие. Парадигма түсінігімен студентер қазіргі заман философиясынан таныс, еске түсіріп өтуге болады.

Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы классикалық бейнеден классикалық емес бейнеге, одан қазіргі кезде постклассикалық емес бейнеге өту арқылы көрінеді.

Дүниенің классикалық немесе механикалық бейнесі Галилей мен Ньютонның жетістіктеріне негізделген, өте қатаң детерминация бойынша (графикалық бейнесі парабола түрінде), дүниенің кезкелген уақыттағы күйі белгілі болса, оның өткенің де,келешегін де өте дәлдікпен білуге болады.Бұл модельдің жаратылыстанулық базасы Ньютон әлемі болды. Дүниенің механикалық бейнесімен студенттер жаңа заман философиясынан таныс.

Дүниенің бұл бейнесінің орнына келген дүниенің классикалық емес бейнесі механика заңдарының универсал емес екенін дәлелдеген термодинамиканың алғашқы теорияларының ықпалымен пайда болды, XIX – XX ғасырлар тоғысында жаратылыстанудағы төңкеріс, әсіресе Салыстырмалық теориясының ықпалы нәтижесінде классикалық емес бейнеге өту жүзеге асты.бұл бейнеде өте қатаң детерминация емес, жаңа фактор – кездейсоқтықтың рөлі ескеріледі. Детерминацияның жаңа түрі «статистикалық заңдылық» деген атпен енді.

Дүниенің материалдық бірлігі –материалистік философияның негізгі прициптерінің бірі. Жалпы алғанда бұл прицип, дүниедегі әр түрлі заттар мен құбылыстардың негізінде, ешқандай рух пен санаға тәуелсіз, бір материалдық бастаманың жатқанын мойындау. Ежелгі грек философтары бұл бастаманы бір затпен теңестірді:сумен (Фалес), отпен (Гераклит) және т. б. Демокрит атомдармен теңестірді, яғни әрі қарай бөлінбейтін кішкентай заттармен.

Жаңа заман кезінде пайда болған Ньютондық картезиандық парадигма – И. Ньютон мен Р. Декарт идеяларына негізделген Декартың айтуынша дүниенің бір біріне тәуелсіз екі түп негізі бар: материалдық және рухани. Материалдық түп негіздің басты қасиеті –оның кеңістікте созылыңқылығы, рухани түп негіздің негізгі қасиеті-ойлау қабілеті. Бұл екі түп негіз бір біріне тәуелсіз, параллельдер. Бұдан шығатыны материалдық әлемді объективті сипаттауға болады, онда бақылаушы адамның субъективтілігіне орын жоқ.Декарт пен Ньютонның ілімдерінен шыққан дүниенің ғылыми бейнесінде Құдайға орын жоқ. Дүниенің рационалдық – механикалық бейнесі дүниені бізге жалғыз, заңдарға ғана бағынатын әлем ретінде суреттейді. Онда рух, еркіндік те жоқ, ол соқыр мылқау. Алып ғарыштық кеңістіктер,оларда өте қатаң, анық траекториялармен материя массаслары қозғалып жүр. Онда мақсат та, мән де жоқ. Оған адам мен оның санасының ешқандай қажеті жоқ.

Ньютонның механикалық әлемі оның – кішкентай, бөлінбейтің тұрақты пішіні мен массасы бар бөлшектер, бір – бірімен тартылу заңы арқылы байланысқан. Болмыс классикалық евклидтік геометрияның үш өлшемді кеңістігіне ұйымдасқан, ол тұрақты, абсолют. Ол үлкен бір заттар орналасқан сыйымдылық, оларға ешқандай қатысы жоқ. Уақыт та, дәл, сондай, абсолют, материяға ешқандай қатысы жоқ. Ол ылғи тұрақты, біркелкі ағынмен тек алдыға қарай жылжиды. Тұтас алғанда әлем, өте үлкен, қатаң детерминацияланған, яғни себеп пен салдардың үздіксіз тізбегінен тұратын сағаттық механизм. Бұл тібектің кезкелген бөлігі туралы мәлімет алсаң, оның өткенін де, бүгінін де ешқандай қатесіз суреттей аласың.Бұл әлем адам дүниесі, оның тағдыры, мақсаты, мәні, құндылықтар дүниесінде ешқандай шаруасы жоқ. Адамның өзі абсурд, не үшін пайда болғаны түсініксіз құбылыс.

Енді материя түсінігінің қалай қалыптасқандығына келсек, ежелгі дүниеден бастап, чарвактар (төрт элемент), ежелгі гректер белгілі бір зат, Левкипп пен Демокриттің өзі материяны атомдармен, яғни кішкентай заттармен тенестірді.

XVIII ғасырда француз материалисі Гольбах «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде: «...бізге қатысты жалпы алғанда материя, біздін сезімімізге әсер ететіннің бәрі» деп жазды. Ол материяның абстракция екеніне түсінік берді, бірақ біздің сезімімізге не әсер ететінін түсіндерген жоқ.

XIX ғасырдың аяғына қарай дүние құрылысының барлық принциптері ашылып болғандай көрінді: клетка табылды, энергияның сақталу заңы ашылды, Дарвин тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарасын ұсынды, Менделеев элементтердің периодтық жүиесін жасады. Барлық болмыстың, адам болмысынын да, заттар болмысынын да негізі болып атомдар, әрі қарай бөлінбейтің зат бөлшектері саналды. Материя ұғымы, зат ұғымымен теңестірілді. Масса, материя мөлшерін шамасын көрсетті. Материя кеңістік пен уақыттан тәуелсіз қарастырылды. Айналып келгенде, XIX ғасырдын классикалық физикасында ежелгі ілімнің кемшіліктері тән болды: яғни материяны алғашқы өзгеріссіз түпнегіз ретінде қарастыру және оны затпен тенестіру.

Қазіргі ғылым дамуының деңгейіне сәйкес келетін, материя анықтамасын берген В.И. Ленин: “Материя дегеніміз адамға түйсіктері арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз өмір сүре отырып сол арқылы көшірмесі алынып, суреті салынып, бейнесі жасалатын объективті шындықты белгілейтін философиялық категория”.

Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалысты – материя атрибуты деп түсінсек қана, дүниенің әртүрлілігін материялдық бірлігі арқылы түсіндіре аламыз. Қозғалыс пен материяның арақатынасы туралы әртүрлі көзқарастар болды. Дүниенің механикалық бейнесінде қозғалыс деп тек механикалық қозғалысты, яғни кеңістікте орын ауыстыруды ғана түсінсе, XX ғасырдың басында философия мен жаратылыстануда болған «энергетизм» бағытының өкілдері табиғаттағы барлық құбылыстарды энергияның өзгеруі деп қарастырып, оның ешқандай материалдық негізі жоқ деп, қозғалысты материядан бөліп алмақшы болды. Диалектикалық материализмде қозғалыс ретінде кез – келген сандық, сапалық өзгерістер түсінілінеді Және материяның қозғалысының себебі оның ішкі қайшылылығы болып табылады. Олар мынадай қарама – қарсылықтар: тұрақтылық пен өзгермелік, тартылыс пен тебіліс, қарапайымдылық пен күрделілік, т. б.

Дүниеде қозғалыстағы материядан басқа ештене жоқ және ол кеңістік пен уақыт бойынша болады. Материя қозғалысын түрлерге бөлуге болады. Оны алғаш тұжырымдаған Ф. Энгельс. Ол материя қозғылысын 5 түрге бөледі: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік. Тірі емес табиғаттағы негізгі сапалық өзгерістер материяның физикалық және химиялық қозғалыстарының қатынастарымен аңықталады, тірі табиғатта негізінен биологиялық қозғалыс басымырақ. Қозғалыстың әлеуметтік түрі қоғамға тән.

Энгельс берген қозғалыс классификациясы қазірдін өзінде құндылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ ғылым жетістіктеріне байланысты біршама байытылып, нақтыланды, дәлденді десе болады. Мысалы, XVIII, XIX ғасырда механикалық қозғалыс тек макроскопиялық денелердің кеңістікте орын ауыстыруы деп түсінілсе, қазір кеңістікте орын ауыстыру «элементар» бөлшектерден бастап барлық материя түріне тән екені анықталды. Қазіргі ғылым механикалық қозғалысты барлық физикалық процесстердің іргетасы ретінде қарастыруды қойды. Керісінше денелердің механикалық қозғалысы «элементар» бөлшектердің өзара ауысуының, әлсіз, күшті, электромагниттік және гравитациялық әсерлесу нәтижесінде болатыны белгілі болды.

Материя қозғалысының түрлерін түсіну үшін мыналарды ескеру қажет:

1. Қозғалыстың әр түрлі ерекше, бірақ өзара байланыста. Түрлердің кез – келгені сәйкес жағдайда басқасына айналуы мүмкін. Олардың негізі дүниенің материалдық бірлігі болып табылады.

2. Қозғалыстың қарапайым түрлері одан гөрі жоғары түрінің іргетасы болып табылады. Мысалы, тіршіліктің физико – химиялық негізін таппай тұрып, өмірдің мәнін түсіну қиын.

3. Материя қозғалысың жоғары түрлері сапалық жағынан ерекше болғандықтан, оларды төменгі түрлерімен теңестіруге болмайды. Мұндай теңестіру «механицизм» деп аталады. Бұл бағытты жақтаушылар барлық табиғи және әлеуметтік құбылыстарды классикалық механика заңдары арқылы түсіндірмекші болған.

Материя қозғалысының түрлері туралы сұрақты диал –мат. Тұрғыдан шешу, ғылымды классификациалауға мүмкіндік береді. Негізгі фундаментальды ғылымдар қозғалыстың негізгі түрлерін қарастырса, қозғалыстың түрлерінің бір-біріне өтуін, олардың байланысын қарастыратын да ғылымдар бар. (мыс:биохимия,биофизика,астрофизика т. б.) Материя қозғалысы кеңістік пен уақыт бойынша жүзеге асады.

Материалдық денелердің созылыңқылығы, басқа заттар қатысты белгілі бір орын орын алуы кеңістіктің философиялық түсінігін береді. Кез келген құбылыстың ұзақтығы, басталуы, аяқталуы, кезеңдері, күйлері болады. Материалдық процестердіңбір-біріне қатысты белгілі ретпен өтуі, ұзақтығы, кезеңдері болуы уақыттық философиялық түсінігін береді.

Былай қарасаң ап-айқын сияқты кеңістік пен уақыт ұғымы ежелден бастап күні бүгінгедейінгі философиялық дискуссиялардың өзегі болып табылады. Философия тарихында кеңістік пенуақыт туралы көзқарастардың эволюциясы негізінде екі басты коцепция қалыптасты.

1. Субстанциялық (түпнегіздік) концепция кеңістік пен уақытты өз бетімен өмір сүретін, материалдық объектілерден тәуелсіз түп негіз ретінде қарастырды. Бұл идея кезінде Демокрит тұжырымдаған, кейін Ньютон абсолют кеңістік пен уақыт концепциясында толық аяқталды.

2. Салыстырмалы (реляциондық) концепция кеңістік пен уақытты ерекше түп -негізтүрінде емес, заттардың өмір сүру тәсілі ретінде қарастырады. Бұл концепцияның негізін салған Аристотель, ол кеңістік пен уақытты материядан бөліп қарастыруға болмайды деген. Лейбниц те кеңістік пен уақыттың өз алдына болмыс бастамасы екеніне тойтарыс берді. Гегельдің негізгі қосқан үлесі, ол кеңістік пен уақыттың қозғалыс сәттері екенін айтты.

Диалектикалық материализм кеңістік пен уақыттың салыстырмалық концепциясын мойындайды.

Өткен ғасырда орыс математигі, евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда және барлық жағдайда тұрақты емес, олар материяның қасиеттеріне байланысты өзгереді деген өте батыл тұжырым жасаған болатын. XX ғасырдың басындағы физикада жасалған күрт өзгерістер кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяға, оның қасиеттеріне тәуелді екенін толық дәлелдеп берді. Мысалы, қара иірімдер тұсында кеңістіктің өзгеретіні. Әсіресе, А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы осы жөнінде үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуле жылдамдығына жақындаған сайын оның массасының шексіз ұлғая беретінің және уақыттың баяулай түсетінін дәлелдеді.

Осымен дүниенің классикалық ғылыми бейнесінен классикалық емес ғылыми бейнесіне өту жүзеге асты.

Дүниенің классикалық емес бейнесінде уақыт пен кеңістіктің негізгі қасиеттері мыналар: адам санасына тәуелдігі; абсолюттілігі мен салыстырмалылығы материя атрибуты ретінде қозғалыстағы материямен және өзара байланыста екені. Кеңістіктің жалпы қасиеті: үш өлшемді, изотропты (кеңістіктегі барлық бағыттар бірдей қасиетке ие). Уақыттың негізгі қасиеттері: анизотроптылығы (бағытқа байланыстылығы) бір өлшемділігі, яғни материялдық процесс өткеннен қазір арқылы болашаққа бағытталатындығы.

Диалектика (грек. - әңгімелесу, пікір таластыру) – табиғаттың, қоғамның және танымның барынша жалпы заңдары туралы ілім, және соған негізделген ойлау мен іс - әрекет әдісі. Философия тарихында диалектиканың үш негізгі түрі қалыптасты:

1.антикалық, қарапайым, стихиялы, жеке бақылауларға, күнделікті тәжірибегенегізделген (Гераклит, Платон, Аристотель, Зенон, т. б.)

2. неміс классикалық, Кант, Фихте, Шеллинг, әсіресе Гегель жасаған.

3. материалистік, негізін К. Маркс пен Ф. Энгельс қалаған.

Диалектикалық материализм екі бөлектің материализм мен диалектиканың бірлігі болып табылады.Материализм дүниенің негізі материя екенін анықтаса, диалектика материялдық әлемнің дамуда екенін қарастырды.

Диалектиканың элементтері дегеніміз оның категориялары, принциптері және заңдарының тұтас, даму үстіндегі жүйесі. Осылар арқылы даму үстіндегі реал дүние барлық жағынан сипатталады.

Диалектиканың категориялары – қоғамдық практика негізінде қалыптасатын, реал дүние мен танымның жалпы, негізгі жақтары мен қатынастарын белгілейтің ұғымдар (ойлаудың түрі).

Диалектикалық материализмнің негізгі категориялары – материя, сана, қозғалыс уақыт, кеңістік, сапа, мөлшер, сан, қайшылық, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мазмұн, түр және т. б. Бұлар универсал (әмбебап) категориялар болып табылады.

Белгілі бір философиялық категориялардың байланысы диалектиканың заңдары түрінде көрінеді. Бұлардың ішіндегі ең негізгі қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заң дамудың ең негізгі жағы – оның көзі қайшылық (қарама – қарсылықтың бірлігі) екенін ашады.

Қарама – қарсылықтар дегеніміз, өзара үздіксіз байланыстағы, бір жағдайда бірін – бірі жоққа шығаратын, белгілі жағдайларда бір – біріне айналатын (оң – теріс, ассимиляция – диссимиляция, материалдық – идеалдық, теория – практика, т. б.) сәттер, нәрселер. Нақты қарама – қарсылықтардың бірлігі (теңдігі) қайшылықты (диалектикалық) құрайды. Қысқаша бұл заңды былай өрнектеуге болады: бірліктің қарама – қарсылықтарға бөлінуі, олардың күресі, және оның жаңа бірлікте шешілуі.Бұл арқылы даму,әр түрлі қайшылықтардың пайда болу,өсу, шиеленісу және шешуші процесі ретінде көрінеді. Бұл қайшылықтардың ішіндегі дамуда шешуші, даму көзі рөлін атқаратыны ішкі қайшылықтар болып табылады.

Сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне айналу заңы дамудың жалпы механизмін, яғни ол қалай болотынын көрсетеді. Бұл заңдағы негізгі категориалар – сапа, сан, мөлшер, секіріс.

Сапа-заттың сол екенін білдіретін негізгі қасиеттері

Қасиет-заттың басқа заттармен әсерлесуі түрінде көрінетін белгілі бір жақтары.

Сан заттың өзгерісі белгілі бір шекке жетпейінше зат басқа затқа айналмайтын анықтаушысы заттың сандық анықтаушысыны жататындар оны құраушы элементтер саны, көлемі, өзгеру жылдамдығы, қасиеттерінің көріну дәрежесі т.б.

Мөлшер – затың сандық және сапалық анықтаушыларының тұтас бірлігін өрнектейді. Мөлшер оған дейінгі сандық өзгерістер сапалық өзгеріске айналатын шекара.

Секіріс – бұрыңғы құбылыстың сандық өзгерістерінің бірқалыптылығының үздіксіздігінің үзілуін, қарама – қарсылыққа айналуын, қайшылықтардың шешілуін, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болуын білдіретін философиялық категория.

Осы категориялардың арасындағы байланыс сандық және сапалық өзгерістердің бір – біріне өту заңын өрнектейді. Бұл заңның мәні мынада. Сандық өзгерістердің біртіндеп жинақталуы белгілі бір уақытта заттың түбірімен сапалық өзгерісін тудырады (секіріс), ол жаңа сапаның, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Бұл, өз кезегінде сандық өзгерістер туғызады (мысалы; атом ядросы зарядының шамасының өзгеруіне байланысты бір химиялық элементтің екінші химиялық элементке айналуы).

Терістеуді терістеу заңы дамудың бағытын, сабақтастығын көрсетеді. Бұл заңның негізгі категориясы «терістеу». Терістеу дегеніміз а) затты негізінен сыртқы күштер мен факторлардың әсерінен жоғалуы, яғни тұтас жүйе түрінде өмір сүруін тоқтатуы, дамуының аяқталуы (сырттай терістеу, деструкция).

б) терістеудің дамуы ішкі сәті ретінде, терістелетің заттың оң жақтарының сақталып қалуы түрінде.

Терістеуді терістеу заңы – дамудың алдыға жылжу, сабақтастық, циклдік сипатын және оның бағытының «бұрама» (спираль) түрінде (дөңгелек емес, түзу сызық емес) болатының көрсетеді, яғни жоғары сатыда төменгі сатының кейбір қасиеттерінің қайталанатынын көрсетеді.

Даму сонымен өткен сатыларды қайталау, түріндегі процессретінде көрінеді. Циклдық даму түрі «триада» бастапқы саты – оны терістеу –терістеуді терістеу (тезис – антитезис – синтез; теория –және т. б.). Бұл заңның әсері дамудың кез келген сәтінде емес, тұтас салыстырмалы, біршама аяқталған процесте байқалады.

Диалектиканың принципі дегеніміз оның барлық заңдары мен категориалары-ның бірлігі болып табылады олар өзара байланыста, оларды бір-брінен бөліп алуға, бір-біріне қатаң түрде қарсы қоюға болмайды.

Диалектика – материалистік әдіс, әмбебап әдіс болғанымен, ол барлық жағдайда қолданыла бермейді. Қарапайым сана деңгейінде, күнделікті іс әрекетте, қысқа уақыт аралығы мен кішкентай маштабы онсыз да болады. Бұндай жағдайда тұрақты, қатып қалған принциптерімен метафизикалық әдіс те жарайды. Қосып, алу үшін элементар математикажеткілікті, ол үшін жоғары математикағажүгірудің қажеті жоқ

Сонымен, дүниенің класикалық ғылыми бейнесінің әдісі метафизикалық болса, класикалық емес бейнесінің әдісі диалектикалық – материалистік әдіс болып табылады.

Дүниенің постклассикалық емес ғылыми бейнесінің графикасы – бұтақталған ағаш түрінде. Пригожиннің бельгиялық мектебінің жетістіктері ескеріліп жасалған. Ең басынан бастап, уақыттың кез – келген сәтінде келешек белгісіз болады. Даму бірнеше бағыттың кез келгенімен кетуі мүмкін, ол бір кішкентай ғана факторға байланысты. Азғантай ғана энергетикалық әсерден, жүйе қайта құрылып, жүйеленудің жаң деңгейі түрі пайда болады. Қазіргі постклассикалық емес бейне бойынша қоғамдық құрылымдарға талдау жасау, дамудың бастапқы шарттардың, оған кіретін индивидтердің, кездейсоқ факторлардың рөлі өте зор.

Постклассикалық емес бейнеде реттілік, жүйелік пен хаос шындықытың объективті, жалпы сипаты ретінде бірдей танылады. Бірқалыпсыз жүйенің өзін иррегулярлық ұстауы көптеген ғылымның, әсіресе, синергетиканың негізгі мәселесі болып табылады.

Синергетика ұғымы қазіргі ғылыми пікір таластарда, ғылым философиясының соңғы онжыл ішіндегі зерттеулерінде кең орын алып отыр. Терминнің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда қатысу, көмектесу немесе қатысушы, көмектесуші деген мағына береді. Ғылыми зерттеуде келісімді әрекет, бірігіп қолдану деген мағынада пайдаланылады. Синергетиканың пәні өзін - өзі ұйымдастыру, спонтанды структурогенез болып табылады. Синергетика – дүниенің қазіргі бейнесін қамтиды: тұрақсыз, орнықсыз дүние концепциясын, дамудың белгісіз, көпальтернативтілігі, хаостан тәртіптің пайда болуы. Дүниенің қазіргі ғылыми бейнесі қозғалмалы, қайшылықты. Онда жауаптан қөрі сұрақ көп. Ол таңқалдырады, тұйыққа тірейді. Бірақ, танымға ұмьылған сана ізденісінің шегі жоқ. Сондықтан, жақын арада, тағыда таңқалдыратын жаңа идеялар ұсынылып, жаңалықтар ашылатытына күмән жоқ.

Философтардың «уақыт және мәңгілік» туралы ойлары:

Спиноза Б.

Мәңгілік - атрибут, оның астарында Құдайдың шексіз өмір сүруі жатыр, керісінше, ұзақтық - атрибут, оның астарында жеке дара заттардың тіршілігі, өйткені олар ұзақтықта болады.

Уақыт заттардың жағдайы емес, ойлаудың модусы, яғни ұзақтықты түсіндіруге қызмет етеді.

Хайдеггер М.

Тек тарих ғана емес, табиғаттың да өзіне тән уақытқа сипаты бар. Бұл уақыт шындығына жалпы уақыттан тыс заттарды қарама-қарсы қояды, олар тақырыптар мысалы математикалық зерттеулер. Осы уақыттан тыс математиканың заттарына басқа уақыт асты - мәңгілік - метафизика мен теология. Уақыт жалпы заттардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарының «индекс» бірлігі болып табылады. Уақыт түсінігі бізге тіршіліктің универсалды сферасының амалдары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Бұл түсінік ерекше түсінік, ол философияның негізгі сұрақтарымен тығыз байланысты.

Боэций.

Біздің «енді» жүгіріп бара жатқандай және сонымен бірге уақытты туғызады, ал тұрақты, қоғалыссыз, берік «енді» «мәңгілікті» - туғызады.

Витгенштейн Л.

Өлім өмірдің оқиғасы емес. Адам өлімді сезінбейді. Егер мәңгіліктің астарын уақыттың шексіз ұзақтығы деп түсінбесе, ол уақытссыздық, бүгінгімен өмір сүрсе сол мәңгі тірі. Біздің көзқарасымыздың шекарасы шексіз, онда біздің өміріміздің де соңы.

Гегель Г.

Уақыт өз түсінігінде мәңгілік, немесе ол белгілі бір уақыт емес және де нақ осы шақ емес, ал уақыт уақыт сияқты оның түсінігін береді. Бірақ соңғысы қандайда болмасын барлық түсініктер сияқты мәңгілікті, сонымен бірге абсолютті бүгінгі шақ. Мәңгіліктілік болмайды, мәңгіліктілік болған жоқ, ал мәңгілік бар.

Августин Аврелий

Уақыт ұзақтығы көптеген өткінші сәттерді ұзағырақ етеді, олар бір- бірімен ауыса алмайды; ал мәңгілікте ештеңе келмейді, бірақ толығымен бүгінгі шақ сияқта болуы мүмкін; уақыт бүгінгі шақ тәрізді бола алмайды.

Аквинский Фома

Уақыт және мәңгілік бір емес. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылықты кейбіреулер мынадан іздейді, мәңгілі басы мен соңынан айрылған, ал уақыт басы және соңы бар. Бірақ бұл жалпы түсінігі бола алмайды.

Аскин Я.

Уақыт ағымында Мәңгілікті қозғалыссыз, қозғалыссыз ұзақтық деп қарама-қарсы тұжырымдау дұрыс емес. Қозғалыссыз ұзақтық деуге болмайды өзінің мән мазмұны жағынан ұзақтық материялардың қозғалысының нәтижесінді пайда болады, ол қозғалыссыз болуы мүмкін емес. Мәңгіліктте уақыттың екі атрибуты да негіз болады: ұзақтық және жалғасы.

Бердяев Н.

Өткен шақтың, осы шақтың, мәңгіліктің өз адамдары бар. Көптеген адамдар уақыттың әр бөлігінде өмір сүреді және санаулысы ғана мәңгілікке дараланады. Пайғамбарлар болашаққа ұмтылады, өйкені олар жан дүниесімен уақыттан өтеді. Жан дүниемен уақыттың өлшемі өзгереді, уақыт өшеді, мәңгілік басталады.

Синергизм [ грек. synergeia - бірлесіп жасалған іс] – медицина түсінігі бойынша, ол бір әлде бір-неше дәрілердің организімге әсер еткен реакциясы, яғни, дәрілердің бірлесіп жасаған әсері нақты дәрінің әсерінен үстемді синергия сияқты.

Синергетика «бірлесіп жасаған істін энергиясы» (грек. «син» — «бірге-», «бірлесіп» және «эргос» — «іс») — Штутгарт университетінің профессорымен Герман Хакенмен қалаған пәнаралық бағыт, бұл бағыт әр-түрлі табиғаты бар бөлшектерден тұратың жүйелерді зерттейді /электрон, атом, молекула, клетка, нейрон, механикалық элементтер, хайуан мен адам мүшелері, көліктер т.б./ және макроскопиялық көлемінде олардың байланысы қандай кеңістік, уақыт әлде кеңістік-уақыттық құрылыстардың пайда болуын шығарады. Синергетика жаңа жалпылау ғылымның бірі, күрделі жүйелердің негізгі заңдарың зерттейді. Оның аймағына кіретін келесі: сызықты емес динамика, хаос, фракталдар, қопарылыстар, бифуркациялар, толқындар, солитондар т.б. Қазіргі уақытта синергетиканың танымалы себебі – бүкіл ғылыми саланың өкілдері оның тілінде пәнаралық коммуникацияға кіреді.

Синергетика – қазіргі өзіндік құрастыру теориясы, эволюция процесіне негізгі сипаттама беретін, өзіндік құрастыру феноменің зерттейтін, сызықтылық еместі, теңөлшемсіздікті, глобалдық эволюцияны, «хаостан реттілік құрастыру» процесстерді /И. Пригожин/ зерттеу жүргізетін, бифуркациялық өзгерістер, уақыттың қайталанбауын, тұрақсыздықты қарастыратын жаңа дүниегекөзқарас. Синергетиканың мәселе полесі «қиындық» деп аталатын ұғымның айналасында жатыр, табиғатқа негізделіп оның құрылымы мен эволюциясына назар аударады. «Қиындық» деген теңдіктен алшақ бифуркациялық өтудін жағымды сызықтық емес жағдай, бифуркация нүктесіне жоғары симметрияның бұзылуында пайда болады және де корреляцияның макроскопиялық масштабын қалыптасуы мен қолдауы. Синергетикаға қатысты негізгі шығармалар: И. Пригожин «Переоткрытие времени», «Философия нестабильности», «От существующего к возникающему. Время и сложность в физических науках»; И. Пригожин, И. Стенгерс «Порядок из хаоса. Новый диалог человека с природой», Г. Николис, И. Пригожин «Познание сложного. Введение»; А. Баблоянц «Молекулы, динамика и жизнь. Введение в самоорганизацию материи»; Г. Хакен «Синергетика. Иерархии неустойчивостей в самоорганизующихся системах и устройствах» және Еркін Брюссель Университетінің қызметкерлерінің зерттеу шығармалары.

Дүниенің постнеклассикалық бейнесінің образы – ағаш сияқты бұтақты графика – И. Пригожиннің бельгия мектебінің ғылыми нәтижесімен байланысты. Келешек өзінің басынан бастап, қазіргі уақыттада бізге анықсыз. Даму бір әлде бір-неше бағытта болуы мүмкін. Тек бір энергетикалық «шаншу» жарайды жүйенің құрылымының өзгеруіне және меңгерудің жаңа түрі пайда болу үшін. Қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінде қоғамдық құрылымдардын талдауында ашық сызықсыз жүйелерді зерттеуге шарт, оларда алғашқы шарттар үстемді: индивидтердің, локалдық өзгерістер мен кездейсоқтық факторлар. Және постнеклассикада құңдылық-мақсатты құрылымдар жаңа императивке айналады.

Постнеклассиканың мықты методологиялық тезисі – бір траекториядан екіншіге ауйысу, жүйелік естен айырылу. Көпөлшемдік байланыс моделінде, екі емес одан көп жақтар қатысатын, турбуленттік кеңістік пайда болады. Онда бағытталған векторлардың күштік сызықтары басқалардың ұмтылыстарымен кездеседі, үшіншінің әсерімен өзгереді, жалпы ортақ байланыста қалыптасқан алғашқы мен келешектен қазіргінің тәуелділігі даму логикасын бұзады. Осындай жағдай туралы былай дейді: «Жүйелік ес жоғалды».

Келесі тағы маңызды ереже – когеренттік принциптің бұзылуы және локалды, екінші дәрежелі себептерге көлемі мен энергетикалық өлшемі бойынша глобалды салдар қатысты. Осы жағдай болашақты анықсыз және жаңалықтар үшін ашық қылады. Осындай жүйелердің эволюция перспективасында көп түрлі комбинациялар мүмкін, ал дағдарыс нүктелерінде бұтақтау эффект болады. Осындай әдеттерді сипаттау үшін ағаш сияқты бұтақталған графика лайық. Осы жағдай қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінен бір сызықтыққа бағытталу мен тоталдық жарияланудан, яғни, анықсыздықты болмыстың атрибутивтік қасиеті деп онтологиялық статусқа ие болады.

Постнеклассикалық методологияның қалыптасқан ұғымдары: бифуркация, флуктуация, хаосомность, диссипация, оғаш /әпенді/ аттракторлар, сызықтық емес. Олар категориалдық статусқа ие болып, келесі жүйелердің әдептерін түсіндіреді /организмикалыққа дейін, организмикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, этникалық, рухани т.б./.

Теңдік жағдайда бифуркациялық механизмдер жұмыс жасайды. Олар екі үштасқан нүктелерді және жалғыз емес даму бағытын көрсетеді. Осы әрекеттердің нәтижелерін қиын анықтау. И. Пригожиннің пікірінше, бифуркациялық процесстер жүйенің қиындау жағын айқындайды; Н. Моисеевтің пікірінше, әлеуметтік жүйенің жағдайы бифуркациялық болады. Флуктуация жалпы оқиғада күйіну және екі үлкен классқа бөлінеді: сыртқы ортамен қалыптасатын флуктуация классы; жүйенің өзімен қалыптасқан флуктация классы. Бір жағдайда флуктуация жүйенің бәрін жаулап алып. Оның өмір сүру режимін өзгертеді. Олар жүйені «реттілік типінен» шығарып, хаосқа әлде реттіліктің басқа деңгейіне әкеледі.

Күйіну жайылатын жүйелер диссипативтік деп аталады. Мәнінде, жүйенің флуктуацияға қатысты әдептерінің сипаты, ол оны толық жаулап алады. Диссипативтік жүйенің негізгі қасиеті - әр-түрлі ықпалдарға керемет сезімділік осы жағдаймен төтенше теңсіздік. Ғалымдар тағы бір құрылымды белгілейді – аттракторлар – тартымды көптіктер, олар элементтерді тартатың орталықтарды қалыптастырады. Мысалы, халық жиналғанда, өзгеше өз жолымен келе жатырған адам сол жерден жәй өтіп кетпейді. Оны жүру траекториясының сызығы сол жаққа ауысады. Қарапайым өмірде оны әуестік деп атайды. Өзіндік меңгеру теориясында осындай процессті «жиналу нүктеге жылжу» деп атайды. Аттракторлар өзінің айналасына стохастикалық элементтерді жинап алады, сөйтіп, ортаны құрып, реттілікті жасайды.

Дүниенің постнеклассикалық бейнесінде реттілік, құрылым, хаосомдық, стохастикалық реалдылықтың объективті және универсалды қасиетіне жатады. Олар өзін құрылым дамудың әр кезеңінде білдіреді. Теңсіз жүйелердің иррегулярылқ әдеті туралы мәселе ғылыми пәндердің оралығында тұр, әуелі синергетиканың - өзіндік меңгерудің – спонтанды структурогенездің жалпы заңдарын шығаруды өзінің пәні деп санайды.

Синергетика ұғымы қазіргі дискуссияларда кең таралған. Терминнің өзі грек тілінде жәрдем, қатысу, көмекші деп мағына береді. Оның іздерін исихазмде – Византияның мистикалық ағымында табуға болады. Көп жағдайда ол ғылыми зерттеу контекстінде «келіскен іс-әрекет, үздіксіз ыңтымақ, бірлесіп қолдану» деген мағынада қолданады.

1973 ж. Генрих Хакеннің конференцияда сөз сөйлеген жылы синергетиканың шығу жылы болып саналады. Г. Хакен синергетиканың жаратушысы корпаративтік құбылыстар әр жағдайларға тәрізді: астрофизикалық құбылыстар, фазалық өтулер, гидродинамикалық аума, атмосферада циклондардың пайда болуы, популяциялардың динамикасы, моданың құбылыстары. Өзінің «Синергетика» атты классикалық шығармасында Хакен былай деген, біз көп пәндерде, астрофизикадан әлеуметтануға дейін жүйелердің бөліктерінің кооперациясы макроскопиялық құрылымдарды әлде функцияларды шығарады. Синергетика өзінің қазіргі жағдайында макромасштабында драмалық жағдайға ұшырады. Нақты түрде синергетиканы өзіндік меңгеруге ықпал ететің жүйенің бөліктері мен жартысында қандай өзгерістер болады сұрақтар қызықтырады. Парадоксалды жағдай – жүйенің ретсіздік жағдайынан реттілік жағдайында олар өздерін ұқсас көрсетеді.

Хакен өзінің жаңа пәнің синергетика деп мынандай себептермен атады: бірінші, ол макроскопиялық деңгейдегі пайда болатын құрылымдар мен олардың қызметтерін негіздейтін жүйелердің бөліктерінің келісім ісін зерттейді; екінші, ол жүйелердің өзіндік меңгерудің жалпы принциптерін табуға әр-түрлі ғылыми пәндердің жігерлерін біріктіреді. 1982 ж. өткен конференцияда синергетиканың жаңа приоритеттері шығарылған. Шағын кәсіптік білім аймақтарының дағдарысы болғансон, Хакеннің пікірінше, білімнің бағдарламасын санаулы заңдар, концепциялар мен идеяларға дейін азайту қажет, ал синергетиканы сондай талпыныстың бірі деп санауға болады. Ғалымның пікірінше, әр-түрлі табиғаты бар жүйелер өзіндік меңгерудің ұқсас принциптерін құрастырады – электроннан адамға дейін – синергетика табиғи және әлеуметтік жүйелердің, процесстердің жалпы детерминанттарын іздейді.

Сөйтіп, синергетика продуктивті ғылыми концепция болып саналады. Оның пәні – спонтанды структогенез. Ол өзіне қазіргі ғылыми бейненің жаңа приоритеттерің еңгізеді: тұрақсыз теңсіз дүние туралы концепция, дамудың анықсыз және көп альтернативті феномені, хаостан реттіліктің пайда болу идеясын.

Реттілік пен хаос ұғымдарды түсіну үшін, бағытталған ретсіздік теориясын және хаостың жалпы классификациясы мен типологияны шығару қажет. Соңғысы қарапайым, қиын, детерминацияға бейімделген, кезектесетін, шағын сызықты, үлкен көлемді, динамикалық т.б. Хаостың ең қарапайым түрі – «кішкенемөлшерлі» - ғылым мен техникада кездеседі, детерминациялық жүйелермен сипатталады. Ол үақыт тұрғыдан ұзақты, бірақ қарапайым кеңістікте өзгешелігі бар. «Көпмөлшерлі» хаос сызықты емес орталардың ретсіз әдетімен бірге жүреді. Ал «детерминацияландырылған хаос» деп сызықсыз жүйелердің әдетін көрсетеді, стохастикалық негізі бар, бастаушы ретсіз және шекаралық шарттары бар шешімдермен суреттеледі.

Тұрақтылықты жоятын және хаосқа көшудің бір-неше себептері бар: шулар, сыртқы ақаулар, ызаландыратын факторлар. Хаосомностін негізін бостандықтың көп түрлі деңгейлерімен байланыстырады, олар абсолюттік түрде кездейсоқтық бірізділікті таратады. Хосогенності жарататын жағдайларға қозғалыстың тұрақсыздығын, яғни, екі жақын жағдайлар сыртқы стохастика әсеріне әсер ете келе әр-түрлі траекторияларында дамиды.

Хаотизация процесі туралы дәстүрлі пікірлерге қазіргі зерттеулер маңызды қосымшыларды еңгізеді. Дүниенің постнекласикалық бейнесіне хаос деструкцияның себебі ретінде емес, спонтанды структурогенездің себебі болатын материалдық байланыстардың алғашқы тұрақсыздығының себебі. Соңғы теориялық зерттеулер бойынша хаос түрсіз масса емес, өте қиын құралған жүйенің бірізгілігі, оның логикасы да қызықты болып табылады. Ғалымдар бағытталған ретсіздіктің теориясын шығаруға жақындайды, хаосты ретсіздік қозғалыс мерзімсіз қайталанатын, тұрақсыз траекториялары үшін кеңістік пен уақытша корреляциялары үшін кездейсоқтық таралу тәрізді.

Реттілік пен хаос категорияларының социологизациясы адам өлшем болмысында айқындалған, хаотикалық құрылымдарға негативтік қатынас пен тек реттілікті қабылдау салдары дейді. Қазіргі философияға екі үштасты бағыт тәрізді /антропологиялық-антропологиялық емес/. Ғылыми-теориялық сана қазіргі синергетикалық парадигмада хаотизация процесінің конструктивті түсіну ролі мен маңыздылығына қадам жасайды. Әлеуметтік практикада хаосомностық пен анықсыздыққа қарсы, оларды негативті бағалау формуларымен қатар қосып, методологиялық талдаудан ысырып тастауға тырысады. Соңғысы, рационалистік утопиямен тоталитарлық режимдердің үстемділігімен айқын, олардың мақсаты «толық реттілік» пен «темір қажеттілікті» тұрақты қылу.

Сонымен қатар, «қаталдық» пен «хаос» терминдерін деструктивті мағынада түсіну қазіргі табиғаттану мен философиялық-методологиялық талдаудың материяның қасиеті ретінде универсалдық реттілікпен бірге хаосты мойындауына қайшы. Және ол Гесиодтан бастама алатын ежелгі тарихи-философиялық дәстүрдегі хаосты өзгеше бәрін қамтитын жаратушы бастама деп түсінуге қайшы. Антика түсінігінде көрінбейтін және жетілмейтін хаостың түр жаратушы күшіне ие, «ауыз ашық», материяның түрсіз, бірінші мүмкіндігі, ол бірінші тірі түрлерді жаратады.

20 ғ. кейін анитикалық көзқарас ғалымдардың шығармаларында көрсетілген; Дж. Глейк өзінің «Хаос: жаңа ғылымды жаратуда» былай дейді, динамикалық хаос – қозғалыстың жаңа түрлерін ашу, физикада элементарлық бөлшектерді, кварктерді, глюондарды материяның жаңа элементтері ретінде түсіну. Хаос туралы ғылым – ол болмыс емес, процесстер мен қалыптасу туралы ғылым.

Постнеклассикалық методологиямен байланысты екі үштастық мәселелерді шешуге қажеттілік туылады. Біріншіден, «бағытталған ретсіздік теориясында» құрылымдық білімнің көбеюі құрылым мен хаотизацияның өзгешелігін білу және түсіну болып табылады. Мысалы, олар циклдік схемамен емес, қосымша бинарлық және қосынды қатынастармен көрінеді. Реттілік пен хаостың байланысы, оны бинарлық қайшылықтың көрінуі, екі стихияның өмір сүруінде және күресінде айқын. Циклдық дегеніміз жағдайлардың өзгеруі, аусуы, яғни, бинарлық оппозиция көп нәтижелі эффектермен келіседі: керісінше сияқты бір-бірін негіздеу, алғашқы негізді сақтап трансформациялау /реттілік пен хаостын көбеюі/, сол қайшылықтын жаңа негіздерін ашу/ мысалы, басқа уақыт, реттілік пен кемістік/. Қосымша қатынас меңгерілген толықтыққа құрылымсыз күштердің басып кіруін неіздейді. Бұл жағдайда толықтыққа оған бөтен элементтердің қатыстыруы, тұрақталған компоненттер жүйесіне, оның инновациялық пен қиын деңгейлерін өсірмей және өзгертпей, қиын қосалқы құрылымдарға дақтар тигізеді.

Осымен қатар, дүниенің ғылыми бейнесін құрастыруында қазіргі ғылымдардың жетістіктеріне қарамай, скептиктердін де үндері басылмайды, олардың пікірінше, үшінші мыңжылдықта ғылым гравитацияны, өмірдің шығуын, сананың қалыптасуын, поленің бірлік полесін құрастыру, парапсихологиялық пен биоэнергиялық-бағдарламалық байланыстарды түсіндірген жоқ. Жағдайлар мен элементтердің кездейсоқтық байланысымен өмір мен ақылдың пайда болуын мүмкін емес, және де бұл гипотезаға ықтимал теорияда тиым салады. Сол жағдайда Жердің өмір сүру кезеңдері мен іріктеу нұсқауларыда жеткіліксіз.

Ғарыштың релятивистік концепциясы әуелі жағдайда ойға сиятын материалдық Ғарыш деп түсінген, оның «бастама» идеясы түбінде шексіздік идеясын жоққа шығарып, толық төңкеріске әкелді. Космолог-релятивистердің біздің кеңейтілетін Ғарыш – Метагалактика – жалғыз және бәрін қамтушы деген пікірі алғашқы жарияланған Жер туралы пікірді қайталайды, яғни, жалғыз Күн жүйесінде әлде Галактикада Жер және оны қоршаған басқа жұлдыздар жалғыз. Шыңдығында Ғарыштың космологиялық моделі дүниенің тек бір фрагметін, яғни универсумның тек бір локалды аймағын түсіндіреді. Кеңістік пен уақыттың шекті-шексіз космологиялық бейнелері сол локалды аймаққа қатысты болғансон, жалпы шексіздік идеясын жоққа шығармайды. Космологияның қазіргі даму кезеніне релятивистік космологияның үстемділігі тәрізді, яғни, ол дүниеге толық және соңғы сипаттау бермейді, бірақ біздің Ғарышты физикалық-кеңістік тұрғыдан түсіндіру үшін шексідік пен шектіні зерттейді. Релятивистік космологияның негізін салушылар А. Эйнштейн мен А. Фридман.

Жалпы ықтималды теорияны шығарғансон /ЖЫТ, 1916 ж./ А. Эйнштейн Ғарыштың бірінші релятивистік моделін құрды және келесі ережелерін ұсынды:

1. Зат пен сәуле шығару Ғарышта бірқалыпты жайылады. Осыдан шығады, Ғарыштың кеңістігі біртекті және изотропты. Бірақ көлемі үлкен объектілердің кеңістік-уақыт геометриясы өзгереді, сол өзгеріс – Ғарыштың біртекті изотропиялық кеңістігінде тұрақты қисықтығы бар кішкентай ауытқу кездеседі.

2. Ғарыш стационарлы, уақыт тұрғысында өзгермейді. Сонымен, кеңістіктің геометриясының эволюциясы мүмкін емес. Эйнштейннің әлемін «жұмыр» дейді, себебі, оны шексіз жайылған төртөлшемді цилиндр түрінде бейнелеуге болады. Сол цилиндірдің бойында алғашқы мен болашаққа бағытталған уақыт осі пайда болады. Цилиндірдің қиылысы кеңістікті шығарады. Бұл моделде ол тұрақты жағымды қисықтығы бар үшөлшемді сфералық кеңістік. Оған шекті көлем тәрізді. Бірақ оны біз артында ештеңе жоқ «дүние шегі» деп түсінбейміз. Кеңістік «өз-өзіне тұйықталады», сол арқылы біз бөгетке ұшырамай шексіз айналамыз.

Бірақ, Эйнштейннің «жұмыр әлемі» алғашқыда қалды. Оның Ғарыштың стационарлық моделін құрастыру талпынысы Ғарыштың мәнгілікте өзгермей бар екен деген дәстүрлі бейнелеудің көрінісі. Эйнштейн дүниенің стационарлық моделін өзгеше шарттар негізі арқылы алды.

Осы космологиялық мәселенің қазіргі шешімін совет математигі А. Фридман шығарды, ал дамытқан бельгиялық космолог М. Леметр. Фридман дүниенің стационарлығынан бет бұрып, оның біртектілігі мен изотроптылығын сақтады. Осы арқылы үш шешімнің мүмкіндігі пайда болды:

1. Егер Ғарышта заттардың тығыздығы мен сәуле шығару бір шекті /дағдарыс/ өлшемге тең болса, онда кеңістік евклидті, яғни, нөлдік қисындысы бар, әлем шексіз.

2. Егер тығыздық дағдарыс нүктеден кем болса, Ғарыш кеңістігі Лобачевскийдің геометриясымен сипатталады, оған керісінше қисын мен шексіз көлем тәрізді, ол ашық және ер тоқымға ұқсас.

3. Егер заттын тығыздығы дағдарыс нүктесінен көп болса, ол шексіз, бірақ көлемі шекті. Әлем жабық және шекті. Ол Риман геометриясымен сипатталады.

Сөйтіп, ғалымдардың пікірлері әр-түрлі, өзгеше. Біреулері шексіз жайылатын Ғарыш туралы болжауды қабылдаған, «Үлкен жарылыс» атты концепция бойынша 17-20 млрд. жыл бұрын Ғарыш ең кікшкентай көлемде ең тығыз сингулярлық жағдайда шоғырланған. Осы «Үлкен жарылыс» Ғарыштың жайылуына бастама берді, сол жағдайда заттардың тығыздығы өзгеріп, кеңістіктің қисындысы жөнделеді. Басқалардың пікірінше, созылуға тағы қысу пайда болады, сол процесс қайталанады. Осының негізімен «тамыр соғысы» сияқты Ғарыш туралы гипотеза ұсынылады, ол бойынша әр 100 млрд. жыл сайын бәрі «Үлкен жарылыстан» басталған.

Ғарыш созылады ма әлде тағы қысу басталады ма деген ашық сұрақ. Бірақ «қызыл ығысу» атты құбылыс бәріне айқын факт, ол сәуле шығу бастамадан алшақтау белгісі, яғни, галактикалар өздеріне дейін аралыққа пропорционалды жылдамдықпен «ұшады». Осы «қызыл ығысу» атты, яғни, галактикадан тыс тұмандардың сәуле шығару спектралды сызықтардың «қызыл» соңына ығысуын 1912 ж. В.М. Слайфер ашқан. Аз уақыттан кейін /1929 ж./ Эдвин Хаббл жаңа заң ашады, ол бойынша қанша бақылаушыдан тұман алшақ болса, сонша «қызыл ығысу» өлшемі көбейеді, сонша одан алшақтау жылдамдығы өседі. Үлкен аралықта галактиканың жылдамдығы гиганттық мағынаға жетеді. Соған қарамай кеңейюмен бірге Ғарыштың тығысу және «тамыр соғысы» сияқты Ғарыштың модельдерін теориялық тұрғыдан болжауға болады, яғни, кеңістікте шекті, бірақ уақытта шексіз Ғарыш ауыспалы түрде бірде кеңейеді, бірде тығысады.

Ең қызықты болжау бойынша, «алғашқы жарылыстын» нәтижесінде гравитациялық кеңістікте сингулярлық жағдайдан тек біздің бір Метагалактикасы пайда болмайды, ал көп түрлі метагалактикалар. Олардың әр қайсысына әр-түрлі мағынасы бар физикалық парметрлер тәрізді: өзгеше типологиясы бар кеңістік /локалды ашық әлде локалды жабық, өзгеше ө





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2967 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2217 - | 2091 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.