Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тұқым шаруашылығы




«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша 2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.

Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.

Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай, 231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.

2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 21000 тонна күріш тұқымы құйылды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанына 263,8 мың бас мүйізді ірі қара 635,1 мың бас қой мен ешкі, 95,2 мың бас жылқы, 37,5 мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 98,1 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 %-ға, қой мен ешкі 4,2 %-ға, жылқы 10,3 %-ға, түйенің саны 5,2 %-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 2,5 %-ға, сүт өндіру 2,3 %-ға және жұмыртқа өндіру 0,3 пайызға өскен.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде 46 шаруашылық 293,0 млн. теңге несие алып, 1750 бас сиыр және 99 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 70,0 %-ға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан есепті кезеңде 14 шаруашылық 79,0 млн. теңге несие алып, 3252 бас аналық қой, 115 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 81,3 %-ға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, есепті кезеңде 54 шаруашылық 462,8 млн. теңге несие алып 1502 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 150,2 %-ға артығымен орындалды.

Мал бордақылау алаңдары бойынша

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС («ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан несие алып) 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, «ҚазАгроӨнім» АҚ- арқылы 93,0 млн. теңге қаржы алды.

Бүгінгі күні «Шаған Жер» ЖШС-ның 3,0 мың бастық мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңының ірге тасы қаланып, құрлыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста 110 881 бас МІҚ малының аналық мал басы тіркелген, осыдан бүгінгі таңға 24089 бас аналық сиыр және 961 бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 88,0 %-ды құрап отыр.

Деу саласы

Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 19,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,0 % артты.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың қыркүйек айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,0 пайызды (республика бойынша 101,5 пайызды) құрады.

2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, оның ішінде бүгінгі күні қорда 3588,1 тонна өнім сақталып сатылуда:

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 10,9 млрд. теңге болды.

2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артты.

Сімдік шаруашылығы

2015 жылы облыс бойынша аудандармен (қала) берілген ақпаратқа сәйкес 163752 гектарға егiс орналастырылды. Оның ішінде: дәндi дақылдар 86628 гектар, мал азығындық дақылдар 56044 гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15490 гектар, майлы дақылдар 5590 гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83383 га.

Жалпы облыс бойынша 2015 жылғы күзгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынының көлемі 16 мың тоннаны құрайды.

Тұқым шаруашылығы

«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша тексеруге түскен 22616 тонна (100%) күріш тұқымының себу дәрежесіне жетті. Сонымен қатар тексеруге түскен 346,2 тонна жаздық бидай тұқымы, 224,17 тонна жоңышқа тұқымы, 96,74 тонна мақсары тұқымы, 9,3 тонна арпа тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 маусымында 281,3 мың бас мүйізді ірі қара, 749,6 мың бас қой мен ешкі, 96,8 мың бас жылқы, 39,8 мың бас түйе, 3,1 мың бас шошқа және 87,7 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,8 %-ға, қой 5,3 %-ға, жылқы 8,2 %-ға, түйенің саны 7,5%-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 0,4 %-ға, сүт өндіру 1,7 %-ға және жұмыртқа өндіру 1,8 пайызға өскен.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 3000 бас аналық сиыр және 100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 21 шаруашылық 113,3 млн. теңге несие алып, 642 бас сиыр және 34 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар не бәрі 21,4 %-ға ғана орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 10,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 8 шаруашылық 54,7 млн. теңге несие алып, 2293 бас аналық қой, 69 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 23,0 %-ға орындалды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 470 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2477 - | 2320 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.