Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету




Ауыл шаруашылығы

 

Облыс бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісі 62,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға артты.

2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінді, 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.

Сімдік шаруашылығы

2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

Егілген 83,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн, 445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті.

Тұқым шаруашылығы

«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша 2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.

Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.

«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 20.12.2015 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 15674 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені 2881 тонна (18,4 %), оның ішінде 20,85 тоннасы (0,7 %) І -класс, 2507 тоннасы (87%) ІІ -класс, 353 тоннасы (12,3 %) ІІІ -класс ал 12793 тоннасы (81,6%) себу дәрежесіне жеткізілмеген.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 256,1 мың бас мүйізді ірі қара, 570,4 мың бас қой мен ешкі, 88,6 мың бас жылқы, 36,1 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа және 85,3 мың бас құс өсірілуде.

2015 жылы облыс бойынша ірі қара малын ұрықтандыратын 111 пункттің 74-і жұмыс істеп, жоспар бойынша ұрықтануға тиіс 8,0 мың бас сиыр 100 %-ға орындалды.

Сыбаға» бағдарламасы

Бағдарлама аясында 2015 жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан 64 шаруашылық 442,0 млн. теңге несие алып, 2721 бас сиыр және 148 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 108,8 %-ға орындалды.

Бағдарламаға сәйкес 2011-2015 жылдары 9500 бас сиыр сатып алу жоспарланған, осыдан бүгінгі таңға 12579 бас сиыр алынып, жоспар 132,4 %-ға орындалып отыр.

Алтын асық» бағдарламасы

4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланып 19 шаруашылық 125,3 млн. теңге несие алып, 5058 бас аналық қой, 174 бас қошқар сатып алынды, немесе жоспар 126,5 %-ға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы

1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып 56 шаруашылық 486,2 млн. теңге несие алып 1589 бас бие, 197 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 158,9 %-ға артығымен орындалды.

Мал бордақылау алаңдары

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС («ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан несие алып) 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы үстіміздегі жылы желтоқсан айының басында іске қосылып, бүгінгі күні 200 бастай ірі қара малы бордақыда тұр.

Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы жалпы құны 399,8 млн. теңгені құрайтын 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, бүгінгі күні мал азығын сақтайтын қойманың, ветлабораторияның, су жинақтайтын мұнараның құрлысы бітіп, жол және электр желісі толықтай тартылды. Бордақылау алаңы алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

2015 жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 110,9 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 26,1 мың бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 90,0 %-ды құрап отыр.

Деу саласы

Облыс бойынша 2015 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 27,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 108,6 % артты.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың желтоқсан айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 109,9 пайызды (республика бойынша 110,9 пайызды) құрады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы 9,1 пайызға, 1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 2,6 пайызға, қант бағасы 11,7 пайызға, жұмыртқа бағасы 8,2 пайызға және өсімдік майы 19,9 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығы

 

Үстіміздегі жылы аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артып 8,2 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 59,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,7% артты.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 1118,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 8,8 есеге артты.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 130,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 166,8% артты.

Сімдік шаруашылығы

2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

Тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың арқасында 2015 жылы егілген егіс көлемінің 98,5% жоғары репродукциялы тұқыммен себілді. Бұл облыс бойынша соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш.

2016 жылдың көктемгі егісіне құйылған тұқымның да 99,9% жоғары репродукцияны құрап отыр.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,6%, қой мен ешкі 3,5%, жылқы 10,7%, түйенің саны 5,8%, құстың саны 3,6% көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,4%, сүт өндіру 2,3% өсті.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 60 шаруашылық 410,3 млн. теңге несие алып, 2517 бас сиыр және 141 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 100,7 %-ға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 17 шаруашылық 117,1 млн. теңге несие алып, 4698 бас аналық қой, 174 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 117,5%-ға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 55 шаруашылық 472,7 млн. теңге несие алып 1547 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 154,7% артығымен орындалды.

Деу саласы

Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 25,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,8% артты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2524 - | 2223 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.