Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ф.Теннистің социологиялық ілімдері




Фердинанд Теннис нем. Ferdinand Tönnies (1855 - 1936 ж.ж.) - неміс әлеуметтанушысы, немістің классикалық әлеуметтануының негізін калаушы. Теннистiң негiзгi еңбегі – "Қауым және қоғам". Қауым келісім, дәстүрлі қатынастардың басымдығына негізделетін қоғамдық байланыстардың формасы ретінде. Қоғам әлеуметтiк қатынастар, келісім-шарт негізінде құрылатын ерекше форма ретінде. Қоғамдық қатынастар және әлеуметтiк топтардың типологиясы. Ол социологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен оның Германияда индустриялануына көп үлес қосты. Оның әлемдік социологияға қосқан негізгі үлесі теориялық түсініктер жүйесін ашып қарастыруында. Оның бастауы “Gemeіnschaft und Geselschaft” (1887) еңбегінде жатыр. Теннис жүйесінің толық құрылымы оның соңғы ірі еңбегі “Социологияға кіріспеде” (1931) көрсетілді.Теннис социологиясының маңызды категориялар санатына мыналар кіреді: басқа адамды танып білу, белгілі және белгісіздік (Gekannsteіn, Bekkanschaft - Fremdheіt), симпатия - антипатия, сенімділік - сенімсіздік (Vertrauen - Mіsstrauen); әлеуметтік байланыстылық (Sorіales Verbundenseіn); әлеуметтік мән (Sozіale Wesenheіt) немесе әлеуметтік форма (Sozіale Gestalt); мәндік ерік (Wesenwіlle) пен сайлау еркі (Kurwіlle); қауым (Gemeіnschaft) және қоғам (Gessellschaft); табиғи - жасанды немесе әлеуметтік немесе ұғымдық тұлға (naturalіche Person - kunstlіche, sozіale Person, Kollektіvperson); табиғи-әлеуметтік қатынас (naturalіshes-sozіales Verhaltnіs), әлеуметтік жиынтық (Samtschaft), корпорация (Korperschaft). Теннистің ойынша социология әлеуметтіліктің барлық түрін зерттейтін жалпы және адам әлеуметтілігін зерттейтін арнайы социология бола алады. Арнайы социология таза, қолданбалы, эмпирикалылыққа бөлінеді. Кез келген әлеуметтік құрылымдар адамдардың өзара әрекетінен құрылады. Ерік басқа ерік пен басқа денені сақтауға немесе бұзуға бағыттала алады. Таза социологияның пәні өзара мақұлданған ой-пікірлердің есебінен құрылады. Адамдардың өзара жағымсыз әрекеті болып табылатын қақтығыс жалпы социологияның пәні болып табылады. Теннис өзара бірін-бірі терістеуші қатынастарды жете зерттемейді.Өзара әрекеттер нәтижесінде оған қатысушылар үшін маңызды болып табылатын әлдебір нәрсе пайда болады. Адамдар осы маңыздылыққа сәйкес әрекет етеді. Демек, социология “маңызды заттарды”, “моральдік деректерді” зерттейді. Тәсілдерге бөлудің социологиялық мәні адамдардың өзара қарым-қатынасы жанды байланыс ретінде немесе механикалық артефакт ретінде түсіндірілуінде жатыр. лпы алғанда, социологиядағы басты мәселелер Теннистің зерттеулерінен XVІІІ - XІX ғасырдың басындағы әлеуметтік-философиялық ойларының дамуының негізгі қайшылығынан - мемлекет, құқық және әлеуметтік институттардың қалыптасып, өмір сүру мәселесінің ұтымды және тарихи тәсілдерінің қайшылығынан шығып отырды. Теннис өзінің мақсаты ретінде ұтымды және тарихи дүниетанымды байланыстыруға, ұтымды ғылыми тәсілдің артықшылығын әлеуметтік дүниеге тарихи көзқараспен біріктіруге шешім қабылдайды. Оның қайнар көздері ретінде құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы Ф. фон Савиньидің еңбектері, Г.Мэнның “Ежелгі құқық” кітабы, Морган, Баховен сияқты және т.б. этнограф, тарихшылардың еңбектері қызмет атқарады. Мұндай ұмтылыстардың нәтижесі Теннис дәйекті түрде жүргізіп келген қоғамның екі түрін бір-біріне қарсы қою болды.Негізгі идея қауымдық қатынастар мен байланыстарды бір жағынан, ал қоғамдық қатынастарды екінші жағынан қарсы қою болып табылады. Бірінші түрдің қарым-қатынасы эмоцияларда, рухани бейімділікте тамырланып, өзінің тепе-теңдігін қайталану арқасында саналы дәстүрлер ретінде және эмоционалды байланыстар мен жалпы тілдің біріктіруші ықпалының арқасында сақтап қалады. “Мен қауымдық қатынастарды мынадай түрлерге бөлемін деп жазды Теннис: 1) рулық қатынастар. Әрине, бұған ең алдымен жалпы рулық немесе туыстық қатынастар жатады; 2) бірігіп өмір сүруге, отбасылық өмірді сипаттаушы көршілік қатынастар; 3) рухани жақындылық санасына негізделген достық қарым-қатынастары, бұл сана бірлесіп өмір сүрудің әлдебір түріне негізделгендіктен, олар ортақ діни құрал ретінде, “қауым” ретінде ерекше әлеуметтік маңызға ие болады. ннис өзінің социологиясын негіздеген бастапқы идеализацияға екі абстрактілі ұғымды қосқан болатын. Теннистің социологиялық ойының негізінде ұғымдық антиномия принципі жатыр; әлеуметтік еріктің кез келген нақты көрінісі ретінде ерік құбылысы мен сана құбылысын бір уақытта көрсететін сияқты, кез келген әлеуметтік құрылым да бір уақытта бірдей қауымның да, қоғамның да белгілерінен тұрады.Осылайша қауым мен қоғам әлеуметтік формалар жіктелімінде негізгі өлшемге айналды. Жалпы, Теннис мұндай өлшемдердің дамыған және реттелген жүйесіне айналдыруға тырысқан. Мәселен, әлеуметтік өмірдің қоғамдық мәндері немесе формалары үш түрге бөлінеді: 1) әлеуметтік қатынастар, 2) топтар, 3) корпорациялар мен бірлестіктер. Әлеуметтік қатынастар оған қатысушы индивидтер осы қатынастарды сезінген кезде ғана емес, сонымен бірге осы қатынастардан пайда болатын қатысушылардың өзара құқықтары мен міндеттері сияқты, олардың қажеттілігі туындаған кезде өмір сүреді. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қатынастар - объективті сипатқа ие болған қатынастар. і немесе одан да көп қатысушылар арасындағы қатынастардың жиынтығы “әлеуметтік шеңбер” құрайды. Әлеуметтік шеңбер қатынастан топқа өтудің сатысы болып табылады. Топ индивидтердің белгілі бір мақсатына жету үшін саналы түрде бірігуі кезінде қалыптасады. Одан әрі: әлдебір әлеуметтік форманың ішкі құрылымы болса, яғни мұнда индивидтердің белгілі бір саны белгілі бір функциялар атқаратын болса, онда әлеуметтік форма корпорация немесе бірігу деп аталады.Осы нақты әрі тармақталған типологиялық құрылымның барлығы, егер де әр формасы қауымдық және қоғамдық көріністерге бөлінбесе, абсолютті тарихтан тыс және абстрактілі сипатқа ие болар еді. ардың дамуы тұрғысынан әлеуметтік феномендерді талдауды Теннис қолданбалы социология деп атайды. Қолданбалы социологияның тәсілі ретінде ұғымдық антиномия принципі болады. Теннис бойынша әлеуметтік қарым-қатынастардың негізінде жатқан ерік пен сананың диалектикалық өзара әрекеттесуі сана басымдылығы жағына қарай дамиды, яғни қоғамдық даму ұтымдылықтың өсу процесін білдіреді.Теннис социологиясында алдыңғы дәуірге тән болып келген әлеуметтік-философиялық спекуляциядан алдын ала алынған құндылықты позицияларға, саяси нұсқамаларға және морализаторлық тенденциялар тарихы философиясына жат болып келген объективті, ғылыми социологиясын жасауда алға жылжу байқалады. Әрине, Теннис социологиясының “ғылымилығы” ғылымның белгілі, позитивтік бейнесіне бағытталған. Өзінің социологиялық тұжырымдамасының жетістіктеріне біріншіден, объективтілікті, екіншіден, өзіне тән натуралистік тенденцияны, үшіншіден, оның құндылықты алғышарттарға және тәжірибелік әлеуметтік іс-әрекетке тәуелді еместігін жатқызды. Теннис кейіннен ХХ ғасырдағы батыс социологиясында одан әрі дамытылып, іске асырылған бірқатар идеяларды алға тартады. Бұл, ең алдымен социологияның талдамалық құрылымы (тарихи құрылымға қарсы болып келетін) идеясы, ол идея социология өзін-өзі ғылым деп тануында, өз орнын тауып, қоғамды талдауға өзіндік тәсіл ойлап табуына негізделеді. Теннис алғашқылардың бірі болып батыс социологиясында сол заманнан бері таза социологиялық болып қарастырылған әлеуметтік құрылым мәселесін алға қойды. Формальді социологияны зерттеу идеясымен кейіннен Г.Зиммель де айналысты. Теннис социологиясының маңызды жақтарының бірі ретінде әлеуметтік танымның натуралистік теориясы болды, кейіннен ХХ ғасыр социологтары оның көптеген нұсқаларын қарастырып дамытты.Қазіргі заманғы батыс социологиясына Ф.Теннис қосқан үлесінің ішіндегі бастысы - қауым мен қоғам түсініктеріне ие болған әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың екі түрі. Бұл идеяны Э.Дюркгейм жалғастырып, қоғамды “органикалық” және “механикалық” ынтымақтастықпен өңдейді. Бұл типологияны қайта өңделіп, қайта қарастырылған түрінде қазіргі таңда көптеген социологтар, философтар мен тарихшылар осы заманның тарихи дамуының негізгі қақтығысын түсіндіру үшін қолданады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 981 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2211 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.