Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Шоқан Уалихановтың социологиялық ілімдері




Ш. Уәлихановтың (1835— 1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында казак коғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.Қазақтардың өмір сүрген патриархалды - феодалдық коғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ коғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік - экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «кұрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің — казактардың үлесіне тиеді», — деген қорытындыға келеді.Қазақ коғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, коғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, казак елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды.Егер де коғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді.Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін кере білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның езі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамдық әмірдің «экономикалық және әлеуметтік» жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады.Ш.Уәлихановтың тұжырымдауынша, коғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа — езінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының езі прогресс болып саналады».Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы коғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы кызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын коғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдық - рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымен катар оның өзара көмек, тұрмыста бір-біріне қол ұшын беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамның күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.Шоқан реформаны халыққа тануға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа казіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. Ойшылдың пікірі бойынша, реформа қайсыбір коғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Бұдан кері жағдайда қолданылған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететін процестерді тудыруы мүмкін.Оның пікірінше, мұндай апаттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған» реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет шенеуніктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың» пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. «... танымал және бай адамдардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, кебіне - көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады».

Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін - өзі дамыту, өзін - өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.Шоқан қазақ коғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік - таптық құрамының коғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін кұрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер қазақтың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, қалған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсырмаларын атқарған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды. Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте бәсеңдеп, тоқтады. Ендігі жерде қазақ халқының әлеуметтік –таптық құрылымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеуметтік мүдделерінің тіптен үйлеспейтінін, соның салдарынан олардың арасында шиеленістік жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады. Орыс казактарының қазақ жеріне қоныстандырылуы коғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым - қатынастарды қалыптастырды.Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың әз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың ерісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәруі, — деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық карым - қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.Шоқан орыс казактарының станицасына казактардың байырғы ата - қонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен айрылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, казактардың материалдық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндірумен шұғылданбаған казактар станица жерін жергілікті халыққа жалға таратып, одан түскен өнімнен садық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақтар мен орыс казактарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан 1864 жылы 26 наурызда Батыс Сібір әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді.Онда Баянауыл станицасының жерлерін кайта бөлуді ұсынып, ең алдымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар казактарға, олардан артылса ғана казактарға жер таратып беруге болады деп есептейді.Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін - өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың казак коғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде казак еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, «рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан казіргі әрекет етуші билер соты казактардың дамуын барынша қанағаттандырады».Билер институты - казак коғамындағы ерекше құрылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уәлиханов талантымен көпшіліктің кезіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің казактың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагерлікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жүздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды үш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық арасынан талай белгілі билер шықты. Орта жүздегі қалың қаржас ішінен шыққан Шорман 13 жасында, қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ коғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі XIX ғасырдың 60-жыл-дарында қазақтардың мүддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп күткен еді. Алайда, оның үміті орындалмады. Бюрократиялық басқару жүйесі қалыптасып, елдің жағдайын ауырлатып жіберді. Осыған байланысты Шоқан өзінің төл еңбектерінде бюрократиялық басқарудың алуан түрлі жымысқы әдістерін қолданып, казак халқын ауыр зардаптарға соқтырған патша әкімшілігінен казактардың өзін-өзі басқаруын талап етеді1. Халықтың өзін-өзі басқаруын Шоқан елді демократияландырудың маңызды принципі ретінде зерделеді. Басқарудың осы жүйесіне өтудің жолдарын да қарастырды. Алайда, бұратана халықтарды билеп-төстеп тұрған патша үкіметі үшін Шоқанның ұсыныстары тиімсіз еді. Сондықтан оларды мойындағысы келмеді.Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О. Конт, Г. Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары коғамдық ғылымдарға қосылған зор үлес.

Шоқан сияқты казак коғамына назар аударып, оны түңғыш зерттегендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.

Конттың позитивизмі

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сӛйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп көрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр: 1. қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану; 2. әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1089 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2431 - | 2176 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.