Лекции.Орг


Поиск:




Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.




Шығындар - тауарды өткізу нәтижесінде шық-қан каражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жиындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға боладу. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).

Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны ондіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады. Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен жәпе т.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.Қосымша (жанама) шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:

- Қосымша (өндіірстік) шығыстар. Бухгалтерлік есепте олар жайлы ақпарат 93 белімшенің 93 "Қосымша шығыстар' шотында жинақталады және одан әрі таңдалған қайсыбір бөлу базасына сайма-сай (пропорциональды) бөліну үшін 930 "Қосымша шығыстар" шотында шоғырланады;

- Қосымша (өндірістік емес) шығыстар - кезең шығыстары. Бұл шығыстар 811 "дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген кызметті)" өткізу бойынша шығыстар, 831 "Сыйақы түріндегі шығыстар" және 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шоттарында ескерілген. Қосымша өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау мен пайдалануға) майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары; коммуналдық (цехтық) шығыстар (электр энергиясына, суға және т.б.); қосалқы өндіріс көрсететін кызметтер, құраласпаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы басқа шығыстар жатады және олар 93 "Қосымша шығыстар" бөлікшесінің шоттарында ескеріледі.

Зиянсыздықты талдау: оның мақсаты мен тәсілдері.Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда. Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеу үшін қанша жиынтық шығындар мен пайда алынатыны байланысты өнім өндірісінің көлемі маңызды рөл атқарады. Сондықтан өндіріс көлемінің, сатудан түсетін жиынтық кірістің, есептеу мен таза пайданың өзгеруінің арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін өндірістің залалсыздығы талданады. Бұл жағдайда өнім шығару көлемін талдауға ерекше назар аударылады, осының арқасында басшылық өндіріс көлемінің сыни (өлі) нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді. Сыни нүкте сондай-ақ залалсыздық нүктесі немесе пайдалылық шегі деп аталады. Сыни деп кәсіпорынның шығыны барлық үкіл өнімді сатудан түсетін түсімге тең болатын сату көлемінің, яғни кәсіпорынның не пайдасы, не залалы болмайтын жай-күйі аталады. Өндірістің залалсыздығын талдау кәсіпорын өнімінің шығуы қазіргі уақытта қолда бар жұмыс ісейтін өндірістік қуаттардың деңгейімен шектелген қысқа уақыт аралығындағы сатудан түсетін кірістің, шығыс пен пайданың арасындағы тәуелділікке негізделеді. Халықаралық практикада сыни нүктені анықтау үшін маржиналдық кірісті (пайданы) графикалық теңдеу әдістері пайдаланылады.

Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.

Жаңа ерекшелігімен ассортиментке қосылатын өнімді жаңа өнім дейміз. Мүлдем жаңа (ешкімде жоқ) өнім өндіру кәсіпорын стратегиясының ең басты артықшылығы болады және ол инвестицияны керек етеді.Инвестицияны басқару мақсаты - мына салалардағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау; жаңа өнімді әзірлеп енгізу; шығарылатын өнімдерді жетілдіру және жаңғырту (модернизациялау); дәстүрлі өнім түрлерін өндіруді одан әрі өркендету; өндірістен ескірген өнімді алып тастау.Жаңа өнімді әзірлеу саласындағы жаңартпашылық (инновациялық) саясат шешім қабылдауға қажетті ақпараттық мазмұнын, көлемін, түрін қамтамасыз етеді. Шешім қабылдаудың маңызды өлшемі ретінде тұтас кәсіпорын бойынша өткізу көлеміне жаңа өнімді енгізу әсерінің және басқа бұйымдардың өткізу көлемінің бағасын, сондай-ақ әзірлеу, өндіру, өткізу және жарнама шығындарының өтелімдік уақытының бағасы қолданылады.Кез келген жағдайда жаңа өнімнің бағасын есептеу және белгілеу үшін кіріс пен шығыс коэффициенттері өткізу нүктесі және өнімнің залалсыздық графигі пайдаланылады.Өнім шығарылғаннан кейін оның сатылу процесіне тексеру жүргізіледі. Оның сатылу қарқны мен өткізу көлеміне әсер ететін факторлар туралы ақпарат бухгалтерлік есеп беруде тіркеледі.Жаңа өнімге баға беруден басқа болашақта болатын өнімдер мен жарнама бағалауда, баға анықтауда маңызды орын алатын осы өнімнің сатып алынатын жағдайлары зерттеледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1427 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1001 - | 816 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.