Лекции.Орг


Поиск:




Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі




Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.

Шығындарды мөлшер (норма) шегіндегі және мөлшерден ауытқыған шығындар деп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін ағымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолымен қолданады.

Сметалық және накты шығындар арасындағы айырма нормативті (сметалық) шығындардан ауытқу деп аталады. Практикада реттелген шығындарды толық талдау талап етілуі мүмкін. Мысалы, кейде негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегін де, жұмыс категориялары бойынша негізгі материалды да, сонымен қатар әр түрлі типтерге сәйкес пайдаланылатын материалдарды талдауға жүгінген жөн.Бақыланатындарға кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар бақылайтын шығындарды жатқызады. Олар кұрамы бойынша реттелетіндерден айрықшаланады, өйткені мақсатты сипаты бар және жеке шығыстармен шектелуі мүмкін. Бақыланбайтын шығыстар – кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты емес шығыстар. Мысалы, негізгі кұрал-жабдықтарды асыра бағалау, негізгі құрал-жабдық мөлшерін өзгерту,және т.б.

Ақауды сатудан түскен табыстар есебі

Құрылыс – монтаж жұмыстарындағы ақау деп техниклық талаптарға сәйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:

1. Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;

2. Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;

3. Жобалық құжттарда кеткен қателерде;

Конструкциялық құрылым сәйкес келмеген жағдайда. Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмысының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мердігердің өткізуі барысында ақау анықталады.

Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінәлі адамдардан талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Әдетте кінә тапсырушылар, жобалық кәсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілер, учаскенің әкімшілік – техникалық қызметкерлері, орындаушы – жұмысшылардан болады.Ақау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі ақау – мердігер тиісті сметалық мөлшер талаптарын бұзған жағдайда, жұмысшылардың кәсіби төмендігінен, ал сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан және автокөлік кәсіпорындарының кінәсінен болады. Ақау анықталған сәтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының қызметкерлері және инженерлік – техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қатысуы тиіс.Себебі, дәлелденіп, кінәлі тұлғалардың қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анықталып, өндірілуіне негіз болып табылады.Ақауға кеткен шығын әрбір актіге жеке жасалынады және оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

— қайта қалпына келтіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;

— материалдық шығындар;

— төленбеген қосымша еңбекақы мөлшері;

- қолданылған құрылыс машиналарымен механизмдерге кеткен шығын сомасы

Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кеткен шығындар есебін 8410 «Үстеме шығындар» шотында қарастыра отырып, кәсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген субшоттарға қойылады.

Ақауды түзету бойынша шығындар есебі

Түпкілікті ақау бойынша барлық шығындар өндірісте өндірілетін өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Түзетуге келмейтін ақау өзіндік құны шығындарының сомасына келесі баптар кіреді:

– шикізат пен материалдар;

– жалақы;

– жалақыдан аударымдар;

– қондырғыны күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;

– басқа шығындар.

Жөндеуге келетін ақаудың өзіндік құны шығындарының сомасына келесі баптар кіреді:

– ақауды жөндеу үшін жұмсалған шикізат пен материалдар;

– ақауды жөндеуді жүзеге асырған жұмысшылардың жалақысы;

– жалақыдан аударымдар;

– ақауды жөндеуге жұмсалатын қондырғыны күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша шығындар үлесі;

– ақауды жөндеумен байланысты басқа шығындар.

Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі

Материалдардың, еңбек және ақшалай ресурстардың өндірістік шығындары, өңдеудің технологиялық режимінің бұзылуы, жұмысшылар біліктілігінің төмендігі, өндірістің нашар ұйымдастырылуы нәтижесінде пайда болатын өндірістегі ақаулықтан болатын шығындар жататын өндірістік шығындарды жүйелі түрде қысқарту ішкі резерв есебінен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын төмендетудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады.

Өндірістегі ақау деп сапасы бойынша белгіленген стандарттар немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін, сол себепті тікелей мақсаты бойынша қолданылмайтын немесе оларды түзетуге қосымша шығын жұмсалғаннан кейін қолданылатын бөлшектер, түйіндер мен бұйымдарды атайды.Анықталған жарамсыздықтың сипатына қарай ақауды түпкілікті (түзетуге келмейтін) және жөндеуге болатын деп ажыратады.Түпкілікті ақау деп техникалық тұрғыдан түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзету тиімсіз өнім ақауын атайды.Жөндеуге болатын ақауға жарамсыздықты жою техникалық жағынан мүмкін және экономикалық жағынан тиімдісін жатқызады.Кәсіпорында өнімді сатып алушыға жеткізгенге дейін анықталған ақауды ішкі, ал сатып алушы анықтаған ақауды сыртқы ақау деп атайды.

Кәсіпорынға өнім сапасын бақылау жүйесін орнатқанда өндірістегі ақауды анықтаудың әрбір жайтын құжат түрінде рәсімдеу қарастырылады.Анықталған ақауды ақау туралы актімен (немесе ақау туралы хабарландырумен) рәсімдейді. Онда ақауды анықтау уақыты мен орнын, себептері мен оған айыптыларды сипаттайтын егжей-тегжейлі мәліметтер, сондай-ақ ақаудың өзіндік құнын анықтау үшін керекті есеп айырысу мәліметтері мен айыптыдан ұсталатын сома көрсетіледі.Егер жарамсыз бөлшек ақауды түрлі цехтарда анықтағанға дейін өңдеуден өтсе, түпкілікті ақаудың құны актіде әрбір цехтың шығындары бойынша бөлек есептеледі.Ақау туралы акті негізінде бұйым түрлері бойынша ақаудың өзіндік құнының калькуляциясы, себептер мен айыптылар бойынша ақау есебі жасалады; оларды ақаулы өнімдердің ақау изоляторына уақтылы өткізілуін бақылау үшін пайдаланады, бұл ретте ақауға айыптыдан залалдың сомасы ұсталып қалынады.Анықталған ақауды түзету сол ақаулыққа жол берген жұмысшылардың өзіне жүктелген жағдайда аталмыш акті толтырылмайды. Егер ақауға нақты кімнің айыпты екенін анықтау мүмкін болмаса, ақаулы бөлшектерді түзету үшін басқа жұмысшыларға беру керек, бұл ретте ақау туралы акті ақауды түзетуге рұқсат жазып беруге негіз бола алады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1322 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1119 - | 868 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.