Қышқылдылықты зерттеу үшін радиотелеметриялық әдіспен зерттеуде радиокапсула – датчик қолданады. Аспаппен жұмыс істеу үлкен шеберлікті талап етіп қана қоймай, аспаптың көлемінің ете үлкендігіне, қымбаттылығьша байланысты медицинада кем қолданылуда,
Лтабар сөлін зерттеу.
Ұлтабар сөлін зерттеудің бауыр, өт қапшығы және өт жолдары ауруларының диагностикасьшда маңызы үлкен. Ұлтабар сөлін зерттеу екі мақсатта жүргізіледі.
Өт құрамын тексеру арқылы диагноз қою үшін.
Жиналған өтті сыртқа шығару, өт қапшығының қабынуының және өт қапшығьшда тастың пайда болуының алдын алу үшін. Ұлтабар сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер:
1)асқазан және ұлтабар жарасы ауруы,
2)өткір ангиохолецистит,
3)өңеш қабырғасындағы көк тамырлардың кеңеюі,
4)бронхоспазм немесе жүрек тапшылығы.
Зерттеу үшін төменгі басында сопақша темірі бар бүйірінде ұзынша бірнеше тесігі бар, диаметрі 3-5 мм жіңішке резеңке түтікше қолданады. Ұлтабар сөлін зерттеуден 3 күн алдын науқас адам іш кептіретін тағамдарды (картоп, орамжапырақ, сүт) ішпеуі керек. Түтікше 3 жерінде белгіленген болады. 1 - ші 45 см-гі белгі түтікшенің асқазанга енгенін көрсетеді.
Түтікшенің сыртқы ұшына кигізілген шприц арқылы асқазандағы сұйықтықты сорғызып алғанда, түсі лайқалау, реакциясы қышқыл болады.
2-ші 70 см-гі белгі түтікшенің қарын қалтқысында екенін білдіреді. Түтікше қарын қалтқысынан өту үшін науқас 15-20 минуттай жүреді. 20 минуттан соң науқасты оң жақ қырына жатқызьш, бүйіріне жылытқыш қойып, науқастан түтікшені әрі қарай жұтынуын өтінеді.
3-ші 90 см-гі белгі түтікшенің ұлтабарда екенін көрсетеді және шприцпен сорғызғанда түсі сарғыш, реакциясы сілтілі сұйықтық алынады. Егер ұлтабардан сұйықтық шықпаса түтікше арқылы жел жіберіп немесе рентген арқылы тексеріп көруге болады. Егер түтікше қарын қалтқысында кідіріп қалса, 30 мл 10 процентті сода ерітіндісі немесе 1 мл 0,1 процентті атропин жіберіледі. Зерттеуге алынған ұлтабар сұйықтығын 3 порцияға бөлеміз. 1-ші «А» порциясы - ұлтабар сұйықтығы, түсі ақшыл-сары тұнық, таза, реакциясы сілтілі. Өт жолдары кеңейіп, өт қалтасына өт кедергісіз келуі үшін, түтікше арқылы 40-60 мл 25 процентті сульфат магний ерітіндісін жібереді немесе жылытылған олиф майын қолдануға болады.
Одди сфинктерін ашу мақсатта ерітіндіні жібергеннен, кейін түтікшені 5-7 минутқа қысқышпен қысып қояды, 7 минуттан соң пробиркаға түтікше арқылы түсі қара сұйықтық ағады. Бұл 2-ші «В» порция өт қалтасындағы өттің нағыз өзі. Өт қалтасындағы өт толық шығып болғаннан кейін пробиркаға түтікшеден түсі сарғыш сұйықтық құйылады, бұл 3- ші «С» порциясы болады, мұны бауыр өті деп атайды. Ұлтабар сөлін алуға 1,5 сағат уақыткетеді, егер осы уақыт аралығында өт бөлінбесе, зерттеуді әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ. Асептика ережелерін сақтай отырып алынған сұйықтықтарды бөліктерге бөліп, пробиркаларды нөмірлеп, науқастың аты жөнін, алынған уақытын көрсетіп,зертханаға 2 сағат ішінде жіберу керек.
Ұлтабар сұйықтығы зертханада:
- макроскопиялық,
-микроскопиялық,
- биохимиялық,
-микробиологиялық тексеруден өтеді.
Зерттеуде барлық порциялардағы ұлтабар I үйықтығының мөлшері, түсі, тұнықтығы, реакциясы тексеріледі. Мнкроскопиялық зерттеуде микроскоп көмегімен өт құрамындағы эпителий жасушалары, паразиттер
(тоғышар) тексеріледі.
Сұйықтық құрамында лейкоциттердің анықталуы қабыну процесінің белгісі.
Лейкоциттердің мөлшерден артық болуы жара ауруында немесе дуоденитте байқалады.
«В» порциясында қабыну процесінің нәтижесінде жиі
паразиттерден лямблий, описторхоз патологиясының жұмыртқасы, эхинококк қабығының бөлшектері анықталады.
Биохимиялық зерттеу:Өт құрамындағы билирубин, холестерин, трипсин альфа-амилаза (диастаза) мөлшері тексеріледі.
Өт құрамындағы холестерин өт жолдары қабынғанда, билирубинат кальций холециститте, май және өт қышқылдарының кристалдары өт қалтасының патологиясында анықталады.
Микробиологиялық зерттеу.
Қалыпты жағдайда өт зарарсыздандырылған, таза болады. Iпатологиялық процесс салдарынан өт құрамында түрлі микрофлоралар, саңырауқұлақтар анықталады.