Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Асқазан сөлінің секрециясын (бөлінуі) фракциялық әдіспензерттеу.




Дәрістің тақырыбы:Асқазанжәне ұлтабар сөлін зерттеу.

Дәріс жоспары:

1.Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу.

2.Асқазан ішілік РН метрия.

3.Интрагастральды реоплетизмография.

4.Зондсыз зерттеу.

5.Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

6.Ұлтабар сөлін зерттеу.

 

Асқазан сөлін зерттеу таңертеңгісің ашқарынға асқазанның секреторлық және моторлық қызметін тексеру мақсатында жүргізіледі. Зерттеу әдістерінің түрлері төмендегідей:

1.Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу.

2.Асқазан ішілік РН метрия.

3.Интрагастральды реоплетизмография.

4.Зондсыз зерттеу.

5.Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

Асқазан сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер:өңеш стенозы, атеросклероз салдарынан дамитын жүрек аурулары, асқазан жарасы ауруы, асқазаннан қан кету, кенеттен қан қысымының көтерілуі, қолқа аневризмасы.

Асқазан сөлінің секрециясын (бөлінуі) фракциялық әдіспензерттеу.

Жіңішке резеңке түтікше көмегімен асқазандағы сұйықтық аш қарынға алынады, бұл 1-ші порция (үлес немесе тиісті бөлік), соң 1 сағат ішінде әр 15 минут сайын асқазан сөлін сорғызып 4 порция алынады бұл негізгі

(базальды) секреция, кейінгі екінші сағат ішінде байқау тағамдары беріліп немесе парентеральды секреция стимуляторлары (дем беруші) енгізілгеннен кейін екінші кезеңдегі 1 сағат ішінде әр 15 минут сайын 4 порция алылады, бұл стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция. Асқазан сөлінің 9 порцияға 2 сағат ішінде алынып, асқазанның негізгі (базальды) жэне стимуляция жасалғаннан кейінгі секрециясын зерттеу фракциялық зерттеу әдісі деп аталады. Зерттеу үшін қолданылатын жіңішке жұмсақ резеңке түтікше диаметрі 3-5 мм, ұзындығы 1,5 м. Түтікшеде 50 см ұзындықта 1-ші белгі көрсетілген, бұл тістен асқазанға кіре беріске дейінгі аралықты көрсетеді, 70 см аралықта 2-ші белгі көрсетілген бұл қарын қалтқысына кіру тұсты көрсетеді, 90 см аралықта 3-ші белгі көрсетілген. Түтікшенің екінші соңына 10 немесе 20 гр шприц асқазандағы сүйықтықты сорғызу үшін кигізіледі. Асқазан секрециясын стимулдаушы (дем беруші) ретінде байқау тағамдары нан; Лепорский әдісімен 200 мл орамжапырақ шырыны, Петров ж/е Рысса әдісімен 200 мл орамжапырақ қайнатпасы немесе 200 мл ет сорпасы қолданылады. Аталған байқау тағамдарының стимулдеуші әсері әлсіз болғандықтан жиі секреция стимуляторлары ретінде парентеральды стимуляторлардан гистамин, пентагастрин қолданады.

Субмаксимальды гистамин байқауы.Гистамин гидрохлорид негізгІ секреция алынғаннан кейін 0,01 мг/кг мөлшерде тері астына енгізіледі. Гистаминнің секреторлық әсері 7-10 минуттан соң бастальш, 20-30 минутта жоғарғы деңгейіне жетеді, әсері 1,5 сағатқа созылады.

Гистамин байқауын жүргізуге қарсы көрсетілімдер: феохромоцитома, аллергиялық аурулар, қан қысымының жоғары болуы, асқазан және ішектен қан кеткенініе 2-3 аптаның болуы.

Максимальды гистамин байқауы.Гистамин ерітіндісі тері астына 0,024 мг/кг мөлшерде енгізіледі. Кейбір науқастар дене терісінде қызарулар, бас ауру, әлсіздік, тахикардия байқалғанын сезеді, бірақ аталған симптомдар өздігінен өтіп кетеді және медициналық көмек қажет етпейді. Гистаминнің организмге жағымсыз әсерінің алдын aлуүшін, байқау өткізуден 30 минут бұрын науқасқа 2 мл 2 процентті супрастин препаратын бұлшық етке енгізеді.

Пентагастрин байқауы.

Негізгі секреция алынғаннан кейін пентагастрин 6 мкг/кг мөлшерде бұлшық етке енгізіледі. Пентагастриннің секрецияға әсері 7-10 минуттан соң басталып, әсері 1 сағат бойы жоғары деңгейде тұрады. Пентагастриннің организмге теріс әсері байқалмайды. Алынған асқазан сөлі зертханада 3 бағытта тексеріледі:

Асқазан сөлін макроскопиялық зерттеу яғни физикалық қасиеті тексеріледі: ашқарынға алынған, негізгі және стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция мөлшері, иісі, түсі және шырыш тексеріледі. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл, түссіз, шырыш аз мөлшерде болады.

Асқазан сөлін химиялық зерттеу:

Асқазанның қышқыл, ферменттер, белок түзуші ж/е басқа қызметі
тексеріледі. Стимуляция етілгеннен кейін алынған әр бір

порциядағы асқазан сөлінің мөлшері, жалпы қышқылдылығы, бос тұз қышқылының және байланысқан тұз қышқылының мөлшері зерттеледі.

Асқазанньщ тұз қышқылын бөлу қызметін бағалау үшін бір сағат ішінде асқазанда бөлінген тұз қышқылының абсолюттік саны есептелінеді бұл «дебит-час» деп аталады.

Бос тұз қышқылы ашқарынға анықталмайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1753 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2262 - | 2187 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.