Лекции.Орг


Поиск:




Масанов Н.Э. и др. История Казахстана. Народы и культуры. А., 2006.




24-тақырып. Қазақстанның кейінгі орта ғасырлардағы қалалары.

Жоспар: 1. XVI-XVII ғғ. Оңтүстік Қазақстанның қалалары.

2. Архитектура мен құрылыс.

3. Сауда және ақша айналымы.
XVI-XVII ғғ. Оңтүстік Қазақстанның қалалары. Қазақ хандығының нығаюы, қазақ халқының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты болды. Кейінгі орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы шаруашылық қазақтың этникалық аумағының осы ауданында сақталып қалды. Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық жазба деректерде Түркістан деп аталады. Түркістан қалаларының ең ірілері Сырдарияның оң жақ жағалауы мен оның салалары бойындағы Йасы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, сол жақ жағалауындағы Аркөк, Үзкент, Аққорған, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары болған. Қалалар саяси, әкімшілік және мәдени, қолөнер, сауда және егіншілік орталықтар міндеттерін атқарды. Олардың өмірінде ерекше рөл атқарды. Қалалардың өркендеуі көп жағынан көшпелілермен экономикалық және мәдени өзара қатынастарға тәуелді болды.

Архитектура мен құрылыс. Жазба деректер қалаларда діни және азаматтық сипаттағы іргелі құрылыстар болғаны жөнінде мәлімет береді. Діни сипаттағы құрылыстарға мешіттер, медреселер, ханакалар, кесенелер жатқызылады. XVI-XVII ғғ. құрылыстар негізінен қалыңдығы 8-10 см болатын, көлемі әр түрлі тік бұрышты шикі кірпіштен салынған. Шаршы түріндегі күйдірілген кірпіш еденге төсеу, сәкілердің жиектерін бекіту және т.б. үшін қолданылған. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларында қыш-құмыра ісі, ұсталық, металлургия, зергерлік өнер, шыны жасау, сүйек өңдеу, тас өңдеу, тоқымашылық, теріден бұйымдар жасау сияқты қолөнер түрлері дамыды. Бұл кезеңде қыш-құмырашылар өнімнің белгілі бір түрін дайындау бойынша маманданды. Ең көп мамандану темір ұсталығында байқалды. Темір ұсталары ұсақ бұйымдар жөніндегі мамандар; ағаш ұсталары мен тас қалаушылар үшін құрал-саймандар жасаған шеберлер; пышақтар, қайшылар, бәкілер жасаған қолөнершілер болып топтасты.

Сауда және ақша айналымы. XV ғ. 2-ші жартысы – XVII ғ. қазақ даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда қатынастары жолға қойылды. Халықаралық саудамен қатар, Сырдария өңірі қалаларының көшпелілермен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізілді. Далалық өңірдің көшпелі халқы саудаға мал және оның өнімдерін шығарса, қалалардан далаға астық, қолөнер бұйымдары, мата апарылды. Сауданың көлемі жөнінде Отырар, Түркістан, Сауран және т.б. қалалардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған нумизматикалық материалдар мәлімет береді. Табылған мыс теңгелердің Йасы, Ташкент, т.б. қалаларда соғылғаны анықталды. Мыс теңгелерде олардың қай билеушінің атынан және қашан шығарылғаны көрсетілмеген. Жазбалардың орнына керамикалық ыдыста бейнеленетін таңбаларға ұқсас әр түрлі белгілер, аң мен құс бейнелері салынған.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.

1. Кейінгі орта ғасырлардағы қалалардың қазақ мемлекеттігінің дамуындағы алған маңызды орнын ашып көрсету.

2. Ибн Рузбиханның, Хафиз Таныштың, Зайн ад-Дин Васифидың тарихи деректеріндегі қала мәдениеті мен отырықшы-егіншілік шаруашылықтың дамуы туралы мәліметтерге тоқталу.

3. Кейінгі орта ғасырлардағы қалаларда шаруашылықтың дамыған түрлеріне және деңгейіне сипаттама беру.

4. Орта ғасырдардағы қала бөліктерін анықтайтын хисар, рабад, цитадель, шахристан, махалла ұғымдарының мәнін ашу.

5. Орта ғасырлардағы қалаларда тұрған халықтың әлеуметтік құрамына сипаттама беру.

6. Қазақстанның кейінгі орта ғасырлардағы қалаларының археологиялық зерттелуі туралы мәліметтер.
2-тапсырма. Кестені толтыру.

Қала Орналасқан жері Халық саны Саяси және экономикалық маңызы
1. Отырар      
2. Түркістан      
3. Сығанақ      
4. Сауран      
5. Сайрам      
6. Созақ      
7. Аққорған      
8. Аркөк      

Әдебиеттер:

1. Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алма-Ата, 1986.

3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. А., 2006.

25-тақырып. Қазақ халқының XVI-XVII ғғ. рухани мәдениеті.

Жоспар: 1. Халық шығармашылығы және батырлық эпостар.

2. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері.

3. Діни нанымдар, ислам дінінің таралуы.


Халық шығармашылығы және батырлық эпостар. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі халық мәдениетінің бірегей түрлерін туғызып, қоғамның рухани өмірінде жыраулар мен шешен-билердің шығармашылығын, батырлық эпостарды алдыңғы қатарға шығарды. Мемлекеттілікті қорғау және нығайту қажеттігі жағдайында әрі суырып салма ақын, әрі ханның кеңесшісі ретінде көрінген жыраулардың рөлі артты. Жыраулар поэзиясының басты тақырыптары халықтың бірлігі, мемлекет пен оның әскери күш-қуатын нығайту мәселелері болды. Жыраулар өз толғауларын хан кеңесінде немесе бүкілхалықтық жиналыста айтқан, олар елдегі жағдайға баға беріп, оқиғалар туралы өз пікірлерін білдірген, ақыл-кеңес қосқан. XVI-XVII ғғ. жыраулар поэзиясының ірі өкілдері – Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, т.б. Жыраулар мен би-шешендер поэзиясымен қатар фольклор батырлық тақырыбын кең көлемде жырлап, жауынгерлік рухты көтеруде зор рөл атқарды. Қазақ жыршылары замандас батырларының даңқын аспандатып, көне батырлар жырларын жаңа қоғамның талаптарына сәйкес өңдеп отырды.

Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. XVI-XVII ғғ. қазақтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі патриархаттық-феодалдық қатынастарға негізделді және әдеттегі құқық нормаларымен байланысты болды. Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің көбі көшпелі малшылардың күнделікті шаруашылығында атқарылатын әр түрлі салт-жорасынан көрінеді. Мәселен, қыстауды отпен тазарту, көш керуеннің безендірілуі, «қазық майлау», т.б. Халықтық әдет-ғұрып отбасы-неке қатынастарында сақталатын түрлі салт-жораларда толық ашылды, оларда туыстық экзогамияның, көп некеліктің, патриархаттық отбасының, қалыңмал мен жасау берудің белгілері жақсы сақталды. Некенің негізгі түрі құда түсу және келінді қалыңмал беріп алу жолымен үйлендіру болды. Қазақтар арасында үлкенді сыйлау, қонақжайлық дәстүрі, туысқандар арасында өзара көмек көрсету, адамды жерлеу-еске алу салты, діни сипаттағы құрбандық шалу кеңінен таралды.

Діни нанымдар, ислам дінінің таралуы. Қазақтардың Орта Азия халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстарының дамуы барысында ислам діні жедел таралып, ықпалы күшейді. Орта Азияның ірі діни орталықтары – Бұхарамен, Ташкентпен, Хиуамен қатар қазақтар арасында ислам дінін таратуда суфистік миссионерлер елеулі рөл атқарды. Өз кезегінде қазақ көпестері мұсылман елдеріне барып, ислам дініне тартылды. Бұл кезеңде қазақтар құран оқып, намазға жығылған, ораза ұстап, неке қиюдың мұсылмандық ғұрпын жасаған, балаларын мұсылман мектептерінде оқытқан. Ислам дінінің қазақ қоғамында орнығуы, феодалдық қоғамның діни идеологиясының енуі жоғарғы билік пен мемлекеттік институттардың нығаюына, халықтың одан әрі топтасуына жағдай жасады.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Негізгі ұғымдарға түсініктеме беру.

Рухани мәдениет, жырау, шаңырақ, уық, кереге, түндік, туырлық, үзік, кесене, мешіт, сал-серілер, асар, жылу, левират, беташар.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ халқының тұрғын үйлері, үй жиһаздары туралы не білесіз?

2. Қазақ халқының ұлттық киімдеріне сипаттама беру.

3. Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениеттің қай түрлері жатады?

4. Қазақ халқының қандай ұлттық салт-дәстүрлерін білесіз?

5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарына және музыкалық аспаптарына сипаттама беру

6. Эпостық жырлардың мазмұны қандай мәселелерге арналады? Қазақ халқының қандай эпостық жырлары белгілі?

7. XVI-XVIIІ ғғ. қазақ халқының қандай ақын-жыраулары белгілі болды?

8. Жыраулар шығармашылығының басты тақырыбы қандай? Жыраулардың қазақ қоғамында атқарған маңызды ісі қандай болды?

9. XVІI-XVIIІ ғғ. қазақ билерінің Қазақ хандығында атқарған қызметіне сипаттама беру.


3-тапсырма. Кестені толтыру.

Ауыз әдебиетінің түрлері Мағынасына сипаттама беру
1. Тұрмыс-салт жырлары (қара өлең, айтыс, батырлар жыры, т. б.)  
2. Нәрестеге байланысты айтылатын жырлар (бесік жыры, тұсау кесу, т. б.)  
3. Үйленуге байланысты жырлар (беташар, жар-жар, сыңсу, т.б.)  
4. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.  
5. Адамның дүниеден өтуіне байланысты жырлар (естірту, жоқтау, т. б.)  

 

4-тапсырма. Рефераттар мен баяндамалар жазу.

1. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі жыраулар шығармашылығы.

2. XVII-XVIII ғғ. қазақ билері және олардың қызметі.

3. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары.


Әдебиеттер:

1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987.

2. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. 1-том. Алматы, 1989.

3. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006.

4. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVIIІ ғғ.). А., 1992.

5. Масанов Н.Э. и др. История Казахстана. Народы и культуры. А., 2006.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 941 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

996 - | 940 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.