Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары. Коммерциялық емес акционерлік қоғам




Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік кибернетика кафедрасы

 

СЫЗЫҚТЫ АВТОМАТТЫ РЕТТЕУ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ

5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хисаров Б.Д., Бойко В.М. 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар – Алматы: АЭжБУ, 2008ж. – 21 б.

 

Сызықты автоматты басқару реттеу жүйелерді модельдеу, типтік буындармен олардың сипаттамаларын зерттеу, басқарудың принциптері, реттеу заңдары сызықты АРЖ талқылау сұрақтары қарастырылады

Зертханалық жұмыс. VisSim бағдарламалық пакет ортасын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: VisSim бағдарламалық пакетімен өңдеу жұмыстарын үйрену.

Зертханалық жұмысқа тапсырма

1.1 Қолданбалы VisSim бағдарламалық пакетін іске қосу ретін анықтау.

1.2 VisSim бағдарламасының жұмыс жасауын (csd_new.scm - control system design demo файлы) көріп шығу, келесілермен танысу:

а) бағдарлама міндетін;

б) бағдарламамен жұмыс жасаудың басты кезеңдерін.

1.3 VisSim бағдарламасын іске қосу. Меню құрамымен танысу.

1.4 "RLC"-тізбекті үлгісімен rlc.vsm файлын жүктеу және үлгіні оқу. Үлгінің теңдігін жазу. Үлгіленуші элементтердің шамаларын және сұлбадағы бастапқы шарттарын анықтау. Өз қалауыңызша бастапқы шарттарын және үлгінің шамаларын өзгерту.

1.5 Оқытушы көрсеткен нұсқамен периодты сигнал көзінің үлгісін жобалау. Сигналдың тұрақты құрамын өлшеу және керек болған жағдайда толтыру. Осциллографтандыру үшін "plot" блогын қолдану.

1.6 1(t) – бірлік сатылы функциясының және 1'(t) дельта-функциясының үлгісімен танысу (zvenya.vsm файлы). Үлгідегі тиісті қателерді табу.

1.7 Динамикалық буындардың типтік зерттеулерін орындау.

Жұмыс барысында уақыт тұрақтысын, өшу және күшейткіш коэффициенттерін өз қалауыңызша өзгерту керек. Буынның өтпелі функцияны дифференциалдау оның салмақ функциясын береді және керісінше, буынның салмақ функциясын интегралдау оның өтпелі функциясын беретініне көз жеткізу.

 

Есеп мазмұнына қойылатын талаптар

Жұмыс есебі төмендегілерден тұру керек:

-VisSim бағдарламалық пакетінің құрылымдық принциптерінің қысқаша сипаттамасы;

-эксперименттік бөлімдердің орындалған барлық пункттерін және оларға мәтінді түсніктемелерді басып шығару. "RLC"-тізбек моделі үшін теңдік жазу, оған элементтердің шамаларын және бастапқы шарттарын қою, сонымен қатар өтпелі процесті толығымен сипаттау;

-қолданылған типтік ауытқымалы әрекеттердің атауларын және графиктерін келтіру. Әсерлер параметрлерінің түрленуіне типтік буындардың реакцияларының өзгерістерін сипаттау;

-әр буынға келесілерді келтіру: а) буынның аты; б) құрылымдық сұлбасы (кіріс, шығыс шамасын, қателік сигналын және кері байланысын жаза отырып);

-беріліс функциясының өрнегін шығару (күшейткіш коэффициентін және уақыт тұрақтысын орнына қою);

-VisSim бағдарламасы (Analyze, Transfer Function Info) есептейтін сызықтандырылған беріліс функциясымен сәйкестігін тексеру;

-функцияның түбірінің координаттарын және полюстерін жазып алу;

-әсер ету ерекшелігінің (ЛАЖС-ға, ЛФЖС-ға, өтпелі процестерді) параметрлер тізімін, өтпелі функциясын, салмақ функциясын келтіру;

-ЛАЖС және ЛФЖС графигін; Найквист диаграммасын; түбір годографын келтіру;

-нақты диффернциалды құрылғыларда болатын қасиеттердің дұрыс еместігін және олардың компьютерлік дискретті үлгілерін көрсету. Дискретті үлгідегі дұрыс емес себептерін анықтау;

-жүргізілген өлшемдердің сұлбасын келтіру (тест-сигналдардың көздерін қоса) және оларға түсініктеме беру қажет.

 

Тапсырма нұсқалары

Кесте

Нұсқа № Сигнал формасы Жиілік, кГц Амплитуда, ед.
  Тікбұрышты тығыз емес 1:2    
  Үшбұрыш    
  Сызықты арту    
  Парабола бойынша арту    
  Синусоида модулі    

 

Бақылау сұрақтары

1.4.1 VisSim пакетінің міндетін түсіндіріңіз.

1.4.2 Пакеттің құрылу принциптері туралы айтып беріңіз.

1.4.3 Бірлік сатылы функция және дельта-функция қалай жүзеге асырылады?

1.4.4 Сұлбадағы шамалар мен бастапқы шарттар қалай тұрғызылады?

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 537 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2432 - | 2320 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.