Жоспар:
1. Тұлғаның индивидуалды теориясы
2. А.Адлер бойынша тұлға типтері
Негізгі ұғымдар: А.Адлер типологиясы, тұлға типтері.
Адамға деген биофизикалық ықпалдан басқа интеллектуалды тенденциялар қалыптасты, психоанализге «әлеуметтік психологиялық көзқарастар» әкелген концепциялардың ішінде негізгілерін айтуға болады (А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм, Г.Салливан) олардың ішінде «жаңа әлеуметтік психологиялық көзқарастың» әкесі Адлер Альфред болып табылады.
А.Адлер (1870-1937) Фрейд пен Юнгтен айырмашылығы сол ол адам мотивациясы әлеуметтік оянулармен шарттанады деді, адамдар әуелден-ақ әлеуметтік болып табылады, өздерін басқа адамдармен арақатыстырады, бірлескен әлеуметтік іс-әрекетке қатысады. А.Адлер әлеуметтік қызығулар адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да Фрейд пен Юнг сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады.
Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияның дамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.
Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп қаралды. Адлердің теориясында сексуалдылық минимумға апарылған, адам алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы бір маңызды айтқан ойы тұлғаның орталығы сана болып табылады, адамдар саналы маңыздылық, мінез-құлық себептерін түсіне алады, адамдарда өзіндік сана болады, әрекетін жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады.
Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.
Австро-американдық психолог-психоаналитик Альфред Адлер адам өмірінде әлеуметтік жағдайларға ең үлкен мән берген. Оның айтуы бойынша, әр адам үлкен немесе кіші дәрежеде әлеуметтік ортаға деген тұрақтылыққа ұстанады. Егер адамның әлеуметтік қызығушылығы жоғары дәрежеде болса, қоршағандарға көмек көрсетуге, қорғауға қызығушылығы болса, онда ол оларға қарасты зұлым, агрессивті, эгоист бола алмайды.
Әр тұлға қайталанбас, қанша адам болса, сонша оның түрі болғандықтан, А.Адлер тип бөлудің екі критериін қолданады:
1. Әлеуметтік қызығушылық дәрежесі, яғни тұлғаның пайдалы еңбекке қаншалықты қызығушылығы бар;
2. Тұлғаның белсенділік дәрежесі. Оны ол негізінен былайша түсінеді: адам қаншалықты әрекетті, энергиясы қаншалықты зор.
Адлердің ойынша, әр адамның бала кезден берілетін белгілі бір энергия дәрежесі бар, оның айырмашылығы баяулықтан бастап қызу белсенділікке – энергетикалыққа дейін созылады.
А.Адлер тұлғаның 4 типін ажыратады: алғашқы үшеуі әлсіз әлеуметтік қызығушылықпен немесе оның жоқтығымен сипатталады. Олар 3 құрылғыға бөлінеді – басқару, алу және қашқақтау. Ал төртінші тип жоғары әлеуметтік қызығушылыққа да, жоғары белсенділікке де ие. Бірақ ешқай тип тұлғаның көпқырлығын, адамның бүтіндігін, бәсекелестігіне және асып түсуіне ұмтылысын ұштастыра алмайды, бұл А.Адлер ілімінің қырбұрышты тасы болып табылады.
Басқарушы тип
Осы типке қатысты адамдар сыртқы әлемге деген белсенді позициясымен сипатталады. Сыртқы әлем одан аз шығынмен тез арада көп пайда табу мақсатында соларға арналғандай сезінеді. Бұл адамдар белсенді, әрекетті болып келеді. Бірақ олар өз белсенділігін негізінен антиәлеуметтік түрде байқатады, осы типтің ең дарынды, ақылды өкілдері белгілі бір жетістіктерге жетіп, мысалы, мафиялық құрылымдардың, қылмыстық бизнес (есірткі мен қару-жарақ саудасы; ойын бизнесі; жезөкшелік пен порнография) жетекшілері бола алады.
А.Адлер бойынша, жас құқық бұзушылар мен нашақорлар – осы тип адамдарының мысалы.
Алушы тип
Бұл әдетте аз белсенді адамдар, олардың ұстанымы: өмірден барлық оңайшылықпен, еңбексіз жолмен келетін, керек болып қалар деген заттардың бәрін ал. Әдетте олар заң шеңберінде әрекет етеді – біреудің және бір мезетте бір ұйымның мойнына отырып алып, паразиттік өмір сүреді, басқаларға тікелей көрінетін зиянын тигізбейді. Олардың әлеуметтік қызығушылығы, белсенділігі болмайды. Олар үшін сыртқы әлем – «саумалы сиыр».
Қашқақтайтын тип (избегающий тип)
Осы типтің басты ерекшелігі табысқа ұмтылыс емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. Олар үшін басты мотив – «бірдеңе болып калмаса екен». Олар аз белсенділік пен әлеуметтік қызығушылықтың жоқтығымен сипатталады. Осы тип адамдары шешім қабылдау мен проблемаларды шешуден қашады, проблемалар жеке болсын, кәсіптік болсын. Олар өмір ағынымен жүреді, толқынмен де, ағынмен де күресуге талпынбайды. Олардың өмірі әдетте әлеуметтік пайдасыз әрекетпен және өмірлік проблемаларды шешуден қашумен сипатталады.
6-тақырып. Психодинамикалық бағытты қарастырудың нәтижелері: