Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Тұлғаның психологиялық теорияларындағы бихевиоралдық бағыт




1. Б.Ф.Скиннер: операнттік оқытудың теориясы

 

Б. Скиннер (1904-1992) тұлғаның психологиялық теорияларындағы бихевиоралдық бағытына зор үлес қосты. Бихевиористер ортаның бала мінез-құлқы мен жетілуіне әсерін ерекше атап көрсетеді және социалдық оқудың 3 түрін бөліп қарастырады: классикалық және операнттық себептілік пен еліктеу. Б.Скиннердің айтуы бойынша бекітулер жүйесі қалыптасқан қоғамда әрбір реакция мен қате реакция үшін алған жаза жүйелері үшін индивидтер бақытты болады. Тұлғаның белсенділігі, өзіндік санасы, қабілеті құндылықтарды бекіту сұрақтары бихевиоризмде қаралмады.

Необихевиоризмде аралық өзгергіштіктер ұғымы пайда болды, олар стимулға деген реакцияны деформациялайды, жоққа шығарады деген психикалық мағынада түсінді. Осы аралық өзгергіштіктер «сынға» түспесін үшін психикалық бастан кешулерге, тұлғалық қасиеттерге, мәдениетке қосылды. Психологияда бихевиоризмнің маңызды мәні сол олар мінез-құлық категориясын ашты.

 

.Ф. Б Скиннер: Оперантты үйретудің теориясы   Қылық-әрекет детерминирленген, оны алдын ала болжауға болады және қоршаған ортадағы адамдармен басқарылады. Қылық-әрекеттің 2 негізгі типі: респондентті қылық-әрекет (таныс стимулға жауап ретінде) және оперантты қылық-әрекет (нәтижемен басқарылатын және анықталатын құбылыс). Басты концепция – бекіту.   Теорияның жан-жақты ұғымдарда (детерминизм, элементализм, инвайронментализм, өзгергіштік, объективтілік, реактивтілік) түсіндірілуі.   Адам әрекеттерінің себебі ретіндегі ішкі «автономды» факторлардың болуы туралы ойды кесімді қайтарды. Қылық-әрекетті физиологиялық-генетикалық тұрғыдан түсіндірілуін менсінбеді. Тек қана оперантты қылық-әрекетке акцент аударылған.

Мінез-құлық теориясы

Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы және әлеуметтік бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон және Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура және Дж.Роттер.

Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді.

Скиíнер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.

Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып келеді.

Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады.

Бихевиоризмде психикалық зерттеуге жабық болатын бір нәрсе ретінде қарастырылды, сондықтанда психикалықты олар зерттемеді. Субъект реакция жасайтын сыртқы мінез-құлық реакциялары мен стимулдары тіркелді. Мінез-құлық сыртқы формаға апарылды және сыртқыны уреттеумең анықталды.

Олардың ойынша осы жағдай объективті ғылыми зертетуге психологияны әкеледі деп санады. Тұлға психикалық ретінде не мойындалмады не қарастырылмады, тек белгілі бір стимулдарда қалыптасқан кейбір реакциялардың жиынтығы деп берілді. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі реакцияларды меңгерумен, маңызды стимулдарға реакция жасай алуды үйренумен түсіндірілді.

Бихевиоризмде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жетуге байланысты реакцияларды меңгеру процесі қарастырылды. Қажеттілік қанағаттандыруды талап етеді, тәрбие реакциялармен бекітілуі керек, ол қанағаттандыруды жасайды, әлеуметтік түрде қолдау табады. Басқа реакцияларға қосылуға реакцияға шектеу жасау әрекеті қажеттіліктерді қанағаттандыруға, бейімделгіш реакцияны қалыптастыруға әкелмейді.

Үйрену, дұрыс бекітілу субъектінің өзінің қанағаттануына оны қоршағанадамдармен комфортқа әкеледі деп санады бихевиористер. Дұрыс реакциялар тіркелген программдалған мәдениет, қандай реакциялар әлеуметтік қолдау табады, қайсысы жаза алады соны көрсетеді, индивидтің комфортты өмір сүруін жасайды.

Б.Скиннердің айтуы бойынша бекітулер жүйесі қалыптасқан қоғамда әрбір реакция мен қате реакция үшін алған жаза жүйелері үшін индивидтер бақытты болады. Тұлғаның белсенділігі, өзіндік санасы, қабілеті құндылықтарды бекіту сұрақтары бихевиоризмде қаралмады.

Необихевиоризмде аралық өзгергіштіктер ұғымы пайда болды, олар стимулға деген реакцияны деформациялайды, жоққа шығарады деген психикалық мағынада түсінді. Осы аралық өзгергіштіктер «сынға» түспесін үшін психикалық бастан кешулерге, тұлғалық қасиеттерге, мәдениетке қосылды. Психологияда бихевиоризмнің маңызды мәні сол олар мінез-құлық категориясын ашты.

Бихевиоралды бағыт

Негізгі мақсаттары:

1. Әрекет-қылықтық реакциялардағы дефицитті жою.

2. Бейімделген әрекет-қылықты күшейту.

3. Адекватты емес әрекет-қылықты жою.

4. Қобалжушылық реакцияларды жою.

5. Босаңсуға деген қабілеттілікті жоғарлату.

6. Өзін-өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

7. Өзін-өзін реттей алу қабілетін дамыту.

Психологиялық кеңес беру әрекет-қылыққа баға беруден немесе клиенттің проблемалық жерлеріне анализ жасаудан басталады. Үш типті реакциялар тіркелген:

1. Өткен шақтағы жағдаяттық стимул (С). Мысалы: «Кеше сағат 15.30 да маған 15 бірге жұмыс жасайтын адамдарға өзімнің жұмысымды көрсету керек еді».

2. Ауыспалы реакциялар (Р). Мысалы: «Қобалжып тұрып, тез сөйледім».

3. Нәтижелер немесе нәтиженің ауыспалылығы (П). Мысалы: «Аудитория қызығып отырғандай көрінді. Бастық мені құттықтап, менің әрекетімді қолдады».

Жоғарыда көрсетілген реакциялар бойынша мәлімет жинауды СРП-анализ деп атайды. Кейде бұл көрсеткіштер әрекет-қылық мониторингінің күнделігі ретінде тіркеледі:

 

Стимул Реакция Нәтижелер
     

 

Ақпараттарды жинауда «Неге?» деген сұраққа басталатын сұраулы сөйлем тасталып кетеді, тек «Қалай?», «Қашан?», «Қайда?», «Не?» деген сөздерге басталатын сұрақтар қойылады.

Ақпарат мынандай жолмен жиналады:

- интервью арқылы;

- медециналық зерттеу арқылы;

- алдында өткізілген психологиялық бақылаулардың отчеттерінен;

- сұрақшалардан;

- өзін-өзі бақылау мен арнайы күнделіктердегі кестелерді толтырулардан;

- табиғи жағдайдағы тікелей бақылау арқылы;

- табиғи жағдайдағы жанама бақылау арқылы;

- моделдеуге келетін жағдайда тікелей бақылау арқылы;

Ақпарат пен мәлімет жинақталған соң, кеңес берудің мақсаты анықталады. Мақсаттарды нақты анықтап алу керек, соның негізінде кеңес беруші мен клиент өзгерістерді жеңіл бағалай алады. Жұмыс көбінесе ең негізгі әрі маңызды проблемадан басталады.

Гипер қозғыш пен гипер тітіркенгіш сияқты рефлекторлы реакциялармен күресу үшін, прогрессшіл бұлшықет релаксациясының әдістемесі қолданылады. Ол Эдмунд Джекобсонның әдістемесі, оны ары қарай дамытқан Джозеф Вольпе. Әдістеменің негізі мынада, клиенттің көңілін тұрақтандыру арқылы оның бұлшықеттегі қысым мен босаңсуды сезе алу қабілеттілігін қалыптастыру. Одан кейін бұлшықеттер тобының босаңсуын реттей алу икемділігі пайда болады. Жаттығуларды 5-7 мин.орындау керек. Осы кездерде клиенттің көңілі релаксация сезіміне тұрақтанады.

Қобалжушылық пен қорқынышпен күресу қажеттігі туындағанда, жүйелік дисенсибилизация әдістемесі қолданылады. Бұл әдістемені Дж. Вольпе 1952 ж. ұсынған болатын.

Жүйелік дисенсибилизация әдістемесінің теориялық негіздері:

- Адамның бейімді емес әрекет-қылығы, невротикалық, интерперсоналды әрекет-қылықтар қобалжушылықпен анықталып, оның деңгейінің төмендеуімен көрінеді.

- Қиялдап жүріп жасалынатын әрекет-қылықтар.

- Қорқыныш пен қобалжушылықты тежеуге болады, егер сол қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдармен қорқынышқа антагонистикалық келетін стимулдарды біріктірсе.

- Адамның қорқынышқа қарсы келетін стимул ретінде релаксацияны айтуға болады. Сол себепті клиентті релаксация жағдайында қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдарды қиялда шақырса, десенсибилизация пайда болады. Нәтижесінде клиенттің реалды стимулдар мен жағдайларға деген сезгіштігі төмендейді.

Әдістеменің негізі. Релаксация жағдайындағы адам санасындағы өзінің қорқыныш көріністерін тудыратын жағдайларды елестетеді. Клиент бұл жағдайларды 5-7 сек.елестетеді, одан кейін пайда болған қобалжушылықты релаксацияны күшейту арқылы жояды. Жұмыс көбінесе, қорқынышты аз тудыратын жағдайлардан басталады. Жағдаятты елестету бірнеше рет қайталанады, осы қайталаулардан кейін егер клиентте қобалжушылық көрініс бермесе, келесі одан да қиын жағдаятқа көшеді. Бір сабақтың өзінде 3-4 жағдаяттар талқыланады. Сеанстардың саны 4-5 тен бастап, 12-ге дейін өзгеруі мүмкін. Клиентпен жұмыс жасау қорқынышты тудыратын ең қатты стимул жойлғанда тоқтатылады.

Десенсибилизацияның келесі түрлерін ажыратады:

1. Десенсибилизация invivo (реалдыөмірде). Десенсибилизацияның осы түрі реалды өмірде бірнеше рет қайталанған жағдайларда қолданылады. Жұмыс жасау деңгейлері:

А) қорқынышты тудыратын жағдайлардың иерархиясы құрастырылады;

Б) реалды жағдайлардағы жаттығулар жүргізіледі: клиенттің қорқыныш сезімін тудыратын жағдаймен психологтың көзінше бетпе-бет кезіктіреді, бұл жерде қорқынышқа қарама-қайшы келетін фактор психолог болып тұр. Яғни, клиент психологтың көзінше өзін қауіпсіз сезінетіндіктен.

2. Контактілі десенсибилизация. Клиенттің қорқынышын тудыратын объектіні ұстап, тиісіп көргізеді. Оъектіні ұстау барысы қауіпсіз жағдайда және де психологтың көмегімен өтіледі. Көбінесе бұл жағдайлар моделдеу кезінде жүзеге асырылады: басқа адам (қорқыныш сезінбейтін) клиентте қорқыныш сезімін тудыратын объектімен әр түрлі әрекеттер жасайды.

3. Эмотивті қиялдау. Балалармен жұмыс жасағанда қолданылады. Бала өзінің сүйікті кейіпкерінің рөлін ойнай отырып, өзінің өмірінде ертеде қорқыныш сезімдерін тудырған жағдайлармен кезігеді. Балалардың жақсы дамыған қиялы олардың басқа эмоционалды әсерлерге көшулеріне мүмкіндік береді.

Тұлғааралық қарым-қатынас икемділігінің керекті мөлшерде дамымаған жағдайда, әрекет-қылықты қайталау (репетиция жасау) әдістемесі қолданылады. Рөлдік ойындар ойнау, соның негізінде клиентті жаңа адекватты реакцияларға итермелеу.

Егер клиентте басқа адамның әрекет-қылығына қобалжушылықпен қарайтын дағдысы болса, ассертивтілік тренингі қолданылады. Дж. Вольпе ассертивтілікті қобалжушылықтан басқа эмоционалды жағдайды көрсете алу қабілеттілігі деп анықтайды.

Кеңес беруші психолог клиенттің заңды эмоциясын көрсете алуда қолдау көрсетеді. Басында ассертативлілік тренингі адамның өзінің құқығын қорғауға бағытталған болатын. Соңғы кездерде басқа адамға деген жағымды эмоцияның көрініс беруіне көңіл бөлінуде (махаббат, көңіл, қамқорлық және тағы басқа).

Кеңес беруші психолог пен клиент әр түрлі жағдайларда қандай әрекет-қылық сай келетіні туралы талқылайды, мұнда клиенттің индивидуалды әрекет-қылығының стилі ескеріледі. Тренинг топтық және индивидуалды түрде де қолданылады. Клиенттің реалды өмірдегі ассертативті әрекет-қылығының нәтижесі анализденеді. Кеңес беруші психолог клиенттің көңілін бұл әрекет-қылықтың нәтижесінің жағымды екеніне назар аударғызады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3019 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.