Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;
2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бізге жылу мен жарықты не сыйлайды? Иә, күн сыйлайды. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Вв Вв Вв Вв велосипедсөзін жаздырту.
5-жаттығу. Мысалды түсініп оқы.
Жер Тауға шағынды. (наразылығын айтып берді)
- Менің үстімде не боп жатыр? Білемісің? Адамдар аяуды қойды. Бетімді бей-берекет айғыздап бітті. Тұқымдары құрып біткен аң-құстарым мынау. Сұлап жатқан теректерім анау. Өзендерім суалды, теңіздерім құрғады …(суы тартылып кетті) Енді менде не қасиет қалды?!
Жердің көз жасы мөлтілдеп, шық болып құйылды.
Жер жылап жатты…
- Мен қайтейін, - деді Тау күңіреніп. – Бәрін де көріп тұрмын. Бірақ қолымнан не келеді? Өзімнің де халім мүшкіл.
Тау күрсінді.
· Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келеді?
· Қарамен жазылған сөздерді басқа қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?
· Мысалды ары жалғастырып көр. Ол үшін «тау» сөзін «жұбату» сөзімен толықтыр. Үшінші кейіпкерді – Адамды әңгімеге ендіріп, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қолдан.
· Құраған ой бөлігіңді дәптерге жаз.
7-жаттығу. «Хабар» телеарнасы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 4-сынып оқушыларынан әдептілік туралы сұхбат алды.
· Қай жауап саған көбірек ұнады? Дәлелде.
· Сен де сұхбатқа еніп, өз жауабыңды жазбаша білдір.
Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз
Көркем етіп жазамыз.
ІҮ. Бекіту: 8-жаттығу. Өз әдептілік деңгейіңді тест тапсырмасын орындау арқылы бағала. Сұраққа «иә», не «жоқ» деп жауап бер.
Ү. Қорытындылау: а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?
Бекітемін:_________________________
Тіл және сөйлеу.
Мерзімі:_______________
Тақырыбы: Дыбыс және әріп. Фонетика әлеміне саяхат
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;
2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.
Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай
болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық
ІІ Мақсат қою кезеңі: 1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Гг Гг Гг гүл жаздырту.
Негеш, құлағыңды түрші: Айналамыздан сан түрлі дыбыстар естіледі: ұшып бара жатқан ұшақтың гүрілі, желдің гуілі, қамыстың сыбдыры, иттің үрген дауысы, құстардың сайраған үні, күннің күркіреген гүрілі, ағаш бұтақтарының сықырлағаны.
Бізді бұлардан басқа тіл дыбыстары қоршап тұр. Олар бір
біріменбірігіп мағыналы сөз жасайды. Тіл дыбыстарын естиміз және айтамыз.
Осы тіл дыбыстарының жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін мен
интонация мәселелерін фонетика қарастырады.
Саяхатымызды тіл дыбыстарынан алдыңғы сыныптарда өткен
материалдарды қайталап еске түсіруден бастаймыз.
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Көбелек, шың, ұлан, ер, жапырақ, өлке, көгершін, пияз, киік.
· Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс барын анықта.
· Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес?
· Дыбыс пен әріптің бір- бірінен өзгешелігі неде?
2-жаттығудағы Сызба бойынша тіл дыбыстары туралы айт.
ғы |
шы |
ө |
бі |
қу |
ла |
лім |
о |
бұ |
ғы |
ра |
лім |
мір |
бі |
· Мақалдан тасымалдауға болмайтын сөздерді тап.
4-жаттығу. Кестені толтыр. Буын мен тасымалдың өзгешелігін бір-біріңе айтып, дәлелде.
ІҮ. Қорытындылау: а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?
Бекітемін:_________________________
Тіл және сөйлеу.
Мерзімі:_______________