Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кел, балалар, оқылық!




Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің өнер-білімнің ұлы қаруы,алтын тұғыры саналатындықтан,қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады.Осы тұрғыдан алғанда оқушының талабын ұштар,шығармашылық,тұлғалық шарықтауына мүмкүндік береді,интелектуадық деңгейін биіктетеді.Әрбір сабақта оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі.Бұл оқушының қабілетін дамытады,белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып,оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.Сонымен қатар оқушының білімді шала түүсінген тұстарынсабақ жүзінденақтылауда атқаратын қызметі зор.Негізгі мақсаты оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін жетілдіре отырып,тіл байлықтарын,өз ойларын нақты,терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту.Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау.Өзіне сенімді,мәдениетті тұлға тәрбиелеу.Сонымен қатар,даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.Олардың білімге деген құштарлығын,еңбек сүйгіштігін,орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру,қиындықтарды жеңе білуге баулу.

Міндеттері:

-Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады.

-Көздеген мақсатқа жету үшін өз бетінше іздену әрекеттері қалыптасады.

-Балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету.

-Байланыстырып сөйлеуге,сөйлеу мәдениетіне үйрету.

-Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу.

-Үлкендерді құрметтеп,олардан өгене алуға жетелеу.

Күтілетін нәтиже:

-Интелектуалдық деңгейі жоғары,жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру.

-Еркін ойлауға мүмкіндік алады.

-Ақыл-ойын дамытады.

-Тіл байлығы жетіледі.

-Жан-жақты ізденушілігі артады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Уайсова Г.И.,Жұмабаева Ә.Е.

Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған, 4- басылым, өңделген.

Алматы «Атамұра» 2014 жыл

 

Қосымша әдебиеттер:

1. К.Ерешева.,Г.Жамалбекова.Өзіндік жұмыстар. 3-сынып. Мұғалім мен оқушыға арналған оқу құралы.Алматы 2014

2. «Өрлеу біліктілікті артыру ұлттық орталығы» Бастауыш сыныптардағы таңдау пәндерінің үлгі жоспарлары. Алматы 2013

3. К. Ерешова,Ұ. Ботабаева,Р.Муханова. Қазақ тілінен сын жұмыстары1-4 сыныптар.Алматы «Өлке» баспасы. 2008

4. Ә. Жұмабаева.,ГУайсова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып

мұғалімдеріне арналған.Алматы «Атамұра»

5. Г. Сүлейменова. Тіл мәдениеті.2009

Бекітемін:_________________________

 

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:_____________

Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар, оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік. Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

Кел, балалар, оқылық!

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан

Іздемей-ақ табылар.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

 

б/ Дәптермен жұмыс

в) Сөздік жұмыс жүргізу.

 

Сергіту кезеңі: Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық.

 

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?

Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?

Тауып оқу

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

 

 

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:_____________

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1277 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2319 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.