1917 жылы қараша айында Францияның премьер-министрi болып 76 жастағы Клемансо тағайындалды. Клемансо (1841– 1929) радикал партиясынан, сөзге өте шешен, алғыр, айтатын сөзiн анық және батыл айтатын адам болған. ХХ ғасырдың бас кезiндегi Франция тарихындағы iрi саясаткер. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiске жеткен Француз халқы Клемансоны «жеңiстiң атасы» деп атады, оның отан алдындағы еңбегi жоғары бағаланып, халық алғысына бөленген адам болды. 1870 жылы Пруссия-Француз соғысында жеңiлген француздардың кегiн алдық «бiз жеңдiк, ендi дем алуға болады» деген сөздерi халық арасында кең тарады.
1918 жылы қараша айының 11-і күнi Ремонд орманында орналасқан Компьен қаласындағы темiр жолда тұрған поезд вагонында Антанта әскерiнiң қолбасшысы француз генералы Фош Германия уәкiлiнiң қатысуымен соғыстың аяқталғандығы туралы құжатқа қол қойды. Соғыстың жеңiспен аяқталуы елдiң астанасы Париж қаласында, сондай-ақ бүкiл елде тойланды. Халық көшеге шығып, жеңiс шеруiне қатысты. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңіске жетуіне байланысты Франция Еуропадағы iрi державалы елге айналды. Бiрақ төрт жылға созылған соғыс Франциядағы капиталистiк қоғамды күйзелiске ұшыратты. Капитализм тұрақсыздығы басталып, демократия шектелдi. Соғыс елдiң экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуын тежедi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Францияға айтарлықтай ауыртпалық әкелдi. 1,3 млн адам соғыста өлiп, 2,8 млн адам жараланды. Франция экономикасы ауыр шығынға ұшырады. Германия жаулап алған Францияның өндiрiс ауданында 10 мың фабрика және зауыт қирады. Экономикалық дағдарыс инфляцияны күшейттi. Франция одақтастарына 60 млрд франк қарыздар болды. АҚШ-қа қарызы 40 млрд франк болса, бұрынғы патшалық Ресейде 12–13 млрд франк капиталын кеңестік Ресей берген жоқ. Жалпы соғыс жылдарында Франция 134 млрд астам франк шығын көрдi.
1921-1924 жылдардағы дағдарыс. 1913 жылмен салыстырғанда өнеркәсiп 55%, ауыл шаруашылығы 74% өнiм өндiрдi. Салық 4 есе өстi. Соғыстан кейiнгi экономикалық дағдарысқа қарамастан, Францияда өндiрiс пен капиталдың шоғырлануы тез қарқынмен жүргiзiлдi. Iрi монополия де Вандел және Шнейдер Эльзас және Лотарингия өндiрiс орындарын өз қолдарына алды. Мемлекет репарация төлем арқылы соғыс кезiндегi қираған аудандарды қалпына келтiре бастады. Iрi өндiрiстiк бiрлестiктер құрылып, оларға субсидиялық көмек берілдi. Франция империализмi отар елдерi арқылы өсiмқорлық мәнiн жоғалтқан жоқ. Финанс олигархиясы 200 семьяны бiрiктiрдi. «Комите де Форж» елдегi iрi өнеркәсiп салаларын өз қолына алды. Ауыл шаруашылығында соғыстан кейiн де дағдарыс жағдайы сақталды. Халықтың 53,6%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс iстедi. Ұсақ және орта буржуазия елдегi негiзгi әлеуметтiк тап болып қала бердi.
Соғыстан кейiнгi Францияның саяси дамуында екi бағыт сақталды. Бiрiншiсi - Ресейдегi қоғам төңкерiсiнен кейiнгi революциялық өрлеу, екiншiсі – ұлтшылдық және шовинизм болды. Франция буржуазиясы революциялық қозғалысқа қарсы ашық күреске шығып, буржуазиялық қоғамды сақтап қалу үшiн бар күштерiн салды. Революция өрлеу жылдарында Француз социалистiк партиясының (СФИО – француз сөзінен қысқартылған) беделi жұмысшылар арасында өстi. Францияның қоғамында революциялық күштер кең етек алды. Осындай жағдайда 1919 жылы қараша айында парламент сайлауы өттi. Сайлауда реакциялық буржуазия және финанс олигархиясы жеңiске жеттi. «Ұлттық блокқа» бiрiккен буржуазия үкiметi құрылды. Демократиялық альянс және Республикалық Федерация партиялары Ұлттық блоктың негiзiн құрады. «Ұлттық блок» үкiметiне қарсы шыққан тек қана Франция социалистiк партиясы болды. Осының нәтижесінде Клемансо үкiметтен кетуге мәжбүр болды да, оның орнына А. Мильеран премьер-министр болып тағайындалды.
Мильеран басқарған үкiмет жұмысшы және кәсiподақ ұйымына қарсы батыл күреске шықты. Сонымен қатар Кеңестiк Ресейге қарсы антисоветтiк саясат кең етек алды. 1920 жылы
Мильеран үкiметiнiң саясатына қарсы шыққан жалпы ереуiлдiк қозғалысқа 20 мың темiржол жұмысшылары қатысты. Елде ұлтшылдық саясат кең қарқын алып, 1920 жылы соғыстың аяқталғандығының екi жылдық мейрамын атап өтуге шешiм қабылданды. Қарашаның 11 күнi жеңiс шеруi болып, Париж қаласындағы Триумфал аркасында (жеңiс монументi) Елисей даласында мәңгi от жағылды. Верден соғыс майданынан белгiсiз солдат сүйегi әкелiнiп жерлендi. Жеңiс француздардың ұлттық санасында мақтаныш сезiмiн тудырды. Ұлттық блок үкiметiнiң сыртқы саясаты - Версаль бiтiмiн нығайту, орталық және Оңтүстiк-Шығыс Еуропа елдерiнде ықпалын күшейту, антисоветтiк саясат арқылы бұрынғы Антанта елдерiмен қатынасты жалғастыру болды. Германияның соғыста жеңiлуi Францияның Еуропадағы ықпалын күшейттi.
1918-1920 жылдардағы революциялық өрлеу. Бұл жылдар арасында Францияда революциялық қозғалыс кең етек алды. Бұл қозғалыста жұмысшылар, шаруалар мен солдаттар, қызметкерлер белсендiлiк көрсеттi. Ереуiлге қатысқан жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнiн енгізу, жалақыны көбейту, еңбектi жеңiлдету туралы талаптар қойды. Ал саяси талаптары мыналар: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, советтiк Ресейге қарсы интервенцияны тоқтату.
1919 жылы сәуiр айында Одесса және Севастополь қалаларында тұрған француз соғыс кемелерiндегi матростар ереуiлге шығып, елге қайтуды талап еттi. Француз матростары советтiк Ресейдегi жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесiн қолдады. Француз үкіметі ереуiлге шыққан кемелерді елге қайтаруға мәжбүр болды. 1919 жылы мамыр айында Париж жұмысшылары демонстрацияға (шеруге) шығып, 1 мамыр демонстрациясына 1 млн адам қатысты. Жалпыереуiлдiк қозғалысқа 3 млн адам шықты. «Ұлттық блок» үкiметi жұмысшылардың талаптарын орындауға мәжбүр болды. 1919 жылы сәуiр айында 8 сағат жұмыс күнi туралы заң шықты, кейбiр жұмысшылардың жалақысы өсiрiлдi, кәсiподақтар арқылы ұжымдық келiсiмдерге қол жеткiзілдi.
Советтiк Ресейдi қолдау қозғалысында «Тарт қолыңды Советтiк Ресейден» ұйымдары құрылып, Франция үкiметiнен әскерлерiн кейiн қайтару талап етіле бастады және еңбекшiлер арасында Советтiк Ресейге көмек көрсету ниетiмен ақшалай және заттай қор жиналып, жiберiліп отырды. Бұл қозғалыстың алдыңғы қатарында француз жазушылары мен интеллигенция уәкiлдерi Анатоль Франс, Анри Барбюс және Ромен Роллан болды. 1920 жылы ақпан айында шаруалар iрi жер иелерiнiң озбырлығына қарсы күреске шықты. Олар арендаға (жалға) алған жерлерге ұзақ мерзiмге жеңiлдiк жасауды, үкiметтен несие берудi талап еттi. 3 мың шаруа қатысып, 44 департаментте шаруаларға несие беретiн мемлекеттiк банктер ашты. 1920 жылы мамыр айында революциялық күрестiң алдыңғы қатарында белсендi күрес жүргiзген темiржол жұмысшылары болды. Темiржол жұмысшыларын таукен, кемеге жүк тиеушiлер және басқа да жұмысшылар қолдады. Темiржолды национализациялау туралы талап қойылды. Темiржол жұмысшыларының ереуiлi мамыр айының 1-29-ы күндерi тоқтаған жоқ. Темiржолдың жұмысшы-кәсiподақ ұйымының солшыл басшылары Монмуссо үкiметпен келiсiмге келiп, көтерiлiстiң жеңiлiс табуына ықпал етті. Үкiмет ереуiлге қатысқан 25 мың темiржолшыны жұмыстан шығарды. Бiрақ елде революциялық қозғалыс жалғасып жатты. Революциялық өрлеу кезеңiнде жұмысшы табының арасында бiрлiк болған жоқ. Саяси жұмысшы партиясы және кәсiподақ ұйымдары үкiметпен келiсiмге келiп, революциялық қозғалыстың жеңiлуiне әкелдi.
Социалистiк партия мен кәсiподақ ұйымдарының беделi өсiп, СФИО (Социалистiк партия) мүше саны 134 мың адамға, кәсiподақ ұйымының жалпы еңбек конфедерациясы ВТК (орысша сөзден қысқартылады) саны 2,5 млн адамға жеттi. 1919 жылы социалистiк партия құрамынан солшыл революция тобы бөлiнiп шығып, III интернацион комитетi ұйымын құрады. Социалистiк партия мүшелерiн 1919 жылы 3 наурызда Мәскеуде құрылған Коммунистiк Интернационал ұйымы қолдап, оған мүше болуға шақырды.
Социалист-интернационал топтарының қатарында Марсель Кашен, Вайян Кутюрье, Пери Г.Монмуссо, Пьер Семарлар болды. Марсель Кашен бастаған Француз социалистерi Мәскеуде өткен Коминтерннiң II конгресiнiң жұмысына қатысады. Мәскеуден келгеннен кейiн интернационалистер Францияда маркстiк партия құруға белсендi түрде кiрiседi. 1920 жылы желтоқсан айында Туре қаласында Француз социалистiк партиясының съезi өттi. Съезд жұмысына қатысқан интернационалистер социалист партиясын Коминтернге кiруге шақырды. Көпшiлiк дауыс алған Марсель Кашен тобы жеңiске жетедi. Бұл шешiмге қарсы болған социалистер тобы съезден бөлiнiп кетiп, дербес реформистiк социалист партиясын құрып, халықаралық Социалистiк жұмысшы Интернационал ұйымына мүше болады. Француз социалистiк партиясын Туре съезiнен кейiн Леон Блют басқарды. Туре съезiнен кейiн Марсель Кашен бастаған интернационалистер Француз Коммунистiк партиясын (ФКП) құрады. 1921 жылы желтоқсан айында Марсель қаласында ФКП-ның I съезi шақырылады. Съезд жұмысында ФКП-ның тактикасы мен стратегиясын анықтаған бағдарламасы мен уставын қабылдайды.
«Ұлттық блок» үкiметiнiң сыртқы саясаты және Рур оқиғасы. Франция буржуазиялық Еуропада өзiнiң гегемондық саясатын жүргiзу мақсатында Ұлыбритания мен АҚШ-қа қарсы бақталастық саясаты, Советтiк Ресейге қарсы интервенциясы жеңiлiс тапқаннан кейiн де антисоветтiк саясатын жалғастырып, Советтiк Ресейге қарсы экономикалық оқшаулау саясатын жалғастырды. 1921 жылы Польшамен келiсiмге келiп, Германияға қарсы одақ құру және 1920-1921 жылдары Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елдерiнде ықпалын нығайту үшiн Кiшi Антанта саяси-соғыс одағын құрды. Кiшi Антанта одағына Чехословакия, Румыния және Югославия кiрдi. Кiшi Антанта одағының құрылуы Францияның бұрынғы одақтастарының қарсылығын күшейттi. АҚШ пен Ұлыбритания үкiметтерi Францияның ықпалын әлсiрету үшiн репарациялық төлем мөлшерiн қысқартуды ұсынды. Бұл Францияның соғыс кезiндегi қарызын төлеудi қиындата түстi. 1920 жылы Бельгияның Спа қаласында бұрынғы Антанта елдерiнiң қатысуымен конференция өттi. Бұл конференцияда АҚШ делегациясы репарациялық төлем мөлшерiн азайту туралы ұсыныс жасады. Франция амалсыздан көнуге мәжбүр болды. Германия өз жағынан репарациялық төлемдi өтеуден бас тартты. АҚШ пен Ұлыбритания үкiметiнің Германияны қолдауы, Францияның Еуропадағы ықпалының әлсiрей бастағанын көрсеттi.
1923 жылы қаңтар айында Спа конференциясының шешiмiн қабылдамаған Франция үкiметi Бельгиямен бiрiгiп, Германияның Рур ауданына әскерлерiн кiргiзiп, жаулап алады. Рурды жаулап алуы Франция үкiметiнiң саяси жағдайын қиындата түстi. Пуанкаре үкiметiнiң саясатына АҚШ және Ұлыбритания үкiметтерi өздерiнiң қарсылығын бiлдiрдi. Германия өз жағынан репарациялық төлемдi тоқтатты. Рур ауданы Германияның өндiрiстiк орталығы болатын. Рур ауданындағы еңбекшiлер мен жұмысшылар жалпы ереуiлге шықты. Рур көмiрi Франция өндiрiсiне жiберiлмедi. Франциядағы көмiр дағдарысы экономикалық тоқырауға әкелдi. Болат және шойын өндiру күрт төмендедi.
Пуанкаре кезiндегi Франция. «Ұлттық блок » үкiметi кезiнде кейiнгi Франциядағы экономикалық дағдарыс инфляцияға, бағаның өсуiне әкелдi. Францияның мемлекеттiк қарызы көбейдi. Франк құнсызданды. Экономиканың құлдырауы еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын бұрынғыдан да төмендеттi. «Ұлттық блок» үкiметi дағдарыстан елдi шығара алмады. Үкiметтiк дағдарыстың барысында 1922 жылы «Ұлттық блок» үкiметiне Демократиялық альянс басшысы Раймон Пуанкаре тағайындалды. Пуанкаре 1934 ж. iрi адвокат, мемлекеттiк қайраткер болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Германияны қолдап, профашистiк саясат ұстанды және соғыс саясатын да қолдап отырды. 1923 жылғы Рур жерiне әскер кiргiзу туралы шешiм қабылдап, жаулап алды. Рур оқиғасы кезiнде Пункаре саясатын елдегi саяси партиялар қолдады. Оған ФКП-сы және солшыл кәсiподақ ұйымы ғана қарсы күрес жүргiздi. Пуанкаре өзiнiң саясатына «Германияны төлем төлеуге көндiру» ғана деп баға бердi.
Рур оқиғасы Пуанкаре үкiметiнiң беделiн түсiрдi. 1923 жылдың күзiнде Францияда үкiметтiк дағдарыс болды. Үкiметтiң құрамындағы радикал буржуазиялық партия оппозицияға көштi. Парламентте оңшыл буржуазиялық партиялардың Рур оқиғасына қарсы шығуы, «Ұлттық блок» үкiметiнiң құлауына әкелдi. Пуанкаре үкiметi Рур ауданынан әскерлерiн әкетуге мәжбүр болды.
Франциядағы кәсiподақ қозғалысы. Францияда 1918-1920 жылдардағы революциялық қозғалыс кәсiподақ ұйымының арасында жiк туғызды. Франциядағы ең iрi кәсiподақ ұйымы - жалпыфранциялық еңбек конференциясы (ВКТ) болды. Реформалық ағымды ВКТ ұйымының оңшыл буржуазиялық топтары қолдады. Ал солшыл топтары елдегi революциялық қозғалысты қолдады. Франция социалистiк партиясындағы жiктiң барысында кәсiподақ ұйымында екi ағым қалыптасты. Социалреформистерге қарсы «революциялық» кәсiподақ топтары 1922 жылғы Лилле қаласында өткен съезде екiге бөлiндi. Пьер Семар және Гастон Монмуссо революциялық топты басқарды. Съезден кейiн ВКТ өз мүшелерiнiң 70%-нан айрылды.
1922 жылы шiлде айында революциялық топтар ВКТ-ыдан бөлiнiп, Сент-Этьен қаласында өздерiнiң съезiн шақырды. Кәсiподақ ұйымын унитарлық жалпы еңбек конфедерация (УВКТ) деп атады. Унитарлық (бiртұтас) кәсiподақ ұйымының мүшелерiнiң саны 360 мың адам болды. Социал-реформистер өз алдына жалпы еңбек конфедерациясын (ВКТ) сақтап қалды. Оның мүшелерінiң саны 373 мың адам болды. Францияда үш кәсiподақ ұйымы жұмыс iстедi: Христиан католик еңбекшiлер конфедерациясы, Жалпы еңбек конфедерациясы (ВКТ) және Унитарлық жалпы еңбек конфедерациясы (УВКТ).
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi Франция (1924-1929 жж.). Францияның экономикалық дамуы бiркелкi болған жоқ. Өнеркәсiптiң тұрақтанып, дамуына Эльзас және Лотарингия жерiнiң Францияға берiлуi, ауыр өнеркәсiпке қажет шикiзаттың мол болуы айтарлықтай әсер етті. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару соғысқа дейiнгi шығарылған өнiмнен 40%-ға артты. Франция өнеркәсiбiнiң тез қалпына келтiрiлiп, тез қарқынмен дамуына Германияның жыл сайын төлеп отырған репарациялық төлемi де әсер еттi. Өнеркәсiптiң даму қарқыны Германия мен Ұлыбритания елдерiнен алда болды. Капитализмнiң тұрақтану жылдарында өндiрiстiң шоғырлануы жоғары болды. Ауыр өнеркәсiп салалары Шнейдер және Гочкис концерндерінiң қолдарында болды. Елдегi 10 металлургия зауыты шойын және болат өндiрудiң 72%-ын шығарса, 17 көмiр шахта бiрлестiгiнде көмiрдiң 87%-ы өндiрілдi, ал автомобиль шығаратын Ситроен, Пежо және Рено фирмалары автомобильдiң 75%-ын шығарды.
Францияда шет елге, оның iшiнде отар елдерiне капитал шығару еселеп өстi. Шет елге шығарылған капитал ел бюджетiне 50% таза кiрiс әкелдi. 1928/29 жылдары жыл сайын 29-30 млрд. франк таза табыс түсiп отырды. 1925 жылы құрылған мемлекеттiк ұлттық экономикалық кеңес ұсақ және орта кәсiпкерлердi несие арқылы қолдап, өнеркәсiптiң дамуына көмектесiп отырды. Сонымен қатар ауыр өнеркәсiп салаларына мемлекет субсидия арқылы көмектесiп отырды. Мемлекетiк реттеу елдiң экономикасының тез дамуына айтарлықтай қолдау бола алды.
Францияның ауыл шаруашылығы капитализмнiң тұрақтануы кезiнде өте ауыр жағдайда дамыды. Ауыл шаруашылығында жер жетiспедi, iрi фермерлер салықтан шыға алмады. Инфляция жоғары болды.
Жыл сайын ауыл шаруашылығынан түсетiн кiрiс азайып отырды. 1913 жылы 23,3% болса, 1930 жылы 14,2%-ға азайды. Жердiң көбi iрi жер иелерiнiң қолында шоғырланды. Шаруалардың 87,5%-ның қолында жердiң 42,5%-ы болса, iрi жер иелерiнің 12,5%-ның қолында жердiң 57,5%-ы болды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу өндiрiсiнiң сұранысына байланысты техникалық өнiмдер қант қызылшасы, жемiс-жидек, темекi т.б. егiс көлемдерi ұлғайтылып, арнаулы салаға бейiмделдi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бағасы арзан болса, өнеркәсiп өнiмдерi қымбатқа сатылды. Ауыл шаруашылығында өндiрiс пен өнiмдердiң сатып алу бағасы тұрақсыз болды. Капитализмнiң уақытша тұрақтануы кезiнде Франция өнеркәсiптiаграрлы елге айналды. Өнеркәсiптiң жылдық даму қарқыны 5%-ға жеттi. дүниежүзінде АҚШ-тан кейiн екiншi орында болды. Өнеркәсiптен жылына 10,5 млрд франк таза табыс түссе, бағалы қағаздан 28,3 млрд франк таза кiрiс түсiп отырды.
1924 жылғы сайлау. «Солшыл блок» жеңiсi. Рур ауданынан Француз әскерлерiнiң әкетiлуi буржуазиялық топтардың «Ұлттық блок» үкiметiне наразылығын туғызды. Үкiметтiң құрамында болып келген радикал-социалистер 1923 жылы үкiметтiң құрамынан шықты. Радикалдар оппозицияға шығып, солшыл социалистермен бiрлiк құра бастады. Алдағы кезектi парламенттiк сайлауға қарай «солшыл блок» оппозициясын құрды. «Солшыл блок» радикалдар мен социалистерден тұрды. «Солшыл блок» бағдарламасы националистiк-демократиялық бағытта болды. Парламенттiк сайлау қарсаңында «солшыл блок» бiртұтас бағдарлама арқылы үгiт-насихат жүргiздi. Iшкi саясатта солшылдар, революциялық өрлеу жылындағы саяси тұтқындарды босатуға, мемлекеттiк қызметкерлерге кәсiподаққа бiрiгуге, 1920 жылғы жұмыстан шыққан темiржолшыларды қайтадан жұмыстарына алуға, әлеуметтiк қамсыздандыру, 8 сағаттық жұмыс күнi туралы жаңа заң шығаруға уәде бердi.
«Солшыл блок» сыртқы саясатта бейбiтшiлiк, қарусыздандыру, Ұлттар лигасын қолдау, АҚШ үкiметiмен достық қатынасты орнату, сыртқы саясаттағы сайлаушылардың ойын бiлдiре отырып, антисоветтiк саясаттан бас тартып, Советтiк Ресеймен елшiлiк қатынасты қалпына келтiрiп мойындау талаптарын қойды.
«Солшыл блокты» Франция коммунистiк партиясы қолдаған жоқ. Коммунистер Ұлттық блок үкiметi мен солшыл блокты буржуазияны қолдаушылар деп түсiндi. Бұл ФКП-ның сол кездегi сектанттық қателiгi болды. Социалистiк партияны қолдамауы жұмысшы табының арасында беделiнен айрылып, В.И.Ленин айтқандай, «ФКП-сы бұқара үшiн күресте тактикалық қателiк жiбердi» деп бағалады.
1924 жылы мамыр айының 11-і күнi Францияда парламент сайлауы өттi. Сайлаудың қорытындысы бойынша депутаттар палатасында солшыл блок партиялары жеңiске жеттi. ФКП-сы парламент сайлауына тұңғыш рет қатысып, депутаттар палатасына 26 депутат өткiздi. «Солшыл блок» үкiметiн радикал партиясының жетекшiсi Эдуард Эррио басқарды. Э.Эрриопремьер-министр және Сыртқы iстер министрi қызметiн атқарды.
Э.Эррио ХХ ғасырдың бас кезiндегi iрi саясаткерлердiң қатарына жатады. Шаруа семьясынан шыққан офицердiң баласы жас кезiнен бастап республикалық көзқараста болған адам. 1922 жылы радикал партиясын басқарды. Э.Эррио өзiнiң қызметiнде француз-орыс, кейiннен француз-совет қатынасын дамытуға көп күш жұмсады. 1922 жылы капиталистiк елдерден Советтiк Ресейге келген тұңғыш буржуазия қайраткерi. В.И.Ленинмен кездесiп, француз-совет қатынасын дамытуға жол ашқан адам болды.
«Солшыл блок» үкiметiнiң бiрiншi жүргiзген саясаты Советтiк Ресеймен елшiлiк қатынас орнату болды. 1924 жылы қазан айының 28-і күнi Франция Республикасы Советтiк Ресейдi мойындап, елшiлiк қатынас орнатты. Советтiк Ресейдiң Франциядағы тұңғыш елшiсi iрi мемлекет қайраткерi және дипломаты Л.Б.Крамен тағайындалды. Солшыл блок үкiметiнiң сыртқы саясатының негiзгi мәнi - халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу, Ұлттар лигасының беделiн арттыру. Олар Дауэс жоспарын мақұлдауға мәжбүр болды. Себебi, Ұлыбритания мен АҚШ өздерiнiң Германияны қолдау саясатына Францияны көндiрдi. Сөйтiп, Францияның Еуропадағы негiзгi бақталасы - Германия күшейе бастады. Бұл саясат солшыл блок үкiметiне айтарлықтай абырой әкелмедi. Сыртқы саясаттағы келiсiмпаздық саясат радикал партиясында жiк тууына әкелiп, оңшыл радикалдар Э.Эррио үкiметiне қарсы шығып отырды.
Iшкi саясатта Э.Эррио үкiметi солшыл блок бағдарламасын бiршама орындады. 1920 жылғы революцияға қатысқандарға амнистия жариялады. Темiржол жұмысшыларын жұмысқа алды. Салық саясатында жеңiлдiк жүргiзе алмады. Банк иелерi бұл саясатқа қарсы болды. Шiркеу реформасын да аяғына дейiн жүргiзе алмады. Шiркеудi мемлекеттен бөлу саясатына Франция архиепископы және «Ұлттық католик федерация» ұйымы қарсы болды. Iшкi және сыртқы саясаттағы солшыл бағытты оңшыл радикал тобы да қолдамады. Сөйтiп, парламентте азшылық болды. Оңшыл радикалдардың сенатта солшыл блокты қолдамауынан Э.Эррио 1925 жылы сәуiр айының 10-ы күнi отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Э.Эррио үкiметтен кеткеннен кейiн, үкiметтiк тұрақсыздық кезеңi басталды. Бiр жылдың iшiнде бес рет үкiмет ауысты. “Солшыл блок” үкiметiнiң Сыртқы iстер министрi Аристид Брианның Франция тарихында алатын орны бөлек еді. 19251931 жылдар арасында солшыл блок үкiметiнде премьерминистр және Сыртқы iстер министрi қызметiн атқарды. Табиғатында сөзге шешен, әрi iрi дипломат А.Бриан сыртқы саясатта бейбiтшілік сүйгiш саясат жүргiзген адам. Ол халықаралық қатынаста қарусыздандыру және бейбiтшiлiк жолында күрес жүргiздi. А.Бриан халықаралық қатынаста өзінің бейбiт бағыттағы ұсыныстарымен белгiлi болды. 1929 жылғы «Бриан – Келлог» келiсiмi АҚШ пен Франция арасында қатынасты реттеуге жол ашты. Ұлттар лигасы арқылы Францияның беделiн арттырды. Дау-жанжал мәселелерiн арбитажды келiсiм арқылы шешудi ұсынып отырды. 1925 жылы Женева қаласында соғыс кезiнде газ және биология, химиялық қаруды қолдануға бас тарту туралы хаттамаға қол қойған адам болды. 1925 жылы Локарно конференциясына қатысып «Рейн пактiсiне» қол қойып, Германияның батыс шекарасының қауiпсiздiгiне кепiлдiк бердi. А.Бриан антисоветтiк саясатты қолдап, Советтiк Ресейге қарсы күрес жүргiздi.
Франция және отар елдер. Солшыл блок үкiметiнiң сыртқы саясатындағы негiзгi мәселе - Марокко және Сириядағы отарлық езгiге қарсы жүргiзiлген ұлт-азаттық соғыс болды. 1925 жылы көктемде Франция мен Испанияның отар елi Марокконың Риф облысында Эмир Абд-эль-Керим бастаған ұлт-азаттық соғыс басталды. Соғыстың барысында Риф республикасы құрылды. Риф республикасына қарсы Француз-Испан әскерлерi қатысып, соғыс қимылдары жүрдi. Ауыр зеңбiрекпен, самолеттермен қаруланған француздардың 200 мың солдаты қатысты. Мароккоға жiберiлген француз армиясын маршал Петэн басқарды. Ұлт-азаттық соғыс бiр жылға созылып, 1926 жылы көктемде жеңiлiс тапты. Абд-эль-Керим жау қолына түсiп Реюньон аралына жер аударылды, содан 1947 жылы оралып, содан Египетке қашып барып, 1963 жылы өз ажалынан өледi.
1925 жылы жаз айында Франция отары Сирияда ұлт-азаттық соғыс басталды. Ұлт-азаттық соғысты сұлтан Атраш басқарады. Ол Сирияға тәуелсiздiк беру талаптарын қойды. Көтерiлiсшiлер екi жыл бойына соғыс қимылдарын жүргiзiп, ел астанасы Дамаск қаласын басып алады. Француз үкіметі ұлт-азаттық соғысқа қатысқан Сирия халқын қарудың күшiмен басып тастайды. 1927 жылы күзде ұлт-азаттық соғыс жеңiлiс тапты. Марокко және Сириядағы ұлт-азаттық соғыс Францияның басқа отарларында да кең етек алды. Ұлт-азаттық күреске Алжир, Үндiқытай халықтары шықты. Ұлт-азаттық соғыс Францияның отарлық жүйесiн әлсiреттi. «Солшыл блок» үкiметі ұлт-азаттық соғыста елдегi халықтың қолдауына ие бола алмады. ФКП және басқа қоғамдық ұйымдар ұлт-азаттық соғысқа шыққан отар елдердің халқын қолдап, күрес жүргiздi.
«Ұлттық бiрлiк» үкiметi және оның саясаты. Солшыл блок үкiметiндегi социалистер мен радикалдар арасында экономикалық-әлеуметтiк саладағы келiспеушiлiк үкiметтiк дағдарысқа әкелдi. Пуанкаре мен Бриан үкiметi халыққа берген уәделерiн орындай алмады. Ұсақ және орта буржуазия мүддесiн қорғау iрi буржуазия мен қаржы иелерiнiң қарсылығын күшейттi. Елде франк құнсызданды, тауар бағасы өстi, халық жинақ банкіне салған ақшаларын алып, азық-түлiк тауарларын көптеп сатып ала бастады. Экономикалық дағдарыс кең қанат жайды. Солшыл блок үкiметi Бриан, одан кейiн қайтадан үкiмет басына келген Э.Эррио отставкаға кеттi.
Парламентте көпшiлiк болған оңшыл партиялар бiрлiк үкiметiн құрды. Бiрлiк үкiметтiң құрамына оңшыл партия мен радикалдар кiрдi. «Ұлттық бiрлiк» деп аталған үкiметтiң премьер-министрі болып демократиялық альянс партиясының басшысы Пуанкаре тағайындалады. Сыртқы iстер министрi радикал партиясынан А.Бриан болады. «Ұлттық бiрлiк» үкiметiнiң iшкi саясаты инфляцияны азайту және франконың құнын тұрақтандыру болды. Бұл үшiн Пуанкаре үкiметi финанс реформасын жүргiздi. Реформа арқылы еңбекшi халыққа салынатын салық мөлшерiн көбейттi. Мысалы: жолаушылар таситын көлiкке салықтың мөлшерiн 32,5%, жүк тасу саласында салық 11,5% өсiрiлдi. Iрi буржуазия иелерiнiң табысына салынатын салық 50% азайтылды. Қаржы реформасы ұсақ және орта буржуазия үшiн өте ауыр соқты. Жаңадан заем шығарылды, шетел капиталының елге келуiне жеңiлдiктер жасалынды. Iрi монополия өндiрiс иелерiне мемлекеттен субсидиялық көмек берілдi. Франк тұрақтанып, елде өнеркәсiп өндiрiсi қайтадан жұмыс iстеп, инфляция азайды. Франк құны 20%-ға өстi. 1926-1929 жылдары мемлекеттiк бюджетте дефицит жойылды. Пуанкаре үкiметiнiң беделi тез өстi. 1929 жылы Пуанкаренiң денсаулығының нашарлауы оны қызметтен, саясаттан кетуге мәжбүр еттi. Оның орнына премьер-министр болып А.Бриан тағайындалды.
«Ұлттық бiрлiк» үкiметi жылдарында халықаралық қатынас шиеленiсе түстi. Антисоветтiк науқан күшейiп, Ұлыбритания премьер-министрi Чемберлен КСРО елiмен елшiлiк қатынасты үздi. 1929 жылы Жапония Қиыр Шығыста КСРО-ға қарсы арандатушылық саясат жүргiзiп, Шығыс-Қытай темiржолын (КВЖД – орысшадан қысқартылып отыр) басып алуға әрекет жасады. Францияда антисоветтiк науқан кең етек алып, маршал Фош КСРО-ға қарсы соғыс ашуға шақырды. Франция-Германия қатынасы жақсарды. 1926 жылы Германия Ұлттар лигасына мүше болды. Юнг жоспарын қолдап, Германияның Францияға төлеп келген репарациялық төлемiнiң мөлшерiн азайтты. Жылдық төлем 2,5 млрд-тан 800 млн маркаға дейін қысқарды. Францияның соғыс министрi Мажиноның ұсынысымен Франция-Германия шекарасында Мажино қорғаныс бекiнiсiн салу басталды. Бiрақ бұл бекiнiс екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанға дейiн аяқталмады. 1928 жылы Бриан–Келлог келiсiмiне қол қойылды. Франция мен АҚШ үкiметтерi соғысқа қарсы шараларға қол қойып, соғыс - дау-жанжалды шешудiң жолы емес, сондықтан соғыс саясатынан бас тартуға шақырды. Бiрақ Бриан–Келлог келiсiмi жұмыс iстемедi.
Көптеген елдердің және КСРО-ның қолдамауы 1929 жылы Францияның сыртқы iстер министрi Брианның «Пан Еуропа» саясатын ұстауға мәжбүр етті. Оның негiзгi қағидасы Еуропада федералдық одақ құру болды. Олар “Пан Еуропа” одағын құра отырып, капиталистiк елдердi антисоветтiк саясат жүргiзуге шақырды. АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдер бұл ұсынысты қолдамады. Себебi, олар Францияның Еуропадағы беделiнiң өсуiне қарсы болды. Империалистiк елдер арасында қайшылық, әлеуметтiк экономикалық дағдарыс бiртұтас Еуропа идеясының жүзеге асуына мүмкiндiк бермедi. Бұл идея екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн ғана жүзеге асырылды. Бұл қазiргi замандағы Еуропалық одақ, “Еуропалық ортақ үй” идеясы. Экономикалық интеграция идеясы екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн де Франция тарапынан бастау алып отырды. Бұған Шуманың 1951 жылғы “Көмiр және Болат” ынтымақтастық идеясы, 1957 жылғы Еуропалық экономикалық ынтымақтастық (Ортақ рынок) ұйымының құрылуы дәлел бола алады. Кез келген идея өз уақытында қолдау тапқанда ғана іске асатыны белгілі. Брианның ұсыныстарын АҚШ және Еуропа елдерi қолдамады. Бұл А. Брианның жеке басының жеңiлiсi еді. ХХ ғасырдың 30жылдары Франция тарихында өзiндiк орын алған саясаткерлер саясаттан кеттi. Клемансо – 1929 жылы; Бриан – 1932 жылы; Пуанкаре – 1934 жылы. Бұлар Францияның ұлттық тарихын қалыптастыруда тамаша қызмет атқарған саясаткерлер болды. ХХ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Франция саясаткерлерiнiң жаңа легi келе бастады. Олардың жүргiзген саясатына өз кезiнде баға беремiз. Бұлар 1927 жылы радикал партиясының басшысы Даладье, оңшылдар Тардье, Лаваль және маршал Петэндер болатын.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция (19291933 жж.). Францияда экономикалық дағдарысбасқа капиталистiк елдерге қарағанда кештеу басталды. Соғыста қираған экономиканы тез қалпына келтiру, өндiрiстiң кейбiр салаларына мемлекеттiк көмек көрсету арқылы жүзеге асырылды. Германияның репарациялық төлемі де айтарлықтай тұрақтануға әсерiн тигiзген болатын. Бұл шараларға қарамастан Франция экономикасында 1930 жылдары дағдарыс басталды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды. Сыртқы сауда түсiмi төмендедi. 1932 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру 44%, сыртқы сауда 46% қысқарды. Мемлекеттiк бюджет дефицитке ұшырады. Экономикалық дағдарыс әлеуметтiк салада халықтың тұрмыс жағдайын төмендеттi. Өндiрiс орындарының жабылып қалуынан елде жұмыссыздардың саны 2,3 млн адамға жеттi. Еңбекшi халықтың жалақысы 1930-1934 жылдары 30%, қызметкерлердiң табысы 15-18% қысқарды.
Ауыл шаруашылығы дағдарыс жылдарында өте ауыр жағдайда қалды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң бағасы құнсызданды, табыс азайды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру 1913 жылғы деңгейде қалды. Астық, ет, жұмыртқа және шарап бағасы 2 есе арзандады. Шаруалардың iрi жер иелерiне және банкке қарызы өстi. Ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдер базарда өтпей, мал басын азайтуға мәжбүр болды. Өндiрiлген өнiмдердi өртеп, жойып отырды. Азық-түлiктiң елде жетiспеуi қала халқының тұрмыс жағдайының төмендеуiне келдi. Ұсақ және орта кәсiпкерлердiң өндiрiс орындары 1,5 есеге қысқарды. 100 мың кәсiпкер банкротқа ұшырады. Францияда iрi банктер жабылып, халықтың банкке салған жинақтары босқа жойылып кеттi. Қаржы иелерiмен монополиялар арасында ұрлық, жасырын келiсiмдер көбейдi.
Iрi буржуазия мен өнеркәсiп иелерi дағдарысқа қарамастан, мемлекеттiң көмегi арқылы табыстарын азайтқан жоқ. Мемлекеттiң «қорғау секторы» арқылы несие және мемлекеттiк тапсырыстар алып отырды. Салық және кеден салығын азайту арқылы iрi монополия өздерiнiң өндiрiстерiн сақтай алды. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн азайтқан фермерлерге арнаулы кредиттер берiп отырды. Франциядағы экономикалық дағдарыс, елде саяси үкiметтiк дағдарыспен жалғасты. Бұл жылдары бiрнеше үкiмет бiрiнен соң бiрi ауысып отырды.
1932 жылғы парламент сайлауы. «Солшыл блок» үкiметi. 1928-1930 жылдары үкiмет 8 рет ауысты. Оңшыл партиялар үкiметi Тардье және Лаваль кезектесiп басқарып отырды. Саяси тұрақсыздық кезiнде 1932 жылы мамыр айында кезектi парламент сайлауы өттi. Сайлау қарсаңында солшыл блок құрылды. Оған радикалдар мен социалистер кiрдi. Сайлау қарсаңында солшыл блок топтары еңбекшiлердiң мұң-мұқтажын орындауға уәде бердi. Оны ұсақ буржуазия толық қолдады. Француз коммунистерi солшыл блокты тағы да қолдамады. Сайлаудың екiншi турында (кезеңiнде) фашистер ақгвардияшы Горгуловты пайдаланып, Франция президентi П.Думердi өлтiрдi. Президенттiң өлтiрiлуi антисоветтiк және антикоммунистiк науқанның басталуына себепшi болды. Сөйтiп, фашистер коммунистердiң сайлауда жеңiп шығуына кедергi жасады. Бұл қастандықты оңшыл блок партиялары қолдайды. Сайлауда солшыл блок партиялары жеңiске жетедi. Франция үкiметiнiң премьерминистрi болып радикал Э.Эррио тағайындалады. Солшыл блок үкiметiнiң құрамына социалистер кiрмейдi. Бiрақ парламентте үкiметтi қолдап отырды. Парламентте елдiң президентiн сайлайды. Сенат палатасының төрағасы радикал А.Лебрен президент болып сайланады. Сайлауда оңшыл блок партиялары 1928 жылғы сайлауға қарағанда 1,4 млн дауыс аз алады. ФКПсы 20% дауыс жоғалтып, 12 депутат коммунист парламентке сайланады.
Екiншi солшыл блок үкiметi елдi iшкi экономикалық дағдарыстан шығару жолдарын қарастырады. Парламент арқылы соғыс шығынын 2 млрд франкаға азайтады. Мемле-кеттiк қызметкерлердiң санын азайтып, әкiмшiлiкке бөлiнген бюджет қысқарады. Жұмысшы табы мен еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы бұрынғыдан төмендейдi. Сыртқы саясатта Эррио үкiметi 1932 жылы қараша айында КСРО елiмен бiр-бiрiне шабуыл жасаспау туралы келiсiмге қол қояды. 1932 жылы Лозанна конференциясында Германияның репарациялық төлемiн тоқтатуға келiсiм бередi. 1932 жылы желтоқсанда Женева қаласында Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Италия Германияның тең құқығын мойындайды. Бұл Версаль бiтiмiнен бас тарту едi. Францияның Еуропадағы артықшылығы аяқталады. Бұл Еуропада Германияның экономикалық және әскери үстемдiгiнiң артуына әкелдi. АҚШ пен Ұлыбритания Германияны қолдай отырып, Гитлердiң үкiмет басына келуiне жол ашты. Германияда фашистiк диктатура орнады. Халықаралық қатынастың дамуында жаңа кезең соғыс және фашизмнiң қаупi күшейдi. Елдегi экономикалық дағдарыс, iрi буржуазияның фашизмдi қолдауы солшыл блок үкiметiн отставкаға кетуге мәжбүр еттi. Францияда саяси аренада фашизм күш ала бастады.
Франциядағы фашистiк бүлiк. ХХ ғасырдың 30-жылдарының алғашқы кезiндегi экономикалық дағдарыс, оңшыл блок партияларының елдi басқарудағы дағдарысы, Францияда 20жылдарда пайда бола бастаған фашизм саяси ұйым ретiнде демократиялық еркiндiкке қарсы күрестi күшейте бастады. Экономикалық және саяси дағдарыстың барысында фашистер жеке адам билiгiн орнатуды талап ете бастады. Iрi буржуазия солшыл блок үкiметiнiң жүргiзiп отырған саясатына қарсы күрес жүргiзу үшiн фашизмдi қолдай бастады. Фашизмдi елдегi iрi электротехникалық трест басшысы Мерсье, парфюмер фабрикасының директоры Коти, металлургия өндiрiсi және басқалар қолдап, қаржылай көмек көрсетiп отырды. Тардье үкiметi фашистерге жасырын қор арқылы субсидия берiп отырды. Ал реакциялық офицерлер қару-жарақ беру арқылы көмектесiп отырды.
Француз фашизмi бағдарламасының Италия, Германия және Испания фашистерiнен айтарлықтай айырмашылығы жоқ еді. Олардың талабы «коммунизмге», парламенттiк билiкке қарсы күресiп, фашистiк диктатура орнату арқылы өкiмет басына келу болатын. Француз фашизмнiң идеологиясы нәсiлшiлдiк, антисемитизм, күш көрсету және әлеуметтiк топтарға жалған уәде беруге негізделді. Еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, ұсақ және орта буржуазияны қолдау, күйзелiске түскен шаруаларға көмек көрсету олардың ұстанған саясаттарының басты бағыттары еді. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi қоғамдағы дағдарысқа ұшыраған осы топтар болды.
Франция фашизмiнiң өзiндiк ерекшiлiктерi де болды. Бiрiншiден, Франция қоғамындағы демократиялық және социалистiк дәстүрдiң сақталуы. Франция фашизмiнің халық алдында ашық үгiт-насихат жүргiзуге батылдары бармады. Сондықтан француз фашизмi ұяң немесе «ұялшақ» деп аталды. Фашизм өздерiнің ұлттық артықшылықтарын насихаттап, француздарды ұлттық санаға тәрбиелеуге шақырды. Ашық демократияға қарсы күреске шақыра алмады. Кейбiр саяси билiктi шектеуге, жеке билiктi күшейту үшін күрестi.
Соғыста жеңiп шыққан Франция қоғамында Италия мен Германиядағыдай күйзелiс, саяси дағдарыс терең болған жоқ. Себебi, француздар өздерінің жеңістерін мақтаныш тұтты. Француз фашизмi Германия мен Италиядағыдай iрi саяси партия құра алмады. Бар болғаны жеке фашистiк ұйымдар ғана жұмыс iстедi. Елде 10-ға жуық әр түрлi фашистiк лигалар болды.
Франциядағы негiзгi фашистiк ұйымдар: “Аксьон франсез” (Французское действие) клерикалық-монархиялық бағытты ұстады. Басшысы Шарль Моррас болды. Бұл ұйымды қолдаған әскери топтар мен генералдар Петэн, д`Эспере және Лиоте болды. Бұл ұйым құрамы жағынан қаруланған жастардан тұрды. Ұйымның 60 мың мүшесi болды. Ең iрi ұйымы “Боевые кресты” 1927 жылы құрылды. Мүшелерiнiң көбi соғыста “Боевые кресты” орденiмен марапатталған соғыс ардагерлерi еді. Ұрандары қатаң тәртiп пен әскери ынтымақ болды. “Еңбек, семья, отан” ұйымында 350 мың адам болды. Бұл екi ұйымнан басқа “Патриотическая молодежь” ұйым да өз саясатын жүргізіп жатты. Мүшесiнiң саны 90 мың адам болды. Барлық фашистiк ұйымдардың әскери құрамдары елде демократиялық күштерге қарсы күресе отырып, өкiмет билiгін күшпен тартып алуға ұмтылды. Италия мен Германия фашистерiн қолдап, оларға елiктеп әр түрлi спорттық ойындар, жастар кешін ұйымдастырып, халықты өз жағына шығаруға үгiт-насихат жұмыстарын белсендi түрде жүргiздi.
30-жылдардың басында басталған фашистiк қозғалыс Францияда демократиялық күштердiң қарсы күреске шығуына әкелдi. Антифашистiк қозғалыстың басшылығында Француз Коммунистiк партиясы және прогрессивтiк күштер болды. 1930 жылы ФКП-ның Бас хатшысы болып, халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткерi Морис Торез сайланды. М.Торез (1900-1964) шахтер семьясында дүниеге келген. Коммунистiк Интернационалдың атқару комитетiнiң мүшесi болды. Коминтерннiң фашизмге қарсы күресiнде тактикасын қалыптастырып, бiртұтас жұмысшы майданын құру үшiн күрестi. М.Торездің төңiрегiне ФКП-ның басқа да басшылары Жак Дюкло, Марсель Кашен, Пьер Семар, Поль Кутюрье т.б. топтасты.
1932 жылы А.Барбюс және Р.Ролланның басшылығымен Голландияның Амстердам қаласында Халықаралық соғысқа қарсы күресушiлердiң конгресi өттi. Конгресс жұмысына коммунистер, социалистер, кәсiподақ ұйымдарынан делегаттар қатысты. Амстердам конгресiне Еуропа елдерiнен, АҚШ, Қытай, Үндiстан және Үндiқытай делегаттары қатысты. Соғысқа қарсы күресу үшiн Халықаралық күрес комитетi құрылды. Барлық елдерде Ұлттық комитеттер құрылатын болды. Француз комитетiнiң құрамына социалистер мен коммунистер және патриоттық ұйымдар кiрдi. 1933 жылы Германияда фашистiк диктатураның орнауына байланысты Парижде Плейвель залында Халықаралық фашизмге қарсы күресушiлердiң конгресі өз жұмысын бастады. Антифашистiк конгресс Франциядағы барлық саяси және демократиялық күштердi фашизмге қарсы күреске шақырды.
Плейвель залында соғысқа және фашизмге қарсы күресушiлер конгресiнде бiрiккен «Амстердам–Плейвель» халықаралық ұйымы құрылды. Франция «Амстердам–Плейвель» ұлттық комитетiн А.Барбюс, Р.Роллан басқарды. Ұлттық комитет француз халқын соғыс қаупiне және фашизмге қарсы күреске шақырған манифест қабылдады. «Амстердам–Плейвель» қозғалысы алғашқы бiртұтас антифашистiк қимыл ұйымы болды.
1934 жылдың қаңтар айында елде саяси дағдарыстың шиеленiсуi өзiнiң жоғарғы деңгейiне жеттi. Саяси жағдайдың тереңдеуiне сыртқы жағдай да әсерiн тигiздi. Германияда фашизмнiң үкiмет басына келуiне орай, халықаралық қатынаста жаңа соғысты жақтаушы Германия мен Италияның Еуропаны қайта бөлу саясатын қолдаушылар Францияда да күш ала бастады. Ақ эмигрант Ставиcскийдiң iсi дау-жанжалға айналды. Ставиcский жалған ақша қағаз шығарып алып-сатарлықпен айналысқан. Ставиcский iсi үкiмет мүшелерiмен тығыз байланыста болған. Халық үкiметке қарсы көше шерулерiне шықты. Бұл шерудi фашистер де қолдап, олар да демонстрацияға шығып, «Үкiмет қуылсын», «Ұрыны соттау керек», «Депутаттарды қуу керек» деген ұрандар көтерді. Фашистер үкiметтi күшпен таратып, билікті өздерi алуға тырысты. Саяси дағдарыс оңшыл радикал Шотан үкiметiнiң отставкаға кетуiне әкеліп соқты. Фашистер қозғалысы кең етек алып, конституцияны қайта қарау, парламенттi тарату керек деген талаптарын күшейтті. «Отанға қауiп төндi» ұрандарымен тағы да шеруге шықты.
Фашистер үкiметке қарсы күреске шықты. 1934 жылғы 5-6 ақпанда Францияда фашистiк бүлiк басталды. 5-і ақпан күнi Париж қаласының көшелерiне 50 мың адам қатысқан фашистер демонстрациясы Бурбон сарайына қарай бағыт алды. «Даладье үкiметтен кетсiн» деген ұранмен парламент үйiнiң алдында полициямен қақтығысып, бiрнеше адам өлiп, жараланды. Бiрақ фашистердi парламент үйiне жiбермедi. 6 ақпан күнi қарудың күшiмен фашистiк бүлiкке қатысқандар кейiн қайта бастады. 17 адам өлiп, 2000 адам жараланды. Фашизмге қарсы тойтарыс бергенiмен, 7 ақпанда Даладье үкiметi отставкаға кетуге мәжбүр болды. Үкiмет басына оңшыл радикал Гастон Думерг келдi. Үкiметтiң құрамына профашистiк оңшылдар Тардье, маршал
Петэндер кiрдi. 1934 жылғы ақпан айындағы фашистiк бүлiк Францияда солшыл күштердi антифашистiк қимыл қозғалысына, фашизмге қарсы бiрлiкке шақырған қозғалыс ретінде кең етек алды. ФКП-сы және жалпы еңбек конфедерация кәсiподақ ұйымы 9-ы ақпан күні жалпыфранциялық ереуiлге шығуға шақырды. Бұл шақыруды ФСП-сы да қолдады. 9-12 ақпан күндерi Париж қаласының көшелерiне жалпыхалықтық ереуiлдерге еңбекшiлер шықты. Көшелерде фашистерге қарсы қақтығыстар болып жатты. Бiрақ жеңiс халық жағында болды. Үкiмет демонстрацияға тыйым салды. Оған қарамастан, антифашистiк күштер демонстрацияны жалғастыра берді. 50 мың халық қатысқан ереуілшілерден үкiмет полициясы 1200 адамды тұтқындады.
9-12 ақпандағы Париж қаласындағы антифашистiк күрестi бүкiл Франция халқы қолдады. 12 ақпан күнi демонстрацияға 4,5 млн адам қатысты. Ал Париж қаласында 150 мың адам көшеге «Фашизмге жол берiлмесiн», «Бiрлiк үшiн» деген ұрандармен шықты. Жалпы ереуiлдiк қозғалыс және демонстрацияға қатысқандар жеңiске жетiп, фашизм қаупiне тойтарыс берiлдi. Ақпан оқиғалары Франциядағы саяси партиялар арасында жаңа күштердiң қалыптасуына, бiрлiк қимыл идеясының кең етек алуына негіз болды.
ФСП мен ФКП-ның бiрлiк қимыл келiсiмi. 1934 жылы мамыр айында Тулуза қаласында Франция социалист партиясының ХХХI съезi өттi. Съезд жұмысында бiрлiк қимыл тактикасын қолдаған социалистiк партияның солшыл күштерi ФКПмен фашизмге қарсы күресте бiрлiкке шақырды. Солшыл социалистер бөлiнiп шықты. Солшыл социалистердi Леон Блюм басқарды. 1934 жылы маусым айында Ивре қаласында ФКПның конференциясы өттi. Конференцияда М.Торез сөз сөйлеп, бiрлiк қимыл тактикасын қолдап, социалистердiң ұсынысын қолдады.
1934 жылы маусымның 11-і күнi солшыл социалистер мен коммунистер арасында келiссөздер басталды. Келiсiм барысында екi партия комиссиясы дайындаған бiрлiк бағдарламасын талқылап, жобасын бекiттi. Сөйтiп, маусымның 27-і күнi ФСП мен ФКП-лары бiрлiк қимыл пактiсiне қол қойды. Фашизмге қарсы күресте бiрлiк қимыл тактикасын сол кезде Коминтерн қолдап, оның тарихи маңызын жоғары бағалады.
Халық майдан кезiндегi Франция. Халық майданы қозғалысы фашизмге қарсы күресушi күштердi бiрiктiрiп, халық өкiметi үшiн күрес жүргiзiп жеңiске жеттi. Халық майданы қозғалысының негiзi - бiртұтас жұмысшы майданын құру болды. Жұмысшы табының фашизмге қарсы күрестегi бiрлiгi туралы 1935 жылы Коминтерннiң VII конгресiнде Г.Димитров баяндама жасап, фашизмге қарсы күрестiң тактикасын жариялаған болатын. Халық майданы капиталистiк елдердегi демократиялық күштердi бiрiктiрді. ФСП мен ФКП-ның бiрлiк қимыл бағдарламасына Францияның радикал күштерi де бiрiктi. Сөйтiп, Францияда халық майданы өкiметiн құру мүмкiндiгi жасалды. 30-жылдардағы Францияда үкiметтiк дағдарыс профашистiк топтар фашизммен сыбайласып, парламенттiк жолмен келу қаупi болды. Халық майданы сайлау қарсаңындағы антифашистiк күштердiң бiрiгуiне себеп болды.
Халық майданы сөзiн алғашқы рет ФКП демонстрация кезiнде алып шықты. Сөйтiп, Халық майданы өкiмет құру үшiн басталған күрес ұранына айналды. Халық майданы қозғалысы сағысқа қарсы және антифашистiк күштердi бiрiктiрiп, әлеуметтiк-экономикалық және саяси билiк үшiн күрестi. «Халық майданы» – қоғамдық-саяси күштердi бiрiктiру. 1935 жылы шiлденiң 14 күнi Бастилияны алған күнді тойлау демонстрациясы кезiнде Халық майданының негiзi қаланды. Францияда жергiлiктi жерлерде Халық майданының ұлттық комитетi құрылды. 1936 жылы қаңтар айында Халық майданының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламада: буржуазиялық-демократиялық еркiндiктi қолдау; фашистiк лигаларды тарату; жалпыға бiрдей амнистия; кәсiподақ ұйымына кiру бостандығы; соғыс өндiрiсiн национализациялау; сыртқы саясатта: Ұлттар лигасы арқылы халықаралық ынтымақ; коллективтiк қауiпсiздiк, бейбiтшiлiк үшiн күрес, соғысқа тыйым салу мәселелері көрініс тапты. Әлеуметтiк-экономикалық салада: халықтың сатып алу қабiлетiн өсiру; жұмыссыздарды қолдау үшiн ұлттық қор құру; жалақыны өсiру, жұмыс жұмасын азайту; ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң бағасын өсiру; төтенше жағдай шаруаларын жою; салық реформасын жүргiзу мәселелері қамтылды. Бағдарламаның негiзгi бағыты еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын жеңiлдету болатын.
Халық майданы қозғалысының бағдарламасы елдегi солшыл күштерден қолдау тауып, бiртұтас майданға бiрiгiп, парламенттiк сайлауға Халық майданы бағдарламасы бойынша дайындық жұмысына кiрiстi. Халық майданы бағдарламасы ФКП-ның 1936 жылғы қаңтар айында өткен VIII съезiнде бiр ауыздан мақұлданды. Халық майданы қозғалысының қызметi туралы М.Торез баяндама жасады. ФКП елде бiртұтас жұмысшы майданын құру үшiн күрес жүргiзiп, кәсiподақ ұйымдарын бiрiктiрудiң маңызы зор болды. 1936 жылы наурыз айында ВКТ (жалпы еңбек конфедерациясы) мен УВКТ (унитарлық еңбек конфедерациясы) ұйымдарының бiрiгу съезi өттi. Кәсiподақ ұйымы Жалпы Еңбек конфедерациясы деп аталды. Кәсiподақтардың бiрiккен съезiнде ұйымның жарғысы қабылданды. Жарғы Амьен хартиясының негiздерiне сүйене отырып жасалды, кәсiподақтардың тәуелсiздiгi толық сақталды. Кәсiподақ ұйымының басшылығына Б.Фрашон және Ж.Ракамон сайланды. Кәсiподақ ұйымының бiрiгуi жұмысшы табының дамуына зор әсер еттi. Жалпы еңбек конфедерациясының мүшесi 900 мыңнан 5 млн адамға өстi.
1936 жылғы парламент сайлауы. 1936 жылы сәуiрдiң 29-ы мен мамыр айының 3-і күнi Францияда парламенттiк сайлау өттi. Сайлау екi турда өтiп, екiншi турда (кезеңiнде) Халық майданы блогын қолдап, сайлаушылардың 57%-ы дауыс беріп iрi жеңiске жеттi. Жеке партиялар: Социалистiк партия 1900 мың дауыс алып, 149 депутат өткiздi; екiншi орында радикал партиясы 1400 мың дауыс алып, 109 мандат; Француз коммунистiк партиясы 1500 мың дауыс алып, 72 мандат өткiздi. Коммунистердің аз депутаттық орын алу себебi, буржуазиялық сайлау жүйесiндегi кейбiр тежеу саясаты ықпал жасады. Кейбiр сайлау округтерінде коммунистер көп дауыс алғанымен депутаттар санын аз өткiздi. Сонымен парламентте депутаттар палатасында барлығы 559 депутаттық орынның 337 орнын Халық майданы партиялары жеңiп алды. Палата төрағасы болып радикал Э.Эррио сайланды, оның орынбасары коммунист Жак Дюкло сайланды. Халық майданы бiрлiгiнiң жеңiске жетуi
Француз халқының ұлттық санасының жоғары екенiн, фашизмге Францияда орын жоқ екенiн көрсеттi. “Елде соғыстан кейiн екiншi рет бүкiлхалықтық мейрам өткiзiлiп, халық қуанышында шек жоқ болды “– деп жазды сол мейрамның ортасында болған француз азаматы.
Парламенттiк сайлаудан кейiн үкiметтi құру социалист 64 жастағы Леон Блюмге тапсырылды. Л.Блюм үкiмет құрамын социалист, радикал және коммунистiк партиялар құруға келiстi. Сөйтiп, ФКП-сы үкiмет құрамына кiруге мүмкiндiк алды. Бiрақ ФКП-ның Орталық Комитетi үкiметтiң мүшелiгiне кiруден бас тарту туралы шешiм қабылдады. Бұл шешiм туралы М.Торез «бiз үкiметтен бас тартқанымызбен, Халық майданы бағдарламасын қолдаймыз» деп мәлiмдедi. Кейiннен белгiлi болғанындай, бұл сол кездегi Комитерн мен ФКП-ның тактикалық қателiгi болды. Коммунистердiң үкiметке кiруi, халықты компартияға қарсы