Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жылғы 5 наурыз айындағы рейхстаг сайлауы




Партиялар Дауыс беру пайызы % Депутаттық мондат
ГСДП ГКП ЦЕНТР НННП НСДАП Басқа партиялар 18,3 12,3 14,0 8,0 43,9 3,5  

 

Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күнi «Партия мен мемлекеттiң бiрлiгi» деген төтенше декрет шығарды. Мемлекеттiк билiктi тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттiк-әкiмшiлiк басқару аппараттары фюрер алдында ант берiп қызмет атқаруға мiндеттi болды. Жергiлiктi парламент-ландтаг, жоғарғы палата Рейхсрат таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күнi қарт генерал, президент Гинденбург өлдi. Осы күннен бастап Гитлер елдiң фюрері (көсемi) және рейхканцлерi болып өмiрлiкке тағайындалды.

Германияда фашистiк тоталитарлық диктатура орнауы Мемлекеттiк-монополиялық капитализм (ММК). Германия экономикасының даму ерекшелiгi. Гитлер үкiметiнiң экономикалық саясатының негiзгi мәнi мемлекеттiк-монополиялық капитализм тұрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезiнде көптеген капиталистiк елдер экономикалық-әлеуметтiк дамуды мемлекет арқылы реттеу процесін iс жүзiне асыра бастаған болатын. Буржуазиялық реформа капитализмдi, жеке меншiктi сақтап қалудың бiрден-бiр жолы болды. Әлемдiк капитализм КСРО елiндегi социализм қоғамын жою мақсатын iс жүзiне асыра бастады. АҚШ-тың президентi Ф.Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты мемлекеттiк реттеудiң дұрыс жол екенiн көрсете алды.

Германия экономикасын мемлекеттiк реттеу, тез арада дағдарыстан шығып, елдiң экономикасын милитаризациялау (соғысқа дайындау), сөйтiп кек алуды тездету саясаты жүргізілді. Бұл шараларды iске асыру үшiн Гитлер елдегi экономиканы бiр орталыққа бағындырып, бiрнеше төтенше реформа жүргiздi. 1933 жылы шiлде айында картель құру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша экономиканы басқару мақсатында «Немiс шаруашылық Бас кеңесі» мемлекеттiк басқару мекемесi құрылып, оған «шаруашылық және өнеркәсiп орындарын бiрiктiретiн» мекемелер бағындырылды. Мемлекеттiк шаруашылық кеңесiн басқаруға iрi монополия иелерi мен финанс басшылары кiрдi. Империялық шаруашылық мекемесi 7 топтан тұрды: өндiрiс, энергия, сауда, қолөнер, банк және қамсыздандыру. Әрбiр топтың жергiлiктi жерлерде мекемелерi құрылды. 1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы және iшкi сауда, валютаға мемлекеттiк бақылау қойылды.

Ауыл шаруашылығын қайта құру үшiн «Империялық әлеуметтiк азық-түлiк» мекемесiн құрылды. Бұл ауыл шаруашылық мемлекеттiк мекеменiң басты мақсаты халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету болды. Ауыл шаруашылық жерiнiң мөлшерi шаруаларға 7,5 га-дан 125 га-ға дейін бөлiнiп берiлетiн болды. Мұрагерлiк жердiң 21%, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу саласына жердiң 38% берiлдi. Бұл шаралар шаруалар арасында әлеуметтiк топты нығайту үшiн жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк реттеу әлеуметтiк салада жүзеге асырыла бастады. Халықтың еңбек ақысы, зейнетақы, кәсiпкерлiктердi қолдау шаралары жүргiзiлдi. Экономиканы реттеу үшiн 4 жылдық жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы басқаруды Г.Герингке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсiбi мен соғыс өнеркәсiбiн дамытуға ерекше көңiл бөлiндi. Сөйтiп, Германия экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр өнеркәсiп 1935 жылы 50% артты, соғыс шығыны (1935-1939 жж.) жалпыұлттық бюджеттiң 58% тең болды.1935 жылдан бастап жалпыға бiрдей әскери мiндет енгiзілдi.

Мемлекет iрi монополия иелерiне несие, субсидия (мемлекеттiк тiкелей акция көмегi) көмегiн бердi. «И.Г.Фарбениндустри» мемлекеттiк кредит арқылы өндiрiске қажеттi технологияны жаңартып, химия ғылымының жаңалықтарын өндiрiске тез қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндiрiсiне қажетті өндiрiс орындарын салды. Мемлекеттiк көмектiң нәтижесiнде 1932-1938 жылдарда «И.Г.Фарбениндустри» концернінiң таза табысы 4 есе өстi. Крупп болса, соғыс өндiрiсiн жедел дамытудың нәтижесiнде өзiнiң жылдық кiрiсi 380 млн. маркаға жеткізді. Мемлекет, сонымен қатар өндiрiс пен капиталдың шоғырлануына көп көмек көрсеттi. 1932-1938 жылдарда өндiрiстiң бөлiгi 6 iрi банк пен 70 iрi акционерлiк қоғамдас-

тықтың меншiгiнде болды. Гитлер үкiметi мемлекеттiк-монополия саясатының барысында Германияда жұмыссыздықты жойды. Мұндай жетiстiк басқа капиталистiк елдерде болған емес.

Мемлекеттiк-монополиялық реттеу Германияның экономика және әлеуметтiк салаларын түгелдей қамтыды. Елдiң барлық билiк саласында iрi қаржы-өндiрiс олигархиясы отырды. Экономикалық, әлеуметтiк және әкiмшiлiк-басқаруды қайта құру нәтижесiнде тоталитарлық диктатура билiк жүргiзiп, Германия жаңа соғысқа бар күшiн салып, кек алу үшiн халықты жұмылдырды.

Германияның сыртқы саясаты. Гитлерлiк Германия үкiметiнiң сыртқы саясатының негiзгi мақсаты агрессиялық милитаристiк бағыт болды. Бұл мақсатқа жету үшiн ВерсальВашингтон жүйесiн әлсiретiп, жою қажет еді. Капиталистiк елдер АҚШ, Франция және Ұлыбританиялардың профашистiк топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа елдерiн жаулау саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия корольдерiнiң жүргiзген «Дранг нах Остен» саясатын жалғастырды.

Капиталистік елдер соғыс өндiрiсiнiң құрылымын өзгерте отырып, соғыс-теңiз кемелерiн көбейту, соғыс самолеттерiн көптеп шығаруды қолға алды. Сөйтiп, Ұлыбритания және Франция елдерiмен бәсекеге түстi. 1936 жылы Локарно конференциясының шешiмiн бұзып Рейн аумағына өз әскерлерiн енгiзу арқылы батыс шекарасын нығайта түстi. Шығыс саясатының бiрiншi кезеңiне Австрия мемлекетiн қосып алу үшiн аншлюс саясатын дайындады. 1936-1937 жылдарда Германияның агрессиялық саясатын қолдап, Берлин–Рим–Токио белдiгi құрылды.

Ол КСРО, Франция және Чехословакияның коллективтiк қауiпсiздiк саясатына қарсы тұрды. Германияның агрессиялық саясатын қолдаған АҚШ, Франция және Ұлыбритания «бейтараптық» саясат жүргiздi. Бұл болып жатқан жағдайды бiлiп тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия өздерiн Еуропада еркiн сезiндi.

1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған конференцияда империалистiк елдердiң келiсiм беруiмен Чехословакияның Судет облысын Германия өзіне қосып алды. Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық жаулап алды. 1939 жылы Клайпед портын иеленiп, Балтық теңiз жағалауындағы елдерге қауiп төнгiздi.

Германия империализмi Еуропадағы ең iрi әскери-өндiрiстiк державаға айналды. Алты жылдың iшiнде өнеркәсiп өнiмдерiн шығарудан Германия Еуропада бiрiншi орынға, ал дүниежүзiнде АҚШ-тан кейiнгi екiншi орынға шықты. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп өндiрудегi үлес салмағы 1932 жылы 8,2%, 1939 жылы 13,3% жеттi. Шойын мен болат өндiруден Франция мен Ұлыбританияны қосқандағы деңгейде болды. Аллюминий өндiруден әлемде бiрiншi орынға шықты.

1935-1939 жылдарда Германияда 5,5 млн адам әскери дайындықтан өтiп, әскерiнiң саны 2,5 млн адамға жеттi. 1939 жылы 23 тамызда Герман-Кеңес елдерiнiң арасында соғыспау туралы келiсiмге қол қойылды. Бұл пакті тарихта Молотов-Риббентроп пактiсi деп аталды. Аталмыш келiсiм туралы екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең түсiндiрiледi. 1939 жылы «Италия мен Германия арасында достық» пактiсiне қол қойылды. Бұл келiсiм арқылы екi ел арасында әскери одақ құрылды. Кейiннен белгiлі болғандай, бұл пактiге Жапония қосылып, үштiк әскери одақ құрылды. Iрi капиталистiк елдердiң қолдау саясаты Германияны шығысқа соғыс ашуға айдап салып отырды. Империалистiк елдердiң бұл саясаты өз нәтижесiн бергенiмен, кейiннен өздерiне қатты соққы болып тидi. 1939 жылы қыркүйек айының 1 күнi таңғы сағат 415-те Германия 1,6 млн. адамнан тұратын әскерiмен, 62 дивизия; оның iшiнде 2,8 танк, 6 мың миномет пен артиллерия және 2 мың самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс ХХ ғасырдағы ең жойқын соғыс болды.

Франция





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 912 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2106 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.028 с.