Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тасымалдау жоспарының орындалуын есепке алу карточкасын жасау




56. Жүк тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімнің орындалуы ГУ-1 нысанды есепке алу карточкасында ескеріледі.
57. Есепке алу карточкасы жүктерді жөнелту станциясында әр қабылданған өтінім бойынша жеке жөнелтушімен жүргізіледі. Жүк жөнелтушінің өтініші бойынша оған есепке алу карточкасының көшірмесі беріледі.
Жүк жөнелтушінің меншікті жүйесі болғанда және/немесе тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алғанда, есепке алу карточкасын жүргізу жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы арасында қабылданған ақпараттық өзара әрекеттесу технологиясына және стандарттарына сәйкес деректермен электрондық алмасу арқылы автоматтандырылған әдіспен жүзеге асырылады. Қажет болғанда электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе тараптардың келісіміне сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбалар қолданылады.
Есепке алу карточкасына жүк жөнелтуші және тасымалдаушының станциядағы өкілі әрбір есептік тәулік не болмаса қабылданған өтінімге сәйкес жүктерді тиеу үшін белгіленген тәуліктер аяқталғаннан кейін қол қояды, ал ай аяқталғаннан кейін станция бастығы қол қояды. Жүк жөнелтуші есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқанда, тасымалдаушы ГУ-23 жалпы нысандағы акт жасайды.
58. Есепке алу карточкасы жөнелту станциясымен тасымалдаушы қабылдаған жүк тасымалдары жоспары бойынша өтінімнің негізінде ресімделеді. Есепке алу карточкасына өтінім нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі.
59. Жоспарлы ай басталғанға дейін тасымалдаушы жүк жөнелтушімен келісу бойынша бір ай және тәулік ішінде тиеудің біркелкілігін және ырғақтылығын қамтамасыз ететін жоспардың орындалу тәртібін белгілейді. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындауды ұйымдастыруға негіз жүк жөнелтушілердің тасымалдаушыға әр онкүндік басталғанға дейін, берген күнін қоспағанда, үш күн бұрын онкүндіктің күндері бойынша тиеу мөлшерінің күнтізбелік кестесімен беретін онкүндік өтінімдер болып табылады. Жылжымалы құрамның тиеуге біркелкі берілуін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала келісілген тәртіп бойынша жүк жөнелтуші жүк тасымалдары жоспары бойынша қабылданған өтінімнің немесе күнтізбелік жоспардың тиеудің орташа тәуліктік нормасын алға тарта отырып, онкүндік өтінімде осы онкүндікке келетін вагондардың, контейнерлердің санынан аз болмайтын мөлшерді көрсетеді. Көлемі шамалы болғанда (5 вагоннан аспағанда) тасымалдаушы вагондарды жекелеген тәуліктерде беруге өтінім қабылдайды.
60. Есепке алу карточкасын жүргізу былайша жүзеге асырылады:
тасымалдаушы 2-бағанда жүктерді тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімге сәйкес тиеу күні бойынша вагондардың (контейнерлердің) санын көрсетеді.
Егер жүк жөнелтушінің онкүндік өтінімінде тиеу күні көзделмесе, тасымалдаушы есепке алу карточкасының 2-бағанын толтыруды жүктерді тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімге сәйкес бір айға біркелкі орташа тәуліктік тиеуді алға тартып жүргізеді.
3-баған вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша толтырылады. Жүктерді тек вагондармен, контейнерлермен ғана тасымалдау жоспарланғанда бұл баған толтырылмайды.
4-бағанда тасымалдаушының жүк жөнелтушіге жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді қамтамасыз ету үшін есептік тәулікте шын мәнінде берген вагондарының, контейнерлерінің саны көрсетіледі. Бұл ретте:
технологиялық уақытқа қарай жүк жөнелтуші осы тәулікте тиеуі мүмкін есепті тәулікте берілген (соның ішінде қосарланған операция ретінде) бос вагондар, контейнерлер (оның ішінде қосарланған операция тәртібінде);
өткен тәулікте тиелмей қалған вагондар, контейнерлер;
тасымалдаушының жүк жөнелтушінің есепті кезең ішінде олардың тиелуін қамтамасыз ету мүмкіндігін ескерусіз (тиеу-түсіру операцияларын жүргізудің технологиялық уақытына қарай) берген, бірақ жүк жөнелтуші есепті тәулік аяқталғанға дейін тиеген вагондары, контейнері берілген болып саналады;
кем тиелу орнын толықтыру есебіне жоспарлық ай барысында жүк жөнелтуші өтініші бойынша берілген вагондар берілген болып саналады.
Жүк жөнелтушінің өтінімінсіз берілген тиелмеген вагондар, контейнерлер берілген деп есептелмейді.
5-бағанда жүк жөнелтуші осы есептік тәулікте нақты тиеген вагондардың, контейнерлердің саны көрсетіледі.
6-бағанда вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша есепті тәулікте тиелген тонналардың саны көрсетіледі, жүктерді тек вагондармен және контейнерлермен ғана тасымалдағанда бұл баған толтырылмайды.
61. Онкүндік ішінде жүктерді тасымалдауға өтінімдер орындалу нәтижесі мынадай тәртіппен анықталады:
2-баған бойынша онкүндікке жоспарланған вагондардың, контейнерлердің саны, 4-баған бойынша - берілген вагондардың, контейнерлердің саны, 5-баған бойынша - шын мәнінде тиелген вагондардың, контейнерлердің саны есептеледі.
Вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша қорытындылар 3 және 6-бағандар бойынша шығарылады.
2-баған бойынша есептелген соманы және 5-баған бойынша есептелген соманы салыстыру жолымен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің онкүндік ішінде вагондармен орындалуы, ал тоннамен орындалуы - тиісінше 3-баған бойынша соманы және 6-баған бойынша соманы есептегенде анықталады.
62. Егер онкүндікте жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімінің орындалмағаны анықталған болса, мынадай есептеу жүргізіледі:
онкүндік ішінде тасымалдаушының кінәсі бойынша тиелмеген вагондардың, контейнерлердің саны 2-ші және 4-ші бағандар жиынтығы арасындағы айырмашылықты анықтап, кейіннен осы айырмашылықтан жөнелтушінің кінәсі бойынша берілмеген (тиеу шебінің нормадан тыс жұмыссыз тұрған вагондардан бос болмауынан, жүктің болмауынан, төлемдерді жасамаудан) вагондардың, контейнерлердің санын шегеру жолымен белгіленеді.
Жүк жөнелтушінің кінәсінен тиелмеген вагондардың, контейнерлердің саны 4-баған бойынша есептелген сомадан онкүндік ішінде 5-баған бойынша есептелген соманы шегеру жолымен анықталады.
7, 8-бағанда тасымалдаушыны немесе жүк жөнелтушіні жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайлар көрсетілгенде, берілмеген және осының нәтижесінде тиелмеген вагондардың, контейнерлердің саны да алынған айырмадан шегеріледі.
63. Жүк жөнелтуші жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдерді мына жағдайларда орындамаған болып танылады:
жүктерді тасымалдау жоспары бойынша ГУ-12 нысанды өтінімді орындау үшін ай барысында тиеудің бірқалыптылығын және ырғақтылығын қамтамасыз ететін вагондар санына он күндік өтінімді жүк жөнелтуші бермеген жағдайда;
жүкті ұсынбаған жағдайда;
он күндік өтінім бойынша жүк жөнелтуші тасымалдаушы берген көлік құралдарын пайдаланбаған жағдайда;
меншікті немесе жалдаған вагондар келмеген жағдайда.
Бұл ретте тасымалдаушы он күндік өтінімді бермеуді жүк жөнелтушімен дер кезінде берілмеген вагондарды тиеуге беруден бас тарту деп санайды.
64. Тасымалдаушының не болмаса жүк жөнелтушінің кінәсінен жол берілген жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің тоннамен жалпы орындалмауының мөлшері тиелмеген вагондардың, контейнерлердің санын статикалық жүктеменің шамасына көбейту жолымен анықталады. Статикалық жүктеменің шамасы 3-бағанда көрсетілген тоннаның мөлшерін 2-бағанда көрсетілген вагондардың, контейнерлердің санына бөлу арқылы есептеледі.
Жүк жөнелтушінің кінәсі бойынша тасымалдаушының вагондарды бермеуі (жүктің болмауы, тиеу шебінің вагондардан бос болмауы, төлемдерді жасамау, меншікті вагондардың, контейнерлердің келмеуі) жүк жөнелтушінің кінәсіне жатқызылады, мұндай жағдайлардың болуы 8-бағанда көрсетіледі.
65. Мүліктік жауапкершілік туралы деректер есепке алу карточкасының 2-бөлігіне енгізіледі.
66. Жоспардың есепті тәулікте орындалу нәтижесі тасымалдаушының станциядағы өкілінің және жүк жөнелтуші өкілінің қолдарымен тиісінше 9-10-бағандарда расталады.
67. 11-23-бағандарда жүктерді тағайындалған темір жолдары бойынша вагондарда, контейнерлерде тиеу туралы деректер көрсетіледі. Жүк жөнелтушінің өтініші бойынша темір жолдар бойынша тиеу мөлшері өзгертілген жағдайда осы Қағидаға сәйкес тиісті өзгертулер есепке алу карточкасының 11-23-бағандарының онкүндік және ай жолының алымына, сондай-ақ, егер мұндай өзгерту тәуліктік тиеуді өзгертуді талап ететін болса 2, 3-бағандарға енгізіледі.
68. Жүкті вагондармен тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмағанда, бірақ оларды тасымалдау вагондармен және тоннамен белгіленген жүктер бойынша тоннамен орындалса, өтінім орындалған болып саналады.
Жүк жөнелтушінің вагонды тиеудің техникалық нормаларын орындамауы салдарынан тоннамен жоспары бойынша кем тиеу жүк жөнелтушінің кінәсіне жатқызылады. Егер жүк жөнелтуші вагондарды сыйымдылығына дейін толық тиемесе және осы себептен тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмаған болса, тасымалдаушы вагондарды бермейді.
69. Тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмағанда вагондармен норма толық пайдаланылғанда және оларды тиеудің техникалық нормалары орындалғанда тасымалдаушы вагондарды тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындау үшін қажетті мөлшерде тиеуге береді.
70. Жүктерді жоспардан тыс тасымалдауға жеке есепке алу карточкасы жасалады.
Егер жоспарда тиеу есепті айдың жекелеген күндерінде ғана көзделсе, қорытындылар шығару соңғы тиеуден кейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
71. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімнің орындалмағаны үшін түпкілікті есеп айырысу ай аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1064 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2339 - | 2211 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.