Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүкті экспортқа/импортқа Достық - Алашанькоу шекаралық өтпесі арқылы айлық жоспарлау




43. Тоқсан бойынша бөлінген экспорттық және импорттық жүк тасымалдарының жылдық жоспары темір жол көлігімен экспорттық, импорттық тасымалдардың және транзиттік тасымалдардың көлемін келісу жөніндегі Темір жолдар Ынтымақтастығы Ұйымының (бұдан әрі – ТЖҰЫ) жыл сайынғы кеңестерінде қабылданады және бекітіледі.
44. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының тасымалдаушылары арасында Достық - Алашанькоу шекаралық өтпесі арқылы жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдерді келісу Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Темір жол министрлігі арасындағы 1992 жылғы 10 тамыздағы Шекаралық темір жол келісіміне және осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
45. Жүктерді Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен Қытай Халық Республикасына және одан әрі тағайындалуымен жөнелтуші жүк жөнелтушілер мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктері жүктердің номенклатуралық топтарының белгіленген тізбесіне сәйкес жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 20 күннен кешіктірмей жүк тасымалдарының жоспары бойынша айлық өтінімдер береді. Минералды тыңайтқыштарды, қара металл сынықтарын және екінші қайтара шикізатты тасымалдауға өтінімдерді жүк жөнелтушілер Қытай темір жолдары растаған келісімшарттарды және жүк алушыларды көрсете отырып береді.
46. Қытай Халық Республикасына жүк тасымалдарының мәлімделген көлемі тасымалдаушымен Достық–Алашанькоу шекаралық өтпелерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, тасымалдардың айлық жоспарына енгізіледі.
47. Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына тағайындалуымен немесе Қазақстан арқылы транзитпен, Өзбекстаннан, Түркменстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және кері бағытта тасымалдар жоспары бойынша айлық өтінімдерді келісуді осы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің құзырлы органдары жүзеге асырады. Минералды тыңайтқыштарды, қара металл сынықтарын және екінші қайтара шикізатты тасымалдауға өтінімдерді жүк жөнелтушілер Қытай темір жолдары растаған келісімшарттарды және жүк алушыларды көрсетіп береді.
Жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 5 күн бұрын екі жақ бір-біріне жүктердің атауын, вагондар мен тонналардың санын, сондай-ақ ақтарылып тасымалданатын жүктердің атауы, қос доңғалақтары ауыстырылып, мөлшерден тыс тасымалданатындар жеке және жөнелтушінің шекаралық станцияларда қабылдаушы жақтың вагондарына тиеуі көрсетілген, жүк тасымалдары жоспары бойынша қабылданған өтінімдер туралы хабарлайды.
Тасымалдаушы жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 3 күн бұрын жөнелту станцияларына тасымалдардың келісілген көлемін береді.
48. ҚХР-ға жүк тасымалдарының мәлімделген көлемі тасымалдаушының қолындағы тасымалдау құралдарына қарай және Достық-Алашанькоу шекаралық өтпелерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, тасымалдаушының айлық тасымалдар жоспарына енгізіледі.
49. Тасымалдаушы Қытай Халық Республикасының Темір жол министрлігімен және Үрімші темір жолымен жүктерді тасымалдаудың айлық жоспарларын келісуді жүргізеді, олар жүк тасымалдары жоспары бойынша өтінімдермен жоспарланған ай басталғанға дейін алмасады.
50. Қытай темір жолдарынан келісілген айлық жүк көлемдері туралы ақпаратты алғаннан кейін, жөнелтілімді тасымалдаушы 5 тәулік ішінде жүк жөнелтушілер мен транзиттік темір жол әкімшіліктеріне хабарлайды.
51. Жоспардан тыс экспорттық-импорттық жүк тасымалдарына (Үрімші темір жолының шегіне/нен басқадан) өтінімдер тасымалдаушымен Қытай Халық Республикасының Темір жол министрлігімен, ал Үрімші темір жолының шегіне/нен – Үрімші темір жолымен келісіледі.
52. Жүк тасымалдарының жоспардан тыс көлемдерін келісу кезінде бір уақытта шекаралық станцияларға жүктерді тапсырудың орташа тәуліктік нормасының номенклатура бойынша және тоннамен тиісті артуы туралы хабарланады.
53. Келісілген тасымалдардың негізгі айлық көлеміне және жекелеген жүктер тасымалының жоспардан тыс көлеміне сәйкес шекаралық станциялар жүктердің белгіленген мөлшерінің кідіріссіз қабылдануын қамтамасыз етеді.
54. Өткен айдың жоспарына сәйкес тиелген, бірақ шекаралық станцияларға келесі айда жеткен жүктер кедергісіз қабылданады.
55. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдердің орындалуына бақылау жасауды шекаралық станция есепке алу карточкасы бойынша жүргізеді. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдер орындалғанда, шекаралық станциялар негізге жүктің тасымалдауға қабылданған күнін алады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2405 - | 2285 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.